25.02.2014 жылғы редакциясында
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 09 сәуірдегі № 120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 09 сәуірде № 8406 тіркелді
Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау
әдiстемесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 49-4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңнама, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменттері осы Бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 9 сәуірдегі
№ 120 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің
тиімділігін бағалау әдiстемесi
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.02.2014 № 80 бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) бағаланатын орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық қамтамасыз етілуіндегі қызметінің тиімділігін анықтауға арналған.
2. Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құқықтық қамтамасыз етілуіндегі тиімділігін бағалауды (бұдан әрі - Бағалау) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жүргізеді.
Уәкілетті органға қатысты бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
Бағалауды жүргізу үшін Уәкілетті орган лауазымды тұлғалар арасынан Жұмыс тобын құрады.
3. Бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне (бұдан әрі – Бағалау кестесі) сәйкес есептiк (күнтiзбелiк) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
4. Бағалау жүргізу үшін ақпаратты Бағалау кестесіне сәйкес Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, орталық мемлекеттік органдар Уәкілетті органға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері аппараттары облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әділет органдарының аумақтық бөлімшелеріне электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынады.
5. Бағалау Уәкілетті органның деректерінің негізінде, сондай-ақ Әдістеменің 1-7-қосымшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
6. Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) бағалау нәтижелері туралы қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
7. Премьер-Министрдің Кеңсесі дайындаған Уәкілетті органды бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
8. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындалады.
2. Бағалау жүргізу әдістемесі
9. Бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік органдардың/ Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы;
2) нормативтіқ құқықтық ақтілердің (бұдан әрі – НҚА) құқықтық мониторингі;
3) мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау.
10. Әр өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиісті балл қойылады. Өлшемдер мен көрсеткіштердің әрқайсысының мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес тиісті баллдары болады.
Баллдар мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етілуі бойынша өлшемдердің маңыздылығы дәрежесін ескере отырып қойылған.
11. «Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемін бағалау кезінде:
1) заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген, заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны әзірлеу мен қабылдау мерзімдерін сақтау;
2) Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі) ескеріледі.
12. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемін бағалау кезінде:
1) жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар;
2) прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі) ескеріледі.
13. «Мемлекеттік органның наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» өлшемін бағалау кезінде мына көрсеткіш ескеріледі:
1) мемлекеттік органдардың наразылық – талап қою жұмысының нәтижелері бойынша қызметінің тиімділігі.
3. «Мемлекеттік органдардың/ Уәкілетті органның норма
шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемі бойынша бағалау
14. Осы өлшем бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
К1=Р1+Р2,
бұл жерде К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органды/Уәкілетті органды бағалау;
Р1 – «Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген, заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны уақтылы әзірлеу мен қабылдау мерзімдерін сақтау» көрсеткіші;
Р2 – «Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі)» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғары мәнді 50 балл құрайды.
15. «Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген, заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны уақтылы әзірлеу мен қабылдау мерзімдерін сақтау» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:
a c
P1= (k1*(1 - -----)) + (k2*(1 - -----))
b d
мұнда Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
k1 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
k2 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
а – Заң жобалау жұмыстарының жоспарында ұсыну мерзімдерін мемлекеттік орган бұзған заң жобаларының саны;
c - уақтылы орындалмаған (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізілген) заңға тәуелді НҚА саны;
b – Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленген заң жобаларының жалпы саны.
d - есептік кезеңде мемлекеттік орган/Уәкілетті орган орындаған (ПМК-ге енгізілген) заңға тәуелді НҚА жалпы саны.
Осы өлшем бойынша жергілікті атқарушы органдарды бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
с
P1= (k2*(1 - -----))
d
Ескерту: Бағаланатын кезеңде мемлекеттік органдар заң жобаларын және Заңды іске асыруда мақсатында заңға тәуелді актілердің әзірлемеген жағдайда 5 баллға тең орташа үлестік мән қойылады.
16. Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген мерзімдерді сақтау болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында Заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесіне сәйкес заң уақтылы әзірлеу және енгізу, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне айдың бірінші күніне дейін, Үкіметке айдың 20 дейінгі мерзімде, Парламенттің қарауына Заң жобалау жұмыстары жоспарында белгіленген айдын соңғы күніне дейінгі мерзімде енгізу ұғынылады.
Заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны әзірлеу (қабылдау) мерзімдерін сақтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде көзделген мерзімдерге сәйкес белгіленеді (бұдан әрі – Регламент).
17. Регламенттiң 85-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар ұсынатын ай сайынғы есептік ақпарат көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
Заңға тәуелді НҚА бойынша Премьер-Министрдің өкімдерімен бекітілетін Заңнамалық актілерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарлары ақпарат көзі болып табылады.
18. Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның осы көрсеткіш бойынша қызметін бағалау барысында заңға тәуелді НҚА саны, оларды уақтылы әзірлеу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерімен бекітілетін Заңнамалық актілерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларында көзделген мерзімдерде қабылдау мәніне тексеріледі.
19. «Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі)» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:
а
Р2 = к *(1 - ----)
b
бұл жерде Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
k – алынған нәтижелерді 40-қа тең болатын үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – әділет органдарының заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА қайтарылған Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобаларының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА саны);
b – заң сараптамасына келіп түскен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге келіп түскен НҚА жалпы саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, сондай-ақ есептік кезеңде тіркелген НҚА жалпы саны).
Бағаланатын кезеңде қабылданған, прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібінде өзгертілген не күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының санына прокурорлық ден қою актілерін енгізгенге не тиісті сот талқылауы басталғанға дейін сәйкестендіру бойынша шаралар қабылданған (анықтау туралы хат жіберілген не жоба әзірленген) актілер есепке алынбайды.
4. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемі бойынша бағалау
20. Осы өлшем бойынша бағалау мынадай формуламен есептеледі:
К2=Р1+ Р2,
мұнда К2 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органды /Уәкілетті органды бағалау;
Р1 – «Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші;
Р2 – «Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі)» көрсеткіші;
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәнді 25 балл құрайды.
21. «Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткішінің мәні мынадай формуламен есептеледі:
a c + d
P1= (k1*(-----)) + (k2*(-----------))
b a
мұнда Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
k1 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
k2 – алынған нәтижелерді 10-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
а – қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтеме нормалардың артық болуы анықталған НҚА саны;
b – оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілген, реттелетін саладағы НҚА-ның жалпы саны;
с – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен сәйкес келтірілген заңға тәуелді НҚА-ның саны;
d – заңнамалық актілер бойынша: құқықтық мониторинг барасында анықталған, оларға қатысты оларды сәйкес келтіру бойынша тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы) қосу, тиісті заң жобаларын әзірлеу, басқа заң жобалары шеңберінде пысықтау бөлігінде шаралар қабылданған заңнамалық актілердің саны;
заңға тәуелді актілер бойынша: құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен әзірленген және әділет органдарына жіберілген заңға тәуелді НҚА жобаларының (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын мемлекеттік органдардың НҚА қоспағанда) саны (Уәкілетті орган үшін заңға тәуелді актілер бойынша – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Қазақстан Республикасы Президентінің әзірленген жарлықтары жобаларының саны);
22. Көрсеткішті бағалауға арналған ақпарат көзі құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар/Уәкілетті орган ұсынған талдамалық анықтамалар, Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ Заң шығару институтының ақпараты болып табылады.
23. Қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтеме нормалардың артық болуы анықталған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 10-ға тең балл қойылады.
Уәкілетті орган, мемлекеттік орган жүргізген құқықтық мониторингтің қайта тексеру нәтижелері бойынша қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормаларды, соның ішінде коллизияларды, олқылықтарды, артық бланкеттік және сілтеме нормаларды қамтитын НҚА анықталған жағдайда, Р1 «Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші бойынша қосымша 5 айыптық балл шегеріледі.
24. «Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі)» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:
a
P2= к * (1 - -----)
b
мұнда Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
k – алынған нәтижелерді 10-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күшін жойған актілер бойынша мемлекеттік органның НҚА саны (Уәкілетті орган үшін – Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп таныған заңдардың саны, сондай-ақ Уәкілетті орган әзірлеген прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күшін жойған (қабылдаған) НҚА саны);
b – мемлекеттік орган әзірлеген (қабылдаған) қолданыстағы НҚА-ның жалпы саны (негізгі актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін НҚА-ны қоспағанда).
25. «Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішшіне есептік кесте бойынша сот және прокуратура органдарының актілері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары, әділет және прокуратура органдарының тоқсан сайын жүргізетін салыстыру актілері, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарын қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың жауаптары, осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты ақпарат көзі болып табылады.
26. Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күшін жойған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 10-ға тең балл қойылады.
5. «Мемлекеттік органды наразылық-талап қою
жұмысы бойынша бағалау» өлшемі бойынша бағалау
27. «Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» өлшемі бойынша бағалау осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәнді 25 балл құрайды.
28. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
К3=D1+D2+D3+D4+D5+D6
мұнда:
К3 – «Мемлекеттік органдардың наразылық – талап қою жұмысының нәтижелері бойынша қызметінің тиімділігі» жалпы көрсеткіші;
D1 – «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
D2 – «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші»;
D3 – «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылмаған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші»;
D4 – «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
D5 - «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
D6 - «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылмаған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;.
29. «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:
a1
D1 = k1*(--),
b1
мұнда D1 – осы көрсеткіштің мәні;
k1 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а1 – есептік кезеңде шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
b1 – есептік жылда мемлекеттік орган бастамашылық жасаған талап қоюлардың жалпы саны.
Есепке есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап қоюлар алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есептік жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең болады.
30. «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формуламен анықталады:
а2
D2 = k2*(1- --),
b2
мұнда D2 – осы көрсеткіштің мәні;
k2 – алынған нәтижелерді 2,5-ға тең өлшемдік мәнге келтіру коэффициенті;
а2 – есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар) саны;
b2 – есептік жылда мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша талап қоюлардың жалпы саны.
Есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап қоюлар есепке алынады.
Бастамашылық жасалған және жүргізілген істер болмаған жағдайда (есептік жылда күшіне енген шешімдер бойынша) осы көрсеткіштің мәні 2,5 тең болады.
31. «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылмаған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:
a3
D3 = k3*(1- --),
b3
мұнда D3 – осы көрсеткіштің мәні;
k3 – алынған нәтижелерді 5-ке тең өлшемдік мәнге келтіру коэффициенті;
а3 – есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылмаған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
b3 – есептік жылда мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша талап қоюлардың жалпы саны.
Есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап қоюлар есепке алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есептік жылда күшіне енген шешімдер бойынша) аталған көрсеткіштің мәні 5-ке тең болады.
32. «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:
a4
D4 = k4*(1- --),
b4
мұнда D4 – осы көрсеткіштің мәні;
k4 – алынған нәтижелерді 5-ке тең өлшемдік мәнге келтіру коэффициенті;
а4 – есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың саны, бітімгершілік келісімдер жасалған талап қоюлар (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
b4 – есептік жылда мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша талап қоюлардың жалпы саны.
Есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап қоюлар есепке алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есептік жылда күшіне енген шешімдер бойынша) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең болады.
33. «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
a5
D5 = k5*(1- --),
b5
мұнда D5 – осы көрсеткіштің мәні;
k5 – алынған нәтижелерді 2,5 тең үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а5 – есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
b5 – есептік жылда мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша талап қоюлардың жалпы саны.
Есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап қоюлар есепке алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есептік жылда күшіне енген шешімдер бойынша) осы көрсеткіштің мәні 2,5 тең болады.
34. «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылмаған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
a6
D6 = k6*(--),
b6
мұнда D6 – осы көрсеткіштің мәні;
k6 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а6 – есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылмаған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
b6 – есептік жылда мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша талап қоюлардың жалпы саны.
Есептік жылда шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап қоюлар есепке алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есептік жылда күшіне енген шешімдер бойынша) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең болады.
35. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде, орталық мемлекеттік органдардың (ведомстволық бағынысты ұйымдарды есепке алмағанда) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес ұсынатын есептік ақпараты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген, сондай-ақ орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 4-тармағында көзделген өзге де көздер «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап қою жұмысы» өлшемін бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
36. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап қоюлар бойынша осы Әдістемеде көрсетілген өлшемдер бойынша жүргізіледі.
Ескертпе:
Есепке алынбайды:
әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тұрғын-үй даулары бойынша азаматтық істер;
мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп таңу туралы мемлекеттік орган бастамашылық жасаған, жеткізушілердің талап қоюына негіз болған себептерді жоюмен байланысты ішінара қанағаттандырылған/қанағаттандырылмағандар азаматтық істер;
орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің азаматтық істері;
Министрліктердің азаматтық істері:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттерін орындау үшін тиісті жауапкер ретінде тартылатын Қаржы министрлігінің, көрсетілген істер бастапқыда процесстің қатысушысы болып табылатын мемлекеттік органға есептеледі (Қаржы министрлігі осындай процесстерде бастапқыда талапкер болған жағдайларды қоспағанда);
2) «Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» 013 бюджеттік бағдарлама бойынша әкімші ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің.
Бұл ретте, көрсетілген істер бойынша ақпарат ұсынылуы тиіс.
6. Қорытынды бағалау
37. Мемлекеттік органдар үшін қорытынды бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
О = К1+К2+К3,
мұнда О – құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігі бойынша мемлекеттік органды қорытынды бағалау;
К1 – «Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемі бойынша бағалау;
К2 - «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемі бойынша бағалау;
К3 – «Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» өлшемі бойынша бағалау.
Жүргізілген бағалаудың қорытындысы бойынша рейтингтегі орынды әділ анықтау мақсатында, бағаланатын кезеңде атқарылған жұмыстың көлемін ескере отырып (заң жобаларын, заңға тәуелді актілерді әзірлеу, жүргізілген істер), баллдар осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік органдардың/уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы» (К1) өлшемі бойынша қойылған баллдар бойынша түзету коэффициенттерін қолдану арқылы қойылады.
Түзету коэффициенттерін қолданған жағдайда өлшем ішіндегі қорытынды балл өлшем бойынша жоғарғы баллдан аспауы тиіс.
38. Бағалау нәтижесінің қорытындысы:
бағаланатын мемлекеттік органның атауын;
барлық өлшемдер бойынша бағалау кестесін;
өлшемдер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдауды;
тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
39. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің жоғарғы дәрежесін «Құқықтық қамтамасыз ету» бағыты бойынша анықтау мақсатында қорытынды бағалау 100 баллға тепе-тең есептеледі, онда мемлекеттік органның тиімділігінің жоғарғы дәрежесі 90-нан бағалау 100-ге дейінгі баллдардың көрсеткішіне сәйкес келеді, орташа дәреже – 70-тен 89,99-ға дейінгі баллдар, төменгі дәреже - 50-ден 69,99-ға дейінгі баллдар. Бағалау нәтижелері бойынша 50-ден төмен балл алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз болып танылады.
7. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік
органдарды бағалау
40. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, осы мемлекеттік органды бағалау құқықтық мирасқор-мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және құқықтық мирасқор-мемлекеттік органның қорытынды баллын есептеу кезінде ескеріледі.
41. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.
42. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау құқықтық мирасқор-мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі.
43. Келесі есептік кезеңнің екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін бағалау құқықтық мирасқор-мемлекеттік органның қорытынды баллына қосылмайды.
8. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
44. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі Бағалау жүйесінің 6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
45. Бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растайтын құжаттармен бірге қарсылықтарын жолдайды.
Бағалау нәтижелеріне қарсылықтар болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган қорытыңдыны алған күннен бастап бес күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарламаны ұсынады. Белгіленген мерзім аяқталған соң бағаланатын мемлекеттік органдардың қарсылықтары қабылданбайды.
46. Шағымдану рәсімін өткізу үшін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына қарсылық білдірген мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кірмейді. Арнайы комиссияның саны мен құрамын бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес белгілейді, бірақ 5 адамнан кем болмайды.
47. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттармен бірге қарсылықтарды алған күннен бастап бес күн ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша Келіспеушіліктер кестесін қалыптастырады және арнайы комиссияның қарауына енгізеді (бұдан әрі – Келіспеушіліктер кестесі).
48. Арнайы комиссия қарсылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің дұрыстығын анықтау бойынша отырыс өткізеді, оған қарсылық білдірген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер шақырылады.
49. Арнайы комиссия отырыстарының нәтижесі бойынша Келіспеушіліктер кестесі пысықтырылады, арнайы комиссияның төрағасы қол қояды және бағаланатын мемлекеттік органның назарына жеткізіледі.
50. Бағаланатын мемлекеттік органдардан қарсылықтар алған күннен бастап оң бес күнтізбелік күн ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сараптама комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыны жолдайды. Қарсылықтарды қабылдаған жағдайда бір уақытта мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы түзетілген қорытыңды жолданады.
51. Қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы бағалауға уәкілетті мемлекеттік органның қорытыңдысы түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
9. Мемлекеттік органдардың толық емес
және сапасыз ақпаратты ұсынуы
52. Бағаланатын мемлекеттік орган Уәкілетті органға/Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Әдістеменің 3 және 4-қосымшаларына сәйкес Бағалау кестесінде белгіленген мерзімдерде толық және дәйекті есептік ақпаратты ұсынады.
Есептік ақпарат кеш, толық емес немесе дәйексіз ұсынылған жағдайда, мемлекеттік органның қорытынды бағалауынан осы бағыт бойынша сөгістің әрбір түрі үшін айыптық баллдар шегеріледі.
53. Уәкілетті органға Бағалау кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.
Мемлекеттік органның кешіктірілген есептік ақпаратты ұсынғаны үшін 1,5 айыптық баллды шегеру көзделеді.
54. Әдістеменің қосымшаларына сәйкес есептік ақпарат құрылымының белгіленген талаптарында көзделген элементтер (қосымшалар, бөлімдер, тараулар, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және басқалар) болмайтын есептік ақпарат толық емес деп танылады.
Мемлекеттік органның толық емес есептік ақпаратты ұсынғаны үшін 2 айыптық баллды шегеру көзделеді.
55. Қайта тексеру барысында шындыққа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есептік ақпарат дәйексіз деп танылады.
Көрсетілген фактілер бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша жасалатын 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етімдінің тиімділігін бағалау үшін Уәкілетті органға ұсынылатын салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік органның дәйексіз есептік ақпарат ұсынғаны үшін әрбір тіркелген факті үшін 0,2 айыптық баллды шегеру көзделеді. Дәйексіз ақпаратты ұсынғаны үшін шегерілетін айыптық балл сомасы 5 баллдан аспауы тиіс.
Анықталған фактілер бойынша ақпарат мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының «Тұжырымдар мен ұсыныстар» бөлімінде көрініс табады.
