6
Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған Аристотель (384-
322ж.б.д). Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайының
жоғары немесе төмендігінен туындайды.
Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп
жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол соғыссыз өткен кезеңдерді
«Алтын ғасыр» деп атады.
Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті
адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді.Осы тақырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома
Аквинский (1224-1274).
Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский (1469-1536) өз ойынша
қақтығыстың нақтылығын белгіледі.Қақтығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды
еліктіреді. Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды
ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айтты. Ал Фрэнсис Бэкон (1561-1626) –
қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап,оларды қалайда жеңу жолдарын қарастырды.
Ең басты қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.
Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей және
тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар
жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен
ауызбіршілікке қайта оралды
Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар Томас
Мальтус (1766-1834)
– ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне
қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді.
Герберт Спенсер (1820-1903) – қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе
бейімделген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.
Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып
табылады.Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және
құнды адамдар болып табылады.
Карл Маркс (1818-1883)
– автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп,
социологиялық
қақтығыстар
ұжымдық
күресте
қоғам
өмірінде
өшпейтін
құбылыс.Капиталистік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің
табыспайтындығынан тұрады.
Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол даудамайсыз
қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс
қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс
қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарама-
қайшылықта өседі.
Конфликтіге (латын тілінде conflictus – қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен
айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе,
«шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс дегенге саяды. Ал «қақтығыс» бірінші
мағынасында айқас, шайқас деген мағынаны берсе, екінші мағынасы осы конфликтіге
жақын: қағысып, керісіп қалу, пікір таласы деген түсінікті береді. Әрине, қазақ тілінің
синонимдік қатары бай: сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске түрлі атаулар
берілетіндігі заңды деп білеміз.
Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің: С.И.Ожеговтың
Н.И.Кондаковтың
А.Н.Леонтьев,
В.С.Мерлин,
А.И.Анциферова,
Жан
Пиаже,
А.В.Петровский, Л.Козер, А.Я.Анцупов, В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова,
А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова, С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде
қарастырылған.
МОДУЛЬ 2. КОНФЛИКТ (ШИЕЛЕНІС) ТҮРЛЕРІ
3-дәріс. Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері. Стресс. Стресс – шиеленіс туғызушы
ретінде. 3 сағат.
7
Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент
типтері анықталынды: әдейі-
мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше,
өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған
Қақтығыс жағдайлары мен инцидент параметрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды
анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады.
іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады.
Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын
қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі,
қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу.
Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай
келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың
нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб.
Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші
жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары
әртүрі :
а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін
бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.
б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе
бірнеше себептер сәйкестенеді.
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.
Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-
қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық
жағдайы : ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:
а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап
етіледі.
б) «Жақындасу-жою» -ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ
байланыс қатысады.
в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым.
Қақтығысты жеке тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары,
үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар.
Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді,
қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту әлдеқайда қиын.
Қақтығысты жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары. Қақтығыс
түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Қақтығысты
жағдайды шешудің конструктивті жүесі және өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс типтері:
жазық және көлденең.
Қақтығыс түрлері:
- іскерлік өндірістік;
- топаралық;
- тұлғаралық;
- рольдік;
- тұлға ішіндегі;
- энтоұлттық;
- саяси;
- монокаузальды;
Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі
азғырушы болып бөлінуі.
Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі.
4-дәріс. Тұлғааралық шиеленістер. Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер. Топтық
шиеленістер. 3 сағат.