Клиника.Қызылшаның клиникалық белгілері сатылап бірнеше кезеңде өтеді.
1.Жасырын кезең 7-17күн,профилактикалық екпелер алған балаларда21күнге созылады.
2.Бастапқы кезең-катаральды,продромальды деп те аталады,4-5күнге созылады.Дене қызуы көтеріледі,катаральды,іріңді ринит,конъюнктивит,ларингит,фарингит белгілері пайда болады.Осы кезеңде ерте диагноз қою үшін Бельский-Филатов –Коплик белгісінің маңызы зор:баланың ұртының шырышты қабатында,кіші азу тістерінің қарсысында ақ жарма тәрізді бөртпе пайда болып3-4күнге дейін сақталады.Таңдайда қызыл түсті дақтар-энантема байқалады. Бала өте мазасыз,ұйқысы бұзылып ,тәбеті төмендейді,кейде құсып,іші өтуі де мүмкін.
3.Бөртпе шығу кезеңі-аталған катаральды белгілер анықтала,күшейе түседі.Дене қызуы қатты жогарылап,баланың жалпы жағдайы нашарлайды.Осы кезеңнің бірінші күні тері қабатында:маңдайында,құлағының артында,бетінде макуло-популезді бөртпелер пайда болады.Бөртпелер арасындағы тері қабаты өзгермейді,бірақ бөртпелер бір-бірімен қосылып,тұтасып кетеді.2-ші күні бөрпелер денеге,3-ші күні аяқ-қолдарына жайылады.3 күн өткен соң бөртпелер солғындап,келесі жазылу кезеңі басталады.
4.Жазылу кезеңі пигментация,реконволесценттік кезең деп аталады.Бұл кезеңде баланың жалпы жағдайы дұрыстала бастайды,тері қабатындағы бөртпелер солғындай келе,орнында қошқыл қоңыр түстідақтар қалады.Кейде тері қабатында ұсақ тілеу байқалады.Осы кезеңде бала тез шаршағыш,ұйқышыл келеді,организмның қорғаныш күштері қатты төмендейді.Сол себепті қызылшадан кейін әртүрлі аурулариен асқынулар жиі болады:ларингит,пневмония,отит,антрит,энцефалит т.б.Қызылша ауырлығы бойынша 3 дәреже өтеді:жеңіл,орташа ауыр және ауыр түрде.Ағымы бойынша: типті және атипті (митигированная корь-екпе қабылдаған балаларда ) түрлерін ажыратамыз.Атипті түрінде клиникалық белгілер әлсіз білінеді,жасырын кезең ұзағырақ,бөртпелер шығу сатысы сақталмайды,дене қызуы өте жоғары болмайды,асқынулары өте сире кездеседі.
Диагноз қою.Бұл үшін эпидемиологиялық анамнезге,осы ауруға тән клиникалық белгілерге (патогномичные симптомы) сүйенеміз.Мысалы,катаральды кезеңде - Бельский- Филатов – Коплик белгісіне,бөртпе шығу кезеңінде – бөртпелердің ерекшеліктеріне,сатылып шығуына қарап анықтауға болады.Лабораториялық тексерулер кезіндетыныс жолдарынан вирусологиялық зерттеуге жағынды алынады.
Емдеу.Ауру бала негізінен үй жағдайында емделеді.Стационарда арнайы бокстарда келесі балалар ем қабылдайды:2 жасқа дейінгі балалар,аурудың ауыр түрлерінде,асқынған түрлерінде,қанағаттанғысыз эпидемиологиялық жағдайларда.
Емдеу принциптері:таза ауамен қамтамасыз ету;тез сіңетін,витаминдерге бай,жасына сәйкес тағам түрлерін тағайындау;балаға өте жаксы гигиеналық күтім ұйымдастыру.Симптомдық ем жүргізу:жөтелге қарсы,ыстық түсіретін,антигистаминді дәрілер;антибиотиктер 2 жасқа дейінгіт балаларға,әсіресе фондық аурулары бар балаларға және асқынулар кезеңінде тағайындалады.Аурудың асқынған түрлерінде стационарда жағдайына сәйкес ем қабылданып,жүргізіледі.
Қызылшаның профилактикасы арнайы және жалпы шаралардан тұрады.
Арнайы шаралар-арнайы профилактика жүргізу –қызылша вакцинасын егу –жаңа күнтізбекке сәйкес КПК екпесі 12 айлығында,қайта егу 6-7 жасында 0,5мл бұлшық етке немесе тері астына жасалады.Егер бала жақын арада гамма глобулин,қан,плазма,гормондар қабылдаса,екпе 6 апта өткеннен кейін жүргізіледі.Бұрын қызылшамен ауырмаған, егу жұмыстарын алмаған балалар, ауру баламен қарым-қатынаста болса,тез арада екпе қабылдау қажет.Егу жұмысын жүргізуге болмайтын жағдайда, пассивті иммунитет туғызу үшін иммуноглобулин1,5-3мл егіледі.
Жалпы шаралар:
-ауру баланы мүмкіндігінше тез оңашалау;
- СЭС ке жедел хабар беру;балалар мекемелеріндегі қарым-қатынастағы балаларға 17-21 күнге карантин тағайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |