Сөздің дыбыстарын оқып үйрену оқушылардың топтық құрамын оқытуға, тілдің табиғи негізін танытуға бірден-бір қолайлы жол деп танылады. Сондықтан әуелі Батыс Европа елдерінде, кейін 19 ғасырдың орта кезінде Ресей мектептерінде дыбыс әдісі қолданыла бастады.
Дыбыстық талдау әдісі Ресейде өткен ғасырдың 40-жылдарында пайда болды. Оны Золотов әдісі деп те атайды. Бұл әдіс бойынша оқытқанда, оқушылар ауызша жаттығу жолымен сөйлемнен сөздерді, сөзден буындарды, буыннан дыбыстарды айырып талдаған. Ең соңынан әріптерді ажыратады. Золотов әдісінде көру жаттығулары басым болғандықтан, ол да ұзаққа бара алмайды. Сондықтан оқыту, хат таныту, жазуға үйрету процесін жеңілдететін тиімді әдістер іздестіріле береді, мектеп тәжірибесіне дыбыстық жинақтау әдісі келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |