I. Жалпы ережелер



жүктеу 49,14 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2017
өлшемі49,14 Kb.
#5188
түріКонкурс


 



1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық 



жобаларының «Зерде» республикалық конкурсын өткізу туралы  

ереже 

 

 

I.  Жалпы ережелер 

 

1. Осы  Ереже  1-7  сынып  оқушыларының  зерттеу  жұмыстары  мен 



шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының (бұдан әрі 

–  Конкурс)  мақсаты  мен  міндеттерін,  ұйымдастыру-әдістемелік  қамтамасыз 

етілуін,  өткізу  мен  қаржыландыру  тәртібін,  қатысуын  және  жеңімпаздар  мен 

жүлдегерлерін анықтайды.  

2.  Конкурстың  ұйымдастырушысы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 

(бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) болып табылады. 

3. Конкурстың  негізгі  мақсаты    балалардың  зерттеу  қызметінің 

дағдыларын  дамыту,  кіші  және  орта  жастағы  мектеп  оқушыларының 

интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. 

4. Конкурстың негізгі міндеттері: 

-  зерттеу  жұмыстарына  қызығушылық  танытқан  қабілетті  және  дарынды 

оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;  

- оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-

қатынастарын ұйымдастыру; 

-  қоғамның  интеллектуалдық  әлеуетін  дамыту  проблемасына  көпшіліктің 

назарын аудару. 



 

II. Конкурс қатысушылары 

 

5. Конкурсқа жас зерттеушілер - 1-7 сынып оқушылары,  жеке, сондай-ақ, 

командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады. 

6.  Делегация  жетекшілері  Конкурстың  қорытынды  кезеңінің  өткізілуі 

орнына  дейін  және  кері  қайту  жолында,  оның  өткізілуі  барысында 

қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады.   

 

III. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі 

 

7. Конкурсты  дайындау  мен  өткізу  бойынша  жұмысты  координациялау 



және жүзеге асыру үшін республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады. 

8.  Ұйымдастыру  комитеті  Конкурстың  қорытынды  кезеңін  дайындауға 

және  өткізуге  тікелей  басшылықты  жүзеге  асырады,  қазылар  алқасының 

құрамын,  Конкурстың  қорытынды  кезеңін

 

өткізу  бағдарламасын,  қатысушы-



командалардың  тізімін  бекітеді,  Конкурстың  қорытындысын  шығарады  және 

жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.   

9. Қазылар  алқасы  қатысушылардың  жұмыстарын  тексереді  және 

бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.  

10. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:  



 

1)  бірінші  кезең  –  мектептік,  ағымдағы  жылдың  30  қазанына  дейін  білім 



беру ұйымдарында өткізіледі; 

2) екінші кезең – облыстық (іріктеу) ағымдағы жылдың 5 қаңтарына дейін 

өткізіледі; 

Конкурстың  іріктеу  кезеңін  «Дарын»  жергілікті  өңірлік  ғылыми-

практикалық орталықтары және облыстық, Астана және Алматы қалалары білім 

басқармалары,  Республикалық  білім  беру  ұйымдары  (бұдан  әрі  -  РББҰ)  және 

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – «НЗМ» 

ДББҰ) өткізеді. 

3)  үшінші  (қорытынды)  кезең  –  республикалық,  жыл  сайын  ағымдағы 

жылдың қаңтар айының соңғы он күндігінде өткізіледі. 

11. Қорытынды  кезеңде  -  зерттеу  жұмысы  қорғалады.    Қорғауға  авторға 

(бірлескен авторға) баяндама үшін 10-15 минут уақыт беріледі.   

12.  Конкурсқа  қатысу  үшін  мектеп  директоры  өтінімді  тиісті  аудандық 

және қалалық білім беру басқармаларына беруі тиіс. 

13. Конкурстың  қорытынды  кезеңіне  облыстық,  Астана  және  Алматы 

қалаларының  білім  басқармалары,  РББҰ  және  «НЗМ»  ДББҰ  іріктеу  кезеңінде 

бірінші  орын  иеленген  жеңімпаздардан  құрылған  құрама  командалардың  жас 

ерекшеліктеріне  сәйкес  әрбір  секцияға  1  ғылыми-зерттеу  жобасын  (кіші 

жастағы топ - 1-4 сыныптар, ересек жастағы топ - 5-7 сыныптар) және әр топтан 

бір жетекші ұсынады.   

14.  Конкурстың  республикалық  кезеңіне  тіркелу  және  қатысу  облыстық, 

Астана  және  Алматы  қалалары  білім  басқармаларының,  РББҰ  және  «НЗМ» 

ДББҰ-ның  ағымдағы  жылдың  10  қаңтарына  дейін  ұйымдастыру  комитетіне 

жазбаша өтінімдері негізінде жүзеге асырылады (1-қосымша).    

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:  

Астана қ., Жеңіс даңғылы, 16/1,  Тел. 8-7172-445-348, тел./факс 8-7172- 

445-352  e-mail: 

z.shafiz@mail.ru

 

15.  Облыстық,  Астана  және  Алматы  қалаларының  білім  басқармалары, 



РББҰ  және  «НЗМ»  ДББҰ  ұйымдастыру  комитетіне  Конкурстың  I,  II 

кезеңдерінің қорытынды есептерін және хаттамаларын ұсынады (2,3- қосымша).   

16.  Қорытынды  кезеңге  өткен  қатысушылардың  толық  тізімі  «Дарын» 

РҒПО-ның сайтына орналастырылады: 

www.daryn.kz

 

17. 



Конкурсқа 

ұсынылған 

жұмыстар 

рецензияланбайды 

және 

қайтарылмайды. 



18. Аппеляция қарастырылмайды.  

19. Зерттеу  жұмыстары  мен  шығармашылық  жобаларды  қорғау  слайд 

түінде  өткізіледі.  Қатысушы  жұмысының  электронды  нұсқасын  өзінде  ұстауы 

тиіс. Екінші күні Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау және қорытындылау.  

20.  Конкурстың  қорытынды  кезеңін  өткізу  барысында  команда 

жетекшілері  үшін  бастауыш  және  орта  буындағы  оқушылардың  зерттеу 

мәселелері бойынша семинар  жоспарланған.  

 

 

 

 



 



IV. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың ресімделуіне қойылатын 



талаптар 

 

21.  Конкурсқа  1-7  сынып  оқушыларының  зерттеу  жұмыстары  келесі 

секциялар бойынша қабылданады: 

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті; 

2 секция - орыс тілі мен әдебиеті; 

3 секция - математика, информатика; 

4 секция - физика, техника;  

5 секция - медицина, психология; 

6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;  

7 секция - химия, биология; 

8 секция - экология, валеология. 

22. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, 

ойлап  тапқыштық  негізде  болады.  Жұмыс  қазақ  және  орыс  тілдерінде 

ұсынылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және 

жиегін қалдыру міндетті.  

23.  Әрбір  жұмыста  таңдалған  тақырыптың  мақсаты  мен  пайдалылығы, 

автордың  қосқан  үлесі,  құндылығы  мен  кемшілігі  көрсетілген  жетекшісінің 

және маманның  пікірі болуы керек. 

 24. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптары: 

1)  жұмыс  мәтіні  компьютерде  WORD,  14  әріп,  1,5  жоларалық,  солдан 

шегініс – 2см терілген болуы және мыналардан тұруы керек: 

- титул парағы; 

- мазмұны; 

 

  -  түйіндеме  (аннотация)  –  жұмыстың  негізгі  мазмұнын  қазақ  және  орыс 



тілдерінде қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты); 

-  кіріспе  –  жұмыстың  өзектілігін  көрсетеді  және  тақырыпты,  оның 

мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді; 

-  негізгі  бөлім:  материалдар  мен  зерттеу  әдістері;  эксперименттік  бөлім; 

жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау; 

-  әдебиеттерге  шолу  жасау  зерттеу  мәселесі  бойынша  (отандық  және 

шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады; 

- қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар); 

 - қолданылған әдебиеттер тізімі. 

2) титул парағында мыналар көретіледі: 

 - жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы; 

 - жұмыстың тақырыбы; 

 - бағыты; 

 - орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы); 

 -  жұмыстың  жетекшісі  (аты-жөні,  ғылыми  дәрежесі,  қызметі,  жұмыс 

орны); 


 - жұмыс орындалған жыл. 

 25. Конкурстың 

қорытынды 

кезеңде 


қатысушылар 

өз 


зерттеу 

жұмыстарын  және  шығармашылық  жобаларын  қорғау  үшін  көрнекі 

материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындаулары қажет. 



 



V. Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау 



 

26.  Конкурс  жұмыстарын  бағалау  келесі  белгілер  бойынша  жүзеге 

асырылады: 

- жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі; 

- шығармашылығы; 

- сұрақтарға жауаптардың толықтығы; 

- тақырыптың зерттеу тереңділігі. 

27. Конкурсты  қорытындылау  финалды  өткізу  барысында  жүзеге 

асырылады.  Жеңімпаздар  әрбір  секция  бойынша  екі  жас  тобы  бойынша 

анықталады: 

1) 1-4 сынып оқушылары; 

2) 5-7 сынып оқушылары. 

Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер  «Дарын»  РҒПО-ның  I,  II,  III  дәрежелі 

дипломдарымен  және  грамоталарымен  марапатталады.  Барлық  қатысушыларға 

сертификаттар беріледі. 

 

VI. Қаржыландыру 

28. Ісшараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.  

29. Конкурсқа  қатысушылар  мен  жетекшілердің  іссапар  шығыстары 

(тамақтануы,  жатын  орны  және  келу/кету  жолы,  экскурсия  шығындары) 

жіберуші жақтың есебінен төленеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық 



жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысуға өтінім  

 

Тегі 



 

Аты 



 

Туылған күні 



(күні, айы, жылы) 

 



Облысы, қаласы, селосы 

 



Мектебі (білім беру 

ұйымының толық атауы),   

сыныбы 

 



Оқыту тілі 

 



Байланыс телефондары 

 



е-mail 

 



Секциясы 

 

10  Жұмыстың тақырыбы 



 

11  Ғылыми жетекшінің аты-

жөні (мұғалімнің), 

ғылыми дәрежесі, атағы, 

қызметі, жұмыс орны 

(толық, қысқармаған) 

 

12  Сіз алдынғы «Зерде» 



конкурсына қатыстыңыз 

ба?  


Сіздің Конкурс 

ұйымдастырушыларына 

ұсыныс-тілектеріңіз  

Ия                  жоқ                     (астын сызыңыз) 

 

13  Жатын орын қажеттілігі 



Ия                  жоқ                     (астын сызыңыз) 

14  Конкурсты өткізу тәртібі 

және жұмысты рәсімдеу 

ережелерімен таныспын 

Қатысушының қолы 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 49,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау