М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде бакалавриатта білім алушылардың ауысу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (ары қарай – М.Өтемісов ат. БҚМУ) бакалавриатта білім алушылардың ауысу ережесі (ары қарай – Ереже):
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.01.2012 жылғы № 110 қаулысымен бекітілген ««Білім беруді ұйымдастырудың түріне байланысты студенттерді ауыстыру мен оқуын қайта жалғастыру Ережесіне»,
- ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 58 қаулысымен бекітілген, ҚР Үкіметінің 19.02.2009 жылғы № 194., 30.03.2012 жылы № 390 қаулысымен толықтырулар енгізілген «Білім грантын тағайындау туралы Ережесіне»,
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.04.2011 жылғы № 152 бұйрығымен бекітілген «Оқу үрдісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру Ережесіне» сәйкес
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың білім беру қызметіне сәйкестендіре отырып, құрастырылды.
2. Бұл Ереже М.Өтемісов ат. БҚМУ білім алушыларын оқыту технологиясы мен түріне қарамастан ауысу тәртібін реттейді және оны сәйкес құрылымдық бөлімшелер мен студенттердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
3. М.Өтемісов ат. БҚМУ бакалавриатында білім алушыларға жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген студенттер жатады.
4. Білім алушылардың ауысуы:
4.1. бір курстан екінші курсқа,
4.2. бір жоғары оқу орнынан екінші оқу орнына,
4.3. бір мамандықтан екінші мамандыққа,
4.4. бір оқу түрінен екінші оқу түріне,
4.5. бір тілдік бөлімнен екіншісіне,
4.6. ақылы бөлімде оқитындар мемлекеттік білім гранты бойынша бос орынға ауысу түрінде жүзеге асырылады.
5. Ауысудың негізгі шарты болып бірінші академиялық мерзімнің 15 кредиттен кем емес көлемдегі жеке оқу жоспарына сәйкес жұмыс оқу жоспары талаптарының орындалуы және аралық аттестациядан (сынақ-емтихан сессиясы) өтуі болып табылады.
6. Күндізгі бөлімде білім алушылардың ауысу туралы өтінішін (Қосымша) жазғы және қысқы демалыс кезінде келесі академиялық мерзімнің басталуына дейінгі бес жұмыс күнінің ішінде университет Ректоры қарайды.
Сырттай бөлімде білім алушылардың ауысу туралы өтінішін (Қосымша) келесі емтихан сессиясы басталуына дейінгі бір айдан кем емес уақыт ішінде университет Ректоры қарайды.
Кез келген ауысу білім алушының факультет деканы, күндізгі немесе сырттай бөлім әдіскері, негізгі қызмет бойынша түсім есебі секторы есепшісі, оқу ісі жөніндегі проректор қол қойған өтініші негізінде университет Ректорының бұйрығымен ресімделеді.
Ауысуды ресімдеуде, тіпті мемлекеттік білім гранты бойынша білім алушы болса да, білім беру қызметін көрсету туралы келісімшарт толтырылады немесе қайта қаралады.
7. Білім алушыны ауыстыруда (бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, бір оқу түрінен екіншісіне) өткен академиялық мерзім ішінде оқылған жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің айырмасы анықталады.
8. Жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің айырмасын факультет деканы, офис тіркеуші және сырттай оқу түрі әдіскерлері, оқылған пәндер тізімі, олардың бағдарламасы мен көлемі негізінде анықтайды, ол оқу карточкасының көшірмесінде/ транскрипт түпнұсқасында/ сынақ-емтихан ведомостінің көшірмесі түпнұсқасында немесе оқу орнын аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтамада (ары қарай – Анықтама) көрсетіледі.
9. Пән айырмасын анықтау кезінде қорытынды бақылау түріндегі айырмашылық ескерілмейді.
Сынақ бағасы бағалаудың әріптік жүйесіне сәйкес ең кіші D (1,0; 50-54%) ең үлкен А (4,0; 95-100%) ауқымында білім алушының оқу жетістігіне теңестіріледі.
10. Пән айырмасы болған жағдайда айырмадағы кредит санының ақысы мен оқу ақысы берілген өтініштің негізінде университеттің «Ақы төлеу тәртібі туралы Ережесіне...» сәйкес және сол кездегі тариф бойынша жүзеге асады.
Білім алушылар ресімдеу кезінде оқу ақысын мына тәртіп бойынша төлейді: күндізгі оқу түрі бойынша – жылдық ақысының 30% пайызы, сырттай оқу түрі бойынша – жылдық ақысының 50% пайызы. Әрі қарай оқу ақысы келісімшарт шарттарына сәйкес төленеді.
11. Жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі айырманы жою тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ресімделеді.
Порядок и сроки ликвидации разницы в дисциплинах рабочего учебного плана оформляются распоряжением декана факультета.
12. Жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі айырманы жою үшін күндізгі оқу түрі бойынша ауысатын білім алушылар академиялық мерзім ішінде келесі аралық аттестация (сынақ-емтихан сессиясы) басталғанға дейін оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін (оқу жоспарында қарастырылған) тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат алады.
Жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі айырманы жою үшін сырттай оқу түрі бойынша ауысатын білім алушылар оқу-емтихан сессиясы ішінде келесі қорытынды бақылау басталғанға дейін оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін (оқу жоспарында қарастырылған) тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат алады.
Бұл категория бойынша білім алушылар эдвайзермен бірге пәндердің академиялық айырмасын есепке ала отырып жеке оқу жоспарын құрастырады.
13. Белгіленген мерзім ішінде жойылмаған жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің айырмасы келесі аралық аттестацияға (сынақ-емтихан сессиясы) рұқсат ресімдеу кезінде ары қарай академиялық берешек ретінде есептеледі.
14. Білім алушылардың ауысуы кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып анықталады.
Оқу жоспарындағы айырма міндетті компоненттің бестен артық емес оқу пәнін құраса, дәл сол курсқа ауысуға болады. Бұл жағдайда академиялық айырма кредитінің санын қоспағанда, міндетті компоненттің бұрын оқылған пәндер кредитінің жалпы саны сәйкес келуі тиіс.
2. Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы
15. Курстан курсқа ауысу үшін университет курс аралығында ауысу баллын – білім алушыны келесі курсқа ауысуға жіберетін, оқу үлгерімінің ең кіші орташа баллын белгілейді:
1 курс аяқтағандар үшін – 1,5-тен төмен емес
2 курс аяқтағандар үшін – 1,8-ден төмен емес
3 курс аяқтағандар үшін– 2,0-ден төмен емес
4 курс аяқтағандар үшін – 2,2-ден төмен емес
16. Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы жазғы сынақ-емтихан сессиясы (аралық аттестация) қорытындысы бойынша жазғы семестр/қосымша оқу мен ауысу баллын (GPA) есепке ала отырып жүзеге асады.
Курстан курсқа ауысудың міндетті шарты академиялық мерзімге сәйкес жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарының орындалуы, аралық аттестацияның тапсырылуы, академиялық берешектің жоқтығы, оқу ақысы бойынша қаржылық берешегінің болмауы, жинаған ауысу баллының (GPA) университет белгілеген деңгейге сәйкес болуы болып табылады.
15. Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы негізгі қызмет бойынша (бухгалтерия) түсім есебі секторымен келісілген факультет деканатының қызметтік жазбасы негізінде университет Ректорының бұйрығымен ресімделеді.
Күндізгі және сырттай оқу түрінде курсты жақсы аяқтаған білім алушылар үшін ауысу жаңа оқу жылының басына дейін жүзеге асуы тиіс.
- Жазғы сынақ-емтихан сессия (деканаттың өкімі негізінде дәлелді себептермен) ұзартылған;
- Академиялық берешегі бар және жазғы семестр/қосымша оқу курсын өтуге тиісті;
күндізгі және сырттай оқу түрінде білім алушылардың ауысуы
жаңа оқу жылының басына дейін сессияны және семестрді/қосымша оқуды жақсы аяқтағаннан кейін жүзеге асады.
16. Белгіленген ауысу баллын жинаған, бірақ академиялық берешегі бар білім гранты бойынша білім алушылар білім грантын жоғалтпайды, академиялық берешегін қосымша оқу/жазғы семестр кезінде ақылы негізде жояды.
Академиялық берешегін Офис Тіркеуші белгілеген мерзімде жойған кезде Ректор бұйрығымен білім алушының келесі курсқа ауысуы ресімделеді.
17. Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ауысу баллын жинай алмаған білім алушыға оқу үлгерімінің орташа баллын (GPA) көтеру мақсатында жазғы семестр кезінде ақылы негізде кей пәндерді (тек мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) қайта оқуға және сол бойынша емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
18. Жазғы семестрдің нәтижесін есепке ала отырып, оқу жылы қорытындысы бойынша ауысу баллын жинай алмаған білім алушылар курста қайта қалдырылады.
Курста қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары бойынша оқиды немесе жаңа жеке оқу жоспарын құрады.
19. Білім гранты бойынша білім алушылар курсқа қайта қалдырылса, гранттан айырылады және ары қарай ақылы негізде оқуын жалғастырады.
3. Білім алушылардың бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысуы
18. Басқа жоғары оқу орнынан М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға ауысу мына тәртіппен жүзеге асады:
1) Басқа жоғары оқу орнынан М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға ауысуға тілек білдірген білім алушылар өзі оқитын жоо басшысына ауысу туралы өтініш ұсынады және мөрмен бекітілген жазбаша келісім алғаннан кейін М.Өтемісов ат. БҚМУ Ректорына өтініш ұсынады:
2) М.Өтемісов ат. БҚМУ Ректорының атына өтінішке тіркелуге тиісті:
- өзі оқыған жоо басшысы атына жазылған өтінішінің түпнұсқасы (жоо басшысының қолы мен мөрі бар);
- оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың, офис тіркеушінің қолы қойылған, мөрмен бекітілген транскриптің түпнұсқасы/көшірмесі;
- ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу тапсырғандығы туралы куәліктің көшірмесі, сұхбаттасу хаттамасының көшірмесі;
- білім гранты куәлігінің көшірмесі (егер бар болса);
3) факультет деканы, офис тіркеуші және сырттай оқу әдіскерлері ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарындағы міндетті компонент пәндерінің айырмасын анықтайды және пререквизиттерге сәйкес оқу курсын және академиялық тобын белгілейді, бұл білім алушының өтінішінде көрсетіледі.
4) факультет деканы, күндізгі және сырттай оқу түрі әдіскерлері, негізгі қызмет бойынша түсім есебі секторы есепшілері, Офис Тіркеуші жетекшісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес Ректор білім алушыны М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
5) білім алушыны М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға ауыстыру туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде Офис Тіркеуші статистика және контингент бөлімі әдіскері Ректор атынан білім алушы бұрын оқыған жоо-на оның жеке іс қағаздарын аудару туралы жазбаша сұраныс жібереді.
6) білім алушы бұрын оқыған жоо басшысы бұл сұранысты алғаннан кейін «(жоо атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген оқудан шығару туралы бұйрық шығарады, оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін үш күн ішінде білім алушының жеке іс қағаздары М.Өтемісов ат. БҚМУ мекен-жайына жіберіледі.
19. Білім алушының М.Өтемісов ат. БҚМУ-дан басқа жоғары оқу орнына ауысуы мына тәртіп бойынша жүзеге асады:
1) М.Өтемісов ат. БҚМУ-дан басқа жоғары оқу орнына ауысқысы келетін білім алушы Ректор атына ауысу туралы өтініш ұсынады, мөрмен бекітілген жазбаша келісім алғаннан кейін, өзін қызықтырған жоо басшысына барады;
2) білім алушы ауысу туралы өтінішіне қоса алуға құқылы:
- факультет деканының, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың қолдары қойылып, мөрмен бекітілген сынақ-емтихан ведомостінен үзінді-көшірменің көшірмесін;
- ОТ ТжАЖБ әдіскерінің, факультет деканы мен Ректордың қолдары қойылып, мөрмен бекітілген транскрипт түпнұсқасын/көшірмесін;
- ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу тапсырғандығы туралы куәліктің көшірмесін;
- білім гранты куәлігінің көшірмесін (егер бар болса).
3) барлық талаптар орындалған жағдайда білім алушы ауысатын жоо басшысы М.Өтемісов ат. БҚМУ-дан ауысу туралы бұйрық шығарады, бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде жоо басшысы атынан М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға білім алушының жеке іс қағаздарын аудару туралы жазбаша сұраныс жібереді.
4) бұл сұранысты алғаннан кейін немесе білім алушының жеке өтініші негізінде (құжатты растайтын қосымшаларымен) М.Өтемісов ат. БҚМУ-да «(жоо атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген оқудан шығару туралы бұйрық шығарылады, оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін үш күн ішінде ОТ СжКБ әдіскері Ректор атынан білім алушының жеке іс қағаздарын басқа оқу орнының мекен-жайына жібереді.
М.Өтемісов ат. БҚМУ-да білім алушының транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билеті және жіберілген құжаттардың тізімі қалдырылады.
Жеке іс қағаздары білім алушы оның М.Өтемісов ат. БҚМУ-да материалдық және қаржылық берешегі жоқ екенін дәлелдейтін кету қағазын толтырып, тапсырғаннан кейін жіберіледі.
20. Білім алушы басқа оқу орнынан М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға білім гранты негізінде ауысқан кезде ОТ СжКБ университет Ректоры атынан білім саласындағы құзіретті органдарға және бюджеттік бағдарламаға сәйкес әкімгерге білім алушының оқуға қабылдануы туралы бұйрықтың көшірмесін, оның атына берілген білім гранты куәлігінің көшірмесін жоо қаржыландыру көлемін түзету үшін ұсынады.
21. Ақылы негізде оқитын білім алушы басқа оқу орнынан М.Өтемісов ат. БҚМУ-ға ауысқан кезде білім алушы мен университет арасында келісімшарт құрылады.
22. Білім гранты негізінде білім алушы бір жоо-дан екіншісіне бір курсқа төмен ауысқан жағдайда ол білім грантынан айрылады.
23. Басқа жоо үшін бекітілген мемлекеттік білім тапсырысы бойынша мақсатты орындарға оқуға түскен, сонымен қатар бөлінген квота шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түскен білім алушылардың білім гранты басқа жоо-на ауысқан кезде сақталмайды.
24. Білім алушы шетелдік білім ұйымынан ауысқан кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт), сонымен қатар алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады, бұл құжат белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында мойындалып, нострификациядан өтуі тиіс.
4. Білім алушылардың бір мамандықтан екіншісіне ауысуы
25. Осы Ереженің 4.3 бөліміне сәйкес білім алушы бір мамандықтан екіншісіне ауысуына құқығы бар.
26. Білім алушының бір мамандықтан екіншісіне ауысуы тек ақылы негізде оқитындар үшін жүзеге асады.
27. Білім гранты бойынша білім алушы оқу барысында науқасқа шалдықса, бұл мамандықта оқуына тыйым салынған дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысымен білім гранты бойынша бос орынға басқа мамандыққа ауыса алады.
28. Білім алушының ауысуы М.Өтемісов ат. БҚМУ Ректорының атына жазылған өтінішпен басталып, осы Ереженің 5-14 бөлімдеріне сәйкес жүзеге асады.
5. Білім алушылардың бір оқу түрінен екіншісіне ауысуы
29. Осы Ереженің 4.4. бөліміне сәйкес білім алушы оқудың шартына байланысты (толық түрі, қысқартылған бағдарлама бойынша) күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауыса алады.
30. Білім алушының күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысуы тек ақылы негізде оқитындар үшін жүзеге асады.
31. Білім алушының ауысуы М.Өтемісов ат. БҚМУ Ректорының атына жазылған өтінішпен басталып, осы Ереженің 5-14 бөлімдеріне сәйкес жүзеге асады.
6. Ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім гранты бойынша бос орынға ауысуы
32. Осы Ереженің 4.5. бөліміне және «Білім грантын тағайындау туралы Ережесіне» сәйкес ақылы негізде білім алушылар өзі оқып жатқан мамандық бойынша мемлекеттік білім гранты бойынша бос орынға ауысуға құқылы.
33. «Білім грантын тағайындау туралы Ереженің» §2-1 сәйкес ауысу жүзеге асады.
______________________________________________________________________
Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі өкілетті мемлекеттік органдардың нормативті-құқықтық және нұсқаулық құжаттарының жаңартылуына байланысты енгізіледі.
.
Қосымша
М.Өтемісов ат. БҚМУ ректорына
_____________________________
5В050600 «Экономика»мамандығында күндізгі бөлімде ақылы негізде/грант бойынша оқитын 09216- топтың 2-курс студенті Айнагүл Аманқызы Мұратовадан
Өтініш
Сізден ... (ЖОО-ның толық атауы) білім грантымен (білім гранты бойынша оқитындар үшін) ауысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
қолы
күні
М.Өтемісов ат. БҚМУ ректорына
_____________________________
5В050600 «Экономика»мамандығында күндізгі бөлімде ақылы негізде/грант бойынша оқитын 09216- топтың 2-курс студенті Айнагүл Аманқызы Мұратовадан
Өтініш
Сізден ... (жоо-ның толық атауы) ауысумен 5В050600 «Экономика» мамандығына ақылы негізде/білім грантымен күндізгі оқу бөліміне 3-курсқа қабылдауыңызды сұраймын.
қолы
күні
М.Өтемісов ат. БҚМУ ректорына
_____________________________
5В050600 «Экономика»мамандығында күндізгі бөлімде ақылы негізде/грант бойынша оқитын 09216- топтың 2-курс студенті Айнагүл Аманқызы Мұратовадан
Өтініш
Сізден 5В050600 «Экономика» мамандығынан 5В050900 «Қаржы» мамандығына ақылы негізде ауысуға рұқсат беруіңізді сұраймын;
Сізден 5В050600 «Экономика» мамандығы бойынша ақылы негізде күндізгі бөлімнен сырттай оқу бөліміне ауысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
қолы
күні
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі ___________________
мырзаға
5В050600 «Экономика»мамандығында күндізгі бөлімде ақылы негізде
оқитын 09216- топтың 2-курс студенті Айнагүл Аманқызы Мұратовадан
Өтініш
Сізден мемлекеттік білім гранты бойынша оқу үшін бос орынға ауысу туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймын.
қолы
күні
Достарыңызбен бөлісу: |