ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе………………………………………………………………
|
3
|
1
|
Бағдарлама паспорты……………………………………………...…..
|
4
|
2
|
Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..………………….
|
15
|
3
|
Өңір дамуының болашақ көрінісі…………………………………………..
|
120
|
4
|
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары
……………………………………...
|
127
|
5
|
Қажетті ресурстары………………………………………………
|
211
|
6
|
Бағдарламаны басқару…………………………………………….
|
212
|
КІРІСПЕ
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Дамыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.
Дамыту бағдарламасы бағдарламасы облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дамыту бағдарламасы бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.
Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.
Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасы бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарлама атауы
|
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары
|
Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы километрді немесе республика аумағының 5,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағынан Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінен – Қарағанды облысымен, оңтүстігінен – Қырғыз Республикасымен шекаралас.
Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы Тараз қаласы және аудандық бағыныстағы 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.
Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.
Облыс халқы 1042,9 адамды немесе республика халқының 6,4% құрайды.
Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.
Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 348,9 млрд. Теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп - 59,4 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 17%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 455,9 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 115,6 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2010 жылы алдын-ала мәліметтер бойынша 453,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 107,6%), оның ішінде өнеркәсіп – 84,4 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 18,6%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 2210,8 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 124,7 млрд. теңгені құрайды.
Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.
|
Бағыттары
|
Агроөнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;
Әлеуметтік саланың және адами әлеуеттің дамуы, халық өмірі сапасы деңгейінің жоғарылауы, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілу;
Экономиканы үдемелі индустриаландыруға және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау;
Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту есебінен облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;
Өңірлік экономиканы үдемелі индустриаландыру бойынша инновациялық жобаларды іске асыру арқылы басымды салалардағы жоғары шекті өнімге өту, нығайту және тиімділігін арттыру арқылы Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;
Өнеркәсіптің энергиялық тиімділігін арттыру;
Тұрақты өсім қарқынымен және осы заманғы, прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін және тамақ өнімдері өндірісін құру;
Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің, оның ішінде ШОБ экономикалық белсенділігінің өсімі үшін қолайлы орта жасау;
Тиімді сауда саясатын жүргізу;
Дамыған сервистік жүйесі бар тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;
Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту;
Білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;
Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;
Атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құру;
Мүгедектергеді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;
Бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту;
Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау;
Көлік инфрақұрылымын дамыту;
Тұрғын үй құрылысы және ғимараттар мен имараттардың сеймотұрақтылығын қамтамасыз ету;
Азаматтардың қолайлы өмір сүруі;
Экономиканың электр энергиясына сұранысын қамтамасыз ету;
Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға өту мақсатында инфокоммуникация саласын дамытуға жағдайлар мен тетіктер жасау;
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін жасау, ауылдық тұрғындардың тіршілгін қамтамасыз етудің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз ету;
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;
Мемлекеттік пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Аймақтық ақпараттық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
Жастардың дамуына жағдай жасау, оларды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту;
Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;
Гендерлік теңділікті нығайту;
Көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту;
Қылмысқа қарсы күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл;
Облыс аумағындағы авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;
Жамбыл облысының мұрағат саласын дамыту.
|
Міндеттері
|
ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;
Әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;
Инновацияларды дамыту және технологиялық модернизацияға ықпал ету;
Химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі және экспорты көлемдерін арттыру;
Металлургиялық өнімдердің жалпы көлемін арттыру;
Машина жасау өнімдерінің жалпы көлемін арттыру;
Құрылыс материалдары өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және жаңа өндірістер құру;
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемін арттыру;
Мұнай өнімдері өндірісінің көлемін арттыру;
Өнеркәсіп салалары бойынша энергия сыйымдылығын төмендету көрсеткіштері;
Озық технологияларды ендіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту негізінде өсімдік шаруашылығын дамыту көрсеткіштерінің тұрақты өсімі;
Облыс мал шаруашылығының негізгі құрамдас бөлігі ретінде асыл тұқымды және өнімділігі жоғары мал шаруашылығын дамыту;
Облыс аумағында мал шаруашылығының қызмет көрсететін инфрақұрылымын дамыту;
АӨК-тегі қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту;
Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдау;
Жер үсті көздерінен су алуды азайту;
Облыс халқын балық өнімдерімен қамтамасыз ету;
Облыстың жыртылған жерлерін пайдалану деңгейін арттыру;
Бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторын сауықтыру, экспортқа бейімделген өндірістерді қолдау;
Бәсекелестікті дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
Сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда тиімділігін арттыру, сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;
Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;
Туристік қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
Жамбыл облысының туристік өнімін халықаралық және ішкі туристік қызметтер нарығында алға жылжыту;
Әйелдер мен балалар денсаулығын нығайту;
Әлеуметтік елеулі аурулардың ауыртпашылығын азайту;
Салауатты өмір салтын дамыту;
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін ендіру;
Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;
Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;
Мүгедектерге, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Мүгедектер мен қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсету;
Бұқаралық спортты дамыту;
Жоғары жетістіктер спортын дамыту;
Облыстың тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және сақтау;
Мәдениет және өнер саласын кеңінен таныту;
Тұрғындардың мәдени құндылыққа қол жеткізуін арттыру;
Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;
Республикалық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;
Жолаушылар көлігін дамыту;
Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу;
Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;
Аумақтар мен елді мекендерге құрылыстар салу және тиімді дамыту;
Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;
Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;
Үйлерді нормативтік пайдалануды кондоминиум объектілерімен дербес қамтамасыз ету;
Электр өткізу желілері мен кіші станцияларды модернизациялай отырып электр энергиясы өндірісін арттыру;
Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру;
Жоғары органдардың нормативтік және деректі құжаттарын орындаудың жеделдігін арттыру;
Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
Әкімдік АҚ деңгейін 100% көтеру;
Әкімдік бастамаларын жалпыға тарату;
Байланыс қызметтерін жетілдіру;
Ауылдық жерлерде берілетін білім сапасын жақсарту;
Ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Ауылдық жерлерде мәдениет пен спортты дамыту;
Ауылдық елді мекендерді газдандыру;
Ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету;
Облыстық және аудандық мәндегі жолдардың жағдайын жақсарту;
Әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерлерге тарту;
Шағын несиелеу арқылы ауыл халқының кірістерін арттыру;
Атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтардың шоғырлану көлемін азайту;
Ормандарды қорғау, сақтау және өсімін молайту, орман егу;
Жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту;
Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту
Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын арттыру
Аймақтық электронды және басылымды БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетін арттыру және заңнамалардың сақтауын қамтамасыз ету
Аймақтық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттің даму Стратегиясын ақпараттық қолдау тиіділігін арттыру
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жұмысты белсендіру
Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету
Жастарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік қолдаумен қамту
Жастар арасында салауатты өмір салтын, бағдарламалық ұстаным негіздерін насихаттау
Жастардың кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамыту
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;
Өңірлердің көрнекілік ақпаратпен қамтылуын бақылау деңгейі;
Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарына жылжуына қатысу;
Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен еріктерінің қажетті деңгейін ұстау;
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес;
Зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге құралдардың қорларын құру және оларды өз мақсаты бойынша пайдалану үшін тұрақты дайындықта ұстау;
Тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге қарсы іс-қимыл;
Жамбыл облысының мұрағаттарында сақталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байыту, сақталуын қамтамасыз ету.
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.
|
Мақсатты индикаторлары
|
ЖЖӨ нақты өсімі 2015 жылы 2010 жылдың деңгейіне қатысты 150% құрайды (2010 ж. – шамамен 107,6%);
ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі үлесінің 2015 жылға кем дегенде 15,6% ұлғаяды (2009 ж.- 12,6%);
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2015 жылы 157,0 млрд. теңге (2009 ж. – 88,2 млрд. теңге);
Өңдеу өнеркәсібінің алдыңғы жылға НКИ 2015 жылы 107,5%;
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 2015 жылы кем дегенде 1,4 есеге ұлғаюы, мың. теңге/адам;
Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесінің 2015 жылға кем дегенде 91% ұлғаяды;
Шикізаттық емес экспорт көлемінің өңдеу өнеркәсібі өндірісінің бірлескен көлемі 2015 жылы 35,8% құрайды (2009 ж. – 28,5%);
Инновациялық өнім өндіру көлемі 2015 ж. – 2503,19 млн.теңге;
Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 13,2% дейін (2009 ж. – 4,4%);
ЖӨӨ энергия сыйымдылығының 2014 жылға 2008 жылдың деңгейінен кем дегенде 10% төмендеуі;
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 64% дейін өсуі (2009 ж. - 58%);
2015 жылы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 90,5% аса өсуі (2009 ж. – 83,6%);
Менеджмент жүйесін (ИСО және ХАССП) ендірген және сертификаттаған кәсіпорындар санының 295 бірлікке дейін өсуі (2009 ж. – 148 бірлік);
Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған экспортқа бейімделген кәсіпорындар санының өсуі, 2015 жылы – 10 бірлік (2009 ж. – 3 бірлік);
ЖӨӨ құрылымындағы химия өнеркәсібі өнімдерін шығару үлесі 2015 жылы 5,6% (2009 ж. – 3,3%);
Химия өнімдері өндірісінің көлемі 2015 жылға 2,6 есеге өседі,
Химия өнеркәсібінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне – 118,1%;
Химия өнімдерін экспорттау 2015 жылға қарай 1,5 есеге артады;
Минералдық тыңайтқыштардың әр түрлерінің өндірісі 2015 жылға қарай 244,8 мың тоннаға жетеді;
Химия саласындағы еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай өсуі, 5,9 млн.тенге/адам;
Металлургиялық өнімнің және дайын металл бұйымдары өндірісінің 2015 жылы 19,7 млрд.теңгеге дейін;
Минералдық шикізатты тереңдете қайта өңдеу және жаңа шектеуліктер жасау негізінде металлургия саласының жалпы қосымша құнының кем дегенде 107% өсуі;
Металлургия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2015 жылы 14,7 млн. теңгені құрайды;
Металлургия өнеркәсібінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 104,2% (2009 ж. – 92,2%);
Металлургия өнімдерін экспорттау 2015 жылға қарай 20,4 млрд. тенгеге өседі;
Металлургия өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігін 2015 жылға 4,7 млн.теңге/адам;
ЖӨӨ құрылымындағы машина жасау өнімін шығару үлесі 2015 жылы 0,9%;
Машина жасау саласының жалпы қосымша құны 2015 жылға қарай 4,5 млрд.теңгеге дейін;
Машина жасау саласының жалпы қосымша құнының 2015 жылға өсімі 100%-ға дейін;
Машина жасау саласының өндіріс көлемінің 2015 жылға қарай 8,6 млрд.теңге;
Машина жасау өндірісінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 100,2%;
Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі 2015 жылы 1,6 млн.теңге/адам дейін артуы;
Құрылыс индустриясындағы жалпы қосымша құнның өсімі 2015 жылы 102,0%-ға дейін (2009 ж. – 100);
Өзге металлдық емес минералдық өнімдер өндіру көлемі 2015 жылы 17,0 млрд. теңге;
Өзге металлдық емес минералдық өнімдер өндіру НКИ 2015 жылы 103,1% (2009 ж. – 80,3%);
Құрылыс материалдары отандық өндірісі үлесінің артуы 2015 жылға 8,63% (2009 ж. – 1,24);
Құрылыс материалдары секторындағы өндіріс экспортының үлесі 2015 жылы 0,17%-ды құрайды;
ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімін шығару үлесі 2015 жылы 0,06%-ды құрайды;
Жеңіл өнеркәсіптің жалпы қосымша құны 2015 жылы 1629,0 млн. теңге;
Жеңіл өнеркәсіптің өндіріс көлемі 2015 жылы 2715,8 млн. теңге;
Жеңіл өнеркәсіптің өсім қарқыны 2015 жылы 2014 жылға 105%;
2015 жылға қарай жеңіл өнеркәсіп өніміне ішкі нарық сұранысын 2% деңгейге дейін қанағаттандыру;
Жеңіл өнеркәсіптің еңбек өнімділігін арттыру 2015 жылға 0,8 млн.теңге/адам дейін (2009 ж. – 0,6 млн.теңге/адам);
Мұнай өнімдері өндірісі көлемдері 2015 жылы 3064,6 млн.теңге;
ЖӨӨ құрылымындағы мұнай өнімдерін шығару үлесі 2015 жылы 0,2% (2009 ж. – 0,2%);
Электр энергиясы өндірісінің көлемдері 2015 жылға қарай 2,02 млрд. кВт/сағ;
Электр энергиясын тұтыну көлемі 2015 жылға қарай 4,05 млрд. кВт/сағ;
Жылу энергиясы өндірісінің көлемі 2015 жылға 2450,5 мың Гкал;
Жылу энергиясын тұтыну көлемі 2015 жылға 1687,4 мың Гкал;
Энергияны жергілікті көздерден өндіру 2015 жылы 50%-ды құрайды;
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 104,2% немесе 83,2 млрд. теңгені құрайды (2009 жылы – 117,4% немесе 68,4 млрд. теңге);
Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 2015 жылы экспорттың жалпы көлемінде 24,1% дейін ұлғаяды (2009 ж. – 17,0%);
Агроөнеркәсіп кешеніндегі ЖҚҚ еңбек өнімділігі 2015 жылы 264,9 мың теңге/адам;
2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 35,5%, сүт - 55%, жеміс пен көкөніс - 15% артады (2009ж.: ет – 27,2%, сүт – 18,9%, жеміс пен көкөніс – 0,01%);
2015 жылға қарай АӨК жалпы қосымша құны ұлғаяды, ақшалай 2015 жылы – 53,2 млрд.тенге (2010 ж.- 43,9 млрд. теңге);
Жер үсті көздерінен су алу 0,8 млн. м3 қысқартылады;
Каналдардың пайдалы іс-әрекет коэффициенті 0,05 құрайды;
2015 жылы жылдық балық аулау 350 тоннаға жетіп немесе 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғаюы тиіс;
Жер ресурстарын басқару тиімділігі артады;
Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 2015 жылға 40 бірлікке көбейеді;
Сауданың алдынғы жылға НКИ 2015 жылы 105% (2009 ж. – 102,9%);
2015 жылы сыртқы сауда айналымы өсімінің қарқыны 103,9% құрайды (алдыңғы жылға), (2009 жылы -62,6% );
Ірі объектілер мен сауда желілерінің бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесінің өсімі 2015 жылы 1,9% құрайды (2009 ж. – 1,1%);
Туристік салада қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы кірістері 2015 жылы 2008 жылдың деңгейінен 15% ұлғаяды;
Халықтың өмірінің күтілетін ұзақтығы – 2015 жылы 70,3 жас (2009ж. – 68,7 жас).
1000 тұрғынға шаққандағы жалпы өлім көрсеткіші - 2015 жылы 6,6 (2009ж. – 7,82);
1000 тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі – 2015 жылы 25,9 (2009 ж.- 40,0);
1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте өлімі – 2015 жылы 12,3 (2009 ж.-18,4);
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы - 56,1% және 2015 жылға қарай – 73,5%;
Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесі 2013 жылы – 58 %, 2015 жылға қарай – 60 %;
Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі - 2013 жыл - 17,7%, 2015 жылға қарай - 30,0%;
ТжКБ оқу орындары түлектерінің оқуды аяқтағаннан соң бірінші жылы жұмысқа орналасқандарының және жұмыспен қамтылғандарының үлесі - 2013 жылы - 60%, 2015 жылға қарай - 62%;
Жұмыс берушілердің бірлестігінде біліктілігін тәуелсіз бағалаудан бірден өткізген ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 2013 жылы - 55%, 2015 жылы – 60%.
2015 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі – 5,5 % құрайды;
Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 2015 жылға қарай 72,5% құрайды;
Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы біліктілігі жоғары жұмыс күшінің үлесі 2015 жылға қарай деңгейі 46,2% жетеді;
Жұмысқа тартылған ШЖК құрамындағы білікті мамандардың үлесі 2015 жылға қарай 52,5% жетеді;
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының іс-шараларымен қамту, 2011 жылы 154 адам;
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз тұрғындардың жалпы халықтың санындағы үлесі 2009 жылы 4,8% құраған, 2010 жылы 5,3% құрайды, облыс бойынша 5,1% төмендейді;
Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 39% құраған, 2010 жылы 38,2% құрайды, ал 2015 жылға қарай 30% төмендейді;
Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар әлеуметтік қызмет көрсетілетін тұлғалардың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 100% құраған, 2015 жылы – 100%;
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы – 19,4%, 2015 жылға қарай – 22% (2009 жылы – 12%);
Облыстың спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны - 2013 жылы – 11,1%, 2015 жылға қарай – 12,9% (2009 жылы-6,2%);
Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі (2009ж. – 45%) 2013 жылы - 50%, 2015 жылға қарай - 52%;
Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай (2011-2015 жж. ішінде) 1081,9 мың шаршы м. жетеді;
Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;
Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай - 100% құрайды (2009 ж. – 74,2%);
Ауылдық жерлердегі орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай - 68% құрайды (2009 ж. – 40,9%);
Экономиканың сұраныстарын қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 2015 жылы 50% құрайды;
50% кем емес әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету;
2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығын 40% көтеру;
ҚР ЖӨӨ инфокоммуникациялық инфрақұрылымын қосқанда ИКТ секторының үлесі 2015 жылға қарай – 2% құрайды (2009 ж. – 1,95%);
Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 152 бірлікке жетеді (2009 ж. - 137);
Стационарлық көздерден ауаға зиянды заттардың жалпы шығарылуы нормативтерінің белгіленген көлемі 2015 жылы 62,7 мың тоннаны құрайды;
Ластағыш заттардың жалпы шығарылуының белгіленген көлемі 2015 жылы 46,458 мың тоннаны құрайды;
Қалдықтарды қайта өңдеудің олардың құралуына көлемі 2015 жылы 5% құрайды;
Облыстың ормандануы артады;
Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 2015 жылы – 1000 га-ға 0,88 бірлікті құрайды;
Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттің саясатын қолдау деңгейі 2009 жылы 86% құраған, 2015 жылға қарай 93% құрайды;
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 52% құраған, 2015 жылға қарай 58 % құрайды;
Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімге қажеттілік деңгейі 2009 ж. – 45,5%, 2015 жылға қарай 49,5% құрайды;
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізгі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 ж. – 87,5%, 2015 жылға қарай 94% құрайды.;
Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 21%-дан 2015 жылы 25%-ға дейін ұлғаяды;
Жастар саясатын іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылы 38%-ға дейін ұлғаяды;
Жастар отансүйгіштігінің деңгейі (социологиялық сауалнаманың мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 70%-дан 2015 жылы 73%-ға дейін ұлғаяды;
14 жастан 29 жасқа дейінгі халық арасындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 2009 жылғы 7,3 баллдан 2015 жылы 7,8 баллға дейін ұлғаяды;
Жастар арасындағы нашақорлық деңгейі 2009 жылғы 17%-дан 2015 жылы 4%-ға дейін төмендейді;
Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 2009 жылғы 77%-дан 2015 жылы 83%-ға дейін ұлғаяды;
Мемлекеттік тілді меңгерген облыс халқының үлесі (2009ж.-85,5%) 2013 жылы - 94,0% , 2015 жылға қарай 98% құрайды;
Мемлекеттік, орыс және ағлшын тілдерін меңгерген халық үлесі (2009ж.-4,5%, 2013 жылы - 7,0% , 2015 жылы – 8%);
Атқарушы және өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі 2013 жылы - 10%, 2015 жылы -15% құрайды, 2009 жылы 4,9% құраған;
2011-2015 жылдары әйелдердің орташа жалақысының ерлердің жалақысынан кем дегенде 75% қатынасын қамтамасыз етіледі;
Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 60% деңгейден кем емес (2009 ж. – 50%);
Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі (10 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы 42-ден жоғары емес (2009 ж. – 38,7);
Халқы 5 мың және одан көп адамды құрайтын қалалар мен елді мекендердің ТЖ кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамтылуы;
Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұрақтарына оңды жауаптар беру үлесі 2015 жылы 80% құрайды (2009 ж. – 68%).
|
Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері*
|
2011 жыл – 95 475,5 млн.теңге;
2012 жыл – 138 528 млн.теңге;
2013 жыл – 137 756 млн. теңге;
2014 жыл – 252 559 млн.теңге;
2015 жыл – 112 204 млн.теңге.
* - қаржыландыру көлемдері 2011-2013 жылдарға арналған бюджет бекітілгеннен кейін нақтыланатын болады
|
2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан және батысы мен шығысында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы км-ді немесе Республика аумағының 5,3%-ын құрайды.
Аумағының басым көпшілігі жазық жер болғанына қарамастан, Жамбыл облысы табиғатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Шу өзенінің солтүстік бөлігі - сазды немесе тасты Бетбақдала шөлі. Шу өзенінің оңтүстігіне қарай айдар-айдар, жон- жон болған құмдары бар Мойынқұм құмы жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау сілемдері (биіктігі 1600 м.) бар. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Іле Алатауына барып бітетін Кіндіктас тауы (биіктігі 1503 м.) орналасқан. Облыстың климаты континентальды, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келеді. Қаңтардағы орташа температура жазық жерлерде - 15°С, таулы жерлерде -6 -8°С; шілдеде тиісінше +16°С и +24 +25°С. Жауын-шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 300 мм-ге дейін, таулы аймақтар мен тауларда 500-700-ден 1000 мм-ге дейін. Таулы аймақтар мен жазық жерлердегі вегетациялық кезең – 205-225 күн. Өңірде су объектілері өте көп: Балқаш көлі, Көккөл көлі, өзендер, сарқырамалар, Тасөткел және Теріс Ащыбұлақ су қоймалары.
Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала бар. Облыс халқы 1042,9 мың адам немесе Республика халқының 6,4%-ын құрайды. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.
Облыстың инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.
Жамбыл облысында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – фосфориттер, плавиктік - шпаттық шикізат, алтын, Амангелді кен орнындағы газ.
Облыста сонымен бірге төмендегідей пайдалы қазбалар қоры бар:
түсті металл (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын және мырыш және т.б.), уран
барит (Шығанақ кен орны)
көмір (Шу көмір бассейні, Құлан кен орны)
әрлеу, көркемдеу және техникалық тастар (гранит, амазонитті гранит, мәрмәрлар, әктас, техникалық және түсті халцедон, үлгілік шикізаттар, гематит-қантас, хлорит-анартастар)
құрылыс материалдары (асбест, тальк, слюда, құмтас, цементтік және керамзиттік шикізаттар, гипс және ангидрит және т.б.)
газ
минералды тұздар (ас тұзы –Майдагенкөл көлі, жемдік тұздар – Тұзкөл)
жерасты сулары.
Облыс аумағынан ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді. Сондай-ақ 2012 жылға қарай «Батыс Европа – Батыс Қытай» автобанынының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба облыс арқылы өтетін тасымалдаудың 300 млн. тоннаға дейін жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыс облыстық мәндегі және қатты төсенішті автокөлік жолдарының жоғары тығыздылығымен сипатталады.
Жол төсеніштері сапасының төмендігі (аудандық мәндегі жолдардың 42%-ы қанағаттанарлықсыз деңгейде), жүк көліктерін жөндейтін сертификатталған сервистік орталықтардың жоқтығы, автобустық жылжымалы құрамның ескіруінің жоғары деңгейі (автобустардың жартысынан астамы 13-14 жылдық автобустар) Жамбыл облысының көлік саласының негізгі мәселелері болып табылады.
Алғашқы құрылыс материалдары: гипспен, шағылмен, құммен, сары топырақпен жабдықталуы Жамбыл облысының құрылыс саласының күшті жағы болып табылады.
Облыста биязы жүнді қой шаруашылығын дамытуға оңды жағдайлар бар, алайда мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және оны алғашқы өңдеу бойынша инфрақұрылымның жоқтығы бұл саланың даму әлеуетіне кедергі болуда. Сонымен қатар, көкөніс өсіруге оңтайлы табиғи-климаттық жағдайлар да көкөніс сақтау жөніндегі өндіріс қуаттарының шектеулілігіне байланысты толығымен іске асырыла алмауда.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін өнеркәсіптің экспортқа бағытталған ірі саласы – тыңайтқыштар өндірісі белгілейді.
Өндіріс саласында кокс пен күкірт қышқылы сияқты шикізаттың базалық түрлерінің жоқтығынан тыңайтқыштар өндіру шектелуде.
Әлеуметтік саладағы ахуал халықтың табиғи өсімінің оңды қарқынды демографиялық жағдайымен көрініс беруде.
Денсаулық сақтауды дамытудың проблемалық мәселелерін мақсатты түрде қаржыландыру бойынша қабылданған шаралар медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын барынша жақсартуға, ана мен бала өлімінің, әлеуметтік маңызды аурулармен ауырудың көрсеткіштерін, медициналық кадрлардың жетімсіздігін төмендетуге мүмкіндік берді.
Білім беру саласын дамытумен қатар бұл халықтың ауылдық жерлерде тұрақтандыруға оңды алғышарт береді.
Соңғы жылдары экономикалық белсенді халық саны артуда және жалпы жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.
Сонымен бірге, қолда бар әлеуетті толық қолдануға мүмкіндік бермейтін және экономиканың дамуын кешеуілдететін жағымсыз жақтары да бар.
Өндіріс күштерін таратудағы аумақтық сәйкессіздік, қосымша құн шеңберіндегі өнеркәсіптік буындарының жоқтығы аудандар мен қалалардың дамуындағы әркелкілікке алып келуде.
Көптеген кәсіпорындардың қазіргі заманғы технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылуының төмендігі және негізгі өндірістік қорларының барынша ескіруі энерго-, еңбек-, материал сыйымдылығының өсіміне және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Аграрлық өнеркәсіп кешенінің негізгі проблемаларына мыналар жатады: еңбек сыйымдылығы процесінің әлсіз механизациясы, ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруінің жоғары деңгейі, мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылғында асылтұқымды тұымдардың үлесінің төмендігі, мал шаруашылығының шикізаттарын дайындау, сақтау және алғашқы өңдеу және көкөністерді сақтау жөніндегі инфрақұрылымның жоқтығы.
Агроөеркәсіптік кешен құрылымындағы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың үстемдігі (шаруалардың мал союының көптігіне, санитарлық бақылау нормаларын сақтамаумен және әлсіз жемдік базамен байланысты), сондай-ақ қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық жарақтануының әлсіздігі өнім сапасына әсер етеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақтауарлылығы кең ауқымды асыл тұқымды сұрыптау жұмыстарын жүргізуге, ғылыми негізді ауыспалы егісті сақтауға, қазіргі заманғы технологияларды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механизациялау мен автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Өнеркәсіпті дамытудың жағымсыз жақтарына өндірісті әртараптандырудың төмен деңгейін жатқызуға болады.
Инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз деңгейі ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытудың негізгі мәселесі болып табылады.
Коммуналдық шаруашылық объектілерінің ескіруі жалпы алғанда жоғары деңгейде. Қаратау және Жаңатас қалаларының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындар сумен қамсыздандыру жүйесінің ескіргендігінен (65-70%) суды тәулік бойы беруді қамтамасыз ете алмайды. Төмен тарифтер, халықтың қызмет төлемдерін төлеу деңгейінің төмендігі бұл саланы инвестиция мен жеке бизнес үшін тартымсыз етеді.
Негізгі қорлардың өте қатты ескіруінен жылу қуатының суммарлық шығындары 2009 жылы 21,5%-ды құрады. Электр қуатының нормативтік шығындары 22%-ды құрайды.
Денсаулық сақтауды дамытудың әлсіз жақтарына дәрігерлік кадрлардың жетімсіздігін, денсаулық сақтау мекемелері ғимараттарының физикалық және моральдық ескіру деңгейінің артуын, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық ресурстарға үздіксіз қосымша қажеттілігін жатқызуға болады.
Білім беру саласының әлсіз жақтары 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігінен, педагогикалық кадрлардың жеткіліксіздігінен, білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық жағынан барынша ескіруінен көрініс береді.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы
Достарыңызбен бөлісу: |