ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ТЕСТИРОВАНИЯ
МАГИСТРАТУРА, РЕЗИДЕНТУРА, АДЬЮНКТУРА, ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫ
ВСТУПИТЕЛЬНЫЙ ЭКЗАМЕН В МАГИСТРАТУРУ, РЕЗИДЕНТУРУ, АДЪЮНКТУРУ, ДОКТОРАНТУРУ
СЫНАҚ ТЕСТІЛЕУ
ПРОБНОЕ ТЕСТИРОВАНИЕ
Қазақ тілі
Казахский язык
АСТАНА - 2015
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1. Сұрақ кітапшасы келесі блоктар бойынша жасалған тест тапсырмаларынан тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық тест және оқылым.
2. 1 бөлім - Тыңдалым.
Тыңдалым бөліміне құрылған тесті өткізу үшін аудиотехника пайдаланылады. Тыңдалым бөлімінің тесті 4 мәтіннен тұрады. Мәтіндер 2 мәрте жазылған. Әрбір мәтіннен кейін оған арналған 8 тапсырманы орындауға уақыт беріледі.
2 бөлім - Лексика-грамматикалық тест.
3 бөлім - Оқылым.
Оқылым бөлімінің тесті 3 мәтіннен тұрады. Әрбір оқылған мәтін бойынша түсінгенін тексеруге арналған 12 тест тапсырмасы ұсынылады.
3. Тестілеу уақыты - 155 минут.
1 бөлім - тыңдалым (1-32 сұрақтар), 50 минут
2 бөлім - лексика-грамматикалық тест (33-64 сұрақтар), 35 минут
3 бөлім - оқылым (65-100 сұрақтар), 70 минут
4. Әр тапсырма ұсынылған 5 жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауды талап етеді.
5. Таңдаған жауапты жауап парағындағы секторға сәйкес дөңгелекшені қара немесе көк түсті қаламмен толық бояу қажет (гелді қалам пайдалануға болмайды).
6. Жауап парағында орналасқан барлық секторларды мұқият толтыру керек. Жауап парағы қате толтырылған жағдайда жауап парағы қайта берілмейді
7. Барлық керекті жазбаларды сұрақ кітапшасының бос жерлерінде жүргізуге болады.
8. Тестілеу уақытында сөздіктерді, электрондық жазба кітапшасын, түзеткіш сұйықтықтарды, ұялы телефон мен пейджерді пайдалануға болмайды.
9. Тестілеу аяқталған соң, сұрақ кітапшасы мен жауап парағы аудитория кезекшісіне тапсырылады.
ВНИМАНИЕ!
1. Книжка-вопросник содержит тестовые задания по следующим блокам: слушание, лексико-грамматический тест и чтение.
2. Блок 1 - Слушание
Для проведения теста на слушание используется аудиотехника. Тест на слушание содержит 4 текста. Тексты записаны двукратно. После прослушивания каждого текста дается время на решения предложенных к нему 8 тестовых заданий.
Блок 2 - Лексико-грамматический тест
Блок 3 - Чтение
Тест по чтению содержит 3 текста. К каждому тексту предлагается 12 тестовых заданий на проверку понимания прочитанного.
3. Время тестирования - 155 минут.
Блок 1 - слушание (вопросы с 1 по 32), 50 минут
Блок 2 - лексико-грамматический тест (вопросы с 33 по 64), 35 минут
Блок 3 - чтение (вопросы с 65 по 100), 70 минут
4. Каждое задание требует выбора единственно правильного ответа из пяти предложенных вариантов.
5. Выбранный ответ нужно отмечать на листе ответов, путем полного закрашивания соответствующего кружка в Секторе ответов ручкой черного или синего цветов (нельзя использовать гелевые ручки).
6. Внимательно заполняйте все секторы листа ответов!
При ошибочном заполнении листа ответа новый лист не выдается.
7. Все необходимые пометки и записи можно производить в свободных местах книжки-вопросника.
8. Во время тестирования строго запрещается пользоваться словарем, электронными записными книжками, корректирующими жидкостями, сотовым телефоном, пейджером.
9. После окончания тестирования книжка-вопросник и лист ответов сдаются дежурному по аудитории.
Тыңдалым
1 мәтін
1. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң ___ тәріздi.
A) тәжі
B) күмбезі
C) лажы
D) бейнесі
E) белгісі
|
2. Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы ___ көрсететін қасиетті белгілер.
A) байланыстың
B) қарым-қатынастың
C) айырмашылықтың
D) басты міндеттердің
E) сабақтастықты
|
3. Әнұран – халық жүрегінің лүпілін білдіретін музыкалық ___ тәрізді.
A) туынды
B) қойылым
C) сәлемхат
D) шығарма
E) арнаухат
|
4. Мәтінде әңгіме болатын ұғым атауы
A) қоршаған орта
B) рәміздер
C) өсімдіктер әлемі
D) салт-дәстүр
E) халықтың жағдайы
|
5. Елтаңбаның негізі
A) шаңырақ
B) жұлдыз
C) кереге
D) күн
E) тұлпар
|
6. Күн астында қалқып ұшып жүрген ___ күштің, еркіндіктің және бостандықтың белгісі ретінде қабылданады.
A) бүркіт
B) қаршыға
C) тұйғын
D) қыран
E) сұңқар
|
7. Қанатты тұлпар уақыт пен ___ бiрiктiредi.
A) мезгілді
B) заманды
C) өркениетті
D) кеңістікті
E) болашақты
|
8. Әнұран олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларының ___ шырқалады.
A) жеңісіне
B) мейрамына
C) кездесуіне
D) жарысына
E) құрметіне
|
2 мәтін
9. Бағзы заманнан-ақ ___ өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойған.
A) мамандарымыз
B) зерттеушілеріміз
C) ғалымдарымыз
D) бабаларымыз
E) адамдар
|
10. Алайда өсімдіктердің ішінде ___ да аз емес
A) тамырсыздары
B) қылқан жапырақтысы
C) улылары
D) булылары
E) жапырақтысы
|
11. Емші өсімдіктердің шипалы тамырларын ___, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
A) күн сәулесі түспейтін көлеңкеде
B) күн сәулесі түспейтін қараңғыда
C) күн сәулесі түсетін күнгейде
D) жылы бөлмеде
E) жарық жерде
|
12. Өсімдіктердің шипалық қасиетін ежелден ___ біліп, пайдаланған.
A) арабтар
B) гректер
C) қытайлықтар
D) үндістер
E) египеттіктер
|
13. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктердің жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын ___ пайдаланған.
A) азық-түлікке
B) тағамға
C) емдеуге
D) дәрі-дәрмекке
E) әдемілікке
|
14. Өсімдіктер пайдаланылған сала
A) спорттық ойындар, ат спорты
B) оқу, жазу, үй салу
C) сурет салу, ән айту
D) сүт, ет тағамдарын әзірлеу
E) дәрі жасау, тері илеу, бояу
|
15. Оны тұрғын халық ___ , малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
A) ұстамаса
B) жинамаса
C) таппаса
D) көрмесе
E) білмесе
|
16. Мәтіндегі емшінің есімі
A) Досқан
B) Келденбек
C) Ырғызбай
D) Құнанбай
E) Найман
|
3 мәтін
17. Дана бабамыз отыз жетінші қара сөзінде: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам ___ түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деп тәрбиесіз өмірдің дұрыс болмайтындығын айтады.
A) бағытын
B) мәдениетін
C) әдетін
D) тәрбиесін
E) мінезін
|
18. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген кісілік қарым-қатынасы, эмоциялық сезімдері, ___ – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізделген жақындық.
A) ілтипат-ықыластары
B) тату-тәттілігі мен берекесі
C) кісілік қарым-қатынасы
D) сүйіспеншілік сезімдері
E) адамгершілік қасиеттері
|
19. Адамзат ұрпағы үшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтын нәрсе
A) болашақ өмір
B) отбасының ықпалы
C) жастарға білім беру
D) білім алу
E) табиғатты қорғау
|
20. Екінші ұстаз атанған ___ бабамыз да «бақыт жолын сілтейтін нәрсе адам бойындағы ақыл-парасат, мәселе сол ақыл-парасатты әділет пен жақсылыққа бағыттай білуде» деп көрсетеді.
A) Ыбырай
B) Платон
C) әл-Фараби
D) Аристотель
E) Абай
|
21. «Жақсы ақыл-парасаттан – тамаша әрекеттер, жаман ақыл-парасаттан оңбаған әрекеттер болады» деген
A) адамдар
B) Әл-Фараби
C) халық
D) Абай
E) ата-ана
|
22. Қоғам, мемлекет болған соң ___ керек екені сөзсіз.
A) ұйым
B) бала
C) ата мен ана
D) отбасы
E) тәрбие
|
23. Мәтіннің негізгі тақырыбы
A) табиғат
B) тәрбие
C) мемлекет
D) адамгершілік
E) мамандық
|
24. Қоғам, ___ болған соң тәрбие керек екені сөзсіз.
A) мемлекет
B) табиғат
C) ұжым
D) ұйым
E) отбасы
|
4 мәтін
25. Әлемдік тәжірибедегі ұтымды жолдарды ___ пайдалануға болады
A) өз шамамызға лайықтап
B) көшіріп
C) өз шамамызға қарамай
D) өз шамамызша өзгертпей
E) ауыстырып
|
26. Адамды да, халықты да қатарға қосатын намыстылық – өзгелердің қолынан келетін менің ___ деп ойлау.
A) неге қолымнан шықпайды
B) қажетім емес
C) неге қолымда болмайды
D) ісім емес
E) неге қолымнан келмейді
|
27. Мәтіннің негізгі тақырыбы
A) саясат
B) тарих
C) еңбексүйгіштік
D) тәуелсіздік
E) адамгершілік
|
28. Өзгелердің қолынан келген менің қолымнан ___ деп ойламау керек.
A) келмейді
B) шықпайды
C) келеді
D) үйренбейді
E) түспейді
|
29. Басты мұрат – қолымызға қиындықпен түскен ___ бекем болу.
A) тәуелсіздікке
B) тәуелсіздік туына
C) бостандық туына
D) көк байраққа
E) теңдік туына
|
30. Өзгелердің қолынан келген менің қолымнан келмейді деп ___ – қатардан қалдыратын намыссыздық.
A) ойлау
B) қабылдау
C) білу
D) айту
E) түсіну
|
31. Ондайлардың екі дүниеде де ___ жоқ.
A) ойы
B) обалы
C) мақсаты
D) орны
E) арманы
|
32. Тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын ___ жоқ
A) ел де, жұрт та
B) адам да, халық та
C) бала да, үлкен де
D) үлкен-кіші
E) жас та, кәрі де
Тыңдалым бөлімі бойынша
ТЕСТ АЯҚТАЛДЫ
|
Лексика-грамматикалық тест
1. Біздің ғылыми ... талданды
A) кітаптар
B) жұмысымыз
C) ақпараты
D) пікірім
E) баяндамаңыз
|
2. Бір адамға меншікті зат атауын көрсетіңіз
A) кітапты
B) күнделігім
C) дәптеріміз
D) қалам
E) достары
|
3. Бірінші жақта тұрған мамандық атауын көрсетіңіз
A) сатушысың
B) құрылысшымын
C) есепші
D) әншісіз
E) жүргізушімін
|
4. Үшінші жақта тұрған мамандық атауын табыңыз
A) кітапханашысың
B) заңгерміз
C) дәрігерсіз
D) мұғаліммін
E) жұмысшы
|
5. Мезгіл мәнді тіркесті табыңыз
A) жұмыс бөлмесінде
B) жұмыс тәртібі
C) жұмыстан кейін
D) жұмыс кестесінде
E) жұмысқа барады
|
6. Мекендік мағынаны білдіретін сөзді көрсетіңіз
A) сауда орталығымен
B) орталық кітапхана
C) спорт кешеніне
D) драма театрын
E) жастар орталығында
|
7. Заттың белгісін асыра суреттейтін сөзді анықтаңыз
A) қара
B) тым қара
C) сарғыштау
D) тым қызыл
E) аппақ
|
8. Күшейтпелі мән қосатын сөзді қойыңыз
Маржанның тақырыбы ____ қызықты
A) аздап
B) сәл
C) өте
D) жоғары
E) кішкене
|
9. Заттың ретін білдіретін сөзді табыңыз
A) алты компьютер
B) ғылыми жұмыстың екеуі
C) оннан аса кітап
D) үш жүз отыз бірінші кабинет
E) бір-екі ғимарат
|
10. Өзіне керек кітаптарды сатып ____ да, досына барды.
A) алды
B) болып
C) отыр
D) жатыр
E) жазды
|
11. Іс-әрекеттің бірнеше сөз арқылы берілуін көрсетіңіз
A) оқиғаны баяндады
B) өлеңді жатқа айтты
C) атты зорға тоқтатты
D) тез хат жазды
E) жағдайды біліп қайтты
|
12. Бұрын орындалған іс-әрекетті білдіретін сөйлем
A) Жасұлан көлден балық аулап отыр.
B) Нұрлан үнемі ауылын сағынады
C) Өзеннен қайықпен өтеміз.
D) Бұл жерде кішкене көл болған.
E) Түлектер ертең тауға шықпақ.
|
13. Осы сәтте болып жатқан іс-әрекетті білдіретін сөйлем
A) Мектепке келеді.
B) Сынақ тапсырған.
C) Университетте отыр.
D) Университетте оқыған.
E) Колледжге бармақшы.
|
14. Болашақта орындалатын іс-әрекетті көрсетіңіз
A) Қызылордаға бармақшы
B) Астанаға іссапармен келген
C) Алматыдан ұшып кетті
D) Қарағандыда тұрды
E) Талдықорғанға жетіпті
|
15. Бұйыру мәнді тіркесті көрсетіңіз
A) дәптерге жазса
B) өлеңді жаттап алшы
C) есебін шығармақшы
D) әнді үйренді
E) кітапты оқыңыз
|
16. Қалау мәнді сөйлемді көрсетіңіз
A) Тәжірибенің қорытындысын түсінбедім.
B) Ол тәжірибесімен бөлісті.
C) Ол өз пікірін айтатын шығар.
D) Ғалымдар пікірімізді түсінсе игі еді.
E) Ш.Уәлиханов Қазақстанның географиялық жағдайын зерттеді.
|
17. Сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз
Семинардан кешікпеу үшін ол тез ___ .
A) жинасты
B) әкелістім
C) сатып алды
D) жазғызды
E) киінді
|
18. Басқа біреу арқылы орындалған қимылды білдіретін сөз
A) тазалатқызды
B) сүртілді
C) жалғызды
D) жуысты
E) бақылады
|
19. Есімше жұрнағы бар сөз
A) аудар
B) жапсар
C) барғалы
D) барар
E) барып
|
20. Қолдау, растау мәнді білдіретін нұсқа
A) Халқымызда қонақ күту дәстүрі бар.
B) Мүмкін, олар Алматыны бірінші рет көрген болар.
C) Шындығында, қонақтарымыз бұл қалада бұрын болмапты.
D) Әріптесінің үйіне қонаққа барады.
E) Әкем ертең қалаға жүрмекші.
|
21. Тілек, қалау мәнді сөйлем
A) Кешке дейін жұмыстарын бітіріп алса екен.
B) Сандардың құпиясы көп.
C) Он екі саны – халқымыздың құрметтейтін саны.
D) Он екі жылды бір мүшел деп атап өтеді.
E) Кім біледі, осы жолы бәрі ойындағыдай болар.
|
22. Күмән мәнін білдіретін нұсқа
A) Мен білемін, өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша.
B) Кім біледі, ол да елге қайтатын болар.
C) Сен білесің, бұл қыс аязымен есте қалды.
D) Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi білдiредi.
E) Рас, жұмысқа да жауапты қарайды.
|
23. Қарсылықты мәнді білдіретін сөйлем
A) Қазақстаннаң келешегі бірлік пен татулықта, екпінді еңбекте болмақ.
B) Өзге тілдерді білу керек, бірақ ана тіліңді ұмытпау керек.
C) Болашақта Қазақстан ең мықты, экономикасы дамыған елдердің қатарында болады.
D) Тәуелсіздіктің басты белгісі – мемлекеттік тіліміздің болуы.
E) Еліміздің көк байрағы олимпиадада желбірегенде, қатты қуандық
|
24. Себеп мәнді білдіретін сөйлем
A) Бота келер жылы Америкаға саяхат жасамақ, өйткені ол кішкентайынан әлемді шарлауды армандаған.
B) Бауыржан бос уақытында көркем шығармалар оқып, әдеби кейіпкерлердің есімін жазып алуды ұнатады.
C) Абылайдың отбасы сенбі күні саяжайға демалысқа барады екен.
D) Париждегі елге оралған соң, суретшінің туыстарын сұрастырдым.
E) Әлия бірінші курс студенті, бірақ ол ғылыми жұмыс жазуды мектеп қабырғасынан бастапты.
|
25. Еңбек ___ ерінбей, тояды қарның тіленбей.
A) қыл
B) болып
C) жазған
D) етсең
E) жаса
|
26. Оқуы аяқталған ___ , елге оралады.
A) дейін
B) арқылы
C) туралы
D) кейін
E) соң
|
27. «Сыйлау» сөзімен мәндес сөз
A) құрметтеу
B) ұялу
C) сайлау
D) қуану
E) ренжу
|
28. Жазылуы бірдей, әртүрлі мағынада қолданылатын сөз
A) дала
B) жол
C) даңғыл
D) аула
E) көше
|
29. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қатары
A) сыйлау - құрметтеу
B) жүгіру - отыру
C) ашулану - ренжу
D) татуласу - араздасу
E) бейнелеу - кейіптеу
|
30. «Ұзын» сөзінің мағынасына қарсы мәнді сөз
A) биік
B) аласа
C) үлкен
D) төмен
E) қысқа
|
31. «Тас бауыр» деген тіркестің мағынасы
A) бөтен
B) ақылды
C) мейірімсіз
D) ұялшақ
E) кішіпейіл
|
32. Ауыспалы мәнде жұмсалып тұрған тіркес
A) қабаған ит
B) ит арқасы қиянда
C) жүйрік аттай жылдам
D) алыс жер
E) қолын ұстау
Лексика-грамматиКалық тест
БӨЛІМІ АЯҚТАЛДЫ
|
Оқылым
1 мәтін
Менің отбасым
Сізді отбасыммен таныстырғым келеді. Бұл – менің әкем. Оның аты Сейітжан. Ол кісі 69 жаста. Шешемнің аты – Мәлике. Ол кісі 65 жаста. Менің ата-анам жас кездерінде Тараз қаласында тұрған. Сол қалада олар танысып, үйленген. Содан кейін олар Алматыға көшкен. Әкем көп жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Әкем тарихтан сабақ берсе, шешем мектепте кітапханашы болған. Қазір олар жұмыс істемейді. Әкем де, шешем де зейнетақы алады.
Менің ата-анамның үш баласы бар – әпкем, мен және інім. Әпкемнің аты – Қарлығаш. Ол менен үш жас үлкен. Қарлығаш шет тілдері институтын бітірген, қазір мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Он жыл бұрын Қарлығаш тұрмысқа шыққан. Оның күйеуінің аты Нұржігіт. Ол көлік қатынасы институтын бітірген, бірақ қазір кәсіпкерлікпен айналысады. Олардың екі баласы бар: ұлы Қуаныш және қызы Шолпан. Біздің Қарлығаш өте әдемі, сымбатты. Ол бота көзді, қара шашты. Қарлығаш шешеме ұқсайды.
Інімнің аты – Дәулет. Дәулет университеттің математика факультетінде оқиды. Ол «Майкрасофт» сияқты үлкен бір компанияда бағдарламашы болуды армандайды. Дәулет - өте пысық, ширақ, көңілді адам. Ол көп оқиды, философияға, тарихқа, әлеуметтануға қызығады. Онымен әңгімелесу қызық. Бірақ ол бәрінен де математика мен физиканы жақсы көреді. Дәулет бірден көп нәрсемен айналысады. Ол көбінесе үлгере алмай жүреді, соншалықты да жинақы емес. Бәрібір оны барлығы жақсы көреді.
Өзім қазір мектепте мұғаліммін, магистратураға түсуге дайындалып жүрмін.
1. Мәтінге сәйкес кілт сөздер қатарын көрсетіңіз
A) нағашы, жиен, немере, бала
B) отбасы, ата-ана, іні, әпке
C) бауыр, туыс, дос, сіңлі
D) жұмыс, мекеме, қызмет, еңбек
E) қоғам, отбасы, туыс, аға
|
2. Нұржігіт ___ институтын бітірген, бірақ қазір ___ айналысады.
A) политехникалық, кәсіпкерлікпен
B) көлік қатынасы, кәсіпкерлікпен
C) көлік қатынасы, балық шаруашылығымен
D) медициналық, жеке іспен
E) көлік қатынасы, мал шаруашылығымен
|
3. Оның Дәулет туралы ойы
A) ештеңемен айналыспайды
B) жинақы емес
C) сабақтан көп қалады
D) кітапты аз оқиды
E) еріншектеу
|
4. Мәтін мазмұнының мақсаты
A) өзі туралы баяндау
B) өзі оқыған мектеп туралы айту
C) туыстарының жағдайын баяндау
D) достары жөнінде айту
E) отбасымен таныстыру
|
5. Қарлығаш ___ институтын бітірген, қазір ___ сабақ береді.
A) қыздар, курстарда ағылшын
B) педагогика, мектепте қазақ
C) шетел, орыс университетте
D) технологиялық, мекемелерде ағылшын
E) шет тілдері, мектепте ағылшын тілінен
|
6. Дәуреннің арманы − ___ .
A) физика ғылымын дамыту
B) жақсы математик болу
C) ірі компанияда менеджер болу
D) жеке кәсіпкер болу
E) ірі компанияда бағдарламашы болу
|
7. Мәтін бойынша дұрыс қойылған сұрақ
A) Олар отбасымен саяхат жасады ма?
B) Дәулет қайда жұмыс істейді?
C) Өзінің жасы нешеде?
D) Оның әпкесінің мамандығы кім?
E) Оның достары неге аз?
|
8. Мәтін мазмұнына сәйкес емес ақпарат
A) Інісі университетте оқиды.
B) Әпкесінің екі баласы бар.
C) Оның әпкесі ағылшын тілінің маманы.
D) Оның қарындасы өте әдемі.
E) Ата-анасы Алматыға көшкен.
|
9. Мәтінде берілмеген ақпарат
A) Оның әпкесі және інісі бар.
B) Оның ата-анасы зейнеткерлер.
C) Қарлығаш анасына ұқсаған.
D) Қарлығаш тұрмыс құрған.
E) Олар табиғатқа шығып тұрады.
|
10. Дәулет үлкен фирмада ___ болуды армандайды.
A) бағдарламашы
B) есепші
C) басшы
D) менеджер
E) аудармашы
|
11. Оның анасы ___ боп істеген.
A) кітапханашы
B) сауыншы
C) оқытушы
D) аспазшы
E) жаттықтырушы
|
12. Қарлығаш одан ___ .
A) әлдеқайда көрікті
B) екі жас кіші
C) үш жас үлкен
D) әлдеқайда ақылды
E) өте тәрбиелі
|
2 мәтін
Әбу Әли ибн-сина
Орта ғасырдағы Шығыстың данышпан ғалымы Ибн-Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхараға жақын жердегі Абшан ауылында туған.
Х ғасырда Бұқара Мауераннахрдың саяси орталығы болып саналған. Барлық шығыс елдерінен қайраткерлер келетіндіктен, бұл қалада ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер кеңінен дамыған.
Ибн-Синаның әкесі қаладағы атақты адамдардың бірі болған. Оның екі ұлы бар еді: Хусейн (Ибн-Сина) және Махмуд. Бұхараға көшкеннен кейін Хусейнді оқуға береді. Бұл кезде есейе түскен ол математиканы игере бастайды. Хусейннің қабілетін байқаған ұстаздары әкесінен ұлыңыз оқудан қол үзбесін деп өтінеді. 15-16 жасар Ибн-Сина сол уақыттағы барлық ғылым негіздерін меңгереді. Оның философиялық көзқарасының қалыптасуына Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері әсер етеді. Жаратылыстану ғылымын, логиканы, математиканы және философия мен теологияны жете түсінген Ибн-Сина медицинаны да оқып-біліп, іс жүзінде айналыса бастайды.
17-18 жасында-ақ Ибн-Сина кемеліне келген ғалым ретінде қалыптасады. Жас та болса өзін толық танытқан талант математикадан басқа ғылымдар жөнінде “Китаб ал-Ман Әжму” немесе “Әл-Арузия” деген еңбектер жазады. Артынша этика туралы “Ал-бир уа-л исм” және философияға қатысты “Әл-Хасил уа-л Махсул” деген еңбек жазады. Ибн-Сина Хорезмнің астанасы Гурганжда тұрғанда “Мамуни Академиясы” ғалымдарының небір саңлақтары оны өз тобына қосып, құшақ жая қарсы алады. Гурганжда оның “Дәрігерлік ғылым қағидалары”, “Логика кітабы”, “Аралау мен оралу”, “Жалпы бақылау кітаптары” деген еңбектері жазылады.
Исфахан дәуірі (1023-1037) Ибн-Синаның өмірінде елеулі орын алады. Мұнда ол “Сауығу” және “Дәрігерлік ғылым қағидалары” еңбектерін аяқтайды. Астрономия саласына да баса назар аударады. Сондай-ақ логика, математика, физика, поэтика, музыка мәселелерімен де айналысады. Оның жан-жақты білімдарлығы ғылымның барлық саласын қамтып жатты.
Исфаханда Ибн-Синаның Ала-ад-Даулге арналған “Даниш-Намэ” деген философиялық энциклопедиясы дүниеге келеді. Мұны өзінің ұлттық тәжік тілінде жазады.
Ибн-Сина бүкіл адамзатқа үлкен байлық қалдырды. Оның 456 шығармасының ішінде 18 томдық “Нұсқау мен ереже” деген соңғы еңбегі шығыс философиясына қатысты болса керек. 40-қа жуық жұмыстары медицинаға арналған. Әсіресе “Дәрігерлік ғылым қағидалары”, “Жүрек дауасы”, “Тамыр ұстау” сияқты құнды дүниелерінің маңызы зор.
13. Әкесі оны ___ берді.
A) нағашысына
B) оқуға
C) жұмысқа
D) мешітке
E) туыстарына
|
14. Негізгі ақпарат Ибн-Синаның
A) ғылыми еңбектері
B) өмірбаяны
C) көркем әңгімелері
D) отбасы
E) діни еңбектері
|
15. Мәтінде жауабы бар сұрақ
A) Ол табиғатында қандай адам болған?
B) Ол қандай еңбегін сүйіктісіне арнаған?
C) Олар қандай соғысқа қатысқан?
D) Оның бауырының аты кім?
E) Олар қандай жерлерде саяхатта болған?
|
16. Ол жаратылыстану ғылымын, логиканы, математиканы және философия мен теологияны ___.
A) елінде оқи алмаған
B) жете зерттеген
C) қартайғанда оқыған
D) жастарға үйреткен
E) жете түсінген
|
17. Олар 968 жылы көшкен қала – ___ .
A) Лабан
B) Бұхара
C) Гурганж
D) Куфа
E) Бағдат
|
18. Ибн-Сина бүкіл адамзатқа үлкен ___ .
A) өсиет қалдырды
B) іс қалдырды
C) жұмбақ қалдырды
D) байлық қалдырды
E) естелік жазып кетті
|
19. Мәтінге арқау болған тақырып Ибн-Синаның
A) байлығы
B) поэзиясы
C) адамгершілігі
D) адалдығы
E) еңбектері
|
20. Ибн-Синаның шын аты – ___.
A) Усейн
B) Махмуд
C) Хусейн
D) Мехмет
E) Юсуф
|
21. «Елеулі» сөзіне мағыналас сөз
A) атақты
B) орасан
C) маңызды
D) тым
E) күшті
|
22. Оның 40-қа жуық жұмысы ___ арналған.
A) астрономияға
B) теологияға
C) медицинаға
D) философияға
E) математикаға
|
23. Ибн-Синаның ұлты – ___.
A) өзбек
B) түрік
C) ауған
D) тәжік
E) араб
|
24. Мәтінде жауабы бар сұрақ
A) Оның медицинаға арнаған жұмысы шамамен қанша?
B) Өмірінің соңында жазған еңбегінің саны қанша?
C) Ол өмірінде шамамен қанша атаққа, дәрежеге ие болды?
D) Өмірінде шамамен қанша рет ісіне өкінішін білдірді?
E) Оның шамамен қанша еңбегі жарыққа шықпай қалды?
|
3 мәтін
Каспийдің экологиялық жағдайы
Каспий теңізінің жағалауы мен түбінен мұнай өндірудің жыл сайын үдей түсуі мемлекетаралық әлеуметтік-экологиялық мәселе туғызуда. Атап айтқанда, қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануы, ауа, су ресурстарының сапасының нашарлауы, фауна мен флораның зардап шегуі мен адам денсаулығының нашарлауы тұрғындарды алаңдатып отыр.
Тұтастай алғанда Каспий теңізінде өсімдіктердің – 500, балық пен жануарлардың 854 түрі бар. Жағалауға таяу аудандарда көміртегі шикізатын барлау және зерттеудің одан сайын кең қанат жаюы, өзен, өнеркәсіптік, коммуналдық ағындылардың лас ағымының көбеюі, теңіз апаттарының болуы салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерінің теңіз бетіне жайылуы сияқты зиянды антропогендік үдерістерді күшейте түсті.
Каспий теңізі солтүстік бөлігіндегі дүние жүзінде сирек кездесетін бекіре, итбалық, шоқыр, қара уылдырық беретін басқа да балықтар аса құнды табиғи тіршілік иелері екендігі белгілі. Сондықтан бұл аймақ ерекше қорғалатын табиғи қорық деп жарияланған. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірбиелері бар екендігін ұсынған.
Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған.
Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылып еді, енді қызыл балықтарға қауіп төніп тұр.
Сонымен бірге теңіздің кіші інжу-маржан аралдарынан қорытпа, бекіре, севрюга тәрізді бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен және шабақ планктондарымен қоректенетін медузаның көп мөлшерде табылғандығы туралы мәліметтер бар. Бұл жәндіктердің ойда жоқта көбейіп кетуін ғалымдар түсіндіре алмай отыр, ал бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Көпшілік ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтарымен ластануымен байланыстырып отыр.
Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы, зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған. Әсіресе, етінде ауыр металдар – қорғасын, сынап пен калий бар екендігі анықталған. Бұлардан басқа гербицид, пестицид сияқты улы заттар да табылған. Ал ауру балықтардың уылдырығы болса консервілеуге мүлдем келмейді. Айта берсек, қазіргі кездегі Каспий теңізінің тіршілік көздерінің ластану салдары ұшан-теңіз.
Балық – бағалы байлық. Тек Каспий байлығымен қазіргі күні бес мемлекеттің жүздеген миллион адамдары қоректеніп отыр. Егер осы балық болмаса, осыншама халық қалай күн көрмек.
25. Берілген сөйлемге қойылатын сұрақты көрсетіңіз
Каспий теңізі солтүстік бөлігінде дүние жүзінде сирек кездесетін балықтар бар.
A) Каспий теңізінде сирек кездесетін балықтар неге жойылып кеткен?
B) Каспий теңізінің солтүстік бөлігі неліктен ерекше қорғалады?
C) Каспий теңізінің сотүстігінде қандай оқиға тіркелді?
D) Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қандай балықтар бар?
E) Каспий теңізінің солтүстігінде қандай балықтар мекендейді?
|
26. Каспий теңізінде өсімдіктердің – ... , балық пен жануарлардың ... түрі бар.
A) екі жүз елу, сегіз жүз бес
B) бес жүз, сегіз жүз тоқсан
C) бес жүз, сегіз жүз елу төрт
D) үш жүз, сегіз жүз
E) бес жүз елу, сегіз жүз
|
27. Каспий теңізі байлығымен ___ қоректеніп отыр.
A) төрт елдің халқы
B) көрші ел, шетелдіктер ғана
C) бүкіл дүние жүзі
D) бес мемлекеттің адамдары
E) тек қазақстандықтар ғана
|
28. Мәтін мақсатын білдіріп тұрған ой
A) Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайына алаңдау.
B) Каспий теңізінің тартылуы мәселесін көтеру.
C) Каспий теңізінде балықтардың жаппай қырылуының себептері.
D) Каспий теңізінде салынып жатқан өндіріс орындары
E) Каспий жағалауындағы халықтың тұрмысының төмендігі.
|
29. Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ
A) Теңізден күнделікті неше тонна мұнай өндіріледі?
B) Каспий теңізінде соңғы рет қандай оқиға болды?
C) Каспий теңізінде қандай жәндік көбейіп кеткен?
D) Каспий теңізінде мұнай неліктен азайып отыр?
E) Каспий жағалауындағы тұрғындар неге жаппай көшіп жатыр?
|
30. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін ақпарат
A) Каспий теңізі жағалауынан өлі балықтарды көп кездестіруге болады.
B) Қазақстан Каспий арқылы сауда-саттықты дамытып отыр.
C) Соңғы кезде Каспий теңізінің балықтары ауруға шалдығып жатыр.
D) Бүгінгі таңда Каспий теңізінен мұнай өндіру ісі тоқтатылған.
E) Соңғы кезде Каспий теңізінен балық аулауға тыйым салынған.
|
31. Мәтінде бар ақпарат
A) Кейінгі кезде Каспийде итбалықтар қырыла бастаған.
B) Кейінгі кезде Каспийде итбалықтар тым көбейіп кеткен.
C) Қазір Каспийде қызыл балықтар қалмаған.
D) Кейінгі кезде Каспийде жыртқыш балықтар қалмаған.
E) Каспий теңізіндегі жануарлар қырылып қалған.
|
32. Мәтін авторын алаңдататын нақты, негізгі мәселе
A) мұнай қорының азаюы мен таусылуы
B) теңізден балық аулауға және жеуге болмайтыны
C) теңізде өндіріс орындарының тым көбейіп кетуі
D) теңіздің ластануы мен балықтардың ауруға шалдығуы
E) жағалаудағы тұрғындардың түрлі ауруларға шалдығуы
|
33. Каспий теңізіндегі ___ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр.
A) жәндіктедің
B) балықтардың
C) өсімдіктердің
D) жануарлардың
E) адамдардың
|
34. Асты сызылған сөзге қарсы мәндес сөзді белгілеңіз
Өнеркәсіптік, коммуналдық ағындылардың лас ағымының көбеюі теңіздің ластануына әсер етуде.
A) азаюы
B) жойылуы
C) ұлғаюы
D) кеңеюі
E) бөлінуі
|
35. Медузаның сипаты
A) мөлдір түсті, жебір жәндік
B) сұрғылт түсті, денесі жұмсақ
C) мөлдір түсті, денесі қатты
D) қар түсті, балыққа ұқсас
E) ақшыл түсті, денесі үлкен
|
36. Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылып еді, енді қызыл балықтарға ___.
A) келіп жетті
B) кезек келді
C) беріліп отыр
D) жақындап қалды
E) қауіп төнді
Оқылым бөлімі бойынша
ТЕСТ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |