AIDMA
Адамның тауарға қатысты психологиялық тұрғыдағы қимыл-әрекетінің схемасын көрсететін әйгілі сату формуласы бар:
A — Attention (зейін, адамның назарын аударту)
I — Interest (қызықтыру, еліктіру)
D — Desire (қалату, зауқын тудыру)
M — Motivation (ынтасын ояту, мотивация)
A — Action (әрекетке көшіру)
Бұл формула бойынша маркетологтар әуелі жарнамаға адамның назарын аудартады (мысалы, алқызыл түсті пайдалану арқылы), содан кейін адамды қызықтырады («жарыңызды қалай қуантуды айтайық па?»), содан соң сатып алуды қалайтын жағдай жасайды («алғыңыз келіп тұр»), енді сатып алуға ынталандырады (сіздің жарыңыз керемет ләззатқа бөленеді, ол өте қуанышты және сізге алғысы шексіз болады!»), ақыр аяғында келіп нақты әрекет ететін жағдайға (сатып алу) жеткізеді. Ол үшін, мысалы, белгілі бір уақытқа дейін ғана сатып алуға болатынын айтады (бұған акция бүгін ғана болып жатыр) да, ол заттың керек-керек еместігін ойланып көруге мұрсат бермей, адамды дереу сатып алуға итермелеп бағады. Оның үстіне әртүрлі жеңілдіктер де адамның тауарды сатып алуға деген зауқын арттырып жібереді.
Психология ғылымындағы мативация мәселесі және теориялары.
Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.
Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты.Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.
Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi“Шешiм қабылдау”теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.
Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi“Автоматизм”теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.
ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы болды. Соның бiрi-×.Дарвиннiң “эволюциялық теориясы”.×.Дарвин өз iлiмi арқылы осы уақытқа дейiн адам мен жануарды анатомиялық, физиологиялық, психологиялық тұрғыда өзара сиыспайтын екi үлкен топқа бөлiп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негiзделген көпiр орнатты. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, әсiресе, қажеттiлiктер мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүрiс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны өсе түстi.
Бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинкт” түсiнiгi неғұрлым әйгiлi түсiнiк болды. Осындай мәнi бойынша, биологиялық иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған “Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.
У.Макдауголл инстинктiнiң негiзгi санына қатысты ретпен белгiленген ұғымды кеңейтiп және он инстинктiден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыс, әуес, қашу, кезең, төбелесу, ата-аналық, жек көрушiлiк, өзiн кем тұту, өз-өзiн сендiру инстинктiсi. У.Макдауголл өзiнiң кейiнгi жұмысында негiзiнен органикалық қажеттiлiкке тиiстi тағы 8-инстинктiнi қосты. өсынылған инстинктер санының көбеюiне қарамастан, оның теориясының негiзi жануарлардың жүрiс-тұрысымен ұқсастықта қолданылды.
Осы кезде дүниеге келген қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп қолданылатын теориялардың бiрi-“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория бойынша, негiзгi мәселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты феномендерге тiкелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдары- когнитивтi диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшiн құндылығы, сәтсiздiкке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейi. Бұлар бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестiкте болатын мотивациялық феномендер. Бұл факторға алғашқылардың бiрi болып көңiл аударған- “Когнитивтi диссонанс” теоориясының негiзiн салушы Л.Фестингердiң мотивации теориясы әлеуметтiк психология мен биология негiзiнде қалыптасқан. Негiзгi еңбектерi-ңТеория когнитивного диссонансаң(1958), Оның пiкiрiнше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзi туралы бiлiмдер жүйесi өзара келiсiмге ұмтылады. Өзара келiспеушiлiк немесе диссбаланс орнаған жағдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.
Психология ғылымындағы қажеттіліктер теориясы.
Мотивацияның мазмұндық теориялары бірінші кезекте адамдарды әрекетке итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталыған.
Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы)
Американ психологы Абрахам Маслоу жасап шығарған кең танымал және кең түрде қолданылатын қажеттіліктер теориясы мына негізгі идеялардан және алғышарттардан тұрады:
Адамдар үнемі белгілі бір қажеттіліктерді сезінеді;
Адамдар қатты сезілетін қажеттіліктердің жиынтығын байқайды; ол қажеттіліктер бөлек топтарға бірігуі мүмкін;
Қажеттіліктер топтары бір – бірімен иерархиялық қатынаста орналасады;
Қажеттіліктер қанағаттанбаған жағдайда олар адамдарды белгілі бір іс – әрекеттерге итермелейді;
Егер де бір қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнына қанағаттандырылмаған басқа қажеттілік пайда болады;
Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер жалпы түрде қанағаттандырылған соң белсенді түрде адамға әсер ете бастайды;
Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда амалдардың көп мөлшерімен қанағаттандырылуы мүмкін;
Маслоудың теориясы бойынша қажеттіліктерді бес топқа бөлуге болады:
Физиологиялық қажеттіліктер.Тамақ,демалыс,баспана және т.б.Оларды қанағаттандырудың негізгі құралдарының бірі- ақша, жоғары еңбекақы болып табылады. Бұл ең негізгі қажеттіліктер, себебі олар өмір сүруге қажет. Бұған тамақ ішуге, суға, ауаға, ұйқы, тыныштық қажеттіліктерін жатқызуға болады. Кейбір қоғамдарда бұл қажеттіліктер жеткіліксіз түрде, ал индустриалды дамыған елдердеге тұрғындардың бөлігі осы қажеттіліктерін қанағаттандыруы туралы көп абыржымайды. Осы қажеттіліктер қанағаттандырылған кезде олар енді негізгі мотиватор ролін жоғалтады да, адам өзінің назарын басқа қажеттіліктерге аударады. Осылайша, негізгі физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізгі құралдары-бұл материалдық ынталандырулар:еңбекақы,әлеуметтік игілік.
Қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі. (өмірді,денсаулықты сақтау, ертеңгі күнге және зейнетақымен қамтамасыз етуге деген сенімділік және т.б.)Ал бұл топқа қоршаған ортадағы физикалық және психологиялық қауіптерден қорғану және физиологиялық қажеттіліктер болшақта қанағаттандырылуына сенім жатады. Маслоу қауіпсіздік дегенде тек жауға қарсы тұру ғана емес, сонымен қатар ауа райының жағымсыз салдарынан қорғану, киі, техникалық құрал – жабдықтармен, транспортқа байланысты, өрт, су тасқыны т. б. қауіптерде қорғануды жатқызады. Ал психологиялық қажеттіліктер де өте маңызды мотиваторлар болып табылады. Психологиялық қажеттіліктерге болашақта адамдардың зейнетақы алуына сенім, медициналық сақтандыру және жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақылар жатады.
3.2. МакКлелландтың қажеттілік теориясы.
Д.МакКлелланд иеленген қажеттіліктер теориясын ұсынады. Онда ол қажеттіліктердің үш денгейін бөліп көрсетеді:
- табыс;
- билік;
- қатыстылық;
К. Альдерфердің ERGтұжырымдамасы басқаларға қарағанда жаңа болып табылады. Ол өмір қажеттіліктерін Маслоу пирамидасын төменгі екі сатысына сәйкес түренді келтіреді; байланыс қажеттіліктерін қарым – қатынас жасаудан, мойындаудан, қолдау көрсетуден, топ қауіпсіздігінен тұратын, пирамиданың үшінші сатысына, сонымен қатар жарым-жартылай екінші, төртінші сатыларға ұқсас етіп келтіреді; адамның мойындауға және өзінің тұжырымдауға ұмтылуы негізінен Маслоу пирамидасының жоғары екі сатысына парапар келетін өсу қажеттіліктерін келтіреді.
МакКлелландтың қажеттілік теориясы адамның қызметке деген мотивациясын анықтайтын кең таралған қажеттіліктер концепциясы болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктерге арқа сүйенеді. МакКлелландтың пікірінше, адамдарда басты үш қажеттілік болады: билікке ұмтылу, жетістікке жету және қатысушылық. МакКлелландтың идеяларына сәйкес, бұл қажеттіліктер қатты сезілетін жағдайда олар адамдардың жүріс – тұрысына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар олар осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қандай да бір әрекет жасауға мәжбүрлейді.
Билікке ұмтылу қажеттілігі басқа адамдарға үстемдік етуге тырысудан көрінеді. Мұндай адамдар батыл, әрі өз көзқарасына берік болады. Олар өте шешен және басқалардың көңілін аударылуын талап етеді.
Жетістікке жету – қажеттілігі табысқа жетуден ғана емес, жұмысты табсты аяқтауға, талпыныстан көрінеді. Бұлар өз табыстарын жария етуге тырысады және нақты бағалануын талп етеді.
Қатысушылық қажеттілігі – Маслоу теориясына ұқсас. Мұндай адамдар достық қатынастар орнатуды әлеуметтік қарым – қатынас жасауға, басқаларға көрсетуге талпыныс үстінде болады.
Эмоция – психологиялық феномен ретінде.
Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик –психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.
1.Жиілік.
2. Прототиптілік.
3.Бейкатегориялық.
4.Доминанттылық.
А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.
Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.
Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиологиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидың электрлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.
Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.
Томкинспен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады:
1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;
2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;
3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.
Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:
1.Қызығу – толқу – жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды.
2. Қуаныш – максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.
3.Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады.
4.Қайғы – қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.
5 .Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.
6.Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез – құлыққа алып келуі мүмкін;
7.Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді.
8.Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;
9.Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;
10.Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.
Эмоционалдық интеллект ұғымы.
Эмоциялық интеллект түсінігіне қоршаған ортадағы адамдардың эмоциясын түсіну жəне олардың эмоциялық күйіне икемделу арқылы тұлғаның тиімді қарым-қатынас құра білу қабілеттері жатады. Өзін-өзі ұстай білу жəне өзара əрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды болып жатады. Тұлғаның кəсіби жетістіктері, сөзсіз, оның білімімен, қабілеттерімен, дағдыларымен, жан-жақтылығымен жəне кеңінен ойлау білу қасиеттерімен, яғни оның жалпы интеллект деңгейімен байланысты болып келеді. Алайда көптеген жағдайларда интеллектінің жоғары деңгейіне ие болу жеткілікісіз. Эмоциялық интеллект идеясының пайда болуы əлеуметтік идея турасындағы түсініктердің дамуы нəтижесінде мүмкін болды.
Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің жəне өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату жəне осы ақпаратты ойлау мен іс-əрекетте қолдану» деп түсіндірді.
П. Сэловей мен Дж. Мэйердің үлгісі негізінде Д. Гоулманның аса танымал үлгісі жасап шығарылды. Оның 1995 жылы шыққан «Эмоциялық интеллект» атты еңбегі кітап сатылымында бірінші орындарға шығып, аталған мəселенің ғылыми жəне көпшілікке арналған əдебиеттерде осы күнге дейін қызу талқылануына түрткі берді.
Эмоциялық интеллект идеясы сондай-ақ, Ресейде де кеңінен қарастырылуда. Мəселен, Д.В. Люсин эмоциялық интеллектінің өз үлгісін ұсынып отыр. Оның үлгісі бойынша эмоциялық интеллект өзінің жəне өзгенің эмоцияларын түсіну жəне оларды басқара білу қабілеті ретінде түсіндіріледі . Эмоцияларды түсіну қабілеті дегеніміз адамның өзінің жəне өзгенің қандай да бір эмоциясын сезініп отырғандығын тани білуін, оны анықтап, атай білуін, осы эмоцияны тудырып отырған себептерді жəне оның салдарын түсінуін білдіреді. Эмоцияларды басқару қабілетіне адам эмоция қарқындылығы мен оның сыртқы көріністерін қадағалай алуы, сондай-ақ, өзінің бойында белгілі бір эмоцияларды ерікті түрде туындата білуі жатады. Түсіну мен басқару адамның өзінің жəне өзгелердің эмоциясына бағытталуы мүмкін болғандықтан, Люсин эмоциялық интеллектінің тұлға ішілік жəне тұлға аралық екі құрамдас бөліктерін ажыратады.
Эмоциялық интеллект көшбасшылық тиімділігінің факторы ретінде 1990-жылдардың басталуымен ғылымда көшбасшылықта маңызды орынға ие тұлғалық факторларға зерттеу қызығушылығы арта түсті. Ғалымдарды қолданбалы, əлеуметтік жəне эмоциялық секілді интеллект түрлерінің көшбасшылық тиімділініне əсері қызықтырды.
Стресс психологиясы.
Стресс көбінесе өмір талабына денелік жауап ретінде анықталады. Сонымен қатар стресстің эмоционалды және психикалық аспектілері де бар. Бұл сезімдер мен сезімдер сияқты, денеде де болады. Стресті анықтаудың тағы бір әдісі сыртқы қысымға ішкі және шартты жауап болуы мүмкін.
Психикалық денсаулық мамандары адамдарға стрессті азайтуға және басқаруға жиі көмектеседі. Олар адамдарға белгілі бір уақыт аралығында стресстің жоғары деңгейімен күресу кезінде пайда болған басқа да психикалық проблемаларды шешуге көмектесе алады.
Стрестің психикалық белгілеріне мыналар жатады:
Мазасыздық
Депрессия
Суицидтік ниет
Тамақтану және тамақтану мәселелері
Нашақорлық және / немесе мәжбүрлеу
Заттарды теріс пайдалану
Өмірде кем дегенде бір рет стресс болғанын жоққа шығаратындар аз. Бірақ көпшілік үшін стресс тұрақты және шыдамсыз болуы мүмкін. Созылмалы стресс көптеген психикалық денсаулық пен физикалық мәселелерге ықпал етуі мүмкін. Зерттеулер жоғары стресс деңгейлерін мыналармен байланыстырды:
Ұйқысыздық немесе гиперомния
Әдеттегіден азды-көпті аштық сезінеді
Есірткімен немесе алкогольмен өзін-өзі тыныштандырады
Көңіл-күй немесе психикалық денсаулықтың өзгеруі
Өнімділік пен жұмыстан ләззат алу
Жақындық мәселелері
Мигреннің бас ауруы
Созылмалы ауырсыну
Ашу мәселелері
Депрессия
Мазасыздық
Қоғамдық іс-әрекеттен ләззат алуды жоғалту
Жүрек соғысы және инсульт
Бұл шағымдар стресстің нәтижесінде пайда болған кезде, олар стресстік жағдай шешілген кезде шешілуі мүмкін. Бірақ егер олар ұзақ мерзімді болса, олар елеулі бола алады. Дәрігерден немесе психикалық денсаулық маманынан емдеу қажет болуы мүмкін, әсіресе стресс сақталса.
Копинг-стратегия.
Копинг-стратегия (ағылшын тілінен аударғанда to cope with-қандай да бір жағдайды басқара білу, жеңе алу, шығу жолын таба білу қабілеті) –адамның өмірлік қиын жағдайлардан шығудың қажетті тәсілін қолдану болып табылады. «Копинг» түсінігі (ағылшын тілінде coping) бала дамуының дағдарыстарын зерттеуде алғаш рет психологиялық әдебиеттерде 1962 жылы пайда болды. 4 жыл өткеннен кейін 1966 жылы Р. Лазарус өзінің «Психологиялық стресс және оны игеру үрдісі» атты еңбегінде «копинг» түсінігін әртүрлі жағдайлар негізінде қалыптасқан стресстерді жеңу үшін саналы түрде қолданылатын тәсіл деп сипаттама берген. Ол копингті «адамның шамадан тыс ресурсы ретінде бағаланатын ішкі немесе сыртқы спецификалық талаптармен күресудегі когнитивті және мінез-құлықтық аумақта жүретін үзіліссіз өзгермелі қадам» ретінде қарастырды
Копинг-стратегия және қорғаныс механизмі тұлғада әр түрлі психологиялық дәстүрлер шекарасында дамыды, олардың арасындағы айырмашылық пен өзара байланыс мәселесі өте маңызды болып табылады.
Копинг-стратегияны қолдана отырып адам белгілі бір елестетуді бұрмалайды немесе терістейді. (мысалы: «мен жолы болмайтын адаммын»), егер керекті дәлелдермен ғылыми тұрғыда тексерілетін болса, бұл сипаттама жалған, сондай-ақ дәлелдеуге негізсіз. Копинг-стратегияда адам қателесуі мүмкін, бір жағынан оның іс-әрекеті шынайылыққа жақындау мақсатында басқарылады. Бұл жағдайда мәселе шешімін табатын немесе шешімін таппайтын болса да, мәселе ретінде мойындалады .
Қорғаныс механизмінде адам шынайылықты «тексермейді», теріс эмоцияларды ығыстыру мақсатында оған тәуелсіз өз жағдайын өзгертеді. Осы көзқараспен келіссек, эмоцияға бағдарланған копинг бірыңғай түсінік емес. Бір жағынан негативті эмоцияларды азайту, мәселені шешу немесе мәселемен байланысты феномендерді өзіне қосады. Оған: классикалық қорғаныс механизмдері қатысты–терістеу, басу, рационализация т.с.с.
Эмоцияға копинг-стратегия ретінде күлкінің ықпалын терең зерттеуді Н.Куйпер мен Р. Мартин жүргізді. Олар стресстің жоғарғы деңгейін сирек күлетін адамдарда кездесетін негативті аффекттің басымдылығымен байланысты деп анықтама берді. Көп күлетін адамдардың өмірлік стрессінің күшеюі негативті аффекттің өсуіне әкелмейді. Осыдан басқа, көп күлетін ер адамдарда стресстің күшеюі позитивті аффекттің туындауына негіз болған. Стрессордың деңгейі мен юморы эмоционалды күйінудің алғышартына тәуелсіз болып шықты. Демек, адамда неғұрлым юмор сезімі дамыса, соғұрлым ол стресстік жағдайда эмоционалды күйінуге бейім. Юмор мен күнделікті стресстің деңгейінің өзара әрекеттесуі зерттелінушідегі соматикалық симптомдардың санын анықтауға негіз болады.
Копингтің міндеті адамның әлеуметтік қарым-қатынасқа қанағаттануы, психикалық және физикалық денсаулығының игіліктенуін қолдау. Тәжірибелік тұрғыда копинг бейімделу үшін индивидуумен қолданылатын стратегия ретінде түсіндіріледі.
Стресскетұрақтылық.
Күйзеліске тұpaқтылық қыcымды, cтpeccoгeнді әpeкeт кeзіндe қaлыптacaды жәнe көpінeді. Күйзеліске тұpaқтылыққa эмoциoнaлдық тұpaқтылықты, функциoнaлдық жaғдaйды peттeу қaбілeттілігін т.б. қacиeттepді жaтқызуғa бoлaды.
Стресске төзімділік - денеге қоршаған ортаға әсер ететін, сондай-ақ психикалық бұзылулар тудыруы мүмкін эмоциялардың зиянды толқуларынсыз стресстердің әсерін тыныштықпен өткізуге мүмкіндік беретін қасиеттер жиынтығы.
Жоғары стресске төзімділік эмоционалдылықтың төмен деңгейімен және эмоционалды интеллектінің жоғары деңгейімен сипатталады.Стресске төзімділікті қай уақытта болмасын жаттықтырып дамытуға болады.
Стресске төзімділіктің 8 негізгі құрылымдық компоненттері бар:
– еріктік (өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару, іс-әрекеттерді саналы түрде реттеу, оларды жағдайдың талаптарына сәйкес келтіруде көрінеді);
– интеллектуалдық (ойлау қабілеті мен ойлау түрін білдіреді);
– коммуникативтік (қызметтің әлеуметтікпсихологиялық аспектісін, өзара әрекеттесуге дайындығын сипаттайды);
– мотивациялық (жеке тұлғаның алдына қойылған мақсаттарын орындауға ұмтылысын көрсетеді);
– қозғалтқыш (әртүрлі құралдарды пайдалану қызметінің тәсілдері мен әдістерін меңгеруді, оларды қолдануда қажетті дағдылар мен қабілеттердің болуын қамтамасыз етеді);
– танымдық (тапсырманы түсінуді сипаттайды);
– физиологиялық (ағзаның энергетикалық мүмкіндіктерінің қорын анықтайды);
– эмоционалдық (өзіне сену, тапсырмаларды орындау барысында ынта сезім мен қанағаттануды сезінуде көрінеді).
Тұлғаның стресске төзімділігінің 4 түрін бөледі:
Стресске жаттығатындар. Бұндай тұлғалар өзгерістерге дайын, бірақ бірден және жаһандық деңгейдегі емес. Олар өз өмірін біртіндеп, ауыртпалықсыз өзгертуге тырысады және объективті себептерге байланысты мүмкін болмаған кезде, олар ашуланады немесе депрессияға ұшырайды.
Стресске төзімді. Бұндай тұлғалар кезкелген өзгерістерді, қаншалықты ұзақ немесе кенеттен болғанына қарамастан, салыстырмалы түрде сабырлықпен қабылдауға дайын. Олар тұрақсыздық және дағдарыс жағдайларында тиімді жұмыс істеуді біледі, бірақ, қалыптасқан дәстүрлері бар ұйымдарда жұмыс істеуге бейімделмеген.
Стресске төзімсіз. Бұл тұлғалар өздерінің мінез-құлқын өзгертуге және сыртқы әлемге бейімделуге дайын емес, олардың көзқарастары мен ұғымдары тұрақты. Сондықтан, кез келген қолайсыз сыртқы оқиға немесе тіпті болашақта олардың туындау мүмкіндіктерінің өзі, олар үшін стресс.
Стрессті тежегіштер. Бұл тұлғалар өмірлік қағидалары мен идеологиялық көзқарастарының тұрақтылығымен ерекшеленеді, бірақ, кенеттен туындайтын сыртқы өзгерістерге жеткілікті түрде сабырлықпен қарайды. Олар бірте-бірте өзгеруге дайын емес, бірақ олар өз өмірінің белгілі бір аймағында тез және бір рет өзгеруге дайын.
Темперамент, қабілет, мінез.
Достарыңызбен бөлісу: |