Эпидемиология.Аурудың көзі- ауру бала,ауырғаннан бастап 7-8 күнге дейін,асқынған жағдайларда одан ұзағырақ уақытта жұқпалылығы сақталады.Қоздырғыш тасымалдаушылардан ауру жұғу сирек кездеседі.Таралу жолдары- ауа сілекей арқылы,тікелей қатынас арқылы жұғуыда мүмкін.Ауруға бейімділік 2-7 жас аралығы,ересектер мен емізулі балалар өте сирек кездеседі.
Патогенез.Организмге қоздырғыш қалыпты жағдайда таңдай бездері арқылы (фарингеальды түрі),сирегірек жағдайда жарақаттанған,күйген тері қабаты арқылы (фарингеальды түрі),сирегірек жағдайда жарақаттанған,күйген тері қабаты арқылы (экстрафарингеальды немесе экстрабуккальды түрі енеді). Қоздырғыш өзінен экзотоксиндер және бірнеше ферменттер: стрептолизин,гиалуронидаза,стрептокиназа бөліп шығарады. Олар бала организмін уландырады, қабындырады,алергияға бейімдейді.
Осымен қатар, организмде токсиндерге қарсы антиденелер түзіледі,соның арқасында ауруға қарсы арнайы иммунитет пайда болады.Организмде бұл антиденелнрдің бар-жоғын,яғни скарлатинаға қарсы иммунитет бар-жоғын анықтау үшін Дик белгісін қойып тексеруге болады.Техникасы Манту белгісіне ұқсас, арнайы стрептококк токсинін тері ішіне егу арқылы анықталады. Егер ісік,қызару пайда болса оң нәтиже деп есептеледі,токсинге қарсы иммунитет бар деп есептеледі.
Клиникасы.Аурудың жасырын кезеңі 7күннен аспайды. Экстрафарингеальды түрінде бірнеше сағатқа ғана созылуы мүмкін.
Скарлатина ауыруында клиникалық белгілер алғашқы күндерден бастап – ақ жақсы білінуімен ерекшеленеді.Клиникалық белгілер негізгі 3 топқа бөлінеді:интоксикация(улану)белгілері,таңдай бездерінің іріңді қабынуы (іріңді баспа белгілері) мен ауыз қуысындағы өзгерістер және тері қабаты тарапынан байқалатын белгілер.Улану белгілері:дене қызуы жоғарылайды,кейде жүрегі айнып құсады.Таңдай бездерінің белгілері:таңдай бездері ісініп,қызарады,іріңді қабыршақтар пайда болады.Қабыну кішкентай тілге,тілшік имектеріне де тарап,жұмсақ таңдайда қызыл дақтар-энантема-пайда болады.Баланың тамағы жұтынған кезде ауырып, сыртқы мойын бездері де ісініп ауырады.Ауыз қуысындағы өзгерістер:алғашқы күндері баланың тілі құрғақ,қабыршақпен жабылып,еріндері де құрғайды,кейінгі күндері аурудың барысында басқа белгілерге ауысады.Тері қабатындағы белгілер:жаппай қызарып өзгерген тері фонында өте майда,көбінесе тері қыртыстары мен кеудесінде,екі сауырында орналасқан,геморрагиялық бөртпелерге ұқсас бөртпелер пайда болады.Сипалап көргенде тері қабаты құрғақ,ыстық «құстың терісі» сияқты білінеді.Осы бөртпелер тек ауыз- мұрын үшбұрышына шықпайды да,бұл аймақ жалпы қызарып өзгерген фонда ақшыл түсті болып бөлектеніп тұрады-«Филатов белгісі».
Алғашқы күндері (5-7-ші күндер),жүрек тарапынан симпатикотониялық (тахикардия,қан қысымының көтерілуі),ал кейінгі күндері ваготониялық белгілер(қан қысымының төмендеуі,брадикардия,жүрек тондарының әлсіреуі)- «скарлатиналық жүрек»белгілері пайда болады.
Аталған белгілер 2-3 күннен кейін біртіндеп солғындай бастайды:температура түседі,таңдай бездеріндегі өзгерістер қайта бастайды,тілдегі қабыршықтар түсіп,қып – қызыл тілдің үстіндегі емізікшелер анық көрінеді.Тілдің осы көрінісі құлпынайға қатты ұқсайды,сондықтан оны салыстырмалы түрде”құлпынай тәрізді тіл” деп атайды.
Жазылу кезеңінде тері қабатында қабыршақты түлеу басталады,бұл құбылыс,әсіресе алақан мен табандарында анық байқалады.
Ауырлығына сәйкес скарлатинаның 3 дәрежесі анықталады.Өте ауыр түрі сирек кездеседі-өте жоғары температура,құсу,іш өту,сандырақтап елірмелеу,таңдай бездерінің флегмонозды,некротикалық өзгерістерімен сипатталады.Орташа ауыр түрінде-интоксикация,дене қызуының 39-қа дейін көтерілуі,құсу,бас ауыру,әлсіздену,іріңді баспа белгілері байқалу, лейкоцитоз,ЭШЖ жоғарылау7-8 күнге созылады.Жеңіл түрінде -90% жағдайда катаральды баспа белгілері,температура39 С,бөртпелер,лейкоцитоз,жоғары ЭШЖ 4-5 күнге дейін байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |