2005-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы
2 кесте
Өнімнің атауы
|
өлшем бірлік
|
жылы
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010*
|
Азық-түлік өнімдерін өндіру
|
ет және азықтық субөнімдер
|
тн
|
2 921
|
4 012
|
4 863
|
5 119
|
5 284
|
6783
|
шұжық өнімдері
|
-/-
|
228
|
2 121
|
5 260
|
5 320
|
8 023
|
4386
|
тазартылмаған сары май
|
-/-
|
181
|
1 294
|
2 506
|
1 816
|
2 069
|
3328
|
өңделген сұйық сүт және кілегей
|
-/-
|
415
|
5 495
|
7 064
|
7 936
|
7 868
|
9268
|
сары май
|
-/-
|
361
|
798
|
923
|
1 023
|
1 013
|
1074
|
ірімшік және сүзбе
|
-/-
|
1 533
|
2 123
|
1 825
|
1 563
|
866
|
704
|
дәнді дақылдар мен өсімдіктерден ұн
|
мың тн
|
62,6
|
103,6
|
108,1
|
42,3
|
35,6
|
36,2
|
ыстық нан
|
тн
|
9 933
|
36 403
|
40 271
|
40 308
|
45,0
|
29,8
|
макарондар, лапша және ұн өнімдері
|
-/-
|
906
|
2 556
|
3 026
|
3 062
|
1 959
|
2764
|
қант шикізаты немесе тазартылған қант
|
мың тн
|
288,6
|
280,8
|
302,4
|
337,3
|
225,3
|
218,9
|
арақ және ликерлі арақ өнімдері
|
мың л
|
2 568,6
|
2 356,5
|
545,1
|
427,7
|
800,2
|
1 081,0
|
алкоголсіз сусындар
|
-/-
|
803,9
|
781,8
|
409,6
|
264,8
|
950,1
|
1151,1
|
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
|
сары фосфор
|
мың тн
|
83,4
|
66,3
|
70,2
|
80,3
|
35,1
|
62,5
|
ортофосфор қышқылы
|
-/-
|
19,7
|
32,1
|
41,9
|
79,0
|
43,9
|
43,8
|
натрий триполифосфаты
|
-/-
|
17,1
|
34,5
|
46,5
|
84,0
|
46,8
|
45,6
|
азотты, минералды тыңайтқыштар
|
-/-
|
16,5
|
10,3
|
7,9
|
6,8
|
7,8
|
7,4
|
фосфорлы, минералды тыңайтқыштар
|
-/-
|
81,2
|
51,9
|
38,6
|
44,9
|
42,8
|
40,7
|
Машина жасау
|
тұрмыстық машиналар
|
шт.
|
144
|
69
|
83
|
70
|
55
|
65
|
кір сығатын машиналар
|
-/-
|
15
|
59
|
93
|
36
|
42
|
20
|
Металлургия өнеркәсібі
|
ферросиликомарганец
|
тн
|
-
|
-
|
6 578
|
12 902
|
9 602
|
12 308
|
өңделмеген күміс
|
кг
|
117
|
59
|
71
|
92
|
125
|
91
|
өңделмеген алтын
|
-/-
|
889
|
657
|
405
|
415
|
561
|
315
|
құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар
|
мың тн
|
28,6
|
20,0
|
23,2
|
21,9
|
13,8
|
17,0
|
Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі
|
құрылыс кірпіштері
|
мың
текше м
|
42,9
|
107,0
|
83,9
|
116,4
|
60,8
|
43,3
|
цемент
|
мың тн
|
3,8
|
59,5
|
59,5
|
40,5
|
0,2
|
41,2
|
бетоннаан жасалған жиналмалы құрылыстық конструкциялар
|
-/-
|
30,2
|
44,2
|
74,6
|
37,1
|
28,4
|
26,2
|
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі
|
мұнай өңдеу өнімдері
|
мың тн
|
-
|
8,5
|
30,3
|
36,1
|
43,0
|
48,5
|
мотор отыны
|
-/-
|
-
|
1,5
|
4,9
|
11,9
|
18,1
|
22,6
|
газойли (дизельді отын)
|
-/-
|
-
|
0,1
|
8,9
|
7,7
|
7,0
|
6,8
|
жағатын мазут
|
-/-
|
-
|
0,6
|
1,2
|
2,5
|
3,1
|
4,9
|
Тоқыма бұйымдары өндірісі
|
жүн
|
тн
|
82
|
1 506
|
1 839
|
616
|
853
|
1543
|
трикотаждан басқа ерлер мен балаларға арналған сырт киімдер
|
дана
|
6 341
|
6 825
|
3 188
|
580
|
846
|
7487
|
трикотаждан басқа әйелдер мен қыздарға арналған сырт киімдер
|
дана
|
7 146
|
13 910
|
9 787
|
3 644
|
4 808
|
3549
|
2 кестеден көргеніміздей, соңғы бес жылда (2005-2009 жж.) азық-түлік өнімдерін (ірімшік, сүзбе, ұн, қант-шикізаты, арақ, және ликерлі арақ өнімдері, алкогольсіз сусындар), химия өнеркәсібінде (сұраныстың жоқтығынан – сары фосфор, ортофосфор қышқылын, натрий трифолифосфатын өндіру), металлургия өнеркәсібінде, машина жасауда және өзге металл емес минералды өнімдер (құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар, бетоннаан жасалған жиналмалы құрылыстық конструкцияларға, тұрмыстық машиналар мен құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен) өндіруде көлемдер барынша қысқарған.
Бірақ, 2010 жылы сары фосфорды өндіруде, ет, сүт, ұн, арақ бұйымдарын, ферросиликомарганецті, құрылыстық жиналмалы металл қондырғыларын, цементті, мұнайды қайта өңдеу өнімдерін, мотор майын, отын мазутын, трикотаж киімін өндіруде өсім қарқыны байқалуда.
Сонымен қатар, дайын өнімнің өзіндік табысын арттыруға байланысты, дайын өнімді өткізудің төмендеуінің және сұраныстың қысқаруының салдарынан 2009 жылдың ортофосфор қышқылын, натрий триполифосфатын, минералды тыңайтқыштарды өндіру; алтын шығаратын фабриканы жаңғыртуға және жетілдіруге байланысты - өңделмеген күміс және алтын өндіру; шикізатты жеткізудің тұрақсыздығына байланысты – қант, ірімшік және сүзбе, күнбағыс майы және сары май өндіру елеусіз төмендеген.
«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Имсталькон» АҚ-ның ЖМКЗ бөлімшесі «Ақбақай КМК» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «Казтрансгаз» АҚ, «Мақсат А» АҚ компаниялары және басқа да өңдеу саласының кәсіпорындары өнеркәсіп өнімдері өндірісінің негізгі көлемдерін берді.
2011 жылдың бірінші жартыжылдығында индустриализация картасының шеңберінде облыста «Энерджи Тараз» ЖШС кең спектрде пайдаланылатын жарық диодты шамдарды шығару зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асырды, қыздырылатын шамдардан 5 есе тиімді шағын люминесценттік шамдар, жолдарды, көшелерді және парктерді жарықтандыруға жарық диодты шамдар өндірісі, сонымен бірге шамдарды іске жарату бойынша құралдар сатып алынады және халықтан мерзімі өткен шамдар қабылданады.
«SUPER PHARM» ЖШС - тоқыма емес матадан (стерильденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырады.
Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі – Жамбыл облысында барынша дамыған сала, оның облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 24,5%-ды, ал жалпы облысы өндірісіндегі үлесі – 18,7%-ды құрайды. Химия өнеркәсібінде облыс экономикасында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 1,4%-ға жуығы жұмыс істейді. Инвестиция көлемі 2009 жылы 1,2 млрд.теңгені құрады. Жоғары деңгейдегі химия өнімдерінің экспорты 2009 жылы 18821,8 млн. теңгені құрады.Химия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ көлемі 11,7 млрд. теңгені құрады.
Облыстағы Қаратау фосфориттік бассейнінде біздің республикамызда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде теңдесі жоқ фосфат шикізатының өте ірі қорлары бар. «Казфосфат» ЖШС компаниясы бүгінгі таңда республикадағы химия өнеркәсібінің жалпы көлемінде 98,2%-ды құрайды. Оның құрамында фосфарит өндіретін және оны өңдейтін ГПК «Қаратау» ТӨК мен «Шолақтау» ТӨК-і, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты өндірістік бірлестігі, «Минералды тыңайтқыштар» зауыты тәрізді ірі өндіріс орындары бар (3 сурет). Облыстың химия саласының негізі – құрамында фосфоры бар шикізат өндіру, тыңайтқыштарды қоса алғанда құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру.
Қазақстандағы минералды шикізаттар
мен минералды тыңайтқыштар өндіру
3 сурет
2009 жылы «Казфосфат» ЖШС-нің бөлімшесі ЖЖФЗ-мен 15,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өндірістің құлдырауы жақын және алыс шетел нарығындағы химия өнімдеріне деген сұраныстың шектеулілігімен байланысты болды. 2009 жылдың ішінде компания кәсіпорындарының жұмысында ауытқулар болды, тамыз айынан бастап сары фосфор шығаратын рудотермикалық пеш іске қосылды, қыркүйекте екінші пеш іске қосылды.
«Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» бөлімшесі 5,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді, 42,8 мың тонна фосфор тыңайтқыштары (96,1%), 7,8 мың тонна – азот тыңайтқыштары (116,1%) өндірілді.
Облыс экономикасын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2009-2010 жылдары облыстың жергілікті атқарушы органдары кәсіпорын жұмыстарын тұрақтандыру және өндірілетін өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шаралар қабылдауда. Осылайша, «Казфосфат» ЖШС үшін 2010 жылдың 1 қазанына дейін солтүстік электр көздерінен электр энергиясына деген тарифті 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 3,6 теңге деңгейіне дейін төмендету жөнінде келісім жасалды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін «Казфосфат» ЖШС өндіретін минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Үкімет қабылдаған шаралар азот тыңайтқыштары өндірісін 2008 жылмен салыстырғанда 1098 тоннаға арттыруға негіз болды. 2009 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС, «КазАгро» Ұлттық холдингі және «Қазақстанның Агроодағы ассоцияциясы» ОЮЛ арасында жасалған меморандумға сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 5,1 млрд.теңге сомасында 64,5 мың тоннааға дейін минералды тыңайтқыштар жеткізуге келісім жасалды, мұнда тасымалдау бойынша барлық келісім міндеттері орындалды. Бұл шаралардың барлығы дағдарыс кезіндегі өңірдің химия саласының жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |