19
Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін
аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің
еркінен
тыс
осындай
жағдайларға
душар
болып
жатады.
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-
қатынас
жасау,
өзара
әрекеттесу
процесінде
туындайды.
Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып
отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар
саласында қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген шиеленісті жағдайда
ұласуы жиі ұшырасып отырды.
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық
және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға
басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің
алдын
алу
шаралары
туралы
біліммен
қарулануы
қажет.
Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың
жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда
қалыптасты.
Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде
шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл
құүбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың
соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде
шиеленістер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады.
Л.Гумплович К.Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін
адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған қүрестен іздеу
керектігін айтты.
«Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға
енгізген неміс ғылыми Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің
қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.
Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғ. 20 –жылдары
Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және
Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын»
негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу ассимиляция,
әлеуметтік
өзара
ықпалдасудың
түрлері
ретінде
қарастырылған.
Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке
бағыт ретінде XX ғ. 50 - жылдарында қалыптасты.
5-дәріс.
Педагогикалық
конфликт.
Этнос
аралық
шиеленістер.
Ұйымдардағы шиеленістер.
Психологтар, жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында
кездесіп отыратын талас – тартысты мәселелердің мән жайына жете көңіл
аударып, олады дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымдағы қалыпты
психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.
Педагогикалық қақтығыс ұғымынан біз педагогпен оқушы арасындағы
біріккен
іс-әрекеттегі
өзара
әсерлесудің
әлеуметтік
психологиялық
ерекшеліктерін көреміз. Педагогикалық қарым-қатынас педагог және
оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы:
- педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;
20
- педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез-құлық;
- педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы;
- оқушылар ұжымының ерекшелігі.
Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік
жағынан байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және
үйренушілердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда
болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен,
педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие
болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-ақ кәсіби-
педагогикалық
іскерліктерден,
дидактикалық
құзырлылықтан
да,
үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да
туындауы мүмкін. Осыдан, педагикалық қиындықтардың негізгі бағыттары
білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларымен, мұнда оқыту мен
тәрбиелеу іс-әрекетінің субьекті ретіндегі оқытушының ерекшеліктері және
қарым-қатынас процесімен байланысты.
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ
жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең
дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы,
жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік
жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан
тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі
саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар,
таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз.
Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-
қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп
араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе,
шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты
қолайсыздыққа
ұшыратып,
істі
насырға
шаптыратын
қарама-қарсы
мүдделердің,
пікірлердің,
көзқарастардың
қайшы
келуін,
елеулі
келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI
ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі
оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек
фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-
қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің
дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-
қарсылықтардың
қайшылықтары
мен
күресін
жоғары
бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс
пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций
мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші
мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын
түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын
революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы
жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың
дамуының
зандылығы
және
қозғаушы
күші
деп
есептеді.