Проект прт



жүктеу 0,86 Mb.
бет4/10
Дата20.11.2018
өлшемі0,86 Mb.
#21880
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Газбен жабдықтау. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оңтүстік Торғай иіні мұнай және газ кеніштеріндегі ілеспе және табиғи газды кешенді және тиімді пайдалану шаралары туралы» және «Арал өңірін дамыту және қолдау шаралары туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда қаласын газдандыру 2004 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

Осы мерзім ішінде жоба аясында 14,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 дана АГРС, 1 БГРС, 38 ГРП, 64 ШРП, ұзындығы 1048,8 км газ құбырларының құрылысы жүргізіліп, 485 көпқабатты тұрғын үйлер (22563 пәтер), 21330 жеке тұрғын үйлер және 630 әлеуметтік-тұрмыстық нысандар газдандырылды. Нәтижесінде газдандыру деңгейі жеке сектордағы тұрғын үйлер бойынша 80 пайызға, көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 76 пайызға жетті.

Қазіргі таңда Талсуат, Қызылжарма ауылдық округтарын газдандыру жобалары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Атап айтқанда, «Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округін болашақтағы дамуымен газбен жабдықтау» және «Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентін болашақта дамуымен газбен қамту құрылысы» жобаларына жалпы 2176,9 млн. теңге қаржы қаралды. Тасбөгет кентінің перспективалық дамуымен газбен жабдықтау жобасының мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Өзекті мәселелер:



  • Қалаға қарасты елді мекендерді газбен қамтамасыз ету.


Ауылдық аумақтарды дамыту, экология.

Аумақтық даму. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Қызылорда қаласы 7 ауылдық және 2 кенттік округтерге және 18 ауылдық елді мекендерге бөлінген.

2013 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда қаласының халық саны 254,0 мың адамды құрады, оның ішінде 8,4 пайызы ауыл халқы. (ауыл халқы - 21236 адам)

Ауылдық елді мекендер саны 18 бірлікті құрады, оның ішінде 5 елді мекен жоғары әлеуетті (28%).

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша қалаға қарасты ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға барған жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін көтерме жәрдем ақы 22 маманға берілді. 16 маманға тұрғын үй сатып алу мақсатында 38832,0 мың теңге бөлінді.

2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 7 ауылдық округтеріне жол және көше жарықтарын жөндеуге 15,3 млн.теңге бөлінді.

2014 жылға аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 7 ауылдық округтердің жол және көше жарықтарын жөндеуге 19,4 млн.теңге қаралды.

Өзекті мәселелер:



  • Қаланың шет аймақтарында инженерлік инфрақұрылым (жол, электр желілері, ауыз су) жүйесімен төмен қамтылуы;

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіздігі. Басқа аудандардың елді мекендерімен салыстырғанда өте аз қаржы бөлінуде.

Экология. Қызылорда облысы экологиялық апат аймағы болып табылады. Арал өңірінде шешілмеген экологиялық қиындықтар жеткілікті: Қызылорда маңындағы көлдер жүйесін қалпына келтіру, топырақтың эррозияға ұшырауы, судағы минералды тұздар мазмұнының жоғарылығы, су ресурстарының ластануы және тартылуы т.б.

Атмосфераға лас зат қалдықтары көлемінің өсуі, Арал теңізінің кебуі, және Байқоңыр кешенінің қызметін, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағармай сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарында - құрамында асбест бар материалдар мен цемент өндірісінде газ-шаң жұтқыш жабдықтар енгізудің қалыс қалуы; жылу-энергетика кәсіпорындарында – жылу және электрқуатын өндірудің ұлғаюына байланысты.

Қала бойынша 2012 жылы тұрақты ластаушы көздерден шығарылған ластағыш заттардың көлемі 23,7 мың тонна болды. Жалпы 2013 жылдың басынан 211,6 мың куб м күл қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды. Оның ішінде қатты қалдықтар 10,5 мың куб м құрайды. Қабылданған қатты қалдықтардың 60 пайызы өңдеуге бағытталуда.

Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге барлығы 511,9 млн. теңге бөлінді. Қала аумағы нақты 22 секторға бөлініп, бас мердігер «Қызылорда тазалығы» ЖШС-гі арқылы қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын сыпыру, жинау, қоқыстарды тиеу, арық жүйелерін тазарту, көше бойында орналасқан бордюрлерді әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 сенбілік өткізіліп, сенбіліктерге 30 мыңға тарта адам қатыстырылып, барлығы 56530 метр арық жүйелері тазаланды және 1060 м³ ірі көлемдегі егесіз күл-қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар қаладағы аяқсу баратын көшелерге 15000 мың түп ағаш (терек, сыр талы, қарағаш) көшеттері отырғызылды.

Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша қалалық бюджеттен 804,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен 1353,3 млн. теңге, барлығы 2158,1 млн. теңге бөлінді.

Өзекті мәселелер:


  • аймақ экологиялық апат аймағы болып табылады;

  • ауаға ластанған заттардың көптеп тарауы.

  • қоршаған ортаны қорғауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың жеткіліксіздігі;

  • қайта жаңғыртуға және құрылысын салуға қаражаттың жетіспеуінен тазалау нысандары жұмыстарының тиімсіздігі.


Мемлекеттік қызметтер.

Қызылорда қаласының жергілікті атқарушы органдарымен, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 маусымда № 745 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес, мемлекеттік қызметтің 45 түрі көрсетілуде. Қазіргі таңда ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа реестрі бекітілді, ол бойынша мемлекеттік қызметтер саны көбеюде, яғни бұрын көрсетіліп жүрген функциялар мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізіліп, қазіргі таңда 63 қызмет болды.

2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен жеке және заңды тұлғаларға 78590 қызмет көрсетілді, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 35326 қызмет, жергілікті атқарушы органдар арқылы – 43264 қызмет көрсетілді.

2012 жылы жергілікті атқарушы органдар қызметінің 27 пайызы автоматтандырылды.

Ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің медиа-жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсететін барлық кент және ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына баспасөз құралдары арқылы интервью беру жөнінде тапсырма беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Өзекті мәселелер:



  • мемлекеттік қызмет және сапа стандарты жөнінде халықтың хабардар болуының төмендігі.


2.3 Қызылорда қаласының орта мерзімді қамтитын болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
Өңір дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуындағы шектеулер мен мүмкіндіктерін анықтайтын SWOT- талдауда көрініс тапқан әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы.

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. Ауылшаруашылығын дамытуда қолайлы-климаттық жағдай жасау;

2. Азия өңірі, Таяу және Орта Шығыс пен Еуропа мемлекеттері арасын байланыстыратын транзитті теміржол, әуе және автомобиль көлігі бағыттары үшін тиімді географиялық орналасуы;

3. Пайдалы құрылыс материалдары өндірісін, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін пайдалы қазба және минералдық ресурстар, жергілікті шикізаттық кен орындарының байлығы;

4. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінің сан-салалығының жоғары жеткілікті дәрежеде дамуы;

5. Экспорттық бағдарланған өндірістің болуы, (кен өндіруші, металлургиялық өнеркәсіп);

6. Еңбек ресурстары, өнеркәсіп, құрылыс инженерлік–техникалық саласы мамандарын және т.б. көпсалалы мамандарын дайындау бойынша жоғары оқу орындарының бар болуы;

7. Назар аударарлық тарихи және мәдени құндылықтардың бар болуы, флора және фауна байлығы;

8. Кіші және орта бизнес секторын дамыту;

9. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде ішкі және сыртқы нарықтың болуы;

10. Қолайлы инвестициялық климат;

11. Өндіріліп жатқан өнімнің техникалық қауіпсіздігін реттеуді талап ету;

12. Үлкен көлемдегі мұнай алымдарының әлеуетін дамытудағы мұнай өңдеудің қуаттылығын арттыру;

13. Электр энергиясына деген сұраныстың тұрақтылығы;

14. Қайта жаңғырған электр энергиясы әлеуетінің артуы;

15. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды тұрақты түрде облыстық және қалалық бюджеттерден қаржыландыру;

16. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің артуы және жандануы;

17. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсететін түрлі қызмет орындарының жұмысын ретке келтіру;

18. Бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу.



1. Халықтың әлеуметтік-маңызды ауру түрлерімен жоғары деңгейде сырқаттануы;

2. Ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесінің төмен болуы;

3. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылымның төмен деңгейі;

4. Шет қалған аймақтардың жүйелі түрде дамуының тұрақсыздығы;

5. Су құбырларының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жылу желілерін ұзақ мерзімді пайдаланылуынан және капитал салымының жетіспеушілігінен;

6. Әлеуметтік сала көрсеткішінің төмендігі, балабақшалар, спорт клубтары жетіспеушілігі;

7. Аграрлық сектордағы ұсақ тауар өнімдерінің басымдығы;

8. Қызылорда қаласында бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейде болуы;

9. Қазақстанның мұнай және жоғары октанды бензиндерге, авияциялық керосинге импорттық қажеттілігі;

10. Электр желілік шаруашылықтың дамуының жеткіліксіздігі, электр беру желілерінің өткізгіштік қабілетінің шектеулігі;

11. Капитал сыйымдылығы;

12. Жастар саясатын дамыту бойынша жастардың өзінің тарапынан бастамалар деңгейінің төмендігі;

13. Қала және ауылдық жерде жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

14. Туристік инфрақұрылымның дамуының жеткіліксіздігі;

15. Қаладағы көшелердің, әсіресе шет аудандардағы инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі (жол, электр желілері)


Мүмкіндіктері (O)

Қауіп-қатер (T)

1. Аймақтың энергетикалық тәуелсіздігіне энергияның балама көздерінің (жел, күн) жаңа энергетикалық қуаттылықтарын құру жолымен қол жеткізу;

2. Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін көлік-логистикалық терминал құру;

3. Кластер қалыптастыру және дамытуға жағдай жасау, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;

4. Қызылорда қаласында халықаралық көлік-логистикалық орталық ашу;

5. Қаланың жоғары транзиттік потенциалын, темір жол, әуе, автомобильді көліктері арқылы халықаралық көлік дәлізіне ену мүмкіндіктерін пайдалану;

6. «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ базасында аймақтың экономикалық және экологиялық қиындықтарын шешуге ықпал ететін техно парк, бизнес-инкубатор жасау жолдарымен инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.

7. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғатты дұрыс қолдана білу әдістерінде, табиғи кешендерді қалпына келтіру және алдын-алуда жаңа технологияларды қолдану;

8. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы ауылшаруашылығы өнімінің, құрылыс материалдарының бәсекеге қабілеттілігін артыру;

9. Өндіріс, құрылыс, ауылшаруашылығы өнімін өңдеу және көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту;

10. Электр энергиясының генерациясы саласында баға құрылымының жаңа механизмін ендіру;

11. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;

12. Жастар қоғамдық ұйымдары жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау (қала әкімі сайтының жастар бетінде, ішкі саясат бөлімінде, үкіметтік емес ұйымдардың Ресурстық орталығында)

13. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен бірлесе әрекет ету

14. Жас азаматтардың өмірлік мәселелерді шешуде әлеуметтік-құқықтық қорғау және жанұя институтын нығайту,

15. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.


1. Көрші мемлекеттер мен басқа өңірлерден қуат көзі мен су жабдықтарына тәуелділіктің күшеюі;

2. Ішкі және сыртқы нарықты импорттық тауарлар пайдасына жоғалту, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп;

3. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша заманауи қуаттылықтың жоқтығына, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгуге, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің төменгі деңгейіне байланысты экологиялық жағдайдың нашарлауы;

4. Арал теңізінің құрғауы, Байқоңыр кешені, кәсіпорындар қалдықтары мен көлік құралдарынан атмосфераға бөлінген ластаушы заттар салдарынан эпидемиялық жағдай нашарлап, экологиялық қауіп-қатер туындауы;

5. Халықтың заңсыз көші-қоны және контрабанданың өсуі;

6. Өңірдің минералды-шикізат қорын үнемді пайдаланбағандықтан, таусылу қауіпінің туындауы;

7. Энергия тапшылығы;

8. Мұнай өнімдерінің тапшылығы;

9. Жастардың енжарлығы;

10. Бағдарламалардың жеткілікті қаржыландырылмауы, мамандар тапшылығы.




2.4 Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 4 мемлекеттік, 7 салалық және 1 өңірлік бағдарлама жүзеге асырылды.



«Экономиканың дамуы» бағыты бойынша:

«Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдардағы үдемелі-индустриалды дамуының мемлекеттік бағдарламасы»;

Салалық «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
«Әлеуметтік сала», «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі» бағыттары бойынша:

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

«Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» салалық бағдарламасы;

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»;

«Қызылорда облысының 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын-алудың бағдарламасы».
«Инфрақұрылымдық кешен» және «Аумақтарды дамыту» бағыттары бойынша:
«ҚР Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасы»;

«2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы»;

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»;

«Бизнесті дамытудың жол картасы 2020»;

«Өңірлерді дамыту» салалық бағдарламасы.


3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Қызылорда қаласының соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына жасалынған талдау барысында қала инвестиция салу үшін бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар өңір деп қорытуға болады.

Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы экономиканы тұрақты дамытуды қалыптастыру мен халықтың өмір сүру жағдайлары мен сапасын орта мерзімді болашақта жоғарылатумен байланысты қиындықтарды шешуге бағытталған.

Бұл бағдарлама мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіндегі Қазақстан Республикасы 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру құралы болып табылады.

Қаланың стратегиялық міндеті мұнай газ секторының ресурстарына сүйене отырып, аграрлық және минералдық ресурстарды игеру базасында өңдеу өнеркәсібінің жоғарылауын қамтамасыз ету, тамақ өнеркәсібінің, құрылыс материалдарының және шыны өндірісінің, агроөнеркәсіптік кешен тауарларының бәсекеге қабілеттілігін дамыту, сонымен қатар, қаланың транзиттік әлеуетін жүзеге асыру.

Бұл өз кезегінде қала экономикасының шикізаттық секторға тәуелділігін төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті бюджетке қосымша салықтық түсімдердің түсуін қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда Қызылорда қаласы таза экологиялық және жоғары технологиялық өнімімен құрылыс кластері салалары арқылы бәсекеге қабілетті орталығына айналмақ, инфрақұрылым және транзиттік дәлізі дамыған, өмір сүру сапасы жоғары және мол мүмкіндіктерге ие өңір болмақ.

2014-2015 жылдар аралығында индустрияландыру картасы аясында 3 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 17 млрд. 497 млн. теңгені құрап, 400-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады.

Индустрияландыру картасынан тыс жалпы құны 9,6 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобалар іске қосылып, 700-ден аса жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда.

Маңызды индикаторлар:

2015 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі 117,5% құрайды;

2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 102,1% құрайды;

2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 105,5% құрайды;

2015 жылы халықтың білімге қолжетімділігі мен сапасына қанағаттанушылық деңгейі 77% құрайды;

2015 жылы халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 90% құрайды;

2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды;

2015 жылы халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі 87% құрайды;

2015 жылы мемлкеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93% құрайды;

2015 жылы жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту 25% құрайды;

2015 жылы құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 107,0% құрайды;

2015 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90% құрайды;

2015 жылы тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығымен қанағаттанушылық деңгейі 70% құрайды;

2015 жылы жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту 7 бірлікті құрайды.


4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛІ КӨРСЕТКІШТЕР.

1- бағыт. Өңір экономикасын дамыту

Өңірлік макроэкономика.

Мақсаты: Өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті мамандандырылған аймақты қалыптастыру, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.







Мақсатты индикаторлар/тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушы

нақты

нақты

жоспар

жос

пар


жос

пар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі

%
















Облыстық статистика департаменті есебіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша есептелмейді




Міндет 1. Жалпы өңірлік өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тұрақтандыру




1.1. Жалпы өңірлік өнім көлемі

млрд. теңге
















Облыстық статистика департаменті есебіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша есептелмейді




1.2. Экспорт

млн. долл. АҚШ
















Облыстық статистика департаменті есебіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша есептелмейді




1.3. Импорт

млн. долдл. АҚШ
















Облыстық статистика департаменті есебіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша есептелмейді




1.4.Инфляция деңгейі

%
















Облыстық статистика департаменті есебіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша есептелмейді

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау