Мысқыл ( эпидемический паротит )
Мысқыл – құлақ асты, шықщыт бездерінің қабынуымен және нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. 1 жасқа дейінгі балалар-
да сирек кездеседі.Ауру көбінесе жеңіл түрде өтеді, бірақ балалар мекемелерінде, әсірессе жасөспірім балалардың арасында көп тараса, оларда асқынуларымен (орхит)
қауіпті. Мысқылдың қоздырғышы – вирус, сыртқы ортада және дезинфекциялаушы ерітінділерге өте төзімсіз.
Эпидемиялогия: Аурудың көзі – ауру бала 9 күнге дейін жұқпалы. Таралу жолдары-
ауа сілекей арқылы. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты.
Патогенез: Вирус жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы еніп қанға өтеді де, қан арқылы лимфа түйіндеріне жетіп, ол жерде шоғырланып жинала-
ды, қабындырады. Құлақ асты не сілекей бездерінің зақымдануы жиірек байқалалы.
Клиника: Жасырын кезең – 11-23 күнге созылады.
Аурудың белгілері құлақ асты бездерінің ісініп, шайнау кезінде ауырсынуынан басталады. Көбінесе құлақ асты бездері 2 жағында да қабынып ісінеді де, баланың арқа жағынан қарағанда мойны жуандап, « шошқаның мойнына » ұқсап көрінеді.
Сондықтан орысша халық арасында бұл ауруды « Свинка » деп те атайды. Қабынған бездердің үсіндегі тері қабаты, өзгермейді, ал ұстап көргенде ісік қолға қатты қамыр-
ға ұқсап білінеді. Дене қызуы 38-39 –қа дейін көтеріледі, баланың басы, іші ауырып, құсуы мүмкін.
Қан анализінде: лейкопения, лимфоцитоз, ЭШЖ өзгермейді.
Аурудың жеңіл түрлерінде асқынулар болмайды, ісікпен қатар субфебрильді темпе-
ратурамен шектеледі. Ауыр түрлерінде келесі асқынулар байқалады: орхит,панкреа-
тит, менингит, менингоэнцефалит. Мысқылдың ұл балаларда орхитпен асқынуы, болашақта белсіздікке әкеліуімен қауіпті.
Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, клиникалық белгілеріне, вирусология-
лық тексерістерге сүйене отырып жүргізіледі. Вирусологиялық тексеріс арнайы ви -
русологиялық лабароторияларда орындалады, 8-16 күнге созылады.
Емдеу. Ем үй жағдайында жүргізіледі: температура түскенше төсек режимі таға –
йындалады; ісіктің үстіне құрғақ жылу басу (қыздырылған тұз, құм); жиі сусын іш –
кізу; симптомдық ем (ыстық түсіретін, тыныштандыратын дәрілер беру); баланың- тамағы бір қалыпты сұйық жіне жылы болуын қадағалау. Асқынулар байқалса – ста-
ционарда, жағдайына сәйкес ем жүргізіледі.
Профилактика. Жалпы шараларға: ауру баланы мүмкіндігінше ерте оңашалау; қа-
рым- қатынастағы балаларға 21- күнге карантин тағайындау; СЭС- ке жедел хабар беру; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жатады.
Арнайы шара, КПК (қызылша, қызамықпен бірге) – КПК екпесі 12 айлығында, қайта егу 6-7 жасында 0,5мл бұлшық етке немесе тері астына жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |