15
басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді
практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
Адами өркениет тарихы шиеленістердің көптүрлерімен бірге даму
процесінде қалыптасқан. Ежелгі заманнан-ақ адам қоғамы пайда болған
шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдерді іздестіріп, шиеленіссіз
қоғамда өмір сіруді армандайды. Ежелгі құлпы тастарда, Қорқыт ата
еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген пікірлерін
білдіріледі. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында қарым-қатынас
болмаса ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой білдіреді.
Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де адамдардың
арасындаға жақсы қасиеттерге көңіл бөлген.
Шиеленістану ғылымы – бұл басқа ғылымдарға қарағанда жаңа ғылыми
пән. Бұл ғылым шиеленістің табиғаты мен оның шешу әдістерін қарастыра
отырып, бірнеше ғылымның зерттеу объектісі болып табылады. Олар:
социология, психология, әлеуметтік психология, саяси экономика, политология,
криминалистика, педагогика және бірнеше математикалық ғылымдар. Оның
бағасын анықтау өте қиын. Шиеленіс – бұл қоғамдық ортаны анықтаудың
басты элементі, қоғамның әлеуметтік динамикасы мен дамуын қарастырушы.
Шиеленіс проблемасы адамзат ойының басты элементі болып табылады.
Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді.
2-дәріс. Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар.
Шиеленіс
жағдайларының
туындауы.
Себептері.
Құрылымдары.
Функциялары. Динамикасы.
Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен
олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт бұрыннан ғылыми
зерттеудің обьектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа
ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады.
Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес
соғыстары болған.
Гераклит (530-470ж.б.з.д.). дүниеде барлық заттар мен, ұғымдар соғыстың
арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін «соғыс – барлық нәрсенің
патшасы».
Гераклиттің ойымен бөліскен Эпикур (341-270ж.б.з.д), онда ұрыс
адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп
тұжырымдады.
Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған
Аристотель (384-322ж.б.д). Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі
адамдардың тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды.
Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті
жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол
соғыссыз өткен кезеңдерді «Алтын ғасыр» деп атады.
Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты,
адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді.Осы тақырыпта
ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274).
16
Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский (1469-1536)
өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі.Қақтығыстың тез өршитіндігі
және жаңа адамдарды еліктіреді. Эразм Роттердамский қарсылас беттердің
табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы
айтты. Ал Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – қоғамдық ұрыстардың сылтауына
талдау жасап,оларды қалайда жеңу жолдарын қарастырды. Ең басты
қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.
Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей
және тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл
қалыпты адамдар жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа
отырып, олар татулық пен ауызбіршілікке қайта оралды
Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар
Томас Мальтус (1766-1834) – ол жұмыссыздықтың себебі халықтың
экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді.
Герберт Спенсер (1820-1903) – қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін
көбінесе бейімделген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.
Уильям Самнер (1840-1910)
- өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік
фактор болып табылады.Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал
жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады.
Карл Маркс (1818-1883) – автор қақтығыстың социологиялық теорияларын
бекітіп, социологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өмірінде
өшпейтін
құбылыс.Капиталистік
қоғамның
қақтығысуының
себебі
жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтындығынан тұрады.
Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол
даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-
әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді.
Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың
қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарама-қайшылықта
өседі.
Конфликтіге (латын тілінде conflictus – қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір
атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал
деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс дегенге
саяды. Ал «қақтығыс» бірінші мағынасында айқас, шайқас деген мағынаны
берсе, екінші мағынасы осы конфликтіге жақын: қағысып, керісіп қалу, пікір
таласы деген түсінікті береді. Әрине, қазақ тілінің синонимдік қатары бай:
сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске түрлі атаулар берілетіндігі
заңды деп білеміз.
Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің:
С.И.Ожеговтың
Н.И.Кондаковтың
А.Н.Леонтьев,
В.С.Мерлин,
А.И.Анциферова, Жан Пиаже, А.В.Петровский, Л.Козер, А.Я.Анцупов,
В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова, А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова,
С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде қарастырылған.
МОДУЛЬ 2. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ШИЕЛЕНІС (КОНФЛИКТ)
ТҮРЛЕРІ