«психология және арнайы педагогика» кафедрасы



жүктеу 0,93 Mb.
бет1/8
Дата31.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#37292
  1   2   3   4   5   6   7   8
5 апта срс Бектасова Б ТП-18-2к1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»



«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Кейс


Тақырыбы: Дыбыстарды үйреткендегі негізгі әдістер
Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Нурбекова Аида Муратбековна

Мазмұны:
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «А» «Ә» дыбыстарының ерекшелігін таныту.

  2. Буын әдісі

  3. Дыбыс әдісі.

  4. Дыбыстық жинақтау әдісі

  5. Тұтас сөз әдісі.

ІІІ. Қосымша тапсырмалар

  1. Ребус

  2. Тест тапсырмалары

  3. Сәйкестендіру

  4. Жұмбақты шеш те, сөз құра

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Дыбыстарды үйреткендегі негізгі әдістер

Дауысты дыбыстарды үйренткенде, қолданылатын негізгі әдістер дыбыстың естілуін тыңдап бақылату, сөйлеу арқылы жаттықтыру, дыбыстың мәнін сөздерді салыстыру тәсілімен таныту, әріптердің жазылу емлесін талдау, жаттығу жұмыстары бойынша меңгерту болып табылады. Бұл әдіс тәсілдер тәсілдер қалыпты жүйемен жүргізіліп, оқушылардың практикалық дағдысына енгізіледі.



ІІ. Негізгі бөлім

  1. «А» «Ә» дыбыстарының ерекшелігін таныту.

Дауысты дыбыстың, олардың жуан, жіңішке түрлерінің өзіндік белгісін айтылуы (артикуляция) қалпын байытумен де аңғартуға болады. Мысалы, а-ны айтқанда тілдің ұшы кейін тартылып, дауыс жолы кеңейтілетіні, содан «а» жуан айтылатыны; «ә» дыбысын айтқанда жіңішке дыбысталатыны түсіндіріледі. Жуандық, жіңішкелік жағынан жұптанып келетін дыбыстарды оқытқанда да жоғарғы «а» мен «ә» өткендегі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Екінші сатыда буындар жатталады. Бұл жұмыс алдымен екі дыбысты ашық буын, содан соң тұйық буын, ақырында үш дыбыстан құралған ашық буынды жаттау жолымен жүреді. Балалар мұғалімнің әріп аттарын атап, буын құруына ілесіп айту жаттығу арқылы көптеген буынды алып жатқа алып дағдыланады. Мысалы, а-та, а-па, а-ға, та, ла, ар, аш. Осылайша, дауысты дыбыс әрпінің атына дауыссыз дыбыс әріптерінің атын тіркестіріп буын құрап үйреткен.

Үшінші кезекте балалар ежіктеу жолымен тұтас сөзді оқиды. Мұнда оқушылар әріп аттарын айта отырып буын құрайды, содан кейін құралған буындарды айтып, олардан пайда болатын сөздерді оқиды. Мысалы, алма сөзі былай ежіктеліп оқылады: аз, ал, ойланыңдар, азма – алма.

Төртінші сатыда буындарды әріптен құрамай-ақ тікелей оқыған. Одан әрі жатқа алған буындар арқылы құралған сөздерді тұтас оқиды. Бұл ретте әуелі екі әріпті буыннан құралған сөздерді, одан кейін үш әріпті буындардан құралған сөздерді оқиды. Осы сатыдан өткенде, балалар кез келген сөзді оқи алатын болады. Алайда оқушылар бұл оқу дағдысын екінші оқу жылында ғана меңгереді.

Әріптен буын құрастыруды меңгерген үшінші кезеңде ғана сабақты тәуір үлгеретін балаларды кітаптан көшіріп жазуға үйрете бастаған. Жазуға үйрету жұмысы оқуға байланыстырылмай бөлек жүргізілген.

Бірте-бірте оқуға үйретудің жеңілдеу жолы іздестіріледі. Сөйтіп әріптердің атын айтпай-ақ бірден буынды оқуға, буындарды тікелей қосып сөзді оқуға көше бастайды. Осы тәжірибеден туындап буын әдісі шығады.



  1. Буын әдісі

Буын әдісі де, әріп қосу әдісі сияқты синтетикалық әдіске жатады. Буын қосу әдісінің ережесі: оқи алу үшін әріптерді тану, әріптен буын құрай білу, буындарды жаттау, содан соң ғана текстті оқуға кірісу. Бұл да Римдіктер бастап қолданған көне әдіс. Буын әдісімен оқытқанда, әуелі алфавит тәртібімен бүкіл әріп аттары жаттатылады. Сонымен қатар, жеке әріптерді атай отырып, олардан буын құратылады. Буын құрауды үйрету және құрастырылған буындарды жаттату процестері бір мезгілде жүреді. Кейініректе буын құрайтын әріптерді атауды қойып, буынды бірден атап жаттауға көшеді. Бұл тұстағы оқу бірлігіне буын алынады. Сөз буындарды қосу жолымен оқылады. Міне осы буын оқу мақсатына орай оқу, сауат ашу процесін жеңілдету үшін бұрынғы славян сөздерімен аталатын әріп аттарына реформа жасалып, он сегізінші ғасырдың басынан әріп аты да буынмен аталатын болады. Мысалы, -а, -бе, -ве, -ге, -де түрінде аталады. Әріп атауларының осындай өзгерісі сауат ашу жұмысын, бұрынғы сөзбен атауға қарағанда, біраз жеңілдететеді. Бірақ бұл әдісте де негізгі қиындық сақталып қалады. Сауаттандыру элементі көру қабілеті бойынша механикалық түрде құр жаттығу жолымен жүреді. Оқушыларға буынның дыбыстық құрамы түсіндірілмейді. Ең басты кемістік – әріптер атының күрделілігі балаларға түсініксіз болды.

Жаттығу сөздері мен текстер балалардың психологиялық, жас ерекшеліктері ескерілмей талғаусыз алынды және мұнда ешбір жүйе болмады. Сондықтан да халық ескіше сауат ашу жолын «инемен құдық қазғандай өте қиын жұмыс» деп дұрыс сынға алды. Дегенмен бері келе осы буын жаттау сөзді біріктіріп оқу жаттығуларына бұрынғы көру қабілетіне жанамалап есту сезімі және сөйлеу жаттығулары да ішінара ендіріле бастайды.



  1. жүктеу 0,93 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау