Программа по предмету «Русский язык»


Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны



жүктеу 1,26 Mb.
бет10/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,26 Mb.
#23279
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 30 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс шығармалар туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі туралы. Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (5 сағат):

    1. «Батырлар жыры туралы түсінік. «Қобыланды батыр» жыры» (2 сағат). Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Әдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: театр (М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;

    2. «Шешендік сөздер туралы түсінік» (2 сағат). Шешендік сөздердің мәні мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мәселелері. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік ұстанымдармен бірлігі. Шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: шешендік сөз туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: билердің сөздерін мәнеріне келтіріп жатқа оқу, қысқаша мазмұнын әңгімелеп беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Үш пайғамбар». Алматы, 1992;

    3. «Қанатты, нақыл сөздер» (1 сағат). Қанатты, нақыл сөздердің мақал-мәтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе авторының болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы. Әдебиет теориясы: қанатты, нақыл сөздер. Тіл дамыту: достық, сыйластық, туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл сөздер негізінде ребус құру.

  4. «ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті» (4 сағат):

    1. «Дулат Бабатайұлы.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс – ата-әже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың» өлеңі;

    2. «Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі» (1 сағат). Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен қоса, оның сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, теңеулерді табу, оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, «Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Өтемісұлы. «Мен едім» өлеңі;

    3. «Абай Құнанбайұлы. Жетінші қарасөзі» (2 сағат). Абай – ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. Жетінші қарасөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік. Қарасөздерінің жазылу себептері. Ондағы философиялық ой, тәлім-тәрбиенің молдығы. Абайдың сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің құндылығы. Әдебиет теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: тарих, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Он жетінші сөз».

  5. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (19 сағат):

    1. «Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы – ақын, педагог, қоғам қайраткері. Шығармашылығына шолу. А.Байтұрсыновтың аударма мысал өлеңінің кейіпкерлеріне мінездеме. Өлеңдегі негізгі ой, басты идея – қарапайымдылық. Ақынның жастарды адамдыққа үндеуі. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А. Байтұрсынұлы. «Қара бұлт» өлеңі;

    2. «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

    3. «Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі («Қартқожа» романынан үзінді)» (2 сағат). Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын, жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі. Олардың өнерді жоғары бағалауы. Әмірқандай әншінің прототипі қазақтың атақты әншісі, дарынды тұлға Әміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Әншінің үнтаспаға жазылған әнін тыңдату. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әміре Қашаубаев туралы;

    4. «Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың орны. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі;

    5. «Бейімбет Майлин. «Айт күндері» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Әңгімедегі айт мерекесінің көріністері. Құрбан айттың өзіндік дәстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері және ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров. «Қымыз» өлеңі;

    6. «Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін білдіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;

    7. «Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы. Басты кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Әңгімедегі адам – табиғат арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: кино («Көксерек» кинофильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Жетім» әңгімесі;

    8. «Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Автобиографиялық әңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы телесабағы);

    9. «Зейін Шашкин.«Доктор Дарханов» романы (үзінді)» (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Дәрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық идеясы. Әдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқу, мазмұнын баяндау, образдарға мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері;

    10. «Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мән-маңызы. Қазақ елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген мәңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев. «Ана тілі» өлеңі;

    11. «Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Әңгіменің тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан әңгімелер. Мыңбұлақ аулының әсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі. Әңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары. Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мәселесін көтеруі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: әңгімені бөлімдерге бөліп, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Мұртаза. «41-жылғы келіншек» әңгімесі (үзінді);

    12. «Қадыр Мырзалиев. «Жеті» өлеңі» (1 сағат). Ақын шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал келтіру. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі.

  6. Қорытындылау (1 сағат).



5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Қазақ әдебиеті туралы жалпы түсінік. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы байланыс. Әдебиет – өмірдің көркем бейнесі. Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі.

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (3 сағат):

    1. «Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры (үзінді)» (3 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қыз Жібек» жырындағы қазақ халқының тұрмыс-салт көрінісі. «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдың композициялық құрылымы. Кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың нұсқалары туралы. Әдебиет теориясы: лиро-эпостық жырлар. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, кино («Қыз Жібек» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

  4. «Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.)» (1 сағат):

    1. «Әбунасыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі» (1 сағат). Әбунасыр әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның туған жерге деген сағынышы. Әдебиет теориясы: лирика туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әл-Фараби. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі.

  5. «ХІХ ғасыр әдебиеті»(5 сағат):

    1. «Абай Құнанбайұлы. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңдері, он жетінші қарасөзі» (4 сағат). Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ақынның туған жері, өскен ортасы, алған білім-тәрбиесі. «Сегіз аяқ» өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Он жетінші қарасөзі. Шағын сюжетке құрылған қарасөздің философиялық, тағылымдық мәні. Абай қарасөздерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы, қарасөз туралы түсінік. Пәнаралық байланыс: музыка (Абайдың «Сегіз аяқ» әні). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі;

    2. «Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты» өлеңі» (1 сағат). Шәкәрім – Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Шығармаларының көркемдік ерекшелігі. «Бостандық таңы атты» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, елді жарқын болашаққа үндеуі. Әдебиет теориясы: образ және образдылық. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Шәкәрім әндері), электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шәкәрім. «Өмір» өлеңі.

  6. «ХХ ғасыр әдебиеті» (15 сағат):

    1. «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі» (1 сағат). С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры. «Бір адамға» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, ирония. Әдебиет теориясы: астарлау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қамар сұлу» романынан үзінді;

    2. «Мағжан Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі» (1 сағат). М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, ерекшелігі. «Сағындым» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның психологиялық күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы. Әдебиет теориясы: лирика. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;

    3. «Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді)» (3 сағат). С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ әдебиетінің тарихындағы орны. Поэмада ақынның аллегориялық тәсілмен ой айта білуі. Поэмадағы сұлулық, тазалық идеалы. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Пәнаралық байланыс: география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Қызыл кітап» өлеңі;

    4. «Мұхтар Әуезов. «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі («Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді)» (4 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы қысқаша мәлімет. Әңгіменің идеялық мазмұны. Тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Онегиннің сөзі»;

    5. «Ғабит Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі, еңбектері туралы. Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік шеберлігі. Аудару шеберлігі. Шығыстық бояу. Ана ерлігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі;

    6. «Мұқағали Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ақынның қазақ әдебиетінде алатын орны. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңіндегі ақынның табиғатпен үндесуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі, өлеңдегі нәзік лиризм. Әдебиет теориясы: параллелизм. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, биология, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Мақатаев. «Саржайлауым», «Мен сендерді іздеймін» өлеңдері;

    7. «Қадыр Мырзалиев. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі» (1 сағат). Қадыр ақынның шығармашылық жолы. Шығармаларының тақырыбы. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіндегі халқымыздың қонақжайлылығы, еркінсүйгіштігі. Халықтың салт-дәстүріне деген құрмет. Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Кәрі қыран» өлеңі;

    8. «Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Әлем және қазақ әдебиетіндегі орны. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық мінез, таным-түсінік. Әдебиет теориясы: теңеу, өлең құрылысы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: О. Сүлейменов. «Махамбетке» өлеңі.

  7. Қорытындылау (1 сағат).



6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 62 сағат, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 68 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері.

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (14 сағат):

    1. Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары (1 сағат). Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Әдебиет теориясы: фольклор туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ фольклористикасының тарихы»;

    2. «Тұрмыс-салт жырлары» (4 сағат). Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік мал, наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Наурызға байланысты өлең-жырлар;

    3. «Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді» (3 сағат). Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау;

    4. «Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді» (3 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Айман-Шолпан» жыры;

    5. «Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы» (3 сағат). Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі айтыс үлгілері.

  4. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (2 сағат):

    1. «Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» (2 сағат). Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Жанрлық сипаты. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы. Тіл дамыту: жырдан үзінді жаттау. Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991.

  5. «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (4 сағат):

    1. «Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары» (2 сағат). Жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы;

    2. «Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары» (2 сағат). Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Пәнаралық байланыс: тарих, география, электрондық оқулық (Махамбет туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991.

  6. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (15 сағат):

    1. «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» (3 сағат). ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;

    2. «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры» (3 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;

    3. «Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)» (2 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. «Қашқария саяхаты»;

    4. «Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» (3 сағат). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы міне-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері;

    5. «Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі (4 сағат). «Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сезім иірімдері. «Ескендір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.

  7. «ХХ ғасыр әдебиеті» (23 сағат):

    1. «Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері» (2 сағат). «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;

    2. «Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы» (3 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері;

    3. «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;

    4. «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)» (5 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр.Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді);

    5. жүктеу 1,26 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау