Қазақстан Республикасы Үкіметінің 013 жылғы наурыздағы мәжілісінің №10 хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан. 2017 мақсаттары



жүктеу 33,44 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі33,44 Kb.
#17051


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы мәжілісінің № 10 хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – «НұрОтан» ХДП) сайлауалды тұғырнамасының іске асырылу барысы туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы мәжілісінің №10 хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – «НұрОтан» ХДП) сайлауалды тұғырнамасының іске асырылу барысы туралы төмендегі ақпаратты жолдайды.

Агенттіктің дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі қызметі аясында «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын (бұдан әрі - тұғырнама) жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар атқарылуда.

Атап айтқанда, тұғырнаманың «Біз салатын Қазақстан!» деген IV бөлімінің өмір сүруге қажетті жағдай жасау үшін қабылдануы тиіс шаралардың қатарында азаматтардың спортпен және дене шынықтырумен жаппай шұғылдану көрсеткішін 25 пайызға және балалар мен жасөспірімдерді 12 пайызға дейін жеткізу көзделген. Осы мақсатта Агенттік төмендегідей жұмыстарды жүргізуде.

Ел арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін ү.ж. бірінші жарты жылдықта 7799 бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді, оның ішінде ауылдық жерлерде 4851 іс-шара өтті, оған шамамен 1 007 797 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерде 555936 адам қатысқан.

Бүгінгі таңда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 3,6 млн. адамды құрап отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қатысты берген тапсырмаларын орындау мақсатында, Агенттік шетелдік тәжірибелерді талдай отыра, ойын спорты түрлерінен (волейбол, баскетбол, шағын футбол) студенттік және мектеп аралық лигаларды жандандыру арқылы студенттердің және мектеп спортын дамыту туралы шешім қабылдады. Осыған орай, Агенттік 5-11 сынып оқушылары арасында мектеп лигалары жарыстарын өткізу туралы Үлгілік ереже жобасын әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісті. Қазіргі таңда Агенттік Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі – ҚР БҒМ) бірлесіп жылдың басынан бір топ депутаттардың бастамасымен мектеп лигаларын «Барсиада» мектеп спартакиадасымен біріктіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұған қоса, Агенттік әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірге балалардың аула клубтары мен спорт секцияларын құру жөнінде шаралар қабылдауда.

Қазіргі таңда республикада 418 балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі (бұдан әрі - БЖСМ) жұмыс істеуде. Олардың ішінде спорт түрлері бойынша 12634 бөлімшелері бар.

Мектептерде 265013 бала мен жасөспірім спортпен айналысады. 2011 жылмен салыстырғанда БЖСМ контингенті 2012 жылдың қорытындысы бойынша 8657 адамға артты.

Агенттік 2013 жылы құрамына көрнекті қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары және жеңімпаздары енгізілген ақпараттық-насихаттау топтарын құрып, жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шегінде бұқаралық спортты дамыту және насихаттау жөнінде 20 бейнетаспа шығару жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы салалық бағдарламаны орындау аясында жыл сайын бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, мамандандырылған «KazSport» спорттық телеарнасы ашылды, телеарна тәулігіне 20 сағат екі тілде хабар таратады.



Сонымен қатар, Агенттік өңірлердің дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен жабдықталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша, 2014 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық жерде 42 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға бюджеттік өтінім дайындалды. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарауында.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Агенттік елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар аясында «НұрОтан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын өз құзыреті шегінде орындауда екенін мәлімдей отырып, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын хабарлайды.
жүктеу 33,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау