Агроөнеркәсіптік кешен
Облыста өнеркәсіптің түрлі салалары ауыл шаруашылығының жетекші салаларымен үйлеседі. Табиғи-климаттық жағдай дәнді, техникалық, бақша дақылдарын, жемдік дақылдарын, көкөніс, жеміс-жидек өсіруге қолайлы. Табиғи жемдік пайдаланылатын жерлер қой шаруашылығын, оның ішінде биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын және қаракөл қой шаруашылығын дамытуды алдын-ала белгілейді.
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларынан тұратын агроөнеркәсіптік кешеннің облыс экономикасындағы ролі зор. Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2009 жылы 12,8%-ды құрады. Сонымен бірге оның ЖӨӨ-дегі үлесінің 2005 жылы 17,5%-дан төмендеді, сауда, құрылыс, көлік және байланыс салалары үлесінің артуынан болды.
Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің үлес салмағы ауыл шаруашылықтың республикалық көлемінде 4,1%-ды құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенде облыстың еңбекке жарамды халқының 33%-ы жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдары 10489,6 мың га жерді алып жатыр, бұл облыстағы жалпы жер алқабының 72,7%-ын құрайды. Егіс алқаптарының негізгі алаңдарын дәнді және жемдік дақылдар (жалпы егіс алқаптарының 80%-ын) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымының жартысынан көбін халық шаруашылығының өнімдері, 37%-ын – шаруа қожалықтарының өнімдері, 7,2%-ын – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдері құрайды, бұл ретте шаруа қожалықтарының саны облыстағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының 97%-ын құрайды.
Ауыл шаруашылығының өңірлік өнімдерінің құрылымында мал шаруашылығы (49%) мен өсімдік шаруашылығы (51%) бірдей үлеске ие. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімінің құрылымындағы өсімдік шаруашылығының үлесі төмендеді, ол 2005 жылы 57,3%-ды, 2009 жылы – 51%-ды құрады.
Өсімдік шаруашылығы үлесінің төмендеуі егіс алқаптарының және дәнді дақылдар өндірісі көлемінің қысқаруымен негізделген. Дәнді дақылдардың егіс алқабы 2009 жылы 235,7 мың га құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 41,5% -ға кем.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндіруді арттыруда оңды серпілістер байқалуда. Азық-түлік импортының деңгейі төмендеуде, жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталу артуда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы
Кесте 1
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
ауыл шаруашылығы-ның жалпы өнімі, барлығы
|
45737,4
|
100
|
45832,3
|
100
|
60331,9
|
100
|
63202,0
|
100
|
68463,1
|
100
|
69191,6
|
100
|
оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы
|
26188,3
|
57,3
|
23193,4
|
50,6
|
34154,2
|
56,6
|
30013,4
|
47,5
|
34925,5
|
51,0
|
33062,4
|
48,3
|
- мал шаруашылығы
|
19549,1
|
42,7
|
22638,9
|
49,4
|
26177,7
|
43,4
|
33188,6
|
52,5
|
33537,6
|
49,0
|
35399,3
|
51,7
|
2005-2009 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,5 есеге артты және 2009 жылы 2005 жылғы 45,7 млрд. теңгеге қарсы 68,4 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы нақты көлем индексі 117,4%-ды құрады (1 кесте).
2009 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 34,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 33,4%-ға артық. 2008 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауы (НКИ – 92,7%) байқалғандығын атап өтуіміз керек, бұл жағымсыз табиғи жағдайларға байланысты өсімдік шаруашылығы (85,3%) өнімінің құлдырағандығымен негізделді.
2010 жылы Республика Үкіметі әлемдік экономикалық құлдырау салдарын жұмсартуға және елдің дағдарыс кезеңінде дамудың тұрақты негізін құруға бағытталған аграрлық секторда да дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруда жалғастырған. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен облыста ауыл шаруашылығын қолдауға 1420,5 млн. теңге субсидия бөлінген, оның ішінде облыстық бюджеттен тұқымды мал шаруашылығын қолдауға - 16,0 млн. теңге, жемісті-жидек дақылдарын және жүзімнің көп жылдық көшетін отырғыза бастауды және өсіруді қамтамасыз етуге - 0,5 млн. теңге. Барлық қаражат толықтай игерілген.
Дегенмен, мемелекеттік қолдауға қарамастан 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауы байқалуда, бұл ауа-райы жағдайының себебі бойынша 3,5%-ға өсімдік шаруашылығы өнімін өндірудің төмендеуімен байланысты 68,5 млрд. теңгені құрайды. Ал мал шаруашылығында керісінше өндіріс пен мал басы өсімінің қарқыны сақталуда, онда өнім көлемі 2,7%-ға артқан (1 кесте).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
Кесте 2
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
Өсімдік шаруашылығы өнімдері
|
Дәнді және дәндібұршақты дақылдар
|
655,1
|
431,1
|
425,9
|
152,5
|
553,3
|
372,6
|
Қант қызылшасы
|
13,7
|
3,7
|
0,2
|
9,0
|
17,4
|
60,4
|
Күнбағыс
|
5,3
|
5,3
|
4,7
|
5,4
|
5,0
|
4,0
|
Картоп
|
107,0
|
94,1
|
103,4
|
104,9
|
108,8
|
116,4
|
Көкөністер
|
356,2
|
324,6
|
359,6
|
362,5
|
349,8
|
395,9
|
Бақша дақылдар
|
143,9
|
121,7
|
127,0
|
147,0
|
148,3
|
147,6
|
Мал шаруашылығы өнімдері
|
Тірі салмақтағы ет
|
76,2
|
79,9
|
83,2
|
86,1
|
87,2
|
90,3
|
Сойылған салмақтағы ет
|
41,3
|
43,6
|
45,6
|
46,6
|
47,3
|
50,0
|
Сүт
|
244,1
|
253,0
|
260,7
|
266,9
|
269,1
|
273,8
|
Жұмыртқа
|
92,0
|
93,9
|
96,0
|
99,7
|
109,6
|
114,1
|
Жүн
|
4,8
|
5,3
|
5,3
|
5,4
|
5,5
|
5,7
|
Облыс халқының көкөніске деген сұранысын қамтамасыз ету үшін 16 га аумақтағы 200 жылыжай, оның ішінде 2009 жылы - 5,7 га аумақтағы 100 жылыжай іске қосылды.
2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы жиналымы 533,3 мың тоннаны, картоп 108,8 мың тоннаны, көкөніс 349,8 мың тоннаны және бақша дақылдары – 148,3 мың тоннаны құрады. Облыстағы бірқатар шаруашылықтар күздік бидайды айдарлап егуді қайта қарау жөнінде Су шаруашылығы ҒЗИ-ның зерттемелерін пайдалануда, бұл суғару шығынын 25%-ға қысқартады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалық жарақтандырылуы артуда, 2010 жылдың 1 қаңтарында 761,5 млн. теңгеге 132 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды.
2010 жылы дәнді және дәнді бұршақ тұқымдастарды жалпы жинау 372,6 мың тоннаны, орташа жинау 2009 жылғы 24 ц/га қарағанда 16,4 ц/га құрған. 765,6 мың тонна пішен дайындалды, бұл көзделгеннен 106,3%-ды құрайды, пішендеме - 33,8 мың тонна немесе 100%.
Облыста мал шаруашылығы өндірісінің көлемінің тұрақты өсу қарқыны байқалуда, ол 2005-2009 жылдары 1,7 есеге арты және 2009 жылы 2005 жылғы 19,5 млрд. теңгеге қарсы 33,5 млрд. теңгені, 2010 жылы 2005 жылғы 19,5 млрд. теңгеге қарағанда 36 млрд.тенге құрады.
Жылдан жылға ет, сүт, жүн өндіру, барлық мал түрлерінің өнімділігі мен мал басы артуда. Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіруде халықтың жеке меншік қосалқы шаруашылықтарының үлесі басым, мұнда 84,4% ет, 90,8% сүт, 78,6% жұмыртқа, 72,3% жүн өндірілген.
2005-2009 жылдары ет өндіру (тірі салмақта) 14%-ға артты және 2009 жылы 2005 жылғы 76,2 мың тоннаға қарсы 87,2 мың тоннаны құрады. Сүт сауу 2005 жылдан бері 10,2%-ға артты және 2009 жылы 269,1 мың тоннаны құрады. Жүн өндірісінің өсімі бес жылда 14,8%-ды құрады, бұл мал басының артуына байланысты.
2011 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарында 90,3 мың тонна ет өндірілді, бұл 2009 жылға қарағанда 3,6%-ға артық, сүт – 273,8 мың тонна (1,7%-ға), жұмыртқа – 114,1 млн. дана (4,1%-ға), жүн – 5,7 мың тонна (3,8%-ға).
МІҚ малдың саны 0,1%-ға артты және 326,6 мың басты құрады, қой мен ешкі – 3,1%-ға (2301,3 мың бас), жылқы – 2,9%-ға (86,8 мың бас), түйе – 3,8%-ға (5,4 мың бас), құс – 1,3%-ға (1524,7 мың бас).
Облыста селекцияны өрістету есебінен малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату жүйелік жұмысы жалғасуда. 2009 жылы 89 асыл тұқымды шаруашылық, оның ішінде 8 асыл тұқымды зауыт және 179 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеген, 2010 жылы 104 тұқымды шаруашылықты және 170 қолдан ұрықтандыру пункттері, олар малдың генофонын жақсартуға және мал шаруашлығының негізгі өнімін және мал басын өндірудің тұрақты өсіміне қол жеткізуге ықпал етті.
Сонымен қатар, тұқымды мал шаруашлығын мемлеттік қолдау шеңберінде республикалық бюджеттен 2010 жылы 290,3 млн. теңгеден астамы бөлінген және игерілген. Нәтижесінде тұқымды МІҚ мал басы 34%-ға өскен (6,0 мың бас), қой - 17%-ға (234,4 мың бас), жылқы – 33%-ға (8,6 мың бас), шошқа – 22%-ға (8,5 мың бас).
Жамбыл облысындағы асыл тұқымды малдың жоғары өнімділігінің үлесі МІҚ мал бойынша – 7,3%-ды (республикада 3 орында), қой – 16,1%-ды (республикада 4 орында), шошқа – 31,7%-ды (республикада 2 орында), жылқы – 15,3%-ды (республикада 1 орында), түйе бойынша – 36,5%-ды (республикада 2 орында) құрайды.
Индустриалдық негізде етті мал шаруашылығы саласын құруға мүйізді ірі мал санын арттыруды қамтамасыз етуге және еттің экспорттық әлеуетін дамытуға Жамбыл облысында 2011 жылдың 14 сәуірінде №111 облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама етті малдың генетикалық әлеуетін жақсартуды, етті өнеркәсіптік өндіру және өңдеуге инфрақұрылымды дамытуды, ет өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетуде және т.б. қарастырады.
Облыста ветеринарлық биологиялық препараттарды пайдалану бәсекелес ортаға берілген, емдеу-сауықтыру шараларын лицензияланған 350 ветринар дәрігерлер іске асырады. Облыс аумағында малдың 25 жұқпалы аурулары бойынша алдын-алу шаралары жүргізіледі, ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады, басқа науқастар бойынша шаралар мал иелерінің өз қаржылары есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы 2006-2010 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстағы ауылшаруашылығы құрылымдарын қолдауға республикалық бюджеттен 2006-2009 жылдары 4,8 млрд. теңге, 2010 жылға – 1,4 млрд. теңге бөлінді.
Облыста ауылдық кредиттік серіктестіктерді дамыту бағдарламасы мен ауылдағы микрокредиттеу бағдарламасы дамуда, оның мақсаты ауылдық кредиттік серіктестіктерді кредиттік қаржылармен қамсыздандыру болып табылады. Құрамында 543 ауылшаруашылығы құрылымдары бар 11 ауылдық кредиттік серіктестіктер құрылды. 2009 жылы жалпы сомасы 305,2 млн. теңге кредит берілді, бұл 2008 жылға қарағанда 125,8 млн. теңгеге артық.
Жамбыл облысы АӨК-нің негізгі мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы жерлеріне минералды тыңайтқыштарды себу деңгейінің төмендігі болып табылады. Минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша мемлекеттен берілген 50% субсидияға қарамастан, Жамбыл облысындағы тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі дамыған елдерден барынша артта қалуда.
Азық-түлік өндірісі
Азық-түлік өнеркәсібі облысты дамытуда болашағы бар сала болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының облысты 4 шекаралық аудандарына шоғырланғандығынан, Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасқандығынан болып отыр.
Экономикалық дағдарыс азық-түлік саласының кәсіпорындарына да өз әсерін тигізді, бұл айналым қаржыларының жоқтығынан болды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер, клейковина, қышқыл сүт өнімдері өндіретін кәсіпорындар («Концерн Азия Қазақстан» ЖШС, «Зар-Замин» ЖШС, «Фудмастер-Қордай» ЖШС) толығымен және жартылай тоқтап тұрды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер шығаратын ірі өндірушілер («Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС) сот істеріне байланысты өз жұмыстарын тоқтатқан.
Латын Америкасынан әкелінетін шикізатты (қант шикізаты) жеткерудің тұрақсыздығынан және облыстың қант зауыттарындағы жабдықтардың 2009 жылы күрделі жөндеуден өтуінен қант өндірісінің көлемі төмендеді.
2009 жылы «Қант» АҚ-дағы қант өндірісінің көлемі 11,0 млрд. теңгелік 111,3 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 43,5%-ға төмен. 2009 жыладың қыркүйегінен бастап қана шетелден қант шикізатының келуімен байланысты қант шығару қайта жанданды.
Қант өндірісінің төмендеуінің осы тәрізді себебі 2009 жылы «Меркі қант зауыты» ЖШС-де де байқалды, мұнда өндіріс тек желтоқсанда ғана іске қосылды және жыл қорытындысы бойынша 112,4 мың тонна қант өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 18,2%-ға төмен.
Облыстың тамақ өнеркәсібі негізінен Тараз қаласына (3 кесте) және Меркі ауданына шоғырланған.
Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары
Кесте 3
№
|
Компания
|
Негізгі өндірілетін өнім
|
1.
|
«Қант» АҚ
|
Қант өндіру
|
2.
|
«Та-Мак» ЖШС
|
Макарон өнімдерін өндіру
|
3.
|
«Салангани» ЖШС
|
Макарон өнімдерін өндіру
|
4.
|
«Зар Замин» ЖШС
|
Ұн өндіру
|
5.
|
«Галеника» ЖШС
|
Сүт өнімдерін өндіру
|
6.
|
«Дәнегүл» ЖШС
|
Сүт өнімдерін өндіру
|
7.
|
«Астана Самсон» ЖШС
|
Сүт өнімдерін өндіру
|
8.
|
«Төлебай Май 2007» ЖШС
|
Өсімдік майын өндіру
|
9.
|
«Палванов» ЖК
|
Өсімдік майын өндіру
|
10.
|
«Надыров» ЖК
|
Нан-бөлішке өнімдерін өндіру
|
Облыста тамақ өнімдерін өндіретін екінші үлкен аймақ Меркі ауданы болып табылады, мұнда негізгі өнім көлемі «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС, «Алкопищепром» ЖШС мен «Меркі сүт» ЖШС кәсіпорындарында өндіріледі.
Салада 2009 жылы 45,1 млрд. теңгеге тауарлық өнімдер өндірілді, нақты көлем индексі 76,2%-ды құрайды, 2010 жылдың – 35,3 млрд. теңге (91,0%).
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған
Азық-түлік саласы жұмысының және шығарылатын өнім сапасының тиімділігін арттыру үшін МҮИИДБ шеңберінде 2 инвестициялық жоба іске асырылуда, олар елдің өңірлік индустриаландыру картасына енгізілген – 30000 бас шошқа кешенінің құрылысы («Луговой жылқы зауыты» ЖШС) және ультрапастерленген сүт өндірісі («Бурный ірімшік зауыты» ЖШС).
Сонымен қатар, ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және экспорттық ресурсты қалыптастыру үшін ауылшаруашылық өнімін және азық-түлікті өндіруді дамыту, экономикалық жағдайды және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту механизмін құру, агроөнеркәсіп кешенінің өнімін өндірушілерді қолдау, экспорттық тауашаны иелену үшін сапалы бәсекелестікке қабілетті өнімді өндіру және қазіргі заманға сай инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2010 жылы «Агроөңдейтін логистикалық орталықтың құрылысының» жобасы бойынша жұмыстар басталды. (әрі-қарай АӨЛО).
Аталған жоба облыстың басымды жобаларының бірі болып табылады, АӨЛО негізгі миссиясы Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіп өнімінің экспорттық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. АӨЛО құрамына ауылшаруашылық өнімін өңдеу сақтауға арналған түрлі нысандар кіреді, оның ішінде картоп, көкөніс, жеміс-жидек қоймасы, консервілер зауыты, ет өңдейтін комбинат, зауыттар: томат пастасын өндіру, шырындар, құрамдастырылған жемдер және жемдерге қосымша бойынша, жануарлар қанынан плазма, хирургия үшін тігіс материалдары бойынша, балалар тамағы, транспорттық-логистикалық компания және т.б.
Балық шаруашылығы
Облыста 13281 га балық шаруашылығы қоры бар. Бұл қосымша жемсіз су қоймалары өнімді болса, жылына 60 кг/га-дан 797 тоннаға дейін балық өндіруге мүмкіндік береді.
1980-1990 жылдарға дейін облыстағы балық балық аулау 550 тонна деңгейінде болатын. Қайта жаңғыртылмаған балық аулау ісі мен браконьерлік салдарынан балық аулау 2007-2009 жылдары 140 тоннаға дейін түсіп кетті. Сондықтан сала алдында бұл көрсеткішті 2015 жылға дейін 350 тоннаға жеткізу міндеті тұр.
Облыста бүгінгі күнде жергілікті мәндегі балық шаруашылығын жүргізуге жарамды деген тізімге қосылған 87 балық шаруашылығы су қоймалары бар, оның ішінде 60 су қоймасы пайдаланушыларға бекітілген.
Республикалық бюджет есебінен 2010 жылы бекітілмеген су қоймаларына 11 млн. теңге сомасында балықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Саланың негізгі мәселелері мыналар: облыста балықты тереңінен өңдеумен айналысатын жеке меншік балық өңдеу кәсіпорындары аз. Көптеген су қоймаларын пайдаланушылар балық қорын өндіруде өздерінің алдарында тұрған міндеттерін толығымен түсінбейді де. Олар жүргізіп отырған шаруашылық саясаты қалпына келтіруді ойламай тек балықты аулай беруге саяды. Балық шаруашылығы саласындағы әлсіз бәсекелестік және оның өнімдерінің бағаларының жоғарылығы да су қоймаларын балықтандыруды кешеуілдетуде.
Су қоймаларындағы су деңгейінің тұрақсыздығынан, кейбір жағдайларда тіптен судың жоқтығы алдағы жылдары жүргізілген жұмыстарды жоққа шығаруы мүмкін, себебі кішкене шабақтың тауарлық балыққа айналуына дейінгі кезең 3 жылдай уақытты керек етеді.
Электр тогын пайдалануға негізделген браконьерлік шаралары су қоймалары үшін үлкен қауіп төндіреді.
Су шаруашылығы
Облыс өзендерінің суммарлық жылдық орташа көпжылдық ағыны 4,2 млрд. м3 деп бағалануда, оның 70%-ға жуық беткі ағыны облыс шекарасынан тыс жерде – Қырғызстан Республикасында қалыптасады.
Шу, Аса, Талас өзендерінің және тағы басқа өзендердің ағыны су қоймаларындағы су тораптарымен ретке келтірілген, ал Жамбыл облысындағы суару жүйелері суару жүйелеріндегі судың таралуын қамтамасыз ететін тежеуіш-реттеуіш бас тоған имараттарымен жабдықталған.
Қазақстан Республикасының шеңберінде Шу өзенінің бассейнінде 109 мың га жер суарылады. Мұнда облыстағы ірі суару жүйелері орналасқан: Георгиевка - 24 мың га, Тасөткел - 47 мың га, ЗБЧК-ның Меркі бұтағы - 19,7 мың га, Далақайнар - 3,0 мың га, және орта және төменгі ағыстағы бірқатар кіші жүйелер.
Шу өзенінің бассейніндегі ірі гидротехникалық объектілер мыналар: басты шығыны 43 м3/с Георгиевка суару каналы, көлемі 620,0 млн. м3 Тасөткел су қоймасы, екі каналы бар Тасөткел су торабы, Фурмановка су торабы.
Талас өзенінің бассейнінде Қырғызстан Республикасының аумағында сыйымдылығы 520 млн. м3 Киров су қоймасы салынған, ол облыс объектілерін маусымдық су беруді реттеуде пайдаланылады. Тараз қаласының аймағында Талас бөгеті салынған, одан Базарбай (19 м3/с), Таластың сол жағалауы (34 м3/с), Сеңкібай (10 м3/с) магистралдық каналдарына жіберілетін бас тоғандар іске асырылады.
Байзақ ауданының суармалы жерлеріне Талас өзенінен су беру үшін магистралды каналдарға екі жағынан да су бере алатын, шығыны 3 м3/с Темірбек бөгеті салынған. Темірбек бөгетінен төменіректе Талас ауданының суармалы жерлеріне су жіберуді қамтамасыз ететін шептік бас тоғаны бар Жиембет бөгеті орналасқан. Жиембет магистралды каналының су жіберу қабілеті 6,0 м3/с, каналға 4,3 мың га суармалы жерлер қарайды. Талас өзенінің төменгі жағында шеттік бас тоғаны бар Ойық бөгеті салынған, оның су жәберу қабілеті 23 м3/с және оған 4,36 мың га суармалы жерлер қарайды.
Аса өзенінің бассейнінде, Теріс өзенінің ағынында сыйымдылығы 158 млн.м3 Теріс-ащыбұлақ су қоймасы салынған.
Аса өзенінің жоғары жағында Күркіреу су өзенінің сарқырамасының тұстамасынан төменде торламалы су түбі бас тоған ғимараты салынған, одан 2,93 мың га жерді суаруға арналған су өзеннің сол жағалауына Райыс каналына (3 м3/с) атқылайды.
Аса су торабы ғимараттың құрылымы жағынан ірі және бірегей су торабы болып табылады, одан шығатын су химиялық зауытқа , Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне беріледі және су ағыны Аса-Талас каналымен Талас өзенінің бассейніне бұрылады. Тараз қаласынан төменде Талас каналының суынан Талас өзені ағынының бір бөлігі Аса өзенінің бассейніне беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы «Бірқатар су шаруашылығы объектілерінің мемлекеттік меншік түрлерін өзгерту туралы» № 255 қаулысын орындау барысында Жамбыл облысы әкімдігінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 107 қаулысымен облыстағы су шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары облыстың 6 ауданына – Байзақ, Жамбыл, Меркі, Қордай, Талас және Шу, аудандарында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 280 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысындағы жалпы ұзындығы 3398,27 км суару каналдарының есепке алу жүргізілді, оның ішінде 1543,83 км магистралдық және шаруашылық аралық каналдар, 1854,41 км шаруашылық ішілік желілер бар. Коллекторлық-кәріздік желілердің ұзындығы - 376,08 км, гидротехникалық ғимараттар саны - 16, су қоймалары мен әуіттер - 127.
1543,86 км магистралдық және шаруашылық аралық каналдардың 383,265 км-і республикалық мемлекеттік меншікке, 896,31 км-і – коммуналдық мемлекеттік меншікке, 17,51 км-і – су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері, 176,68 км-і – жеке меншікке тиесілі болса, 70,1 км-і – иесіз каналдар.
376,08 км коллекторлық-кәріздік желілердің 190,58 км-і - коммуналдық мемлекеттік меншікке, 48,0 км-і - жеке меншікке тиесілі болса, 137,5 км-і – иесіз болып табылады.
Су шаруашылығы – Жамбыл облысы экономикасының базалық саласы, халықтың өмір сүруі мен экологияның тұрақтылығы осы салаға байланысты, гидротехникалық ғимараттардың ескіргендігінен су шаруашылығы қызметінде судың барынша көп шығын болуы орын алуда.
Саланың проблемалары. Суару мәдениеті болмасы да суармалы жерлердің барынша жылдам дамуынан экожүйенің тұрақтылығын ескерместен өзен ағындарын реттеу жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол берді: 1995 жылға дейін барлық гидрометрикалық посттарда өзеннің төменгі сағаларында ағын көлемін төмендету әлеуеттері байқалған, бұл флора мен фаунаның тозуына, топырақтың сорлануына және шөлдену процесінің өсуіне алып келеді.
Экономиканы реформалау нәтижесінде су шаруашылығының бірегей жүйесі ұсақталып кетті және оны басқару қиындады, су пайдаланушы суды тиімді пайдалануды ескермеуде, Гидромелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы нашарлауда, суару жерлері шаруашылық айналымынан шығуда.
Бір жүйенің түрлі бөліктерін иелік ететін жеке меншік иелерінің бірлесе жұмыс атқармауынан су беруде ауытқушылықтар болуда, гидротехникалық ғимараттарда апаттар орын алып, су беру қызметінің тарифтері артуда.
Жамбыл облысының АӨК-і шекарааралық, мемлекетаралық су объектілерінің ағынан бөлуге толығымен байланысты.
Бөгеттерді жөндеуге көп мөлшерде мемлекеттік капитал салымдарының бөлінгендігіне қарамастан, облыстың бір де бір су қоймасы толық көлемде жұмыс жасау алмауда: Тасөткел су қоймасының жобалық қуаты 620 млн. м3 болғанымен 350 млн.м3 –ден аспайтын су жинайды, ал Теріс-ащыбұлақсу қоймасының жобалық қуаты - 158 млн. м3, жиналатын су – 100 млн.м3.
Облыстағы су шаруашылығының коммуналдық кәсіпорындары жыл сайын 850 млн.м3 суды тұтынуға береді. Бұл ретте бірқатар су шаруашылығы жүйелеріндегі су шығыны 50%-ға дейін жетеді, жер асты сулардың деңгейінің көтерілуіне және топырақтың екінші қайтара тұздануынан суару аумақтарының жоғалуына алып келеді.
Мелиоративтік және ирригациялық жүйе жағдайларының нашарлауы суару жерлерін шараушылық айналымынан шығарды. 1986 жылы жүргізілген есепке алу нәтижелері бойынша қолда бар 278 мың га суармалы жерлерден бүгінгі таңда 226,5 мың га бар, оның 126,7 мың га жеріне облыстың коммуналдық кәсіпорындары, 27,6 мың га-на - «Тараз су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының меншігінде. Басқа 72,2 мың га жердің жағдайын зерделеу үшін мониторинг жүргізу қажет.
Көптеген шаруашылықішілік науалық суармалар иесіз қалды және қирап бітті, суару жүйелері қазір негізінен судың барынша ысырап болуы мен тазалануымен болатын каналдардан тұрады.
Суаруға арналған суларды тиімді пайдалану жүйесінің жоқтығы судың нормадан тыс көп мөлшерде ысырап болуына алып келеді және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендете отыра, өнімнің өзіндік құнының құрылымында суаруға арналған шығындардың үлесін арттырады.
Мелиорацияланған жерлерді кепілді түрде сумен қамсыздандырса Жамбыл облысы еліміздің барлық өнеркәсіптік өңірлеріне және экспортқа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткеруші бола алады.
Бәсекелестікті дамыту
Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытумен жалпы бәсекелес ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі шаралар іске асырылуда.
Шағын және орта бизнес барынша жоғары қарқынмен дамуда, белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері 2009 жылы 2005 жылғы 27290 бірлікке қарсы 38206 бірлікті, 2010 жылы – 37 268 бірлікті құрады.
2007-2009 жылдар аралығында 7228 сауда объектілері, оның ішінде 4427 дүкендер, 6 супермаркеттер, 1101 қоғамдық азық-түлік объектілері, 1694 қызмет көрсету объектілері енгізілді, онда 6078 жұмыс орындары ашылды. 2009 жылы олардан шағын және орта бизнестің (заңды тұлғалар) 301 кәсіпорны іске қосылды.
2011 жылдың басына облыста 15588 орындық 58 базар тіркелді, олардың түрлері бойынша: жабық – 8 бірлік, шағын базар – 14 бірлік, құрамдастырылған – 36 бірлік; тауарларды мамандандыру бойынша: азық-түлік – 8 бірлік, азық-түлік емес – 11 бірлік, мамандандырылған – 9 бірлік, әмбебап – 30 бірлік.
Облыста негізгі азық-түлік тауарларына деген бағаның артуына жол бермеу туралы қажетті шаралар қабылданды. Негізгі азық-түлік тауарларының 27 түрі бойынша баға мониторингі күн сайын жүргізіледі, оның ішінде 18-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік-маңызды тауарлар. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтарының қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Көтерме және бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде облыстық Штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Осы сияқты Штабтар Тараз қаласы мен облыстың аудандарында да құрылды. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына деген бағаның күрт өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі кезде облыста Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының шектік сауда қосымшалары бөлігіндегі нормаларын орындау жөніндегі мәселе қаралуда.
Облыстың ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру мақсатында облысқа Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қытайдан және көршілес Оңтүстік Қазақстан облысынан жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустық өнімдер) әкелінеді, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне базар аумағынан тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі, дөңгелекте және жол бойында сауда жасау ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, арнайы белгіленген орындарда өз өнімдерін сатуға рұқсат берілген.
Жыл сайын күзгі мерзімде қала мен аудан әкімдіктері апта сайын жеміс-көкөніс өнімдерінің жәрмеңкелері базар нарығынан төмен бағамен өткізіледі.
Бәсекелестікті дамытудың бірқатар аспектілерін түсіндіру және әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бизнес пен «Атамекен» қоғамының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Осы тақырыпта облыстық және аудандық газет беттерінде материалдар жарық көруде.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында облыста Жамбыл облысы әкімдігінің жанында рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша Сараптау Кеңесі (кеңес беру-келісімге келу органы) жұмыс істейді. Әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі Республикалық жұмысшы тобы мәжілісінің 2010 жылғы 4 мамырдағы хаттамалық шешімін орындау мақсатында облыстажергілікті деңгейдегі рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Әрбір облыстық және аумақтық мемлекеттік органда рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөнінде Жұмысшы топтар құрылды. Оның құрамына тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге бизнес қоғамдардың өкілдері де енгізілді.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша Төмендегідей ұсыныстар айтылды:
Жалпы анықталған рәсімдер санынан 6 рәсімді алып тастау;
72 рәсімді немесе жалпы анықталған рәсімдер санынан 86,7%-ды қалдыру;
27 рәсімді немесе қалдырылған рәсімдер санының 35%-ын оңтайландыру, оның ішінде лицензия немесе рұқсат беру мерзімін төмендету, қажетті құжаттар (жарғы, РНН, статистикалық карталар) тізбесін және құжат көшірмелерін нотариалды растау жөніндегі талаптарды қысқарту есебінен.
Кәсіпкерлік субъектілері үшін рұқсат беру жүйесін жеңілдету және оңтайландыру үшін төмендегілер ұсынылды:
- арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны алып тастау;
- Қазақстан Республикасында орналасқан шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды алып тастау және ХҚКО-ға беру;
- медициналық қызметке, фармацевтикалық қызметке деген лицензия беру мерзімін қысқарту (жеңілдету);
- орталық жылыту жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беру мерзімін қысқарту;
- алкогольді өнімдерді оны шығару аумағында сақтау, көтерме және бөлшек саудаға салу жөніндегі қызметті іске асыруға, заңды тұлғаларға түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау өңдеу және іске асыруға лицензиялар беру мерзімін қысқарту (жеңілдету);
- басқаруға берілген лицензия мерзімін қысқарту;
- құрылымдық бөлімшелер (Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы, білім беру бөлімдері) арқылы берілген рұқсат ету құжаттарының мерзімін қысқарту.
Төмендегі рұқсат беру қағаздары тоқтатылсын: «Жер құрылысы жобасын бекіту туралы бұйрық»; «Техника мен лизинг сатып алу туралы анықтама беру»; «Қосалқы шаруашылығының барлығы туралы анықтама беру».
Ұсынылып отырған шаралардың нәтижесінде облыс кәсіпкерлерінің рұқсат беру құжаттарын алу кезіндегі операциялық шығындары 2010 жылы 30%-ға қысқарады.
Әкімшілік кедергілерді жою, оның ішінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жөніндегі облыстағы жұмыстар тиісті жұмысшы топтардың облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жалғастырылатын болады.
Бәсекелестік ортаны жақсарту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытуға қажетті инфрақұрылым жасау жөніндегі шаралар іске асырылатын болады, тауар нарығының жағдайын талдау мен дамыту тұрақты түрде жүргізілетін болады, облыстағы бәсекелестікті дамыту туралы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жазылатын болады.
Талдау нәтижелері экономиканың бірқатар сегменттерінде бәсекелестікті дамытудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен, Жамбыл облысындағы бензин мен дизельді отынды бөлшектеп сату нарығы нарықтық шоғырланудың жоғарылығымен және бәсекелестіктің дамымағандығымен сипатталады.
Бұл тауар нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін төмендегідей шаралар қарастырылған: тиісті жер учаскелерін Жанармай бекеті құрылысы үшін тек конкурс өткізу негізінде беруді іске асыру, бұл ретте конкурсқа қатысушылар мен оның ұйымдастырушыларының үлестестігіне жол берілмеу керек.
Тараз қаласындағы көтерме нан нарығы бәсекелестігі дамымаған нарықтық шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, мұнда нарыққа жаңа қатысушылардың енуі үшін кедергі негізінен әкімшілік кедергі болып табылады.
Бұл кедергілерге мыналар жатады:
жер учаскелерін беруге немесе ғимараттарды қайта жаңғыртуға кедергі болу, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындаудан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу мен басқа да құжаттарды алғанға дейінгі ұзын сонар рәсімдеу шаралары, сондай-ақ көп мөлшердегі инвестицияның қажеттігі.
Осыған байланысты, өңірдегі бәсекелестікті дамыту шаралары ретінде мыналар белгіленді: жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында тауарлар мен қызметтер қажеттілігі, өңірлік нарықтар туралы ақпараттарды жинау, талдау және жариялауды ұйымдастыру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ақпараттық айқындылығы бөлігіндегі жұмыстарды жалғастыру.
Осылайша, әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі облыстағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табатын болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.
2005-2010 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік
көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
1 кесте
Көрсеткіштер атауы
|
Жылдар
|
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Белсенді субъектілер саны, бірлік
|
27290
|
34181
|
33822
|
36138
|
36742
|
37268
|
Өнім шығару, млрд. теңге
|
45,3
|
56,8
|
83,9
|
102,4
|
157,9
|
167,4
|
Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.
|
99,6
|
123,1
|
137,7
|
133,8
|
120,8
|
120,8
|
1 кесте көрсетілгендей 2010 жылы облыста 37 мыңнан астам белсенді шағын және орташа кәсіпкерліктер субъектілері жұмыс істеген (өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,4%), онда жұмыс істейтіндер саны – 120,8 мың адам (100,0%), өнім шығару – 167,4 млрд. теңге (99,0%).
Кәсіпкерліктердің белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жылсайын «Қазақстанның үздік тауарлары», «Алтын сапа» және «Парыз» атты байқаулар өткізіледі. Сонымен 2010 жылы «Алтын сапа» байқауының «Қазақстан мекемелеріне ең жақсы қызмет көрсетушілер» номинациясында «Тараз қаласының кардиохирургиялық орталығы» жеңімпаз болып танылды. Ал «Казфосфат» және «Бином» ЖШС-тері «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауда жүлделі орынға қол жеткізді.
Кәсіпкерлік саласын, біріншіден, шағын және орта бизнесті қолдауға және жақсарту үшін 2010 жылы іске қосылған арнайы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы әзірленген.
Бағдарлама шеңберінде облыста 2010 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 912,0 млн. теңгеден аса қаржы бөлінген. Оның 600,3 млн. теңгесін жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 312,0 млн. теңге – индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға мақсатты трансферттер құрайды.
Бірақ бөлінген қаражаттар толығымен игерілмеген. Бір ғана жоба жолаушыларды тасымалдауда мамандырылатын «АулиеатаТрансПасс» Тараз ЖШС қаржыландырылған. Автобус паркін жаңарту жобасын іске асыруға 76,8 млн.теңге сомасында «Даму» КДҚ» және «АулиеатаТрансПасс» ЖШС арасында субсидиялаудың екі жақтық келісім-шартқа қол қойылды. Қарызға алынған қаражаттың арқасында компания 10 автобус сатып алды, олар қазіргі таңда әлеуметтік-маңызды бағыттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, бизнесті сервистік қолдауға 52,2 млн. теңге жаратылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының негізгі ережесін насихаттау үшін облыстың кәсіпкерлік құрылымының ішінде кең ауқымды насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Барлық аудандарда және Тараз қаласында бағдарламаның негізгі ережесін насихаттау бойынша семинар-кеңестер жүргізілген. Облыс әкімдігінің ресми сайтында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы қажетті ақпараттар берілген.
1) 2010 жылдың 3 наурызында Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің форумында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске асырылуына түсінік берілді.
2) Үстімізегі жылдың 6 мамырында «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің, екінші деңгейдегі банк бөлімшелері басшыларының қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының ережелерін түсіндіру жөнінде кеңес өткізілді.
3) 2010 жылдың 7 маусымында облыстық әкімдікте облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі ережелері мен іске асырылу жолдарын түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
4) Жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерге ақпарат беру үшін аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жолданды.
5) «Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» бағдарламасының бағыттарын іске асыру мақсатында аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының кеңесшілері ретінде таңдап алуға үміткерлердің тізімін беру туралы хат жолданды.
6) Басқарма мен «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып 5-20 қазанда облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен облыстың барлық аудандарында (қалада) семинарлар өткізілді.
2010 жылдың 26 қазанында облыстық әкімдікте облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі ережелері мен іске асырылу жолдарын түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Семинар кезінде бұл бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банк бөлімшелері «мобильдік кеңселер» орнатты, онда әрбір кәсіпкер қажетті ақпарат ала алады.
Сондай-ақ облыстық ақпарат құралдары арқылы да кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдармен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде ЕДБ-ге келіп түскен жобалар бойынша мониторингі жүргізілуде.
Инвестициялар
ҚР көптеген өңірлері халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша біздің облыстан анағұрлым алда келеді. Жамбыл облысындағы халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көлемі 2009 жылы 213 мың теңгені құрады, бұл ретте орташа қазақстандық көрсеткіш барынша жоғары және ол халықтың жан басына шаққанда 291 мың теңгені құрады.
Инвестиция көлемі бойынша бастапқы шарттары ұқсас облыстармен (Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары) инвестиция тарту көлемінің 2003 жылғы динамикасын талдау көрсеткендей, 2003 жылдан 2009 жылға дейін ҚР өзге өңірлерінде инвестициялар көлемі үнемі артып отырған, ол біздің облысымызда олар тіпті төмендеп те кеткен. Нәтижесінде Жамбыл облысындағы инвестиция тарту көлемі 6,8 есеге артса, салыстырмалы өңірлерде 4,9 – 10 есеге артқан. 2008 жылы Жамбыл облысына тартылған инвестициялар көлемі күрт өскен, бұл құрылыс материалдары, аграрлық-өнеркәсіптік өнімдер мен металлургия өндіріс салаларындағы жаңа жобалармен байланысты. 2008 жылғы инвестициялардың 10%-ы республикалық бюджеттен, 5%-ы – жергілікті бюджеттен, 85% -ы - өз қаржыларының есебінен қаржыландырылды.
2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 222,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 71,5%-ға артық. Бюджет қаржыларының есебінен 7,7% инвестициялар (республикалық - 5,4%, жергілікті – 2,3%), өз қаржылары мен заемдық капиталдар – 15,6%, шетелдік капиталдарды тарту – 76,7%.
Инновациялық белсенділік
Облыстың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.
2009 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,4% құрады (2008 жылы – 6,0%). Инновациялық өнімнің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге төмендеген және 2190,4 млн.теңгені құрған, 382,5 млн.теңге сомасында инновациялық сипатта қызмет көрсетілген. Жаңа технологияларды, құрал-жабдықтарды, материалдарды, ғылыми-зерттеу қызметті енгізу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу аяқталған инновациялары бар кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі түрлері болып саналады.
Облыстың жоғары оқу орындарындарында, оның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту қолданбалы ғылым мен өндірісті біріктіруге, ЖОО-ның ғылымын экономикалық және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулерге қайта бағыттауға, ғылымға сыйымды технологиялар енгізуге бағытталған.
Инновациялық шығындар саласындағы ең белсенді сала – химия саласы (509 млн. теңге, немесе барлық шығындардың 21%-ы). Инновацияға арналған бірқатар шығындар өңдеу өнеркәсібінің өзге де салаларында (205 млн. теңге) және ауыл шаруашылығында (18 млн. теңге) байқалуда. Жамбыл облысының жалпы өнеркәсіптік шығарылымдарына қосып отырған үлкен үлесіне қарамастан, тамақ және металлургия өнеркәсібі инновациядағы қаржыларды инвестицияландырмайды.
Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі кәсіпорындардың өзіндік қаражаттарына (58,0%), республикалық бюджетке (41,9%), даму институттарына (0,1%) келеді.
2009 жылы статистика бойынша облыста 14 инновациялық-белсенді кәсіпорындар бар. Олар: «Қазақтелеком» АҚ - CDMA-800 технологиясы бар телефон қызметін көрсету; М.Х. Дулати атындағы ТарМУ – тұзды жер қыртысының тұзын алу технологиясын әзірлеу, дәнді дақылдарды өңдеу негізінде жаңа ұрпақтың өнімін құру т.б.; «Тараз металлургия зауыты» ЖШС – ферроқорытпа өндірісі; «Керамик Инвест» ЖШС –бетоннан конструкциялар жасау; «Гипс комбинаты» ЖШС – гипс өндірісі; су шаруашылығының ҚазҒЗИ ЖШС - су үнемдейтін еспелі технологияларды және т.б. әзірлеу; ЖГТУ – «Бизнес ақылшысы» бағдарламасында қатысу; «Бриг company» ЖШС – шұжық өнімдерін өндіру; «КазСинтез» ЖШС – лактар мен сырлар өндіру; ҚР БҒМ жанындағы ЕМК ҒЗИБМҚ БТҰО – тұмауға және т.б. қарсы вакциналарды әзірлеу; «Элит Азия Пласт» ЖШС – пластиктен бұйымдар жасау; Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті – конустық пластерді ойлап шығару; «Гамбург» ЖШС – шұжық өнімдерін өндіру, «Құрылыс конструкциялары зауыты» – құрылыс металл конструкцияларын өндіру.
2010 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 401 кәсіпорындарында инновациялық қызметті статистикалық бақылау жүргізілген, оның 26-да аяқталған инновацияның технологиясы бар (1 кесте). Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 6,5%-ды құрайды.
2010 жылы аяқталған инновацияларды көрсеткен кәсіпорындар
1 кесте
№
|
Кәсіпорындар атауы
|
Технологиялар атауы
|
|
«Запчасть» АҚ,
|
Қара металл сынықтарынан дайын болатты құю бойынша болат құю цехінің құрылысы.
|
|
«Алтыналмас» АҚ
|
Кеннен бағалы металлдарды шығару саласында жүйені жетілдіру, өндірістікті жоғарылату, қоршаған ортаға зияны аз жаңа құрал-жабдықтарды пайдалану.
|
|
«Галеника» ЖШС
|
«Бифиленд» сүт өнімінің жаңа түрін өндіруді игеру.
|
|
Дулати атындағы ТарМУ
|
Тұзды жер қыртысының тұзын алу технологиясын әзірлеу. Дәнді дақылдарды өңдеу негізінде жаңа ұрпақтың өнімін құру үшін техниканы және технологияны әзірлеу. Нанотехнологияның негізінде күкіртті полимерлеу әдісімен жоғары берік композицияланған материалдарды алу. Ағынды және коллекторлық-дренаждық суды зерттеу және суды тазалау, шаюда қайта пайдалану технологиясы. Экономика салаларындағы айналмалы және бекітулі сумен қамту жүйесін дамытуды бағалау.
|
|
«Казфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы
|
Пеш газын іске жарату жүйесін, шлам жинақтайтындардан, фосфор шламын іске жарату жүйесінен фосфор шламын әзірлеу
|
|
«Казфосфат «Минералды тыңайтқыштар»» ЖШС Тараз филиалы
|
Күкірт қышқылы өндірісін жобалау және дайындау. Жемдік кальцийнатрийфосфаттының тәжірибелі партиясын өндіру.
|
|
«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,
|
Ферроқорытпа өндірісіне құрал-жабдықтарды жетілдіру (кен термикалық пеші, газ тазалайтын желі).
|
|
«Югстрой» ЖШС
|
Жылу блогы өндірісін игеру және цехін жаңғырту.
|
|
«Blonder Beer- Taraz» ЖШС
|
Сыра өндірісін игеру.
|
|
Тараз мемлекеттік пединситуты
|
Су еріткіш полиэлектролитті – жер қыртысының құрылымдық құрушысын алу әдісі патентелген.
|
|
«Инновации и реинжиниринга» ҒЗИ ЖШС
|
Жаңа ауыр жоғары тиімді мелиорант-аммофосогипс калий тыңайтқышын алу инновациялық әдістемесін әзірлеу.
|
|
«Керамик-инвест» ЖШС
|
Сақина, Батыс Еуропа - Батыс Қытай трассасы үшін көпір қондырғылары – темір бетондық бұйымдарды өндірудің жаңа жүйесін енгізілген.
|
|
«Гипс комбинаты» ЖШС
|
Гипс плиталарын, құрғақ құрылыстық қоспасын өндіру технологиясын жетілдіру, монтажға желім өндіру, кафель желімін, минералды ұнтақ өндіру.
|
|
«Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС
|
Казспецтранссервис ЖШС үшін ДУ100РУ63 тазалайтын қондырғыны іске қосу камерасын шығаруды игеру.
|
|
«Фабрика ПОШ- Тараз» ЖШС
|
Кардо-тарауға салынған топс-жүн-айдарлы лентаны өндруді игеру. 2010 жылы бірінші партиясы шығарылған, 2011 жылдың 1 тоқсанында Италияға сатылған.
|
|
Су шаруашылығының ҚазҒЗИ ЖШС
|
Көкөніс дақылын өндіру үшін суарудың ресурстық жинақтаушы және ішкі топырақ жүйесі, күздік бидайды өсірудің су үнемдейтін еспелі технологияларын әзірлеу, топырақтың құнарлығын арттыру үшін фосфогипсті пайдалану технологиясы, гидравликалық таран.
|
|
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті
|
«Даму» кәсіпкерлік қоры АҚ «Бизнес ақылшысы» республикалық бағдарламасында қатысуы.
|
|
Бриг compani ЖШС
|
Жаңа технология бойынша шұжық өнімдерін өндіру.
|
|
БҒМ жанындағы ҚР ЕМК ҒЗИБПҚ БТҰО
|
2010-2012 жылдарға арналған ҚР биологиялық қауіпсіздігін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. Жылқы гриппі – эпизоотологиялық мониторинг, 2010-2012 жылдарға арналған ерекше алдын-алу және диагностикалық құралдарды әзірлеу.
|
|
«Аль-Басар» ЖШС
|
Граниттен жасалатын бұйымдарды өңдеуді игеру.
|
|
«Жасулан Флора» ЖШС
|
Өндірістік негізде гүл өсіру.
|
|
«Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті»
|
Дәстүрлі емес түрлердің және голофитті және декаративті тұзға төзімді, Жамбыл облысының табиғи зонасындағы жағдайда жемісті өсімдіктер сұрпының интродукциясы. Дән серпуші – голофитті жіктеуші
|
|
«Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы
|
100-МӨҚ шикі мұнайды өңдеу қондырғысының құрылысы.
|
|
«Гамбург» ЖШС
|
Тұқымды торайларды өсіру.
|
|
«Жамбыл цемент өндіру компаниясы «Мыңарал Тас Компани» ЖШС
|
Цемент зауыты іске қосуға енгізу.
|
|
«Жаңатас» металлургия комбинаты» ЖШС
|
Болат құю өндірісін іске қосу, металл қондырғыларын шығару.
|
Аграрлық ғылым Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен («ҚазСШҒЗИ» ЖШС), Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринарлық станцияларымен, Меркі жеміс-жидек шаруашылығымен көрініс береді, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны формасында жұмыс істейді.
Облыста кәсіпорындарының 6 – ауыл шаруашылығы дақылдарының асыл тұқымдарын өндірумен, 89 – асыл тұқымды мал шаруашылығымен, қой, шошқа, жылқы, түйе шаруашылығымен, 1 – жеміс-жидек дақылдарын отырғызуда сақтаумен және қамтамасыз етумен айналысады.
«ҚазСШҒЗИ» ЖШС-нің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру «2009-2011 жылдарға арналған Қазақстанның өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтауды ғылыми қамсыздандыру» салалық ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша іске асырылады. «Академик К.И. Скрябин атындағы Жамбылдық ветеринарлық ғылыми-зерттеу станциясы» ӨМҚК тиімділігі жағынан практикада қоладынылып жүрген импорттық аналогтарынан кем түспейтін және арзандылығымен ерекшеленетін бірқатар жаңа антигельминттік құралдарды ұсынды. «Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы станциясы» ӨМҚК жоғары сапалы тұқымды өндіру мен іске асырумен айналысады.
Көптеген отандық зерттеулер мен зерттемелер нақты нарықтық талаптарға бағытталмаған және импорттық ғылыми сыйымды өнімдер мен қызметтермен бәсекелесе алмайды. Өндіріске дайын ғылыми зерттемелерді ендіру механизмі жоқ.
Қазіргі кезде ғылыми зерттемелердің біршама үлесі коммерциялық қолданыс табуда. Көптеген қазақстандық зерттемешілер мен компаниялар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатысындағы арнайы қызметтердің жоқтығы мәселесімен кездесіп отырады, бұл оларды ендіру процесін кешеуілдетеді.
Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның ұзақ мерзімді болашаққа даму әлеуетін жасау, экономикалық өсімнің инновациялық бағытын қамтамасыз ету төмендегі стратегиялық қимылдарды іске асыруды көздейді:
- жаңа технологияларды өндіріске ендіру мақсатында мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдарды ұйымдастыруды қоса алғанда инновациялық процеске қатысушылардың іс-қимылдары механизмін жетілдіру өндіріс персоналдарының біліктілігін артыру;
- инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту, инновациялық қызмет саласындағы кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі желілерді ұйымдастыру, шағын инновациялық кәсіпорындардың ғылыми-техникалық саласындағы дамуына ықпал ету, интеллектуалдық меншіктегі және ғылыми-техникалық қызметтердегі арнайы биржаларды дамыту;
- 2011-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық салаға инвестициялар салу мен инновациялық қызмет үшін жағымды қаржылық-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.
Сауда
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 58957,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылғы деңгейге – 102,9%, 2010 жылы – 67869,5 млн.теңге (НКИ – 107,1%). Көтерме сауда айналымы 2009 жылы 113,8 млрд. теңгені құрады, НКИ - 118,2%, 2010 жылы 142,3 млрд.теңге, НКИ - 118,6% (1 кесте).
2005-2009 жылдардағы көтерме сауда динамикасы, млн. теңге
1 кесте
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Көтерме тауар айналымы
|
34833,2
|
37299,6
|
53281,0
|
95593,1
|
113819,6
|
142252,8
|
Бөлшек тауар айналымы
|
22215,8
|
36255,2
|
44038,5
|
53699,3
|
58957,4
|
67869,5
|
Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі
|
7880,8
|
11657,5
|
15960,3
|
15327,3
|
22643,8
|
28954,6
|
Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі
|
14335,0
|
24597,7
|
28078,2
|
38372,0
|
36315,6
|
38914,9
|
Сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 28771,7 млн. теңгені (48,8%), жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен базар айналымы – 30185,7 млн. теңгені (51,2%), 2010 жылы – тиісінше 33202,3 млн. теңгені (48,9%) және 34667,2 млн.теңгені (51,1%) құрады. (2 кесте).
2 кесте
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы, млн. теңге
|
13308,8
|
21665,0
|
25154,5
|
34435,6
|
28771,7
|
33202,3
|
Үлес салмағы, %
|
59,9
|
59,8
|
57,1
|
64,1
|
48,8
|
48,9
|
Базарлардың тауар айналымы, млн. теңге
|
8907,0
|
14590,2
|
18884,0
|
19263,7
|
30185,7
|
34667,2
|
Үлес салмағы, %
|
40,1
|
40,2
|
42,9
|
35,9
|
51,2
|
51,1
|
Сауда кәсіпорындарының негізгі тауар айналымының көлемін шағын кәсіпорындар қамтамасыз етеді, олардың үлесіне 2009 жылы 68,9% (40648,9 млн. теңге) сәйкес келді, орта кәсіпорындардың үлесі үлесі 19,6%-ды (11555,9 млрд. теңге), ірі кәсіпорындардың үлесі – 0,9%-ды (517,1 млн. теңге) құрайды.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен барлық іске асыру каналдары бойынша жеке меншік 99,6%-ды құрайды, оның ішінде азаматтардың жеке меншігі - 45,5%, өзге мемлекеттер – 0,4 %.
Халықтың жұмыспен қамтылуындағы сауданың үлес салмағы
3 кесте
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Жұмыспен қамтылған халық – барлығы:
мың адам
|
447,9
|
463,9
|
506,2
|
530,1
|
539,3
|
554,4
|
Оның ішінде:
Сауда, автокөлік, жеке қолданыстағы тұрмыстық заттар мен бұйымдаржөндеу, – мың адам
|
104,3
|
106,6
|
113,3
|
116,1
|
119,5
|
121,3
|
Үлес салмағы, %-бен
|
23,3
|
23,0
|
22,4
|
21,9
|
22,2
|
21,9
|
Сауда кәсіпорындарының жалпы санында қазіргі заманғы гипер-супермаркеттердің үлесі аз ғана.
Облыс халқын сауда аумақтарымен қамсыздандыру орташа республикалық деңгейден төмен және ол 1000 адамға 26 шаршы метрді құрайды.
Облыстағы бір дүкеннің орташа аумағы 42 шаршы метр, бұл орташа республикалық деңгейден 2 есеге кем (ҚР -87,5 шаршы метр).
Облыстағы сауда секторының даму деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен төмен.
2008 жылы облыстағы сауда нүктелерімен қамсыздандыру 1000 адамға 2,5 бірлікті (ҚР-3,0) құрады, ең аз азық-түлік кәрзеңкесінің құны бір адамға 10,9 мың теңге (ҚР – 12,3 мың теңге).
Облыста тұтыгу тауарларын саудалайтын 59 киім, аралас және азық-түлік базарлары бар.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері, млн. теңге
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Қызмет көлемі, барлығы:
|
492,7
|
1312,6
|
1763,1
|
2467,6
|
2836,3
|
3961,0
|
Соңғы үш жылда 7228 сауда объектілері, оның ішінде 4427 дүкендер, 6 супермаркеттер, 1101 қоғамдық тамақтану объектілері, 1694 қызмет көрсету объектілері іске қосылды, онда 6078 жұмыс орындары ашылды.
Өңірлік экспорт
Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірдің аумақтық дамуын, халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда ҚР ішкі саудасындағы Жамбыл облысының ролі аса мәнді емес және тек тыңайтқыштар экспортына саяды. Жамбыл облысындағы экспорт көлемі 2009 жылы 197,3 млн. АҚШ долларын, ал импорт -258,6 млн. АҚШ долларын құрады. 2009 жылы өңірдегі экспорт құрылымында органикалық емес химияның үлесі 56,3%-ды құрады.
2010 жылы экспорттық бағытталған салаларда өндіріс өсімі сыртқы сауда айналымын арттыруға ықпал етті, бұл 13,7%-ға артқан және 518,5 млн. АҚШ долларын құрайды. Тауарлар экспорты өткен жылға 34,8%-ға артқан (266 млн. АҚШ доллары). Импорт 2,4%-ға төмендеген (252,5 млн. АҚШ доллары). Сауда балансының сальдосы оң қалыптасты және 13,5 млн. АҚШ долларын құрайды.
Жамбыл облысы ҚР барлық экспорттың 0,5%-ын, импорттың 0,9%-ын құрады. ТМД елдеріне импорт пен экспорттың 40%-ға жуығы сәйкес келеді. Маңызды сауда серіктестері – Ресей, Украина және Қырғызстан. Қытаймен сауда айналымы тез дамуда.
Туризм
Облыста 28 туристік фирмалар бар, олар ішкі және сыртқы туризммен айналысады. Туристік объектілер саны барынша артуда: 16 қонақүй, 5 санаторий, 4 демалыс аймағы, 9 балалардың сауықтыру лагерлері, 2 экологиялық клуба және туризмді ұйымдастырумен айналысатын 3 қоғамдық бірлестіктер.
Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Сеул, Пекин, Лондон, Берлин, Токио, Мадрид қалаларындағы халықаралық көрмелерде көрсетіледі. Жыл сайын өңірдің туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық материалдар жарыққа шығады.
Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін және өңірдің жоғары дамыған туризм индустриясын құру мақсатында, сондай-ақ оны экономиканың кірісі мол саласына айналдыру үшін үш ірі инвестициялық жоба дайындалған: «Көксай» тау шаңғысы базасы, «Киізүй қонақжайы» және «Тау самалы» туристік кешендері.
Үстіміздегі жылы «ZHAMBYL-INVEST-2010» халықаралық бизнес-форумының шеңберінде осы инвестжобалар көрсетілді.
Балалр мен жасөспірімдер туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2009 жылы Әлемдік туризм күніне арналған күзгі турлар өткізілді, оған Тараз қаласы мен Жамбыл және Жуалы аудандарынан 100-ге тарта мектеп оқушылары қатысты. «Менің Отаным – Қазақстан» экспедициясының аудандық және облыстық кезеңдері өткізілді, оған Тараз қаласы мен Меркі, Жуалы, Жамбыл аудандарынан 200-ге тарта мектеп оқушылары қатысты. Бұл іс-шаралар Жамбыл ауданының Алмалысай шатқалында өткізілді.
2009 жылы ішкі туризм 2005 жылмен салыстырғанда 19,5 есеге, келу туризмі –140 есегез, туристік фирмалар саны – 17 бірлікке артты.
2005-2009 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы
Кесте 9
Көрсеткіштер атауы
|
Өлш.бір.
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
Туристік қызметтен көрсетілген қызмет көлемдері
|
млн. теңге
|
170,7
|
358,7
|
476,9
|
353,1
|
340,9
|
Келу туризмінің көлемі
|
мың адам
|
0,015
|
0,170
|
0,217
|
2,6
|
2,2
|
Ішкі туризмнің көлемі
|
мың адам
|
2,3
|
2,9
|
3,2
|
54,1
|
45,0
|
Туристік фирмалар саны
|
саны
|
11
|
13
|
19
|
26
|
28
|
Проблемалар:
1. Туристік және көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейде дамуы.
Қонақүй, мен демалыс үйлері мен базаларын қоса алғандағы көптеген орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторлық-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан өте қатты ескіргендігімен сипатталады.
Бүгінгі таңда туризмнің көлемі, түрі мен сапасы және туритерге тұруға ұсынылған жерлердің ауқымы халықаралық стандарттарға сай емес.
2. Ұлы Жібек жолының Жамбыл бөлігіндегі қызмет көрсету мен тарихи орындардың қол жетімсіздігінің жоғары деңгейі қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырады. Халықаралық насихаттау мен туристік өнімді туристік қызметтердің әлемдік нарығына жеткізу сапалы түрде қайта қарауды қажет етеді.
Туризмді дамытудың көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескерсек, жолаушылар тасымалының әуе және теміржол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және келу туризмі үшін туристерді топ тобымен тасымалдауға жеңілдік жүйелерінің жоқтығы маңызды мәселе болып табылады.
3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктіліктерін жоғарылату деңгейінің төмендігі.
Туризмді дамытуға кедергі келтіретін негізгі мәселенің бірі қызмет көрмету саласындағы білікті мамандардың жоқтығы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың жоқтығы мәселесіне ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін мамандар дайындау сапасына да қатысты мәселе болып табылады.
2.2.2 Әлеуметтік сала
Денсаулық сақтау
Облыстағы денсаулық сақтау саласында ана мен бала денсаулығын нығайту мен сақтау, әлеуметтік-маңызды ауруларға (туберкулез, онкологиялық аурулар, ЖҚТБ, жүрек-қан тамырлар аурулары, жарақаттанулар) қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстарды күшейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру басымды бағыттар болып табылады. Халықпен жұмыс аурулардың алдын алуға және денсаулықты сақтаудағы жауапкершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған.
Бала босану жасындағы әйелдердің және туылған балалардың денсаулық деңгейінің төмендігі, әлеуметтік-маңызды аурулардың кеңінен тарауы, тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жеткіліксіз қамсыздандыру жалпы азаматтар денсаулығының төмен деңгейіне алып келді.
01.01.2010 жылға халық саны 1 037 400 адамды құрады.
2009 жылы 1000 адам тұрғынға шаққандағы туылу артты және 26,10-ды (21,6 – 2005 ж; 23,7 - 2006 ж; 25,5 - 2007 жылы; 27,39 - 2008 жылы) құрады, бұл ретте республикалық көрсеткіш - 22,45.
Облыста туу деңгейінің төмендегендігі байқалады, өлім көрсеткішінің тұрақтылығы – 2009 жылы 7,91 (8,67 – 2005 жылы, 8,88 - 2006 жылы; 8,73 - 2007 жылы; 8,55 - 2008 жылы) бұл ретте 2009 жылғы республикалық көрсеткіш - 8,97.
Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 2009 жылы 18,19-ды (12,93- 2005 жылы;14,8 - 2006 жылы; 16,42 - 2007 жылы; 18,84 - 2008 жылы) құрады (ҚР - 2009 жылы 13,48).
Күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы облыс бойынша 2009 жылы 68,72 жасты (66,98 - 2005 жылы; 67,1- 2006 жылы; 67,3 - 2007 жылы; 2008 жылы - 67,39) құрады, бұл ретте республикалық көрсеткіш - 68,60 жас.
Ана өлімінің көрсеткіші жоғары. 2009 жылы ана өлімінің көрсеткіші өсу қарқынына ие болды, ол 18,2-ні құрады, 2008 жылы 40,0 дейін көтерілді, ал 2009 жылғы республикалық көрсеткіш - 36,8. 2009 жылғы ана өлімінің негізгі себептері - акушерлік қан кету (40,0%), гестоздар (40,0%), аборт жасату деңгейінің жоғарылығынан болатын экстрагенитальдық аурулар (20,0%).
Бала өлімінің көрсеткіші төмендеу үрдісіне ие, 1 000 тірі туылған балаға шаққандағы 22,92-дан (2008 жыл) 18,4-ке (2009 жыл) дейін төмендеген, бұл ретте 2009 жылғы республикалық көрсеткіш - 18,23 ( 2005жылы- 15,94; 2006 жылы 14,2; 2007 жылы - 13,87). Бала өлімінің құрылымы: 1-орында перинаталдық кезеңнің кейбір жағдайлары- 2008 жылғы 43,3%-ға қарсы 2009 жылы 61,3% ; 2-орында – тума даму ақаулары – 16,1%, 3-орында – тыныс алу органдарының аурулары- 2008 жылғы 13,6%-ға қарсы 14,2%. Үстіміздегі жылы облыста Жамбыл облысындағы 2008-2010 жылдарға арналған ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі салалық бағдарламасын іске асыру аяқталуда, оның шеңберінде тірі туу мен өлі туудың (500гр.) халықаралық өлшемдері енгізілген.
Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ұсынылған бағдарламалар енгізілген: ана сүтімен емізуді қолдау және ынталандыру, қауіпсіз аналық, перинаталдық көмекті өңірлендіру, бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу. Диагностика жасау мен емдеудің клиникалық хаттамалары барлық жерлерде енгізілген, халықты ақпараттандыру мен хабардар ету жұмыстары белсендендірілген, репродуктивті денсаулық саласындағы мамандардың біліктілігі арттырылуда.
Облыста халықтың 100 000 адамына шаққанда қан айналымы жүйесі аруларының өсімі байқалуда және ол 2009 жылы 2654,3-ны құрады (2005 ж.-1726,6; 2006 ж. -1838,2; 2007 ж. - 2054,3; 2008 ж.- 2516,9 ) бұл ретте республикалық көрсеткіш - 2273,1, оның ішінде қан қысымының жоғарылығы 542,5 - 2005 жылы; 1213,0 - 2007 жылы, 1133,0 - 2008 жылы, 1171,0 - 2009 жылы, бұл ретте республикалық көрсеткіш - 915,6, жүректің ишемиялық ауруы 366,8 2005 жылы; 702,2 - 2007 жылы; 718,7 - 2008 жылы; 790,6 - 2009 жылы, бұл ретте республикалық көрсеткіш 2009 жылы - 457,3.
Қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі Жамбыл облысында төмен, ол 2009 жылы 100 000 халыққа шаққанда 116,5-ды құрады (2005 – 134,0; 2006 -119,7; 2007 жылы -118,6; 2008 жылы - 122,4), бұл ретте республикалық көрсеткіш -182,6.
Онкоаурулардан өлу 2009 жылы 100 000 халыққа шаққанда 94,17-ды құрады (2005 жылы -74,8; 2006 жылы - 82,8; 2007 жылы - 93,2; 2008 жылы-92,5), бұл ретте республикалық көрсеткіш - 111,7.
Өткен жылдарда туберкулезбен ауыру көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады, ол 2009 жылы 88,8-ға дейін төмендеді (170,2 - 2005; 161,3 - 2006; 155,4- 2007 жылы; 115,6 - 2008 жылы), бұл ретте республикалық көрсеткіш 2009 жылы - 105,3.
жұқпалы ВИЧ санының артқандығы байқалады, 1.01.2010 жылғы жағдай бойынша тіркелгендер - 84, 1.01.2009 жылға - 87, 1.01.2008 жылға - 58, 1.01.2007 жылға -32, 1.01.2006 жылға - 1.
Індеттің шоғырланған сатысында жұқпалы ВИЧ-тің таралауын тұрақтандыру мақсатында алдын алу шараларын кеңейтуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекеттер жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ЖҚТБ ауыратындарға антиретровирустық терапиямен толық көлемде қамтамасыз ету жалғастырылуда.
Жамбыл облысындағы жарақаттану деңгейі 100 мың халыққа шаққанда 2009 жылы 3723,9-ды құрады және ҚР 6 орында (4080,4) (4024,1 2005 жылы; 3721,1 - 2007 жылы; 3634,4 - 2008 жылы).
Жарақаттан, қайғылы оқиғалар мен уланулардан қайтыс болу облыстағы өлім себептерінің арасында екінші орында тұр. Өлімнің біршама ғана төмендегендігі байқалады 92,0 – 2005 жылы; 102,9 - 2007 жылы; 111,81 - 2008 жылы, 2009 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда - 99,08, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш - 108,37.
2006-2008 жылдар аралығында бюджеттен тыс қаржылар есебінен 132 бірлік санитарлық көлік сатылып алынды, соның нәтижесінде облыстағы жедел медициналық көмектің санитарлық көліктерінің паркі 95%-ға дейін жаңғыртылды. Республикалық бюджет қаржысы есебінен 3 реанимациялық автокөліктер сатылып алынды, оның ішінде 1 бірлік жол апаты деңгейінің артуына байланысты Т. Рысқұлов ауданына берілді. Қордай ауданының ОАА жанында хирургия бөлімінің құрамында травматологиялық саланың 15 төсегі қойылды. 2009 жылы Қордай ауданының ОАА үшін 1 реанимациялық автокөліктер сатып алынды.
Бұл аурулардың негізінде қауіптің мінез-құлық факторлары жатыр: темекі шегу, ішімдік ішу, физикалық белсенділіктің төмендігі, дұрыс тамақтанбау және т.б. Жамбыл облысындағы темекі шегу мен ішімдік ішудің кеңінен таралуы 2007-2008 жылдардағы әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша: 2007 жылы темекі шегу - 27,4%, ішімдік ішу - 34,9%, 2008 жылы темекі шегу - 26,9%, ішімдік ішу - 26,2%, 2009 жылы темекі шегу- 21,4%, ішімдік ішу - 16,9%.
Саладағы алдын алу бағыты күшейтілген, халықтың түрлі топтарын ақпараттық-білім беру материалдарымен қамту артуда, мінез-құлық факторлар қаупін төмендету және азаматтардың физикалық белсенділігін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылуда. 2008 жылдан бастап психологиялық, кеңес беру, сауықтыру көмектерін көрсететін Жастар орталығы жұмыс істейді.
Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық мекемелер деңгейінде ішкі аудит енгізілген, барлығы 9922 медицина қызметкерлері дайындалды, оның ішінде 1982 дәрігерлер мен 7940 орта медициналық қызметкерлер. Олар Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы мен ДСҰЖМ базасында каскадты әдіспен дайындықтан өтті.
2009-2010 жылдары медициналық ұйымдарды аккредитациядан өткізу процедуралары жүргізілді, одан 116 емдеу-сауықтыру ұйымдарының 94-і өтті.
Облыста жол картасы бойынша 13 денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуден өткізуге 600 млн. теңге (игеру- 100%) көзделген. «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» бағдарламасының шеңберінде бүгінгі таңда облыстық қан орталығының және Тараз қалалық №5 емханасының құрылысы аяқталып келеді. 2011 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында орталық аудандық емханасының және Шу ауданындағы Төле би ауылындағы орталық аудандық аурухананың құрылысы жалғастырылатын болады. 3 аурухананың құрылысы (облыстық балалар ауруханасы, қалалық балалар ауруханасы, көпсалалы қалалық аурухана) 2011-2015 жылдары көзделуде. 2009 жылдың 1 қаңтарынан облыстың 8 ауданында телемедицина енгізіліп, 685 телеконсультациялар жүргізіледі.
2006 жыл басына жеткіліксіз болған 512 дәрігердің 305-і ауылдық жерлерге тиесілі болды. 2007 жыл басына - 478 дәрігер (ауылдық жерлерде - 258), 2008 жыл басына - 412 дәрігер (ауылдық жерлерде – 243), 2009 жылы - 346 дәрігер (ауылдық жерлерде - 177). 2010 жылдың басында дәрігерлерге деген сұраныс - 312-ні, оның ішінде қалада - 172, ауылдық жерлерде – 140 құрады.
Дәрігер кадрларының «қартаю» үрдісі байқалуда: жасы 50-ден асқан тұлғалар - 51%-дан жоғары, 25 жылдан астам еңбек өтілі бар тұлғалардың да үлес салмағы артуда, бұл жас мамандардың келу ағымының кем екендігін көрсетеді. Жағдай мотивацияның жоқтығымен шиеленісе түсуде. Мемлекеттік білім беру грантының негізінде оқыған мамандарды мемлекеттік бөлу жүйесі жоқ. Облыста жас мамандарды ауылдарда тұрақтандыру бағдарламасы әзірленген, жыл сайын жергілікті бюджеттен алғашқы көтерме төлемдерге қаржы қарастырылуда және де тұрғын үй мәселесі де жартылай шешілуде. 100-200 мың теңге мөлшерінде аудандарда көтерме ақылар төленді және басқа да әлеуметтік пакеттер берілді.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды жақсарту мақсатында дәрілік құралдарды бірегей дистрибуциялау жүйесі жасалған.
Дәрілік құралдарға, оны пайдаланудың тиімді жолдары арқылы халықтың барынша қол жетімділігін арттыру үшін 2009 жылы ҚР ДСМ-нің 24.12.2008 жылғы №677 бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы дәрілік құралдарының формулярлық жүйесі енгізілген. Облыстың 10 ауданында орталық аудандық емханалар базасында пункттер мен жылжымалы аптекалық киоскілер ашылатын болады.
Білім беру
Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептерді материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қол жетімділікті арттырады. Дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде оқығысы келетіндердің саны артуда. Это является доказательством повышения спроса (конкурс в мектепы) Бұл білім беру қызметтерінің деңгейіне және қазіргі заманғы талаптарға сай жағдайлар жасауға деген сұраныстың артқандығының белгісі болса керек.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін және олардың санын, онда оқитын оқушылар санын арттыру экономиканың түрлі салаларын білікті мамандармен қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Кәсіби лицейлер мен колледждерді бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейнің артуы жұмыссыздық деңгейін және өңірдегі халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын қысқартуға мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, қолда бар әлеуетті толық пайдалануға және экономиканың дамуына кедергі келтіретін жағымсыз жайттар да бар, олар мектепке дейінгі білім берумен балалардың төмен деңгейде қамтылуы, техникалық және кәсіби біліммен қамтылудың кемдігі және т.б. Білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық тұрғыдан барынша ескіргендігі 65-70%-ды құрайды, мектептердің 39%-ы ыңғайластырылған жайларда орналасқан, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы деңгейі талаптар мен стандарттарға сай емес.
Мектепке дейінгі білім беру
2009 жылы 181 мектепке дейінгі ұйымдарда 20862 тәрбиеленуші тәрбиеленді, 32,5%-дық қамту бар, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 9,9 %-ға артық (2007 - 94 МДБҰ, ондағы балалар-13923, қамту-22,6%). Статистикалық мәліметтер бала туудың арту үрдісінің тұрақтылығын көрсетуде. 2007-2009 жылдары 80740-нан астам бала туылған, бұл жыл сайын орташа 26914 балаға сай келеді. 0-ден-15-ке дейінгі балалар санының артуы байқалуда, 2007 жылы -303722, 2009 жылы – 317758, өсім 14036 бала.
Демографиялық өсім балабақшалардағы орыннның жетімсіздігіне алып келуде, облыста 59177 мектеп жасына дейінгі бала бар, оның ішінде 34242 немесе 58% балалар үйлерінде тәрбиеленуде. 15300-нан астам балалар мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұр. Қазіргі таңда 6 жасқа дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуге көптеген жанұялар кірістерінің аздығынан қол жеткізе алмауда. Мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесі әсіресе ауылдық жерлерде өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда 189 ауылдық елді мекендерде балабақшалар жоқ. Ауылдық аудандардағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту облыс бойынша орташа 35,2 %. Сұраныс жоғары болғанымен, мектепке дейінгі білім беру қызметіне бірдей деңгейде қол жеткізуге мүмкіндік жоқ.
Балабақша жүйесінде 2575 педагогтар қызмет етеді, оның ішінде жоғары және бірінші санаттағылары - 23,2%. Мектепке дейінгі бала санының арту болжамы мен облыс бойынша 2015 жылға дейін жобалық қуаты 7935 орындық балабақша құрылысының жоспары бұл салаға әлі де 950 маманды қажет етеді.
Жағымсыз жағдайларды, күрделі ұйымдастыру, құрылымдық қайта құру сияқты жағдайларды жеңіп шығу үшін мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту, республика дамуының қазіргі заманға әлеуметтік-экономикалық талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру мамандарының дайындық сапасын жетілдіру қажет.
Орта білім беру
2007 жылы білім беру қызметін 464 мектеп атқарды, 1.10. 2009 жылға 465 мектеп, 1.10.2010 жылға - 460 мектеп.
Облыс мектептерінде 2009 жылы 20662 мұғалім, оның ішінде 86% (2007-82,7%) жоғары білімді мұғалімдер жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 44,5% (2007 жыл – 42 %), оның ішінде қала мектептерінде - 49%, ауылда - 40% (орташа республикалық көрсеткіш тиісінше 50% и 39%). Мектептердегі оқушы санына қарағанда оқытушылар құрамының санының қатынасы 1000 оқушыға 118 педагогты құрайды. (республикалық көрсеткіш - 111).
Облыста дарынды балаларға арналған 4 мектеп, 9 гимназия, 2 лицей – барлығы 15 ұйым бар (2007-14), онда 11089 оқушы немесе жалпы оқушылардың 6%-ы оқиды. Соңғы он жылда облыс оқушыларының топтары республикалық ғылыми жарыстар мен пәндік олимпиадалардың, жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болуда. Ресурстық мектептер желісінің жоспарлы түрде артуы, жаратылыстану-математикалық циклдарын ұйымдастыру ауылдық жерлердегі дарынды балаларды барынша қамтуға мүмкіндік береді.
2007-2009 жылдары облыста 217 аз жарақтандырылған ауылдық мектептер болды немесе бұл жалпы мектептер санының 47%-ын құрайды. АЖМ-де 2009 жылдың 1 қазанында 24900 бала немесе облыс оқушыларының 13,7%-ы оқыды. 2010-2011 оқу жылында 212 аз жарақтандырылған мектептер болды. Аз жарақтандырылған мектептердің материалдық базасы 50-55%-ға жарақтандырылған, 45 мектеп аз қамтылған, 27 мектеп – шамадан тыс оқушыға толы. Білікті педагог мамандардың жеткіліксіздігі және білім беру қызметін көрсеті сапасының төмендігі мәселелері де бар. Осыған байланысты, 2015 жылға дейін АЖМ-тердің базасында 10 ресурстық мектептер ашу жоспарлануда, бұл материалдық-техникалық базаны нығайтуға және 9 интернат үйлерін салуды қажет етеді.
2009-2010 оқу жылында барлық қалалық мектептер екі аусымда, 3 ауылдық мектептер – үш ауысымда жұмыс істеді.
Проблемалар. 1.10.2010 жылға үш ауысымда 10 мектеп (Қордай ауданындағы 5 мектептің есебінен бұл сан артуда) жұмыс істейді, апатты мектептер саны 2007 жылғы 17 бірлікке қарсы 24 бірлікті құрайды. Облыста 90 мектеп саманды ғимараттарда (1950-1965 жылдары пайдалануға берілген), сондықтан апатты мектептер саны өсетін болады. 140-тан астам білім беру ұйымдарына күрделі жөндеулер қажет, мұнда жөндеу жұмыстары соңғы 25-30 жылда жүргізілмеген екен.
Облыстың 144 мектебінде асхана жоқ, 316 мектептің асханаларындағы жабдықтардың ескіргендігі 70%-дан да асып кеткен. 359 мектептерде (78% отра білім беру ұйымдары) спорт залдар бар, оларды спорттық жабдықтармен қамсыздандыру керек. Бюджет қаржыларының есебінен мектептерге балаларды автобуспен апару бағдарламасы жоқ.
Мектептердің интерактивті тақталармен жарақтандыру деңгейі 29%-ды құрайды, орташа республикалық көрсеткіш-40%, Интернетке қосылған мектептердің үлесі - 88% (республикалық көрсеткіш - 98%).
2012 жылдан бастап оқушылар санының артуының болжамы тек апатты мектептерді ғана ауыстырып қана қоймай, жаңа мектептер салу қажеттілігін негіздейді.
Балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесі
Облыста 1511 жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар бар, бұл туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың барлық санының 0,3%-ын құрайды, оның ішінде 437 бала –қорғаушыларының қамқорында. 2009 жылы 87 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиесіне берілген ( 2007 жылы – 78), 607 бала 8 мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқиды. Ата-аналарының қамқорынан айырылған балалар саны жылдан жылға артуда, 2007жылы - 658, 2008 жылы - 690, 2009 жылы -715 бала.
Кәсіби білім беру
2009 жылы облыста 36 колледж және 20 кәсіби лицейлер жұмыс істеді. ТжКБ ұйымдарының саны 2007-2009 жылдары 3 бірлікке (2009 жылы - 56, 2007 жылы – 53) артты. ТжКБ ұйымдарының 50%-ы – мемлекеттік мекемелер.
2007 жылы 53 ТжКБ ұйымдарында бюджет есебінен 9588 студент оқыды, 2009 жылы – 56, кәсіби лицейлер мен колледждерде - 12268 оқушы оқыды, өсім 2680 адамды құрады.
Кәсіби лицейлер мен колледждерде оқитындардың жалпы саны соңғы бес жылда 6700 адамға артты және 2009 жылдың 1 қазанында 39500 оқушыны құрады.
Кәсіби білім беру 2007 жылы лицейлерде 29 мамандық бойынша, колледждерде – 83 мамандық бойынша мүмкін болды, 2009 жылы тиісінше 31 және 88. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру 2007 жылғы 54,6%-дан 2009 жылы 87% -ға артты.
Соңғы жылдары педагогикалық және гуманитарлық саладағы мамандарды дайындауға деген сұраныс төмендеуде – техникалық мамандықтар мен қызмет көрсету саласының мамандары басымдылыққа ие болуда. 9 сыныпты бітірушілердің кәсіби білім беру мекемелеріне ағылып келу үрдісі байқалуда. 1.10.2010 жылға ТжКБ ұйымдарында оқитындардың саны 40200 студентті құрайды.
Проблемалар. Бүгінгі таңда ТжКБ ұйымдарында оқитындардың тәжірибесінің өндірістік базаларын анықтау, өндірістегі оқытушы шеберлерге ақы төлеу, мемлекеттік қордың жерлерін қайтару, ауылдық кәсіби лицейлер мен колледждердің ведомствосындағы шаруашылықтары үшін жер учаскелерін бөліп беру мәселелерін шешуді қажет етеді. Оқу орындарында жұмыс берушілермен – білім беру қызметінің клиенттерімен тұрақты байланыс жоқ. Әлеуметтік серіктестікті дамыту жолында көмекші құрылымдарды – Қамқорлық кеңестерінің жоқтығы, сондай-ақ демеушілер мен жұмыс берушілердің өз қаржыларына кадрлар даярлауға қызықпауы кедергі болуда, оның негізгі себептері материалдық-техникалық базаның, әдістемелік және бағдарламалық қамсыздандырудың қазіргі заманғы талаптарға сәйкес еместігі, инженерлік-педагогикалық персоналдың құзыреттілігі мен біліктілік деңгейінің төмендігі болып табылады.
Жұмыспен қамту құрылымы
Жамбыл облысы халқының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, алайда жұмысқа жарамдылардың үлесі орташа республикалық деңгейден төмен болып қалуда.
Еңбекке жарамды халық пен экономикада жұмыс істейтін халық саны облыс бойынша артуда. 2009 жылы экономикалық белсенді халық саны 577 мың адамды (2007 жылғы деңгейге қарағанда өсім- 5,2%) құрады, оның ішінде облыс экономикасында 539,2 мың адам (өсім- 6,5%) жұмыс істейді.
Жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 47,9%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны - 52,1%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің жыл сайын артып келе жатқандығын айту керек, ол 2007 жылмен салыстырғанда 16,6 мың адамға немесе 9,2%-ға артты.
Жұмыспен қамту құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысшылар санының өсуі ауыл шаруашылығында, саудада, автокөліктер, тұрмыстық заттар мен жеке пайдалану бұйымдарын жөндеу, білім беру, өнеркәсіп, көлік және байланыс, құрылыс және денсаулық сақтау салаларында байқалуда.
2007 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны 9,5% -ға (169 мың адамнан 2009 жылы 185,1 мың адамға дейін), құрылыста –8,5%-ға (27,2мыңнан 29,5 мыңға), білім беруде – 6%-ға ( 51,7 мыңнан 54,8 мыңға), өнеркәсіпте – 4,8%-ға (39,5 мыңнан 41,4 мыңға), денсаулық сақтауда – 3,9%-ға ( 20,7 мыңнан 21,5 мыңға) артты.
Мемлекеттік басқаруда, білім беру мен денсаулық сақтауда жұмыс істейтіндер экономикада жұмыс істейтіндер құрылымында 2009 жылы 2007 жылғы 17,3%-ға қарсы 16,9%-ды құрады.
Өндірістік салада жұмыс істейтіндер саны 2007 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға (271,3 мың адамнан 296 мың адамға) артты, өндірістік емес салада –0,3%-ға (234,9 ден 234,1 мың адамға) қысқарды.
Жамбыл облысында соңғы жылдары жұмыссыздық жөнінде үлкен мәселе байқалмайды, 2009 жылы ол 2007 жылғы 7,7%-ға қарсы 6,5%-ды құрады.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы экономикалық белсенді халыққа шаққанда 0,2%-ды құрады. Жасырын жұмыссыздық тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсіптерінде тіркелген, 2010 жылы оның төмендегендігі байқалады.
Еңбек нарығы дамуының проблемалары:
1. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңсіздік сақталуда, дәрігерлер, құймашылар, монтажниктер, газоэлектродәнекерлеушілер, электриктер, ауыр жүк машинасын жүргізушілер барынша қажет мамандықтар болып табылады;
2. Оқыту процесінде оқулықтардың жоқтығынан кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздар үлесінің төмендеуі, бұл қоғамдық жұмыстарға көп көңіл аударуға алып келеді;
3. Жұмыссыздардың кәсіби дайындықтан өтуі үшін оқу орнын таңдау еркінің (әсіресе ауылдық жерлерде) жоқтығы, бұл жұмыссыздардың оқу орнын таңдау еркін және кадрларды кәсіби даярлау саласында квази-нарықтық қатынастарды қалыптастыруды шектейді;
4. Өз бизнесін ұйымдастыруға әлеуметтік көмек мөлшерінің жеткіліксіздігі;
5. Мамандықтар бойынша еңбек нарығындағы кадрларға ағымдық және болжамдық қажеттіліктің ғылыми негізделген мониторингінің жоқтығы;
6. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен маусымдық жұмыс істейтіндер үлесінің, әсіресе ауыл шаруашылығында, жоғарылығы; жастарды жұмыспен қамту мәселелері;
7. Әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі, жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі;
8. Тілді білмеуінен және біліктіліктерінің төмендігінен оралмандарды жұмыспен қамтудағы қиындықтар;
9. Азаматтардың еңбек құқығын бұзу фактілерінің орын алуы;
10. Шетелдік жұмыс күшін тарту да еңбек нарығына әсер етуде. Қазақстандық жұмыс берушілердің объектілерді толығымен салып беруге 100 пайыздық шетелдік мамандардың қатысуымен болатын келісімдер жасауы;
11. Жақын шетел азаматтарын рұқсатсыз, заңсыз жұмысқа тарту.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыруға объективті қажеттілік облыста сақталып отырған кедейшілікпен байланысты. Кірістері кедейшілік деңгейінен төмен халықтың үлесі 2005-2009 жылдары 7,5% -дан 2,4%-ға төмендеді.
Облыста кедейшіліктен өз бетінше шығу үшін өз ісін ашқаны үшін бір рет қайтарымсыз берілетін әлеуметтік көмек қолданылуда.
Барынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлемдер қарастырылған: адресті әлеуметтік, тұрғын үй көмегі, балалардың жәрдемақылары, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аз қамтылған: атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар, тұрғын үй жәрдемақылары республикалық (18%) және жергілікті бюджет (82%) есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік емес көздерден аз қамтамасыз етілген азаматтардың, мүгедектердің, ардагерлердің және жалғыз басты аналардың жанұяларына қосымша қолдау көрсетіледі.
өткен бес жылда халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілгендігіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да қысқаруда,ол төлемдердің орташа көлемінің 1,6 есеге артуы кезенде 1,9 есеге қысқарып отыр, бұл жәрдемақының атаулылығын және оның барынша кедей азаматтарға бағытталуының күшейгендігін көрсетеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемалар:
1. Халықтың табыс деңгейі республикада әлі де ең соңғы орында қалып отыр;
2. Жамбыл облысы халқының 96%-дан астамының кірістері ҚР-ғы орташа деңгейден де төмен;
3. Жұмыспен қамтылған халықтың 90%-ы еңбекақысы төмен салаларда жұмыс істейді;
4. Әлеуметтік көмек мөлшері – Қазақстан Республикасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі;
5. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында еңбекке жарамды азаматтар үлесінің жоғарылығы;
6. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларды сау адамдар айналысатындай қызмет түрлерімен қамту мәселелері. Әлеуметтік қызметтерді таңдау мүмкіндігінің шектеуліліге, ТжКБ ұйымдастыру ;
7. Кедейшіліктен шығу жөніндегі белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі, жұмыссыздық негізгі мәселе болып отырған ауылдағы кедейшілікті оқшаулау.
Дене шынықтыру және спорт
Жамбыл облысында 2009 жылы 38 мемлекеттік спорттық мекемелер, оның ішінде 31 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері (олардың 24- ауылдық жерлерде) жұмыс істейді. 2005-2009 жылдар аралығында облыста облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, «Олимпиадалық жеткіншектерін дайындау орталығы» ММ-сі, КГКП «Тараз» «Футбол клубы» КМҚК, «Әулие-Ата» «Көкбөрішілер клубы» КМҚК, «Баскетболшылар клубы» КМҚК, «Волейболшылар клубы» КМҚК, «Лашын» «Футбол клубы» КМҚК ашылды.
2005 жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 69 бірлікке, ауылдық жерлерде 46 бірлікке артты. Оның ішінде:
- спортзалдар саны 20 бірлікке артты және жалпы 365 бірлікті құрайды.
- біртегіс ғимараттар саны 45 бірлікке артты және 1218 бірлікті құрады.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісі 9 бірлікке артты.
Үлкен теннисті дамыту үшін 2009 жылы облыстық бюджет қаржыларының есебінен 4-ашық және 2-жабық теннистік корттардың құрылысы аяқталды.
6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мекемелерімен жалпы қамту 4,7 мың адамға немесе 49,3%-ға артты, оның ішінде ауылдық жерлерде – 4,4 мыңи адамға немесе 69,7%-ға артты.
2009 жылы Жамбыл облысының 7 спортшысы «ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері» нормативтерін, 35 спортшы «ҚР спорт шебері» нормативтерін орындады. Кешендік спорттық іс-шараларда, чемпионаттар мен Қазақстан біріншілігі мен Кубоктарында 239 медальдарға ие болдық.
Облыстың спорттық мекемелерінде 623 тренера-оқытушылар жұмыс істейді, олардың ішінде 473 тренердің немесе 76%-ның жоғары және орта арнаулы дене шынықтыру мамандығы бойынша білімдері бар. 134 тренердің жалпы жоғары білімі бар, бұл жалпы санның 21,5%-ын құрайды
2009 жылы спортпен тұрақты түрде шұғылданатын халық саны 123,4 мың адамды құрады.
Өткізілген SWOT талдаманың негізінде облыстағы дене шынықтыру мен спортқа кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелер анықталды:
1. Материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі
Ауылдағы спорт мәселесі өткір мәселенің бірі болып отыр, онда материалдық-техникалық база жоқ. Ауылды жерлердегі 239 спорт залдардың 218-і жалпы білім беретін мектептерде және олар оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Тек 8,8% спорт ғимараттары барлық халықтың пайдалануына берілген.
Тек қана спорт ғимараттарының жеткіліксіздігі ғана емес, оқу орындарындағы, халықтың жалпы демалыс орындарындағы спорт ұйымдарындағы құралдар мен жабдықтардың жоқтығы да байқалады. Облыстағы 38 спорт мекемелерінің 9-ның өзіндік спорттық базалары жоқ.
Жұмыс істеп тұрған олимпиада резервтерін дайындау орталығының да спорттық базасы жоқ.
2. Жалпы және балалар мен жасөспіоімдер спортының әлсіз дамуы
1991 жылдан бері дене шынықтыру мен спорт саласында облыстық дербес дене шынықтыру және спорт қоғамдарының желісінің, дене шынықтыру ұжымдарының, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің, тұрғылықты жерлердегі жасөспірімдік клубтардың қысқаруына алып келген біршама өзгерістер болды. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісі бүгінгі таңда өңірдегі мектеп жасындағы балалардың 6,2%-ның ғана мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады.
3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру деңгейнің әлсіздігі және спорт саласындағы ғылыми базаның жоқтығы.
Спорт саласына білікті мамандар ауадай қажет. Спорттық жабдықтарды техникалық тұрғыдан іске қоса алатын арнайы мамандар жоқ.
Бүгінгі таңда біздің тренерлеріміз Дене шынықтырудың Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтымен 1983-85 жылдары әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істеуде. Біздің өңіріміз де, Қазақстан да өзіндік ғылыми базасын қалыптастырмағандықтан, бүгінгі таңда қазіргі заманға сай ғылыми әдістемесіз қалды. Сондықтан да спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша бірегей оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін емес, бұл спорттық резерв пен халықаралық сыныптағы спортсмендерді дайындауға жүйелі түрде келуді қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді.
Мәдениет
Жамбыл облысындағы мәдениет пен өнер мекемелерінің желісі 515 объектіні құрайды. Оның ішінде 192 клубтар мен мәдениет үйлері (ауылдықтар-188), 278 кітапхана (ауылдықтар- 259), 5 мұражай (ауылдықтар-4), 11 автоклубтар (ауылдықтар 8), 2 кинотеатр (ауылдық 1), 21 киноқондырғылар (ауылдықтар 17), 2 облыстық драматикалық театрлар, 2 облыстық концерттік ұйымдары, халық шығармашылығының облыстық орталығы және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі дирекция. 2009 жылы мемлекеттік кітапханалардың кітап қорлары 3131207 дана кітапты құрады. Мұражайлардың жалпы қоры 72720 экспонаттан тұрады.
2005 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің желісі 121 бірлікке артты. 49 клубтар мәдениет үйлері, 59 кітапхана, 2 кинотеатр ашылды, 11 мобильді автоклубтар сатылып алынды. Өткен бес жылда мәдениет мекемелері үшін 10 стационарлық киноқондырғылар сатылып алынды, 11-і жөнделді.
Саланың табыстары мен жетістіктері. Облыстық кітапханаларда жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және электорнды мәліметтер базасын құру қамтамасыз етілген. 26 кітапхана компьютерлендірілген, Интернет желісіне 18, оның ішінде 8 ауылдық кітіпханалар қосылған.
2009 жылы облыстың клубтық кәсіпорындарында 6202 іс-шаралар өткізілген, оның ішінде 5250-сы ауылдық жерлерде, қамтылған көрермендер саны - 1093 мың адам, оның ішінде 637,9 мың көрермен – ауылдық жерлерде. Клубтық құрылымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 174-ға артты және 2009 жылы 661-ді (қатысушылар-6864), ауылдық жерлерде – 599-ды (қатысушылар- 5772) құрады.
2009 жылы 1694 киносеанстар өткізілді, оның ішінде 1490-ауылдық жерлерде, қамтылған көрермендер - 53,8 мың адам, ауылдық жерлерде-28,3 мың адам.
Театрлар бойынша қойылған қойылымдар саны 38 (жаңасы 12), көрермендер - 53,6 мың адам, түсім - 6,9 млн. теңге.
Концерттік ұйымдар 2009 жылы 96 концерт өткізді, көрермендермен қамтылуы - 37,6 мың адам, түсім - 0,4 млн. теңге.
Есепті кезеңде облыс мұражайларында 1100 экскурсиялар өткізілді, ауылдық жерлерде - 396, түрлі тақырыптарға 234 көрме ұйымдастырылды, оның ішінде ауылдағысы- 32.
Мұражай қызметкерлерімен облыс мектептері мен мекемелерінде 273 дәріс оқылды, ауылдағысы- 20.
Жүргізілген талдау нәтижесінде мәдениет саласының дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер анықталды:
- ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелері желілерінің жеткіліксіздігі;
- ауылдарда білікті мамандардың жеткіліксіздігі және ауылдық жерлердегі жұмыстың тартымсыздығы.
Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нашар дамыған, бұл жергілікті бюджеттен мәдениет саласын қаржыландырудың шектеулі деңгейімен байланысты.
2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Көлік
Жамбыл облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5302,39 шқ, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1056 шқ, областық – 2272,84 шқ, аудандық – 1973,55 шқ құрайды. 2005 жылмен салыстырғанда автомобиль жолдарының ұзындығы 526,1 шқ-ге ұлғайды.
2005 жылға қарағанда жолаушылар көлігі бағыттары 8 бірлікке көбейді. Сонымен қатар, 2010 жылы 46 ауылдық елді мекендер тұрғындарының қоғамдық көлікті пайдалану мүмкіндігі болмады (2005 жылы - 69).
Облыстың 70% ауылдық елді мекендерінде автомобиль жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Соңғы 5 жылда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамытуға 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарының 41 шқ күрделі жөндеумен, 189,3 шқ орташа жөндеумен қамтылды, 28,8 шқ автожолдар салынды.
2010 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 1 693,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 949,7 млн. теңге, облыстық – 743,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, республикалық бюджет қаржысы есебінен «Күйік-Қарабастау-Қаратау- Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және 60 км облыстық мәндегі жолдар орташа жөндеумен қамтылған.
Облыс ішіндегі 218 қалалық, қала маңындағы және қалааралық бағыттарда, жолаушылар және жүк тасымалымен 27 жеке меншік тасымалдаушылар айналысады.
2009 жылы барлық көлік түрлерімен 46,8 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2005 жылға қарағанда 8,3 пайызға артық, жүк айналымы 1654,6 млн. тонна/шқ құрады және тиісінше 28,9 пайызға өсті. 2010 жылы облыстағы барлық көлік түрлерімен 55,9 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2009 жылдың деңгейіне 119,7 пайыз. Жүк айналымы 1707,7 млн. тонна/шқ құрады (103,2 пайыз).
2009 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 518,1 млн. жолаушы (2005 жылы бұл көрсеткіш - 482,0 млн. жолаушы) тасымалданды, жолаушы айналымы 3839,7 млн. жолаушы/шқ құрады (2005 жылы – 3156,8 жолаушы/ шқ). 2010 жылы 570,6 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 10,1 пайызға артық, жолаушылар айналымы – 4027,5 млн. жолаушы шқ (4,9 пайыз).
Облыстың жолаушы-көліктік және автожол кешенінің басты мәселелері мыналар болып табылады:
ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;
жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер);
жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;
жобалық-сметалық құжаттамада зертханалық жұмыстарға қаржы қарастырылмауы зертханалық сараптамалар сапасына кері әсер етеді;
облыстық мәндегі автомобиль жолдарын жалға беруге мүмкіндік жасайтын құқықтық базаның болмауы;
облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;
қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.
Құрылыс
2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).
Жамбыл облысының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 6,7%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 5,7%-ды құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш болып табылады.
2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.
2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.
2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.
2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.
Мемлекеттік қорғау болмаса тұрғын үймен қамтамасыз етілу әлі де қысқарып, 2015 жылы бұл көрсеткіш адам басына шаққанда 15,1 шаршы метр құрайтын болады. Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға берудің төмен қарқынымен және халық санының өсіміне түсіндірелі.
Жамбыл облысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда екі есеге төмен.
Бағалар бойынша тұрғын үйлерге қол жеткізу деңгейі төмен.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Сумен жабдықтау және су жүргізу
Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2993,74 км, оның ішінде ауылдық жерлерде 2131,8 км құрайды, оның 15% жеке меншікте.
2006 – 2009 жылдары жалпы ұзындығы 255,12 км құрайтын жаңа сумен қаматамасыз ету жүйелер салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2009 жылы 2006 жылға қарағанда 3 еседен астам су құбыры желілері іске қосылды (2005 жылы сумен жабдықтау желісін енгізу болмаған).
Облыс бойынша орталық сумен жабдықтау 2010 жылдың 1 қаңтарына жалпы 67,9 % құрады. Дегенмен 379 елді мекеннің 155-сі ғана ( 40,9 %) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 214 елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 10 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.
Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 км. құрайды.
2005 – 2009 жылдары 10,93 км кәріздік желі іске қосылды, оның ішінде 2009 жылы 7,66 км немесе 2005 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық ( 2,16 км).
Тазарту құрылымдарының болмауы адам денсаулығы денсаулығына қауіп тудырады. Ағынды сулардың 80% алғашқы тазалаудан өтпестен сүзу алаңына келіп түседі. Сүзу алаңына түсетін салмақ мүмкінді мөлшерді төрт есеге арттырады.
Жамбыл облысының сумен жабдықтау және су жүргізу кәсіпорындарының негізгі қорғалары тозған және жаңғыртуды қажет етеді. Сондай – ақ, облыстағы ең ірі «Тараз Су» кәсіпорнының желісі 80%-ға, ұңғымалары – 90%-ға тозған.
Кәсіпорын қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Қаржының жетіспеушілігі төмен тарифтерге, тұрғындардың қызмет көрсету төлемдерінің төмен деңгейіне, сонымен қатар тозған желілерді күтуге жұмсалатын көп ірі операциялық шығындарға байланысты орын алды.
Жылумен қамтамасыз ету
2010 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен қамтамасыз етумен тұрғын үй қорын қамту 25,8%-ды құрайды, біржола төмен көрсеткішке жатады.
Сонымен бірге, Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен және нормадан тыс шығындармен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2007-2008 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 36%-да пайдаланылған. Облыстың кіші қалаларында нақты шығындар мөлшерден асады: «Игілік» КМК КК нақты шығыстары 2007 жылы 41,8% құрайды, 2008 жылы – 37,0% және 2009 жылы – 24,9%. 2005 жылдан бастап жылу жүйелерін қайта жаңғырту мен ауыстыру, облыстың генераторлық қуаттарын жөндеу нормадан артық шығындардың азаюына себеп болды.
Жан басына шаққандағы орташа табыстың төмендігімен салыстырғанда жылумен қамтамасыз ету тарифтері біршама жоғары. Бұл табиғи газ бағасының жоғарылығымен және генераторлық қуаттардың көптігімен түсіндіріледі. Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған және ары қарай қайта жаңғырту мен ауыстыруды талап етеді. 2005-2009 жылдары барлығы 6,5 км жылу жүйелері қайта жаңғыртылған. Жылу энергия станциясын, үлкен қазандықтар мен жылу желілерін энергия үнемдеу құралдары мен технологияларды (алдын ала жекеленген құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру, сонымен қатар жылу энергия көздерін отынның арзан түрлеріне (отынды мазут пен дизелдік отынды тас көмірге) ауыстыру керек.
Жылу энергиясын өндіруге пайдаланылатын газдың бағасы халық үшін белгіленген бағадан әлдеқайда жоғары, бұл газдың Өзбекстаннан импортталуына байланысты болып отыр.
Газбен қамтамасыз ету
Жамбыл облысы тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.
Кәсіпорын балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 км, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 км, орта – 544,773 км, төмен – 1935,795 км құрайды.
ГТП саны – 49 дана, ТТШ – 919 дана, катодтық станциялар – 189 дана, газ құдықтары – 597 дана.
2005-2009 жылдары 168,6 км газ жүйелері іске қосылған, оның ішінде 2009 жылы – 128,24 км, бұл 2005 жылдан (2.32 км) 55 есе көп.
Жалпы газдандырылған пәтерлер саны – 136594.
Жамбыл облысы ең төмен деңгейде газбен қамтамасыз етілген облыстардың бірі - 17,2%. 383 елді мекендерден 66-сы ғана газдандырылған.
Жамбыл облысы аумағында табиғи газ Амангелді газ-кен орнынан өндіріледі.
Бүгінгі күнге кен орнында 25 ұңғыма бұрғыланып, табиғи газ және конденсат өндіріледі.
2005 жылмен салыстырғанда көлемі 18,0% ұлғайып (2005 жылы – 300 млн. текше метр), 2009 жылы табиғи газды өндірудің жылдық көлемі 354,2 млн. текше метрді құрады.
Амангелді кен орнының арқасында облыс тұрғындары пайдаланылған табиғи газға Республикадағы төмен тариф бойынша төлейді, ол 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 9,541 теңгені құрайды.
Амангелді кен орнының қуаты облыстың газға қажеттігін 50,0% кем қамтиды, сондықтан пайдаланылатын газдың жартысынан көбі Өзбекстаннан импортталады.
Өзбекстаннан импортталған газдың бағасы жергіліктіден екі есеге жоғары. Оған қоса Өзбекстаннан газ жеткізілімі өнімді емес және кідіріспен жүзеге асырылады. Облысқа газ транзиті іске асырылатын Қырғызстандағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы газ жеткізуде кідірістер болу қаупін тудырады.
Тұрғын үй қорын басқару
2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша тұрғын үй қоры жалпы 15917,5 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 97,5 пайызы жеке меншікте. Көп пәтерлі үйлердің (кондоминиум нысандарын) алаңы 5744 мың шаршы метрді құрайды (1649 үй). Оның ішінде 1012 мың шаршы метр (363 үй) күрделі жөндеудің кейбір түрінен өткізуді қажет етеді және 1480 мың шаршы метр (199 үй) апатты тұрғын үй ретінде тұруға жарамсыз болғандықтан бұзуға жатады. Жалпыүйлік аумақтарда басқару саласында тұрғындардың төмен белсенділігінен және пәтер иелерінің кооперативтерінің (ПИК) нәтижесіз жұмыстары салдарынан тұрғын үй қоры жарамсыз жағдайға жеткізілді. Тұрғындар ПИК-не кірмейді. 2010 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 119 кондоминиум нысандары тіркелген.
ПИК-нің қызметі ашық емес. Әдеттігідей, бір ПИК-і бірнеше үйлерді біріктіріп, барлық үйлерге бірыңғай есепшот ашады, сондықтан бір үйдің тұрғындарынан жиналған ақша басқа үйлердің жөндеуіне жаратылатындығына және керісінше болуына кепілдік жоқ. Бұл, әрине үй тұрғындарының үйлерді жөндеуіге қаражат салу ықыласына кері әсер етеді. Ірі ПИК-ін бақылауға үй тұрғындарының нақты тетігі жоқ.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан пәтер иелерінің кооперативтерінде кондоминиум нысандарын ұстауға штаттың аздығы мен жоқтығы және техникамен жабдықтаудың нашарлығы байқалады.
Қор сақтауға негіз жоқ. Әдеттегідей, тұтынушы мен монополист арасында қызмет көрсету туралы келісім-шарт төтесінен жасалынады, сондай-ақ тұтынушыға қызмет көрсету жалпы үй жүйелерімен орындалады, олар пәтер иелерінің жалпы мүлігі болғандықтан ПИК-і оларға қызмет көрсетуге мүддесіз.
Электр энергетикасы
Жамбыл облысы электр қуатын өндіруді бөлісуде шамалы қатысумен ерекшеленеді, электр қуатын магистралдық тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ-ның өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан. Облыс бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады, оның балансында 15076,99 км электр тасымалдау жүйелері 0,4-110 кВ және 3213 трансформаторлық қосалқы бекет 6-10-35-110—220 кВ бар, оның жиынтық қуаттылығы 1961,15 мВА. құрайды.
Жамбыл облысына электр қуатын жеткізу «ЖГРЭС»АҚ-мы, «ТЭЦ»АҚ-мы, «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-гі және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен қамтамасыз етіледі.
Облыс аумағында орнатылған электр қуаты көздерінің қуаттылығы:
«ЖГРЭС»АҚ - 1230 МВт;
«ТЭЦ»АҚ - 60 МВт;
«Гидроэнергетическая компания » ЖШС-2,1 МВт құрайды.
Облыс қажетілігін қанағаттандыруға қуаты жеткілікті Жамбыл гидроэлектростанциясының электр қуатына тапшылығы 2009 жылы 44 пайызды құрады. Мұнда оның жеке электростанциясы 20 пайыздан кем жүктелген болатын.
Жамбыл облысында электр қуатының энерготапшылығы бір жағынан облыс экономикасының жоғары электрсыйымдылығына және халықтың тұрмыстық мұқтажына электр қуатын жоғары деңгейде пайдалануына, екінші жағынан энергия көздерінің оңтайлы емес құрылымына, оның салдарынан электр қуатының өзіндік өндірісінің бәсекеге жарамсыздығына байланысты.
Электр қуатына тарифтер Қазақстан бойынша орташа деңгейден 30 пайызға жоғары, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда халықтың табысының жеткіліксіздігін ескере отырып, үй шаруашылықтарының бюджетіне үлкен салым жүктейді.
Жоғары жіберу тарифі электр қуатын өндіруде, таратуда және сатуда туындайтын барлық мәселелерге байланысты.
Жамбыл облысында аудандық бөлімшілердің электр қуатын сатып алу бағасы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 40 пайызға артық. Ал Жамбыл гидроэлектростанциясынан өзіндік энергия қуатын сатып алу Қазақстанның солтүстігінен 20 пайыз магистралдық тасымалдауымен сатып алғаннан жоғары.
Өзіне меншікті электр қуатын жасап шығарудың жоғары бағасы Орталық Азиядан әкелінген қымбат отынға байланысты. Электр станциясы энергия көздерінің құрылымындағы мазут үлесі 70 пайызды құрайды, қалған 30 пайыз газға тиесілі. Сонымен бірге, мазут пен газдан алған электр қуатының бағасы көмірден алған электр қуатының бағасынан 18 және 7 есе артық.
Тарату желілері Жамбыл облысының электр қуатын сататын мекемелеріне электр қуатын жеткізу тарифі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 60 пайызға жоғары.
Электр қуатын сатумен бір ғана мекеме «Жамбыл-Жарық- Сауда-2030 » ЖШС-і айланысады, бұл тарифті төмендетуге қосымша үстеме төлем белгілейді.
Жамбыл облысында электр қуатын өндіру және тарату құралдарының қатты тозуы, оларды жаңартудың баяу қарқыны жоғары эксплуатациялық шығындарға әкеледі және келешекте энергожабдықтардың тоқтап қалу жағдайы да жиіленуі мүмкін.
Жамбыл облысында электр қуатын өндіруге, таратуға жылдық орташа инвестиция мөлшерлері Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 25 пайызға төмен, қорлардың жаңартылу жылдамдығы 70 пайыздан төмен.
SVOT- талдауы бойынша электр энергетикасының дамуын тежейтін басты мәселелер айқындалды:
- энергожабдықтардың жоғары тозуы және оның салдарынан электр қуатын жоғалту мен эксплуатациялық шығындардың жоғары деңгейі, электр қуатын сатуда бәсекелестіктің жоқтығы және жоғары электросыйымдылық;
- өзіндік дәстүрлі отын ресурстарының жоқтығы;
- өзіндік электр қуатының кемдігі, электр қуатының бағалары Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден жоғары.
Телекоммуникация.
«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі жаңа желіні ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.
2010 жыл ішінде негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша біршама нәтижелерге қол жеткізілді.
Облыс бойынша 9483 телефон, оның ішінде қалаларда – 3667 телефон және ауылдық жерлерде – 5816 телефон орнатылған.
Нәтижесінде 1.01.2011 жылғы жағдай бойынша телефондық аппараттардың саны 175724 бірлікті құрады, оның ішінде қалаларда – 101220 бірлік және ауылдарда – 74504 бірлік.
2010 жылдың 1 қаңтарына телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Телефондық станциялардың саны – 207 (1.01.2006 ж. – 155), оның ішінде электрондық – 155 (59), оның ішінде ауылдық мекенде - 101 (46).
Облыс бойынша АТС-ң жалпы құрылған сыйымдылығы 183221 номерді құрады (1.01.2006 ж. – 114818 номерді), оның ішінде ауылдық жерлерде 75 283 номерді (43082 номерді).
Құрылған сыйымдылықтың жалпы санынан – 166391 номер немесе 90,7%-ы (1.01.2006 ж. – 74172 номер немесе 64,6%-ы) облыс бойынша жаңа технологиямен жұмыс істейді (сандық).
АТС-ның іске қосылған сыйымдылығы 176169 номерді немесе 96,2%-ды (1.01.2006 ж. – 110914 номерді немесе 96,6%-ды), оның ішінде ауылдық жерлерде – 74642 номерді немесе 95,3%-ды (40669 номерді немесе 94,4%-ды) құрайды.
Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 28 станциясы жұмыс істейді (1.01.2006 ж. – 15 станция).
Облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 16 бірлікті (1.01.2006 ж. – 11 бірлікті), оның ішінде Тараз қаласы - 26 бірлікті (18,9) құрайды.
Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон тығыздығы 75,8 бірлікті, Тараз қаласы - 106,2 бірлікті құрайды.
Интернет көрсеткіштерінің жалпы саны – 25391, оның ішінде кең желілі жетімділікті пайдаланушылар – 22525.
«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен берілістің жоғары сорттық желісіне орай байланыс құрылған, Жамбыл облысы әкімінің www.zhambyl.kz сайты әзірленген, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде. Құрылған www.zhambyl.kz сайтпен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, Тараз қаласының қонақ үйінің, мейрамханаларының, тұрмыстық, көлік және басқа қызмет көрсетуді ұсынатын кәсіпорындарының көрсетілуімен интербелсенді картасы құрылған, аудандық әкімдердің өңірлік сайттары құрылған.
2010 жылы облыстық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 146 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында облыс әкімінің блогы, электрондық қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау бөлімі, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа, сонымен қатар порталда ЖАО көрсететін 22 мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. Барлық қалалардың және облыс аудандарының әкімдіктерінің сайттары ашылған және жұмыс істейді.
Халықты компьтерлік сауаттылыққа оқыту орталығы ашылған.
Жамбыл облысының «е-әкімдігін» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалған:
техникамен қамту;
ведомстволық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу;
мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру;
«е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған:
9 серверден серверлік түйін құрылған;
портал құрылған, онда өтініш беру саласында ішінара ЖАО көрсететін 22 қызмет көрсету автоматтандырылған;
«Корпоративтік электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесі енгізілген;
«Кадрлық іс жүргізу» ақпараттық жүйесі енгізілген;
«мемлекеттік органдарға білім беру және тестілеу» ақпараттық жүйесі енгізілген;
басқарудың ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген;
«Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі енгізілген;
«Ауыл шаруашылығын» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген;
«Денсаулық сақтауды» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген;
электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желіні, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.
Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту пайызы 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 256 kb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.
ЖАО ЛЕЖ-не облыстық және аудандық деңгейде 31 ұйым қосылған (аудандық және қалалық әкімдіктер, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары).
Электрондық құжат айналымына Жамбыл облысы әкімінің аппараты қосылған.
2.2.4. Аумақтық даму
Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 153 ауылдық және селолық округтер, 379 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 34% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 58%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.
Облыстың қалаларында тұратын халық саны 437,5 мың адамды, ауылдық жерлерде тұратын халық 606,6 мың адамды құрайды. Облыс жері 144,3 мың шаршы шақырым (км.) аумақта орналасқан. Халықтың орналасу тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 7,2 адамды құрайды.
Ағымдағы санақ мәліметі бойынша облыс орталығы Тараз қаласында 352,5 мың адам тұрады, бұл 2009 жылдың басымен салыстырғанда 5,0 мың адамға көп.
Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 115,4 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 94,8 мың халық бар.
Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,6 мың адам тұрады.
Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 84,7 мың адам, Жамбыл ауданында – 78,9 мың адам, Жуалы ауданында – 51,9 мың адам тұрады.
Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 61,7 мың адам, Меркі ауданында – 75,0 мың адам, Талас ауданында – 51,3 мың адам, Сарысу ауданында 45,1 мың адам тұрады.
Облыстың кенттеніп, қаламен жақындасу (урбанизациялану) үрдісі Қазақстанның басқа өңірлерімен ұқсас қалыпта дамуда, бұл үрдістің бастапқы, негізгі бастаулары бұрынғы жоспарлы экономика кезінде қалыптасқан.
Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, әсіресе, оның инфрақұрылымдарының дамуы зор ықпал етуде.
Облыстың басқа қалалары тұрғындар саны жағынан да, даму бағыттары жағынан да ірі қала деңгейіне жеткен жоқ. Облыстың қалалары мен аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.
Жамбыл облысында тұрғындардың, өндіріс орындарының және инфрақұрылымның орналасуында бірқатар диспропорциялар бар. Бұл мәселені реттеу үшін аумақтарды дамытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу қажет – барлық аудандарда аумақтарды дамыту жоспары болуы тиіс. Қазіргі кезде 2020 жылға дейінгі мұндай жоспар тек Тараз қаласында ғана бар.
Ауылдық елді мекендердің (АЕМ-дің) жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оларды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдармен тиісті нормативтер деңгейінде, ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автокөлік жолдары, электр қуаттары, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету қажет.
Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 8 аудандық орталық аурухана, 9 ауылдық аурухана, 8 аудандық орталық емхана, 8 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 5 туберкулезге қарсы ауруханасы, 3 туберкулезге қарсы диспансері, 1 тері-венерологиялық диспансер, 130 дәрігерлік амбулатория, 165 медициналық пункттер жұмыс істейді. Сондай-ақ, 59 медициналық қызметкер тиісті медициналық пункттері жоқ болғандықтан, ауыл тұрғындарына өз үйлерінде қызмет көрсетеді.
2009-2010 жылғы оқу жылында облыста барлығы 114 233 оқушылары бар 388 ауыл мектептері жұмыс істесе, оның ішінде бастауыш мектептер – 65, негізгі мектептер – 46, орта мектептер – 277 бірлікті құрады.
2010 жылдың басына ауыл мектептерінде 15395 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 12867, аяқталмаған жоғары білімдісі – 262, орта арнаулы білімдісі – 2245, орта білімдісі 21 адамды құрады. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 2255 мұғалім жұмыс істейді.
2010 жылдың басына Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 459 мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істесе, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 188, кітапханалар – 259, мұражайлар – 3, кинотеатрлар 1 бірлікті құрады.
2010 жылдың басына облыс бойынша жалпы саны 378567 адамды (62,5%) құрайтын 149 ауылдық елді мекен (39,1%) орталықтандырылған ауыз сумен, жалпы саны 216247 адамды (35,7%) құрайтын 221 ауылдық елді мекен (58%) орталықтандырылмаған ауыз сумен, жалпы саны 10855 адамды (1,8%) құрайтын 10 ауылдық елді мекен (2,6%) тасып әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тасып жеткізілетін ауыз суды Мойынқұм ауданының – 9 елді мекені, Талас ауданының 1 елді мекені пайдаланады.
Ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын дамыту үлкен маңызға ие. Жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей, облыста жергілікті мәндегі жолдар 4246,4 шақырымды құрайды, оның ішінде, 2272,8 шақырым жол – облыстық мәндегі, 1973,6 шақырым жол – аудандық мәндегі жолдар. Олардың ішінде, 582,3 шақырым жол күрделі жөндеуді, 2142 шақырым жол орташа жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстарға барлығы 28,9 млрд. теңге қаржы қажет.
Облыс бойынша 3 ауылдық елді мекен (Сарысу ауданының Жарқұдық, Талас және Көкдала-2 ауылдары) телефондандырылмаған және электрлендірілмеген, бұл елді мекендердегі тұрғындар саны 33-тен 73 адамға дейінгі аралықты құрайды.
Аумақтарды дамытудағы басты нысаналы өлшеуіш – ауылдық елді мекендер дің экономикасының тұрақты өсуі, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуы, жоғары әлеуетті даму сатысындағы ауылдық елді мекен сандарының артуы болып табылады.
Жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарына әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша, облыс құрамында 153 ауылдық округ бар, 10 ауданнан тұрады. Аталған ауылдық округтер құрамында барлығы 379 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар, олардың 137-сі – экономикалық даму әлеуеті жоғары, 240-ы – орта, 3-еуі – даму әлеуеті төмен елді мекендерге жатады және 1 елді мекенде тұрғындар тұрмайды. 2009 жылы облыста 2008 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары елді мекендер 6 бірлікке көбейді.
Мемлекеттік қолдау шаралары ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейлерін қамтамасыз ету үшін, ең біріншіден, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерге бағытталуда.
Аймақтың экологиясы
Облыстың қоршаған орта бойынша экологиялық жағдайы соңғы үш жылда тұрақтанып келеді. Мәселен Тараз қаласы бойынша ауаның ластану индексі 2009 жылы 7,4 бірлікті құрады, 2005 жылғы бұл бірлік – 7,9 құраған.
Зерттеулерді талдау көрсеткендей Шу қаласы бұрынғыдай облыстың ластануы аз қаласына, Қаратау, Жанатас ластануы орта деңгейдегі қалаларға жатады.
Қоршаған ортаның мониторингі жүйесін дамыту аясында 2008 жылдан бері Тараз қаласында тәулік бойы автоматтандырылған бақылауы бар «Скат» атмосфералық ауа саласын қадағалау станциясында бақылау жүргізіліп келеді.
Шу-Талас экологиялық департаментінің деректері бойынша стационарлық көздердің ауаға шығарындылары 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға немесе 13,8 тоннаға азайды. Шығарындылардың төмендеуі «Казфосфат» ЖШС ЖФ бойынша фосфор өндіру көлемінің 60,2 пайызға немесе 48394 тоннаға, «А. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ бойынша шығарындылардың 75,3 пайызға немесе 5,95 тоннаға азаюы есебінен болып отыр. Шығарындылардың 0,5 пайызға жуығы немесе 34,7 тоннасы қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларының орындалуынан және экологиялық департамент инспекциясының берген ұйғарымдары есебінен азайды. Инспекциямен анықталған бұзушылықтарды жою нәтижесінде 2009 жылы ластаушы заттардың шығындылары 77 тоннаға қысқарған. 2005 жылы бұл көрсеткіш 16,7 тоннаны құраған.
Өнеркәсіптік сала кескінінде химиялық саласы кәсіпорындарында шығарындылардың 24 пайызы, жылу энергиясына-14,4 пайыз, тау-кен өндіру өнеркәсібіне -10,4 пайыз, газ өнеркәсібіне – 14,2 пайыз, коммуналдық шаруашылыққа -6,1 пайыз тиесілі, қалған кәсіпорындарға облыстағы жалпы шығарындылар көлемінің 31 пайызын құрайды.
Автомобиль көліктерінің шығарындылары бұрынғыдай шығарындылардың жалпы көлемінің 75 пайыздан астамын құрайды. Алдын-ала деректер бойынша Тараз қаласындағы автомобиль көліктерінің саны 65740 тан 71870 бірлікке өсуіне қарамастан, қозғалушы көздердің шығарындыларының көлемі 2008 жылғы деңгейде болады деп күтілуде және 46 мың тоннаны (8,5 пайыз) құрайды. «Таза ауа» айлығын жүргізу кезінде инструменталдық өлшеулер деректі бойынша анықталғаны, онда автокөліктердің 50 пайыздан жоғарысында улану, түтіндеу нормалары артық.
Жамбыл облысында жер үсті сулары саласы жағдайының мониторингісі Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасымен жүргізіледі, атап айтқанда Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы бойынша 9 гидрохимиялық бекеттерде және 11 створларда.
Трансшекаралық талдау деректері көрсеткендей, 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Шу өзені бойынша судың ластану индексі 1,85-тен 2,33 бірлікке өскендігі байқалады, Аса өзені бойынша (СЛИ) сол деңгейде -1,2 бірлік. Ластану индексінің Талас өзені бойынша 1,2-ден 1,42 бірлікке өскендігі байқалады. Су саласының өлшемі бойынша Шу, Талас және Аса өзендерінің сулары ластану индексі бойынша орташа ластануға жатады.
Облыс аумағында ластанған сулар көршілес жатқан Қырғыз Республикасы аумағынан келеді. Жамбыл облыстық гидрометерология орталығымен жергілікті бюджет қаржысы есебінен кіші трансшекаралық Ақсу, Қарабалта, Тоқташ Шарго өзендерінде бақылау жүргізіледі.
Кіші трансшекаралық өзендер бойынша жүргізілген зертханалық бақылаулар нәтижесі 2009 жылы ластаушы заттардың шекті-шығарындылар концентрациясы сульфат бойынша 7,6 есе, мыс 6,1 есе, фенолом 2 есе, мұнай өнімдері 1,4 есе БЛК5 5,5 есе артқанын көрсетті.
Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау алдын-ала деректер бойынша 2009 жылы бірқатар кәсіпорындардың тастау көлемін азайтуынан 2,1 пайызға немесе 469 тоннаға азайды («Теміржол-су Шу» ЖШС-46,8 тонна, «Меркі қант зауыты» ЖШС-45,8 тонна, «Қант» АҚ-410,51 тонна, «БМ» ЖШС-152,317 тонна, «Игілік» МКК-235,038 тонна).
«Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС-інде өндірістің тоқтауына байланысты су көздеріне ластаушы заттарды тастау көлемі азайған.
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда «Қант» АҚ бойынша ластаушы заттарды тастау көлемі 24,6 пайызға немесе 410,51 тоннаға төмендеген.
Ластаушы заттарды тастаудың негізгі үлесі 56,3 пайызға дейін коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына, тау-кен саласы кәсіпорындарына-24,5 пайызы, тамақ-6,8 пайыз, жылу энергиясына-0,31 пайыз, газға-0,4 пайыз, құрылыс-0 пайыз, басқаларына-10,2 пайызы тиесілі. Онда ластаушы заттардың 99 пайызы жинағыштарға, сүзгі алаңдарына, тек 1 пайызы су нысандарына тасталынады.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың жалпы көлемімен кәсіпорындар үлесіне 30,2 пайыз шығарындылар (4,563 мың тонна), 21,7 пайыз ластаушы заттарды тастау (4,66 мың тонна), 80 пайыз өндіріс қалдықтарының 13668,8 мың тонна орналасуы тиесілі.
Қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында кәсіпорындармен атмосфера шығарындыларын іске жаратуға бағытталған жобалар енгізілуде, мәселен «Қазфосфат» (НДФЗ) ЖШС-гі ағымдағы жылдың сонында «Агломерат және натрий триполифосфат өндірісіне газ пешін іске жарату» нысанын іске қосу жоспарлануда, бұл табиғи газды пайдалану көлемін 3,4 млн.текше метрге азайтуға, қолданыстағы өндірісте ластаушы заттардың шығарындыларын 37 тоннаға, оның ішінде бу газдарын азайтуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-да жұмыстың кезеңділігіне байланысты шығарындыларды төмендетуге арналған іс-шаралар жүргізілген жоқ.
«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 2009 жылдың желтоқсанында «Амангелді Газ» ЖШС-нің табиғи газды тазалау және конденсатты қалыптастыру кезінде пайда болған газды іске жарату бойынша қондырғы іске қосылды, бұл жыл сайын атмосфераға шығарындыларды 40 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Сала мәселелері. Облыстың елді мекендерінде сарқынды суларды тазалау және бөлу мәселелерді шешілмей келеді. Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандарында сарқынды суларды тазалау және бөлу жүйесі жоқ, кіші қалалар Қаратау, Жанатас, Шу және Байзақ, Жамбыл аудандарында тазалау құрылыстары мен кәріз жүйесі нашар жағдайда тұр.
Тазалау құрылғылары мен кәріз жүйелерінің апатты жағдайы жер асты суларының ластануына және осы қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әкеп соғады.
2008 жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен Меркі, Қордай, Құлан елді мекендерінде сүзгі алаңдары мен кәріз жүйелерінің құрылысының, Жамбыл ауданындағы жүйке ауруларына арналған интернет үйінің сарқынды суларын механикалық тазалау кешені құрылысының, Шу қаласының тазалау кешенін қайта құру құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Облыстың өзекті экологиялық мәселелері өндірістік және тұтыну қалдықтарын іске жарату болып табылады.
2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 6,1 млн тонна қалдықтар жиналған, Тараз қаласы бойынша-1991,1 мың тонна (в 2005 году-1880,0 мың тонна)
Бір жылда облыста 100 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар жиналады, оның ішінде 30-ы Тараз қаласы бойынша.
Олардың орналастыру орындары санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келмейді және қоршаған орта жағдайына теріс әсерін тигізуде. Сондықтан Тараз қаласы және аудан орталықтарында ҚТҚ көмуге арналған үлгі полигондарының құрылысы қажет. 2005 жылы облыста ҚТҚ жиналған көлемі 5,89 млн тоннаны құраған
2008 жылы Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының орталықтарында ҚТҚ полигоны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, сонымен қатар Меркі, Қордай аудандарында және Шу қаласында ТҚҚ полигоны құрылысының сметалық-жобалау құжаттары әзірленді.
2009 жылы Тараз қаласында қатты сметалық бағасы қалдықтарды көмуге арналған полигон құрылысына сметалық - жобалау құжаттары әзірленді.
Қазіргі кезде сметалық бағасы 757,0 млн теңге болатын құрылысты қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде
2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Өңірді дамытудың негізгі бағыттарын талдау - әлеуметтік - экономикалық инфрақұрылымды, аумақтық даму, сонымен бірге билік институтарының бағыттары Жамбыл облысында қазіргі таңда билік органдары мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушыларының, ең әуелі азаматтардың алдында міндеттемені тиімді орындай алатынын көрсетеді.
Сонымен қатар, қызмет жүргізу үшін туындаған ортаны сипаттау және облыс пен Тараз қ. әкімдіктерінің қызмет көрсетуін бағалау мақсатында облыстың негізгі компаниялар басшыларынан сауалнама жүргізілген.
Компаниялардан сауалнама барысында облысты дамытудың түрлі аспектілері бағаланды. Бизнес тұрғыдан аса дамыған және қанағаттандырылған авиациялық қатынас болып табылады. Жалпы Қазақстанда компанияларының бағалауы бойынша авиациялық қатынасы жақсы дамыған. Компания автожол қатынасы, олардың бизнес қажеттілігіне сәйкестігін әлсіз деп бағалайды, бірақ Қазақстанда автожолдар компаниямен айтарлықтай нашар бағаланады. Қазақстанға қарағанда Жамбыл облысында жобалық және венчурлік қаржыландыру айтарлықтай нашар дамыған. Олай болса, кәсіпкерлікті және шағын орта бизнесті дамыту үшін жағдай жақсы болуы тиіс. Лизинг және факторинг секілді арнайы қаржылық қызмет көрсету әсіресе өңдеу өндірісінің компанияларына қажет, бірақ бұл қызметтердің бүгінгі деңгейі облыста бизнес қажеттілігіне сәйкес келмейді.
Компаниялар кадрлар саласындағы жағдайды өте нашар деп бағалайды: инженерлерді және техникалық мамандарды, мамандандырылған жұмысшыларды табу өте қиын, өндірістік және техникалық дағдыларды мейлінше жетілдіру, жаңа технологиялық тәсілдерге үйрету үшін біліктілікті арттыру бағдарламасын табу айтарлықтай қиын. Сонымен бірге компаниялар кәсіби және жалпы білім беру сапасын төмен бағалайды. Әсіресе, облыстағы білім беру деңгейі өңдеу өндірісінің компанияларына ұнамайды. Әйтседе ПИИ Жамбыл облысында жалпы жаңа технологиялардың маңызды көзі болып табылады, облыста ғылыми зерттеу сапасы өте төмен және компаниялардың сұранысына сәйкес келмейді. Компанияның ЖОО және НИИ-мен ынтымақтастығы өте төмен деңгейде, жалпы ҚР бойынша айтарлықтай төмен.
Облыс компаниялары, әсіресе, өндіріс саласында жеткізушілердің үлкен жетіспеушілігін көрсетеді. Сонымен бірге, жеткізушілердің сапасы бүгінгі таңда оларға толықтай ұнамайды. Компанияның барлық бағыттар бойынша ынтымақтастығы бизнес үшін маңызды, облыста мүлде реттелмеген. Қазақстанда да жалпы компаниялар соттарды тәуелсіз емес деп және өзінше шешім қабылдамайды деп санайды. Жамбыл облысында орташа Қазақстан бойынша компаниялар полицияның жұмыстарын жақсы бағалайды.
Егер облыс әкімдігінің түрлі саладағы жағдайды өзгерту бойынша күш - жігерін қарастырсақ, компаниялар барлық салалардағы әкімдіктің саясатын оңды бағалайды деп көрсетуге болады. Облыстың басқарушы компаниялар басшыларының пікірінше аса жоғары дәрежедегі кемелділікті облыста аумақтық жоспарлау (жер нарығы), шетел инвестицияларын тарту және денсаулық сақтау секілді саясат салалары қажет етеді. Жалпы облыс бойынша әкімдіктің саясаты қоғамдық көлік, құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздік саларында ерекше оңды бағаланады. Жалпы Жамбыл облысының әкімдігі және Тараз қаласының әкімдігі компаниялармен оңды бағаланды. Шамамен 60% облыс компаниялары осы әкімдіктердің жетістігін оңды бағалайды.
Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Облыста 9 саяси партиялардың, 14 қозғалыстың, 589 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, оның ішінде 58 жастар ұйымдары, 21 этномәдени бірлестік, 389 діни бірлестіктермен берілген 5 әртүрлі конфессия және 20 деноминациялар, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының облыстық кеңесі жұмыс істейді. Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.
Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту
54 БАҚ, оның ішінде 50 – баспа (олардың біреуі - «Жамбыл» журналы), 4 – электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген және жұмыс істейді. Оның ішінде 20 – мемлекеттік баспасөз (37 %), 34 – тәуелсіз (63 %). Баспа БАҚ тираждары көлемі өсімінің оңды үрдісі байқалады.
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.
14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2010 жылы 304900 адамды құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда өсім 1,06% құрады. 58 жастар ұйымы, 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Жастар ұйымдары саны өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2007 – 46 , 2008 – 48 , 2009 – 53 , 2010 – 58 (өсім динамикасы 26%). Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2007 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 62000 адамды құраса, 2010 жылы - 66000 адам (өсім динамикасы – 6,45%). Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуының өсімі тіркелген. Егер 2007 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 12 жастар ұйымы қатысса, онда 2010 жылы – 20 (өсім динамикасы - 66%). Осының нәтижесінде жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. Атап айтқанда, егер 2007 жылы іс-шараларды іске асыруға 68200 адам қатысса, 2010 ж.- 70100 адам (өсім динамикасы – 2,8%).
Сонымен бірге жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарда қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 1 жас адам ғана бар, бұл облыс депутаттары жалпы санының 0,48% құрайды. Облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады.
Мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары барлық деңгейдегі әкімдіктердегі жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі, өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытудағы, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы негізгі проблемалар мыналар:
- үкіметтік емес сектордың аудандық деңгейде дамуының төмен деңгейі;
- ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі;
- әлеуметтік-елеулі жобаларды орындау сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;
- барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар санының төмен деңгейі;
- өңірлік ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі.
Тілдерді дамыту
Облыс халқының 85% астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдайлар жасауға және мемлекеттік тілге үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.
Сала инфрақұрылымы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанында жұмыс істейтін Тараз қаласындағы мемлекеттік тілге үйрету Орталығымен берілген. Мұнда тыңдармандар саны өсімінің келесі динамикасы байқалады:
- 2007 жыл-қазақ тілін 136 адам оқыды (олардың 78-і - басқа ұлттар өкілдері);
- 2008 жыл-тыңдармандар саны 402 адамға дейін көбейді (олардың 279-і - басқа ұлттар өкілдері);
- 2009 жыл-мемлекеттік тілді оқитындар саны 916 адамды құрады (олардың 798-і - басқа ұлттар өкілдері);
- 2010 жыл-орталықта 1203 адам оқиды (олардың 976-і - басқа ұлттар өкілдері).
2009 жылы Меркі, Қордай, Шу аудандарында және 2010 жылы Талас, Сарысу аудандарында құрылған Орталықтың аудандық бөлімдерімен мемлекеттік тілді оқытумен 1543 адам қамтылған, олардың 1400-і - басқа ұлт өкілдері.
Тілге оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы 75 терминологиялық сөздік, 2009 жылы 110 сөздік және оқу-әдістемелік құралдар, 2010 жылы 20 терминологиялық сөздік және 20 оқу әдістемелік құралдар шығарылды.
Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізу мәліметтерінің мониторингі іс қағаздарының 97,8% мемлекеттік тілде жүргізілетінін көрсетті. Салыстыру үшін, 2007 жылы шығыс құжаттарының 65,2% мемлекеттік тілде, 2008 жылы-72%, 2009 жылы-89,1% жіберілген.
Өңірдегі 60 БАҚ бірліктерінің ішінде 17-і мемлекеттік тілде (28,4%), 11-і орыс тілінде (18,3%), 32-і қазақ-орыс тілдерінде (53,3%) шығарылады. Жыл сайын «БАҚ-тағы мемлекеттік тіл» дәстүрлі байқауы өткізіледі. Сонымен бірге аймақта облыстың тілдік көптүрлілігін сақтау үшін жағдайлар жасалынған. Этномәдени орталықтар жанынан ана тіліне үйрететін 8 үйірме ашылып жұмыс істейді, олардың ішінде: 1-поляк, 1-украин, 1-татар, 1-кәріс, 1-түрік, 2-неміс және 1-грек, 10-неміс тіліне үйрету курстары.
Бұдан басқа, 29 орта арнаулы мектептерде аймақта тұратын этностар тілдерінде факультативтік сабақтар жүргізіледі: 12 мектепте дүнген тілінде, 12-түрік, 3-күрді және 2-әзірбайжан.
Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде облыстың елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2007 жылы 3 ауыл, 10 мектеп, 49 көше, 2008 жылы - 3 ауыл, 1 ауылдық округ, 2 мектеп және 19 көше, 2009 жылы - 6 мектеп, 15 көше, 2010 жылы - 1 ауыл, 3 мектеп, 35 көшенің атаулары өзгерді.
Гендерлік саясат
Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2010 жылдың басына облыста 1043,8 мың адам тұрады, олардың 51,5% - әйелдер.
Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 4,9% құрайды.
2009 жылы әйел депутаттар саны 11 адамға көбейді, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 35-і - әйелдер, олардың 8-і қалалық мәслихатта, 24 - аудандық, 3 - облыстық мәслихатта.
32 аудан әкім орынбасарларының бесеуі әйел, 151 ауылдық және поселкелік округтердің жетеінде әйелдер басқарады.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 66,7% құрайды.
Облыс экономикасында әйелдердің қатысуы елеулі, 29% жуық әйелдер шаруа қожалықтарын басқарады, олардың 30%-і - көп балалы аналар.
Облыста 190 белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, олардың 16-ы әйелдер және балалар проблемаларымен айналысады, олардың 12-і негізінен облыс орталығында, 8-і облыстың аудандарында шоғырланған.
Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілген, облыс әкімдігі жанында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 2 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.
Әйелдер көшбасшылығы мектебі жұмыс істейді. Әйелдер көшбасшылығы мектебінің республикалық желісінің құрамына Жамбыл облысынан үш қоғамдық бірлестік кіреді: «Жан дауа», «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы», «Тараз бастама орталығы» қоғамдық бірлестіктері.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен облыстық мектеп қызметі, сондай-ақ гендерлік стратегияны түсіндіру және насихаттау қаржыландырылады.
Әйелдер қоғамның қорғалмаған бөлігі ретінде тұрмыста да, көшеде де үлкен қауіптермен жиі ұшырасады. 2010 жылдың 9 айы ішінде қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,1% өскен. Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың өсуі ең алдымен халықтың жұмыссыздығына, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалануына, тұрмыстағы даулы мәселелерге байланысты орын алған.
Әйелдерді зорлықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдары 1176 кездесулер өткізіп, БАҚ-та мақалалар жариялады, оқу орындары мен ұжымдарда 778 түсіндіру-алдын алу әңгімелесулерін өткізді.
Облыста 1996 жылдан бастап жүкті әйелдерді және балаларды сауықтыру бойынша «Ана мен баланы аялау» орталығы жұмыс істейді.
Құқық тәртібін қорғау
Қауіпсіздікті нығайту және құқық тәртібін қорғау, қылмысқа қарсы күрес облыстың әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.
2008 жылмен салыстырғанда құқық тәртібін нығайту және қылмыспен күрес бойынша қабылданған ұйымдық-тәжірибелік шаралардың нәтижесінде облыстағы жалпы қылмыс көрсеткіші 3,2% төмендеді (4075-тен 3943-ке дейін). 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 38,7% құрады.
Облыстағы құқық тәртібінің жағдайына, азаматтарды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарды криминалдық қауіптілікпен қорғау жүйесіне бірқатар елеулі сыртқы және ішкі факторлар ықпал етуде. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың, әсіресе жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстардың, оның ішінде зорлық қылмыстары өсімінің себептерінің бірі болып табылады.
Атап айтқанда, 2008 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санының бірден өсуі байқалды (2007 ж. – 271, 2008 ж. – 649), бұл қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік ахуалының индикаторы болып табылады. Алайда, қабылданған шаралардың арқасында 2009 жылы бұл қылмыстардың саны 5,1% (616 фактіге дейін) төмендеді және 2010 жылы да төмендеуі жалғасуда.
Осыған ұқсас аталған кезеңде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының өсімі байқалды (2007 ж. – 164, 2008 ж. – 198). 2009 жылы бұндай қылмыстар саны 1,6% төмендеп, 177 фактіні құрады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жартысынан астамы мектептер, лицейлер мен гимназиялар оқушылары болып табылады.
Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу шараларының бірі «мектептік» полиция инспекторлары институтын дамыту, сондай-ақ әрбір қалалық және ірі ауылдық мектепте осындай штаттық бірліктер енгізу болып табылады.
Соңғы жылдары облыста жол-көлік апаттарыныңі негізгі көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі байқалады. Жол-көлік оқиғаларының деңгейі (10 мың көлікке шаққанда) 2007 жылғы 67,9-дан 2009 жылы 39,8-ге дейін төмендеді, жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар деңгейі (100 зардап шеккендерге шаққанда) 32,3-тен 31,5-ке дейін, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер деңгейі 12,6-дан 8,5-ке дейін төмендеді.
Сонымен бірге жол-көлік кешені күрделі жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамалары өсімінің қарқыны көше-жол желісін дамыту қарқындарынан асып түседі. Республикалық мәндегі жолдар ұзындығының елеулі бөлігі күрделі қайта жаңартуды, көлік жүретін бөлігінің ені ұлғайтуды, оларды қоршаулармен жабдықтауды талап етеді. Жергілікті мәндегі жолдар өте нашар жағдайда.
Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен. Жүргізушілерді дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды қажет етеді. Осы және басқа себептердің кешені жол-көлік оқиғалары салдарлары ауырлығының жоғарылығын айқындайды.
Жалпы 2009 жылы қылмыстарды ашу деңгейі 70,2% құрады, 2008 жылы-67,8% (өсім 2,3%). Ауыр қылмыстарды ашу 2,5% (2008 жылғы 75,8%-дан 2009 жылы 78,4%-ға дейін), аса ауыр қылмыстарды ашу 5,9% (2008 жылғы 88,6% 2009 жылы 94,5%-ға дейін) көбейді.
Шұғыл ахуалды күрделендіретін маңызды фактор ұрлық болып табылады. Жалпы қылмыс құрылымында бірнеше жылдар бойы ұрлық фактілері көрсеткіштің жартысын құрайды, олардың әрбір екіншісі ашылмай қалады. Әрбір үшінші тіркелген ұрлық - пәтерлерді тонау. Соңғы жылдары қымбат автомобильдерді ұрлау және айдап кету жиілеген.
Облыста жасалған барлық қылмыстардың 90% астамын тергейтін ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеудің қазіргі жағдайы қарапайымдалған сотқа дейінгі өндірісті қолдану аясын кеңейту қажеттігін меңзейді.
2010 жылғы қаңтардан бастап мұндай нысан шағын және орташа ауыр қылмыстарды тергеу барысында қолданылуда. Бұдан былай ауыр қылмыстарды тергеу барсында да осындай нысанды қолдану көзделуде, бұл қылмыстық процесске қатысушы азаматтардың құқықтары мен еріктерін қамтамасыз етуге оңды ықпалын тигізетін болады.
Облыстағы нашақорлыққа байланысты ахуалдың шиеленісуі жалғасуда. Бірнеше жылдар бойы қылмыстар құрылымындағы нашақорлық қылмыстарының үлесі азаймай отыр (орташа алғанда 10%). 457 нашақорлық қылмыстары анықталды (2008 жылы-440, өсім 3,9%). Жыл сайын анықталатын есірткілер сату фактілерінің саны да төмендемей отыр. 2009 жылы есірткі сатудың 87 фактісі анықталды (2008 жылы-67, өсім 29,9%). Жыл сайын айналымнан 11 тоннадан астам есірткілік заттар, оның ішінде героиннің елеулі мөлшері алынады.
Тұрғындарды есірткі пайдалануға тарту деңгейі жоғары күйде қалуда. Есепте 5 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде есірткі заттарын медициналық емес тұрғыда пайдалануға жол берген 150-ден астам әйелдер, 12 жасөспірім. Есірткіге тәуелді тұлғаларды медико-әлеуметтік сауықтыру деңгейі облыстағы ағымдағы нашақорлыққа байланысты ахуалға сәйкес келмейді.
Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау шеңберінде облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.
Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.
Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, судан құтқару қызметі, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары, 112 құтқару қызметі, ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері, АҚ аумақтық және объектілік құрылымдары, сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу үшін 70084 адамдық жеке құрамды 3709 құрылымдар бар, оның ішінде: 1551 адамдық жеке құрамды 167 штаттық кәсіби авариядан құтқару құрылымдары; 12244 адамдық жеке құрамды 487 аумақтық құрылымдар; 55589 адамдық жеке құрамды 3044 объектілік құрылымдар.
Проблемалар. Жамбыл облысы аумағының үлкен бөлігі жойқын 8 баллдық жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.
Облыс аумағының Жамбыл облысының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Қордай, Мойынқұм, Жуалы аудандары аумақтарындағы Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм және басқа аудандар аумақтарында омбы қарларға, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары аумағында Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қаупі бар.
Ресми мәліметтер бойынша 2002 жылғы қар ерітінді суымен Жамбыл облысына 400 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. 2003 жылы Луговойда болған жер сілкінісінен 16 млрд. тенге, 2005 жылғы омбы қардан 3 млрд. тенге шығын келді. Жыл сайын техногендік және табиғи сипаттағы өрттерден 300 млн. тенгеге жуық залал келтіріледі. Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан жыл сайын облыста 300-ден 400-ге дейін адам қаза табады, оның ішінде автожолдарда 200-ден астам адам. Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.
Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40,АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлкпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Облыста шатырлы лагерлер салуға арналған жабдық жоқ.
Мұрағат
Облыста мұрағат қызметін 12 мемлекеттік мұрағат, оның ішінде 1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық мұрағат жүзеге асырады. 01.01.2010 жылға Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 761101 мың бірлікті құрады.
Облыстың 850 ұйымдарының ведомстволық мұрағаттары Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері болып табылады, оның ішінде 278-і – мемлекеттік емес меншік нысанында. Қазіргі кезде Ұлттық мұрағат қорының ведомстволарда сақтауда тұрған басқармалық құжаттамасының көлемі 180 мың бірлікті құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда – 27 мың бірлік, ғылыми-техникалық – 478 мың бірлік (оның ішінде мемлекеттік емес – 1500 бірлік), жеке құрам бойынша – 220 мың бірлік.
Достарыңызбен бөлісу: |