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау нәтижелері туралы қорытынды
_______________________________________________
(Уәкілетті /мемлекеттік орган атауы)
________________
(есептік кезең)
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Әрбір өлшемді бағалау баллы
|
1
|
Мемлекеттік органдардың/ Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы
|
|
2
|
НҚА құқықтық мониторингі
|
|
3
|
Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау
|
|
Жалпы бағалау*:
|
|
Бағалау өлшемдері бойынша Уәкілетті/мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдау:
|
|
Тұжырымдар мен ұсыныстар:
|
|
Қазақстан Республикасы
|
|
Премьер-Министрі
|
|
Кеңсесінің Басшысы/Уәкілетті
|
|
органның Жауапты хатшысы
|
__________ __________________________
|
|
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
|
Қазақстан Республикасы
|
|
Премьер-Министрі Кеңсесінің/
|
|
Уәкілетті органның тиісті
|
|
құрылымдық бөлімшесінің
|
|
басшысы
|
_________ _________________________
|
|
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
|
|
20 __ жылғы «__»____________
|
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері
№ р/с
|
Өлшем/көрсеткіш атауы
|
Үлестік мәні (көрсеткіштерге арналған баллдар)
|
1
|
Мемлекеттік органдардың/ Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы
|
50
|
1.1
|
Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген, заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны әзірлеу мен қабылдау мерзімдерін сақтау
|
10
|
1.2
|
Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі)
|
40
|
2
|
НҚА-ның құқықтық мониторингі
|
25
|
2.1
|
Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар
|
10
|
2.2
|
Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі)
|
15
|
3
|
Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау
|
25
|
3.1
|
Мемлекеттік органдардың наразылық – талап қою жұмысының нәтижелері бойынша қызметінің тиімділігі
|
25
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
100
|
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
«Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ
заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген,
күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішіне есептік кесте
_______________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№ р/с
|
Мемлекеттік органның қолданыстағы заңға тәуелді НҚА жалпы саны (негізгі актілерге өзгеріс және толықтыру енгізетін НҚА қоспағанда) (сандық деректер көрсетіледі)
|
Мемлкеттік органның прокурорлық ден қою актілері (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)
|
Мемлекеттік органның сот шешімдері (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)
|
Мемлекеттік органның заңды және жеке тұлғалардың шағымдары (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)
|
Мемлекеттік органның әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: * НҚА – нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекеттік органның
|
|
жауапты хатшысы/
|
________ _____________________________
|
аппарат жетекшісі
|
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
|
Мемлекеттік органның
|
|
заң қызметінің басшысы/
|
|
Уәкілетті орган үшін - жауапты
|
|
құрылымдық бөлімшенің басшысы
|
_______ ___________________________
|
|
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
|
20_ж. «_» __________
|
|
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
«Мемлекеттік органның наразылық-талап қою жұмысы бойынша
бағалау» өлшемі бойынша есептік ақпарат
______________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№ р/с
|
Бірінші сатыдағы соттың атауы
|
Даудың мәні (заңнама саласын және дауға қатысты қысқаша ақпаратты көрсету)
|
Мемлекеттік орган дауға талапкер, жауапкер,үшінші тұлға ретінде қатысады
|
Басқа тараптың атауы және дауда талапкер, жауапкер, үшінші тұлға болып қатысады
|
Бірінші сатыдағы соттарда істі қарау нәтижесі және күні
|
Апелляциялық сатыдағы соттың атауы, істі қарау нәтижесі және күні (қажет болған жағдайда толтырылады)
|
Кассациялық сатыдағы соттың атауы, істі қарау нәтижесі және күні (қажет болған жағдайда толтырылады)
|
Қадағалау сатысындағы соттың атауы, істі қарау нәтижесі және күні
(қажет болған жағдайда толтырылады)
|
Соттың корытынды шешімі (заңды күшіне енген) шешімнің күні және заңды күшіне енген күні
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Мемлекеттік органның
|
|
жауапты хатшысы/
|
________ _____________________________
|
Аппарат жетекшісі
|
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
|
Мемлекеттік органның
|
|
заң қызметінің басшысы/
|
|
Уәкілетті орган үшін - жауапты
|
|
құрылымдық бөлімшенің басшысы ________
|
___________________________
|
|
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
|
20_ж. «_» _______
|
|
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
«Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемі
|
Бағаланатын кезеңде мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларының саны *
|
Нысан бойынша түзету коэффициенттері
|
3-5
|
0,3
|
6-9
|
0,5
|
10 және жоғары
|
0,7
|
Мемлекеттік орган әзірлеген заңға тәуелді актілердің барлық бағаланатын меморгандар әзірлеген заңға тәуелді актілердің жалпы санына пайыздық арақатынасы
|
Рейтинг бойынша қорытынды баллды анықтау коэффициенті
|
7,1 және жоғары
|
1,3
|
4,1-7
|
1,2
|
1,1-4
|
1,1
|
0-1
|
1
|
Ескерту: * пайыздық ара қатынас жыл сайын бағаланатын кезеңде барлық меморгандар әзірлеген заңға тәуелді актілер жобаларының жалпы санына байланысты есептеп шығарылады.
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
6-қосымша
Нысан
Келіспеушіліктер кестесі
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________
(есептік кезең)
№
|
Уәкілетті органның қорытындысы
|
Бағаланатын мемлекеттік органның қарсылығы
|
Шағым жасау қорытындылары бойынша шешім
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
|
|
|
|
Шағым жасау қорытындыларын есепке алғанда жалпы балл ____ құрайды.
Комиссия төрағасы, лауазымы ________ ________________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Шағым жасау қорытындыларымен таныстым,
қарсылығым жоқ.
Мемлекеттік органның өкілі,
лауазымы ______ __________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20__ ж. «___» _____________
Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін
бағалау әдістемесіне
7-қосымша
Нысан
20 __ жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарды
құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін ____________________
(мемлекеттік органның атауы)
Уәкілетті органға ұсынылған деректерді салыстыру актісі
№
|
Келеңсіздіктер түрлері
|
Шегеру баллдары
|
1
|
Мемлекеттік органның есептік ақпаратты уақтылы ұсынбауы
|
|
2
|
Мемлекеттік органның ақпаратты толық ұсынбауы
|
|
3
|
Мемлекеттік органның дәйексіз ақпаратты ұсынуы
|
|
Барлығы:
|
|
1. Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның есептік ақпаратты ұсыну мерзімі: 20 __ жылғы «__» __________ Есептік ақпаратты нақты ұсынған күн: 20 ___ жылғы «__» ____________.
Шегеру:____ баллды құрайды.
2. Толық емес ақпарат ұсынылған, соның ішінде есептік ақпараттың құрылымында белгіленген талаптарды көзделген мынадай элементтер жоқ (қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және басқалар):
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
Шегеру:_____баллды құрайды.
3. Шыныйы емес ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа сай келмейтін мынадай фактілер анықталды:
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
Шегеру:______балды құрайды.
4. Дәйексіз ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа сай келмейтін мынадай фактілер анықталды:
№ р/с
|
Өлшемнің/көрсеткіштің атауы
|
Мемлекеттік органның деректері
|
Нақтыланған деректер
|
1
|
|
1 өлшем
|
|
|
2
|
1.1. Көрсеткіш
|
|
|
3
|
1.2. Көрсеткіш
|
|
|
4
|
Көрсеткіш ...
|
|
|
5
|
2 өлшем
|
|
|
6
|
2.1. Көрсеткіш
|
|
|
7
|
2.2. Көрсеткіш
|
|
|
8
|
Көрсеткіш ...
|
|
|
Шегеру: ______ баллды құрайды.
Есептік ақпаратты қайта қарау нәтижелерін есепке алғанда жалпы балл _______ құрайды.
Салыстыруды жүзеге асырған _______ __________________________________
Уәкілетті органның қызметкері (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Мемлекеттік органның _______ ________________________________________
Жауапты хатшысы (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Мемлекеттік органның _______ ________________________________________
заң қызметінің басшысы (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20 __ ж. «___» ________________
© Республикалық құқықтық ақпарат орталығы
website: http://www.rkao.kz support: support@rkao.kz
тел.: (7172) 57-33-63 57-33-31
Достарыңызбен бөлісу: |