Полугодовой (годовой) отчет о выполнении педагогической нагрузки



жүктеу 7,39 Mb.
бет26/32
Дата14.05.2018
өлшемі7,39 Mb.
#12910
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

Құбылыс және мән

Дүниедегі сан-алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әр-түрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады – ол заттың мәнін құрайды.

Заттың көзге көрінетін “құбылатын” жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ, оны жете түсіне алмай заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың “эйдосы”, яғни мәні, ұғымы – материалдық емес, ол мәңгі, идеалды,- деп есептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын-ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).

Бүгінгі таңдағы философияда да осы категориялар жөнінде әр-түрлі түсініктер бар. Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік деректерді ғана (құбылыстарды) мойындайды. Ал экзистенциализмге келер болсақ, ол адам өмірінің мәні тек “шекаралық ақуалда” - өлім мен өмірдің екі ортасында ғана ашылуы мүмкін,-деген пікірге келеді.

Әрине, құбылыс пен мән – болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған, олардың қайнар көзі - Дүниенің өзінде. Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен көрінуге “тырысқанмен” сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей қоймайды. Сондықтан құбылыстарды зерттеп, салыстырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалтырып, қайталанбайтын ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әр-түрлі заттардың ұқсастығын анықтауға болады. Алайда, мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар, оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар онымен бірге құйыла біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені, құбылыс тек қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге, басқа заттармен байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі қарай дамытады.

Сарапталған категориялардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан басталады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтан абстрактылық ұғымдарға өрлеуді байқауға болады. Алайда, бұл абстрактылық мән ғана. Одан әрі қарай өрлеу қажет, яғни, қайтадан ой-елегі арқылы ашылған мәнге құбылыстың ерекше байлығын қосып заттың ойлық-нақтылы көрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар оның құбылыстарының байлығын бірегей қарауға мүмкіндік аламыз.

Аталған категорияларды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір құбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған ішімдік, нашақорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік аномияларды (ауытқу) алсақ, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы факторлардан іздеп, оны азайту үшін “наркотрафиктерді” (тасымал жол) үзу керек деген ой тастайды. Ал шындығында оның терең себептері жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда жатыр. Ол факторларды жоймай, бұл әлеуметтік аномиялармен күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді жойғанмен, сұраныс болғаннан кейін, оның басқа жасанды химиялық түрлері астыртын нарықта дүниеге келуі ғажап емес…

Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: Дамыған, әлеуметтік мәселелері шешілген елдерде неге осындай әлеуметтік аномиялар кең етек алған? Ал оның терең себебі - адамның өз болмысына қанағаттанбауы, шығармашылық қабілетін сыртқа шығарып гүлдете алмауы, материалдық байлыққа бағытталған қоғамның рухани азғындауы, соның нәтижесінде жалғыздық, жаттану сияқты құбылыстардың кең етек алуы т.с.с. Сонымен, қарап отырсақ, мәселе адам болмысы, оның терең мән-мағнасына келіп тіреледі.

“Адамды оның киіміне қарап қарсы алады да, ақылына қарап шығарып салады”, “адамның терең сырын ашу үшін онымен бірге бір пұт тұз ішу керек”,- деген т.с.с. тәжірибеден шыққан нақыл сөздер де құбылыс пен мәннің өзара байланысын көрсетпей ме?! Расында да, бір адам екіншімен танысқанда, ең алдымен оның сыртқы құбылысына (киімі, бет-әлпеті, сөйлеген сөзі т.с.с.) назарын аударады. Тек жүре келе, онымен терең қарым-қатынасқа түсе, бірге өмір қиындықтарын бастан өткізе келе ғана адамның терең мән-мағнасын ашуға болады.

“Бір көргенде ғашық” болып, бір жетіден кейін үйленіп құрған жанұялардың көбінесе аянышты аяқталуы – бір-бірін жете білмегеннен, өмірді үстірт қарағаннан, құбылысты мәнге теңеуден шығама деген ойдамыз.

Бүгінгі реформалар барысында қоғам үлкен өзгерістерге түсіп, мыңдаған жаңа құбылыстар дүниеге келді. Бұрынғы қоғамнан қалған өмір құндылықтары басқаларға ауысып жатқан кезде біршама тартымды құбылыстармен қатар терісағарлар да баршылық. Осындай ақуалда өз терең болмысыңды сақтап қалу, өмірге керек құндылықтарды игеру, сонымен қатар, көп келеңсіз жәйттермен күресу - әрбір саналы азаматтың міндеті болмақ.

Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:

1.Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.

2.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.

4.Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5.Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

7.Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.

8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2005.

9.Философиялық сөздік.- Алматы, 1996.



Ұсынылатын қосымша оқулық әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972

6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991

8.Мифы народов мира., М.. 1991

10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,

13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968

14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972
13.Дәріс тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі

Негізгі мақсаты: Философияның негізгі әрі жауабы табылмаған мәселелерінің бірі адам мен табиғаттың философиялық мәнін терең талдау, түрлі ғалымдар пікірлерін талдау.

Негізгі түсініктер: адамшылық, адамгершілік, еркіндік, бостандық, құндылық, экзистенциализмлософиядағы адам мәселесі

Дәріс сабағының жоспары:

1. Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Антропоцентризм

2.Адам өмір сүруінің табиғи – биологиялық алғы шарты.

3.Адамның әлеуметтік мәні.


1. Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Антропоцентризм

Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – шексіздікке кетеді. Сондықтан, ғасырлар бойы қайсыбір дін “адамды Құдай жаратты” деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр. Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да “антроптық принципті” қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын “Ұлы Жарылыстың” негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі - қажетті түрде сан-алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені – адамды тудырады екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан-алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - “Homo Sapіens” – саналы адам, яғни, ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан-алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше-түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. Американ саяси қайраткері, сол елдің “Конституциясын” жасауға ат салысқан Д.Франклин адамға “Homo Faber” - құралданған адам,-деген анықтама берді. Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ, содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде-бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын тек қана адам Уақытында ұлы Аристотель адамды “Zoon Polіtіkon”- қоғами жануар - деген болатын. Ол да адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені, ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан-алуан қажеттіктерін өтей алады, яғни, қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі – адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын-ды. Жаңғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай жыртқыштарға жем болады. И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған “Homo Morales” деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны “нұрлы жүрек”,- десе, Шәкәрім “үш анықтың” біреуіне жатқызды. Егер де адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қаситеті – оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австрия ғалымы В.Франкл Құдайды Ғарыштан, тіпті оның әр жағынан іздеу керек емес, ол – адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады.



“Homo Aestetіcus” – сұлулыққа ұмтылған адам - деген анықтама да адамның ғажап жағын бізге көрсетеді. Адам дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағын байқап одан ләззәт алатын пенде. Ыстық жаз күндердің бірінде күннің орасан-зор қан-қызыл түсте батуы ешкімді де немқұрайды қалдырмайды. Керісінше, ол бізге шабыт беріп шығармашылыққа, табиғаттың кереметтігін мойындауға, оған бас иуге итермелейді. “Әсемдік Дүниені сақтап қалады”,- деген Ф.Достоевскидің нақыл сөзі жоғарыдағы ойлардан шықса керек. Біз болсақ, тек қана ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені, өкінішке орай, бүгінгі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сәйкес келмейтін сұлулық жиі кездеседі. Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға “Homo Ludens” – ойнайтын адам – деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол - әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса, туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында адам сол рөлді ойнап, ол да болса оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен, рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер бетінде адамдар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың күшіктері бір-бірімен ойнап өз табиғи инстинктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар тоқталады. “Homo Erectus” – тік жүретін адам – деген анықтаманың да терең мазмұны бар екенін байқаймыз. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа – ешқандай теңдесі жоқ - адамның қолына айналады. Адам өз қолдарымен 2000-нан артық әр-түрлі нәрселерді жасайды екен !!! (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Егер де жер бетіндегі адамдардың бәрі де жойылып, тек бір ғана адамның қол сүйегі қалса, соған қарап, Ғарыштан ұшып келген саналы пенделер осы жер бетінде ақыл-ойдың, рухтың болғанын байқар еді !!! Өйткені, адамның қолы – рухтың дүниеге келу барысындағы сонымен бірге қалыптасқан туындысы. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға “Homo Sіmbolіcus”- нышан, белгі жасайтын адам – деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше-түрлі өмірдегі кездесетін белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. әр жағында неше-түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүйу (гуманизм), ал Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу – мөлдір махаббатың символдары ретінде көрінеді. .Ницше адамға “уәде беретін жануар”, Ж.Ж.Руссо “бұзылған жануар” деген анықтама берген болатын.

Адам сондайделі, сан-қилы пенде болғаннан кейін оған беруге болатын анықтамаларды жалғастыруға болады. Мысалы, адам “күле алатын”, “жылай алатын”, “өлетінін білетін” т.с.с. пенде. Бірақ, У.Оккамның ұстарасы “мән-мағнаны қажеттіктен тыс көбейту керек емес”,- дейді. Олай болса, жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, оған біршама көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген сияқты. Адам – санасы арқылы Дүниені танып-білетін, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, өзара бірігіп, қоршаған жағалай ортаны өзгертіп, сан-алуан қажеттіктерін өтей алатын пенде,- дер едік. Ал, жоғарыда көрсетілген және басқа да адамдардың сан-алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға болады.



2.Адам өмір сүруінің табиғи – биологиялық алғы шарты.

Адам - қайшылықты пенде. Оның бір жағынан - денесі, екінші жағынан – сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет. Сонымен қатар, ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол - өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр-түрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды. Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған биологиялық және әлеуметтік редукционизмді (негіздеу) келтіруге болар еді. Бірінші тұжырымда адам дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағнасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, ломброзияндық, әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады. Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі – ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін – артта қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен,- деп түсінеді. Қара нәсілшілдік - отарланған Африка континенті халықтары өз бостандығын алғаннан кейін олардың ұлттық сана-сезімі өсуімен байланысты “негритюд” сияқты ілімдерде кездеседі. Ол қара адамдардың дүниені ақыл-оймен емес, сезім, инстинкт арқылы терең игеруі, әуендегі ритм мен спортқа деген басқалардан гөрі қабілеттерінің молдығы т.с.с. мақтан етеді.

Сары нәсілшілдік те ақтарды “піспеген”, қараларды “күйіп кеткенге” теңейді.

Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында, елдер мен халықтардың бір-бірімен терең қатынастарға түсуі, бір-бірінің жетістіктерімен бөлісуі қайсыбір нәсілшілдікті тамырынан шабады. Бүгінгі уақыттың қойған “Талабына” барлық халықтар өзіне тән “Жауап” іздеуде. Өндіргіш күштерді қазіргі замандағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сәйкес дамытқан елдер ішінде Оңтүстік Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) мысал ретінде келтіруге болар еді. Спорт, әуен, өнер, сәулет т.с.с. қоғам салаларын алсақ, онда да осындай жағдайды аңғаруға болады. Ең соңында, олардың түп-тамыры бір екенін генетикалық тұрғыдан дәлелдеуге болатын сияқты. Мысалы, ақ пен қара қосылған жанұяда өмірге келген сәбиді мулат дейміз. Ал, сары мен ақтың баласы метис аталады. Бұл әр-түрлі нәсіл өкілдерінің бір-біріне генетикалық деңгейдегі сәйкестігін көрсетеді. Қайсыбір қарапайым өмірде сирек болса да кездесетін нәсілшілдік сол адамның надандығын, я болмаса, ұлтшылдық пиғылын көрсетсе керек.

Өткен ғасырдың басында Чезаре Ломброзо деген итальяндық психиатр, антрополог,- түрмедегі адамдардың дене құрылысын зерттей келе қылмысқа баратын адамдардың биологиялық табиғаты қазіргі адамның деңгейінен төмен болуымен байланысты,- деген пікір айтқан болатын. Мұндай көзқарас уақытында біршама заңгерлер, дәрігерлер мен психиатрлар арасында қызу айтыстарға әкеліп, ломброзиандық деген ағымды тудырды. Ч.Ломброзо мысал ретінде ондай адамдардың төменгі жақ сүйектері үлкен, маңдайы қысқа, қабақтары бір-бірімен қосылып кеткен, көздері терең орналасқан, қолдары ұзын т.с.с.,- дейді. Ол мұндай дене құрылысы бар адамдар әлеуметтік ауытқуға, әсіресе, қылмыстыққа өте жақын,- деген пікір айтады. Бұдан кейін жүргізілген зерттеулер бұл пікірдің жалған екенін айқындады, өйткені, қылмыстық - негізінен алғанда, әлеуметтік құбылыс. Дегенмен де, кейбір адамдарға мұндай пікір осы уақытқа дейін өз әсерін тигізуде.

Әлеуметтік дарвинизм бағыты да қоғам өмірін адамдардың өмір сүру үшін күресінен, табиғи таңдау, тұқым қуушылықтан көреді, яғни биологиялық эволюционизм заңдылықтарын қоғамға таңады.

Социобиологияға келер болсақ, олар жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жануарлардың да әлеуметтік қасиеттерінің бар екенін айтады. Мысалы, жануарлардың альтруистік инстинктері (баласын қорғап қалу жолында өз өмірін беруге дайындығы, оған деген қамқорлығы, үйір шеңберіндегі өзара көмек беру т.с.с.) Ч.Дарвиннің ашқан биологиялық эволюционизм принциптеріне қайшы келеді. Расында да, тек қана жеке организмнің жағалай ортаға бейімделіп өмірін сақтап қалуынан үйір шеңберіндегі өзара бірігіп іс-әрекет жасау туындамайды. Бұл пікірмен келісуге болады. Сондықтан, олар эволюциялық үрдіс тиімді жүру үшін жеке организм мен қатар үйір болып жағалай ортаға бейімделу қажеттігін көрсетеді. Олай болса, олар әлеуметтіліктің алғашқы негіздері үйірдің шеңберінде пайда болатыны жөніндегі қорытындыға келеді. Мұндай көзқарас даму тұжырымына қайшы келмейді, өйткені қайсыбір жаңаның ұрығы ескінің ішкі шеңберінде пайда болады. Бірақ, мұндай қорытудан қоғамдағы құбылыстардың іргетасты негізі биологиялық үрдістерде жатыр деп есептеу жалған болар еді.

Енді әлеуметтік редукционизмге келер болсақ, оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша, адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан “қоғамдық қатынастар жиынтығы” құрайды, яғни, ол - оның әлеуметтілігінде. К.Маркстің жасаған коммунизм ілімінің негізгі іргетастарының бірі ретінде осы адам жөніндегі тұжырымнама жатыр. Коммунистік қоғамда тек қана биік дәрежеге жеткен өндіргіш күштер ғана емес, сонымен қатар, “жаңа адам” дүниеге келеді, өйткені, қоғамдық меншікке негізделген адамдар арасындағы қатынастар мен байланыстар оны қажетті түрде тудырады. Сондықтан да, ол қоғамда саяси-құқтық сала (мемлекет, құқық, түрме, тергеу мекемелері т.с.с.) керек болмай қалады, адамдар тек моральдық құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді.

Осы айтылған “жаңа адамды” қалыптастыру жолында тарих қойнауына кірген Кеңес Одағында ондаған жылдар бойы халық арасында миллиондаған лекциялар мен сұхбаттар жүргізіліп, қаншама арнаулы тәрбие жұмыстары жасалса да, ол сол бұрынғы адам болып қала берді…

Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мойындалды. Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді. Күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін емші болмасақ та байқауға болады (ауа қысымының өзгеруі, геомагниттік дауылдар, күн сәулесінің күшейуі т.с.с. табиғи құбылыстардың адамға тигізетін ықпалы). Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді ( өмірге келу, балалық, жастық шақтар, ересек өмір, кәрілік, дүниеден озу). Әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын да мойындамасқа болмайды. Мұндай деректерді жалғастыра беруге болар еді.

Сонымен қатар, адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан-зор рөлін көрсетпесе тағы да болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді. Егер әуенге деген аса дарыны бар сәби дүниеге келсе, оған арнаулы білім беріп, оны әлпештеп өсірсе, ол ұлы композитор, я болмаса, орындаушы болуы мүмкін. Бірақ, ондай жағдай жасалмаса, оның дарыны сөніп, ең дегенде “ауылдың домбырашысы” ғана болып қала береді. Ғасырлар бойы қаншама аса дарынды адамдар дүниеге келіп, әлеуметтік жағдайдың жоқтығынан “ашылмаған гүл” секілді келмеске кетті десеңізші !!! Қоғам өміріндегі әрбір тұлғаны гүлдетіп жан-жақты дамыту – осы уақытқа дейін адамзаттың орындалмаған арманы болды десек те болғаны. Адамзаттың ғылыми-техникалық орасан-зор қарқынмен дамуы бүгінгі таңда адам өміріне бұрынғы-соңды болмаған қауып-қатерлерді тудыруда. Бірінші күрделі мәселе – жан-түршігерлік күші бар соғыс қару-жарақтардың жыл сайын жаңа түрлерінің пайда болуында. Егер бұрын жеке адамдар өлгенімен, бүкіл адамзат өмірде қала беретініне ешкім күмәнданбайтын. Бүгінгі таңда адамзат толығынан құрып кетуі мүмкін. Ол әрбір адамды алаңдатып отыр. Екінші үлкен қауып – экологиялық апаттың бүкіл жер бетінде етек алып кету мүмкіндігі. Өйткені, лас ауа мен суға қоятын мемлекеттік шекара жоқ!! Бүгін адам өмір сүруінің екі жағы бір-біріне қайшы келді. Бір жағынан, біз Табиғаттың ажырамас бөлігіміз, Ол – біздің арғы анамыз. Екінші жағынан, саналы адам алдындағы жатқан Дүниені танып-біліп өз мүдделеріне сай өзгертеді. Сол себепті көп жерлер ластанып, өсімдіктер мен жануарлардың біршама түрлері өмірден келмеске кетті, Табиғат әлсіреуде. Табиғаттың байлығы шексіз, одан қаншалықты алсаң да азаймайды,- деген бұрынғы заманда қалыптасқан пікір жалған болып шықты. Табиғат алдымыздағы жатқан “жағалай орта” ғана емес, ол біртұтас орасан-зор организм, “Үлкен Жүйе”, оның ішіндегі барлық элементтер бір-бірімен миллиардтаған жылдардың ішінде тиімді байланыс құрды. Адамзаттың өзі осы жүйенің ішінде белгілі бір орын алады. Сондықтан, адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өз-өзін құртып алуы мүмкін.

Жоғарғы айтылған қауып-қатерлерден кем емес, бірақ-та қоғамдық сананың назарына әлі дұрыс ілікпеген үлкен мәселе – адамның тұлға ретіндегі био-әлеуметтік табиғатын сақтап қалуы болып отыр. Кейбір ғалымдар оны “антропологиялық дағдарыс”,- дейді. Оның терең мәні – адамзат жыл сайын ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, өз Дүниесін күрделентуде. Ол оның жақсы жақтарын пайдаланғанмен, өмірге келеңсіз, өз табиғатына қарсы жатқан салдарларды тудырып, көп жағдайларда оны бақылай алмай қалады. Адам Дүниені қаншалықты терең өзгерткен сайын, соншалықты теріс әлеуметтік факторлар пайда болып оның өмір сапасын төмендетеді. Дүниенің тез қарқынмен дамуы адамды өз ұлтының әдет-ғұрыптарынан айырып, басқа мәдени үлгілерді игеруге, “ол жақта, я болмаса, бұл жақта да емес” маргиналдық ақуалға әкелетінін бүгінгі таңдағы реформа барысында көріп жүрміз.

Енді мәселені нақтылай түсіп, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын адами тұрғыдан талдасақ, біздің мемлекеттің бұл мәселеге көп көңіл бөліп жатқанын байқаймыз. Негізгі жетістік – адамдардың - қоғам өмірінің қай саласы болмасын – белсенділік көрсетуіне, яғни, олардың өз ынтасының арқасында дамуына жол ашылды. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің елде қаншама жастар өнер, білім, спорт, саясат, экономика салаларында шығармашылық деңгейге көтеріліп, өз мүмкіндіктерін өмірде іске асырып жатыр ! Десек те, істейтін нәрселдер әлі шаш етектен. Ең алдымен елде етек алып кеткен туберкулез, гепатит сияқты “әлеуметтік ауруларды” алсақ, ішетін суды, ауаны тазартпай, жейтін тамақты күшейтпей, оларды жеңе алмаймыз. Жұмыссыздық, көп жастардың баспана мәселесінің көп жылдар бойы шешілмеуі де адам дамуының әлеуметтік факторына жатады.

Қорыта келе, адамның биологиялық және әлеуметтік жақтарын ажыратпай бір-бірімен байланыстырып қарау керектігін баса айтуымыз қажет.


жүктеу 7,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау