Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 283,14 Kb.
Дата06.03.2018
өлшемі283,14 Kb.
#11786

8 жалпы орта білім беретін мектеп

«Үздік әдістемелік жұмыс»

11-CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

« Эволюциялық ілім негіздері »

таңдау курсы
Дайындаған : биология пәнінің мұғалімі Ибраева Фарида Музапбаровна

Шалқар 2016-2017 оқу жылы
Түсінік хат
Оқушылардың биология ғылымдарына деген қызығушылығын арттыра отырып, осы таңдау курсы арқылы білімдерін тереңдету. Сол себепті де алынып отырған "Эволюциялық ілім негіздері" атты курсында оқушыларды биология пәніне, оның ішінде тірі ағзалардың тарихи дамуының пайда болу себептеріне, өздігінен жұмыс жасай білуге, проблемалық мәселелерді және проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып, осы саладағы ой-өрісін дамытып, биология ғылымының құпиясын тереңірек сезінуіне мүмкіндік туғызады.

Қазіргі заман биологиясы–барлық салалармен тығыз байланысты. Генетика,микробиология,анатомия,селекция,экология жәнет.б. Осы тұрғыда оқушылардың биология ғылымдарына деген қызығушылығын арттыра отырып,элективтік курсы бойынша жетілдірілген және пәнді тереңірек білу мақсатында олимпиадаларға даярлауға бағытталып ұсынылады. Өйткені жоғарыда аталған негізгі салалар тікелелей эволюция ілімімен тығыз байланысты. Меңгеруге қиындық тудыратын және мектеп оқулықтарындағы мәліметтерге қосымша төмендегідей тараулар қарастырылды. «Эволюцияның даму тарихы», «Дарвинизм теориясы», "Сұрыптау түрлері», «Түр эволюциялық бірлік», «Микроэволюция», «Эволюцияның негізгі заңдылықтары».

Осы таңдау курсында эволюцияның қалыптасуы, ғалымдардың көзқарастары, ағзалардың тіршілік ортасына бейімділігі қарастырылады. Тағы бір ерекшелігі эволюция туралы да жан-жақты мәліметтер беріледі. Осы бөлімдерден кейін жинақтау тест тапсырмалары беріліліп отырады.

Бұл арқылы оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын бағалау олардың негізгі биологиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды меңгеру дәрежесін арттыра отырып, нақты проблемаларды шешуге қолдана білу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар биологиядан алған білімін жетілдіріп, пысықтай отырып, өз білімін толықтыра дамыта түседі.


"Эволюциялық ілім негіздері" қолданбалы курс бойынша бағдарлама

Бағыты: Жаратылыстану- математика

Бағдары: химия-биология

Білім құрамындағы курстың орны: "Эволюциялық ілім негіздері" биология саласындағы "" тарауының құрамды негізі

Курстың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

"Эволюциялық ілім негіздері" курсында эволюциялық көзқарастардың даму тарихын, Ч.Дарвиннің негізгі қағидаларын микро және макроэволюцияны оқыта отырып, оқушылардың тестпен жұмыс істей білуін, соңғы интерактивті технологиялармен сарамандық жұмыс жасай отырып, қорытындысында жақсы нәтиже көрсете алуға үйрету. Биология сабағында инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды, соңғы оқыту технологиялары арқылы жоғарыда аталған тақырыптарды меңгерте отырып, оқушының білімдерін жетілдіру, қосымша тың ақпараттар мен мәліметтер беру. Сонымен қатар, биология пәнін оқытуда пәнаралық байланысты және ғылым салаларынан алған білімдерін пайдалана отырып, оқушы шығармашылығына жол ашу.


Міндеті:

Курста қамтылған бағдарламаларды игерту

Биологиялық жаңа мағлұматтар беру және тереңдету

Курсты оқытуда оқытудың әр түрлі формасын пайдалана отырып өз бетінше ізденуге, жұмыс істеуге үйрету

- Білімді жеке тұлғаны қалыптастыру.

-Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті жек тұлға тәрбиелеу.

-АКТ жүйесіндегі биологиялық қосымша материалдарды пайдалануға үйрету.

- Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып оқу үрдісінің сапасын арттыру.

-Пәнге деген қызығушылықты арттыру.

-Пәнаралық байланысты тиімді қолдану.




Мамандыққа бағдарлау:микробиология,педагогика,селекция, генетика,инженерия және т.б.

Пәнаралық байланыс: химия, жалпы биология,генетика,антропалогия, медицина.

Ұйымдастыру формалары: Ауызша түсіндіру, лекция, семинар сабақтар, оқытудың интерактивті тәсілдері, зертханалық жұмыстар, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, конференция, ғылыми жобалар дайындау.

Уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1сағат

Сыныбы: 11 "а"

Оқу жетістіктерін бағалау:

-деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы


Таңдау курстың мазмұны:

Кіріспе (1 сағат).

Биология -тіршілікті жан-жақты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешенді бір саласы. Тірі организмдердің тарихи даму кезеңдері туралы түрлі көзқарастар бар. Тіршілік эволюциясында тірі организмдерге тән табиғи сұрыпталу, тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеттер басты рөл атқарады. Эволюция да тіршіліктің тарихи дамуы жасушаға дейінгі және жасушадан кейінгі процесі- қарапайымнан бірте- бірте күрделенуі жүйелі түрде берілген .

Биология ғылымында эволюция ұғымы уақыттың жылжуына байланысты организмдер дамуының бастапқы қалпынан біртіндеп өзгеріп, қандай да бір жаңа өзгерістің пайда болуын білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 ж М.Хейл енгізді.

Эволюциялық ілім тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің тарихи дамуын зерттейді, оның негізін ағылшын жаратылыс зерттеушісі Чарлз Дарвин салған.


Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы (3 сағат)

Тірі табиғат туралы түрлі мағлұматтарды жинастырып, жүйеге келтіру Ежелгі Грекияның ғалым-философтары Аристотель, Теофраст, Гиппократ есімдерімен тығыз байланысты.Фалес тіршіліктің басы су, Анаксимен тіршілік басы ауа деп түсіндірді. Осы тұрғыда швед ғалымдарының, француз ғалымдарының эволюцияға қосқан үлесі зор болып саналады. Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линней органикалық дүниенің құрылыс ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйеге келтірді. К.Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды.



Дарвинизм (4сағат)

XIX ғасырда көптеген ғылым салаларында іргелі жаңалықтар ашылды. Француз ғалымы П.Лаплас И Канттың Күн жүйесінің дамуы туралы теориясын математика тұрғысынан дәлелдеп берді. Биологияда ғылымында органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыс зерттеушісі Ч.Дарвин. Ч.Дарвин өзгергіштік, табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес эволюциясының негізгі факторы екендігін және адамның төменгі сатыдағы жануарлардан шыққандығын дәлелдеді. Еңбектері: "табиғи сұрыпталу" , "Түрлердің пайда болуы" , Үй жануарлары", " Жыныстық сұрыпталу", "Құрттар" және т.б. Тарихи даму эволюциясының 3 факторын анықтады. Олар : тұқымқуалайтын өзгергіштік , тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу.



Микроэволюция (4сағат)

Микроэволюция процесі-популяцияларда әртүрлі эволюциялық факторлардың әсерінен болатын ең қарапайым құбылыс. Бұл кезде қысқа уақыт аралығында бірнеше ұрпақтар бойы гендердің жиілігі өзгеріске ұшырап, бұрын байқалмаған жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болады. Микроэволюция эволюциялық процестің ең бастапқы кезеңі болып саналады. 1927 жылы орыс генетигі Ю.А. Филипченко эволюциялық процесті микроэволюция және макроэволюция деп екі топқа бөлді.

Микроэволюция процесі тек мутациялық өзгерістер арқылы жүзеге асады. Мутациялық өзгергіштіктің нәтижесінде табиғи сұрыпталу арқылы жеке дараларда жаңа белгілер пайда болады.

Түртүзілу (3сағат)

XX ғасырдың 20- жылдары орыс ғалымдары С.С Четвериков (1880-1959) және И.И. Шмальгаузен (1884- 1963) эволюциялық процестерде мутациялық өзгергіштіктің негізгі рөл атқаратындығын дәлелдеп берді. Табиғатта даралар санының жылдан жылға, ұрпақтан- ұрпаққа өзгермей қалатын бірде -бір түр кездеспейді. Барлық популяциялардың шекарасы, ондағы тіршілік ететін даралар саны үнемі өзгеріп отырады. Белгілі бір жағдайда организмдердің жеке топтарының бейімделушілігі жаңа түрлердің түзілуіне әсер етеді. Түртүзілудің екі жолы бар: географиялық түртүзілу және экологиялық түртүзілу.



Тіршілік үшін күрес түрлері (3сағат)

Ч.Дарвин тіршілік үшін үшін күрестің 3 тобын ажыратты.

1. Түрішілік күрес немесе бәсекелестік күрес бір түрге жататын даралар арасында қорек, кеңістік, жұп құру, ж.б. жағдайлар үшін жүреді. Түрішілік күрес кезінде жеке даралардың өсімталдығы төмендеп, даралардың біразы тіршілігін жояды.

2. Түраралық күрес әртүрлі түрге жататын популяциялар арасында жүреді. Мысалы, жыртқыш пен жемтік, паразит пен иесі, өсімдік пен жануар, т.б.

3.Қолайсыз жағдайлармен күрес - көбіне орта жағдайларында болатын өзгерістер кезінде айқын байқалады.

Қорыта айтқанда, тіршілік үшін күрес нәтижесінде табиғи орта жағдайларына бейімделе алған жеке даралар ғана тіршілігін эалғастыра алады.



Эволюцияның негізгі заңдылықтары (5сағат)

Палеонтология, салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эмбриология, жүйеленім және т.б. биология ғылымдарының жетістіктері табиғатта болатын эволюциялық заңдылықтарды нақтылай түсуге септігін тигізуде.

Дивергенция, конвергенция, параллелизм тірі организмдердің жеке жүйелік топтарының эволюция заңдылықтары деп аталады.

Макроэволюция (3сағат)

Макроэволюция - ірі жүйелік топтардың (туыс, тұқымдас, отряд ) қалыптасу процесі.

Макроэволюция - түрден жоғары деңгейде тұратын ірі жүйелік топтардың пайда болуы мен олардың қалыптасу бағыттарын және заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Макроэволюция жалпы тарихи тұрғыдан тірі организмдерде жүретін эволюциялық бағыттарды, эволюциялық ережелерді және эволюциялық заңдылықтарды қарастырады.

Күтілетін нәтиже:

- Оқушылардың ізденістік дағдыларын жетілдіріп пәнге қызығушылығын арттырады.


- Ойлау қабілетіне жалпыдан негізгіні табу, салыстыру, жүйелеу, саралау, нақтылау қабілетін ашады.
- Түсініктерге анықтама беру, дәлелдеу, сараптама жасау нақты сұрақ қою, сөйлеу мәдениетін және жан-жақтылық, дүниетанымдық, ой-өрісі мен шығармашылық қабілетін арттырады.
- Өз Отанын сүйетін, ондағы басты тұлға Адамның денсаулығын және әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
- Оқушылардың өз денсаулығын бағалай отырып, мықты денсаулықтың арқасында туған өлкеге деген қадыр-құрметін оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.
- Оқушыларда өз денсаулығын бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды. Өзінің пікірін еркін баяндай алуға, дәйекті, жүйелі сөйлеуге көмектеседі, ауызша сөздік қоры дамиды.
- Мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптасады.

- Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.



Күнтізбелік тақырыптық жоспар



Сабақтың мазмұны

Барлық

сағат саны

Оның ішінде

Бақылау түрі

дәріс

Практика

семинар




1

Кіріспе

1

1







Сұрақ жауап, қосымша мағлұматтар беру

I бөлім Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы 3




2

Эволюциялық көзқарастардың тарихи дамуы

1







1

Реферат қорғау

3

К.Линнейдің эволюциялық ілімі

1

1

1




Өз бетінше оқып талдайды


4

Ж.Б.Ломарктің эволюциялық теориясы

1

1







Баяндама, суреттер бойынша тапсырмалар орындау

II бөлім Дарвинизм 4

5

Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары

1




1




Ауызша,жазбаша тапсырмалар орындау,суреттер көрсету

6

Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары

1

1







Баяндама оқу, топтық жұмыстар

7

Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі

1







1

Дәріс беру

8

Ч.Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі

1







1

Дәріс беру

ІІІ Микроэволюция 4




9

Микроэволюция . Мутациялардың эволюциялық рөлі

2

1

1




Ауызша сабақ айту, тапсырмалар орындау

10

Харди-Вайнберг заңы

1







1

Баяндама,суреттер, тапсырмалар орындау

11

Организмдердің тіршілік ортасына бейімделгіштігі

2

1




1

Деректер жинау,мағлұматтар алу,реферат қорғау

12

Модификациялық өзгергіштіктің эволюциялық рөлі

1







1

Дәріс беру

ІV. Түр түзілу 3

13

Түр -эволюциялық бірлік

2

1

1




Баяндама, зертханалық жұмыстар орындау,

муляждар қарау



14

Түр критерийлері

1










Реферат қорғау

V. Тіршілік үшін күрес түрлері 3

15

Түрішілік күрес

1







1

Дәріс оқу

16

Түраралық күрес

1

1







Баяндама

17

Сыртқы орта жағдайларындағы күрес

1




1




Мәлімет беру, мысалдар келтіру

VI. Эволюцияның негізгі заңдылықтары 5

18

Дивергенция

1

1







Ауызша, жазбаша деректер жинау

19

Конвергенция

1







1

Дәріс беру

20

Параллелизм

2

1

1




Ауызша,баяндама оқу зертханалық жұмыс

21

Организм топтары эволюция нәтижелері

1







1

Дәріс беру

VII Макроэволюция 7

22

Макроэволюция туралы түсінік

1

1







Баяндама


23

Палеонтологиялық дәлелдемелер

1




1




Сұрақ жауап

24

Салыстырмалы анатомиялық дәлелдемелер

1







1

Дәріс беру

Тест тапсыру



25

Эволюцияның салыстырмалы эмбриологиялық дәлелдемелері

1

1







Электронды оқулықпен жұмыс

26

Эволюцияның молекулалық -генетикалық дәлелдемелері

1

1







Еркін, ауызша

27

Гомологтік және аналогтік мүшелердің ерекшеліктері

1







1

Венн диаграммасы

IX Эволюциялық процестің негізгі бағыттары 6

28

Ароморфоз

1







1

Ауызша,жазбаша,суреттер,тапсырмалар орындау

29

Идиоадаптация

1

1







Топтық қорғау жұмыстары

30

Дегенерация

1







1

Топтық қорғау

31

Биологиялық прогресс

1







1

Тест жұмысы

32

Биологиялық регресс

1




1




Баяндама

33

Биология саласындағы эволюцияның алатын орны

1

1







Эссе жаздыру

34

Қорытынды

1










Тест жұмысы

Қосымша

Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. "К.Линнейдің эволюциялық ілімі" тақырыбына Ассосация әдісі

Күтілетін нәтиже

Оқушы жасай алады

-білімді проблема бойынша актуалдандыру

-проблема туралы өз білімін ұсыну;-проблеманың сызбасын көрнекілікпен көрсете білу;

-ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;

-таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі;

Мысалы:


эволюционист



2. Дарвинизм тақырыбында "Венн диаграммасы" әдісі

Күтілетін нәтиже

Оқушы жасай алады:

-оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру;

-салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау,белгілеу;

-өз ойларын талдау және сараптау ;

-ойлау логикасын дамыту;

-таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі



Мысалы: "Ұлпалар" тақырыбына венн диаграммасын пайдаландым.Мұнда екі ұлпаның айырмашылығын және екеуіне ортақ ұқсас қасиетін айтып орындайды.




3 Макроэволюция тақырыбына "Сұрақ қою,қайта сұрақ қою"әдісі

Мысалы:оқушылар өздері оқыған тақырыптан сұрақтар қояды.

1. Макроэволюция қандай мағынаны білдіреді?

2. 1927 жылы өз үлесін қоса білген ғалым кім?

3. Палеонтологиялық дәлелдемелерде тірі ағзалардың қандай заттары табылды?

4. Салыстырмалы эмбриологиялық дәлелдемелердің нәтижесі қандай болды?

5. Гомологтік және аналогтік мүшелер дегеніміз не?

Күтілетін нәтиже:

Оқушы жасай алады:

-өз бетінше ойлап,ақпаратты меңгере алады;

-мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;

-ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;

-мәтінге сұрақ қою, белгілеу,тұжырамдау;

4. Биологиялық прогрес тақырыбы"Эссе " немесе "Еркін жазу әдісі"

Күтілетін нәтиже:

-оқыған мәлімет бойынша өз ойларын талдау жасай алады.

-проблема бойынша өз көзқарасын рефлексия жасай алады.

-қсынылған проблема бойынша өз көзқарастарын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады.

Мысалы: тақырыбы: "Болашақта эволюция қандай деңгейге дейін жоғарлауы керек"осы тақырыпқа шағын шығарма жазу керек. Бұл негізінен "Эволюция " тақырыбына арналған.




5. Организмдердің бейімділігі және салыстырмалы сипаты тақырыбына "Автор орындығы" әдісі

Күтілетін нәтиже:

-өз жұмысын сыныптастарымен талқылау,мейлінше тереңірек жасау;

-таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі;

Мысалы:кез-келген жұмысты жазып болғаннан соң тақтаның алдына үстел қойылады да,оған оқушы барып отырады, өзінің орындаған жұмысын талдайды. Кейде оқушылар автор орындығында отырған оқушыға сұрақтар қояды. 1. Организмдердің бейімділігі дегеніміз не?

2Бейімделу сипатына қарай нешеге бөлінеді? т.б.



6."Түртіп алу" әдісі

Күтілетін нәтиже:

-оқылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;

-ойлаудың іске асуын белгілеп отыру;

-бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастыру;

-мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;

Мысалы: " Эволюцияның негізгі заңдылықтары" тақырыбы бойынша конвергенция, дивергенция, параллелизм ұғымдарын білу және оларды өзара байланыстыру.

7. "Ждигсо" әдісі

Күтілетін нәтиже:

-мәтінді өз бетінше талдайды;

- топтық жұмысқа ұмтылады;

- тапсырманы қорғауға үйренеді;

- жаңа тақырыптың ерекшелігін өз бетінше анықтай алады;

-еркін сөйлеуге үйренеді;

Мысалы: Макроэволюция тақырыбын 3 немесе 2 топқа бөлу арқылы "джигсо" әдісін пайдалануға болады.

8. Инсерт әдісі бойынша оқушылармен кері байланысқа түсуге болады. Мысалы: Тірішілік үшін күрес тарауы бойынша мен білемін; мен бүгін үйрендім; Мен әді де білгім келеді деп өз ойларын айтып, жазып шығады.


Сабақ барысында қолданылған тапсырмалар

I Дарвинизм тарауына арлалған сұрақтар (Сын тұрғысынан ойлау)


  1. Ч.Дарвиннің 1868 жылы шыққан еңбегі қалай аталады?

  2. Ч.Дарвин сұрыптаудың неше түрін анықтады?

  3. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не ?

  4. Ч.Дарвиннің 1859жылы шыққан еңбегі?

  5. Ч.Дарвин Галапагос аралынан күрделігүлділер тұқымдасының неше түрін анықтады?

  6. Ч.Дарвин қай жылы, және қай қалада дүниеге келді?

  7. Ч.Дарвин қай жылы саяхатқа және қандай кемемен шығады?

  8. «Адамның шығу тегі атты еңбегі қай жылы жарық көрді?

  9. Әдістемелік сұрыптау дегеніміз не?

  10. Мақсатсыз сұрыптау дегеніміз не?

  11. Ж.Б.Ломарктың эволюциялық теориясы?

  12. К.Линнейдің эволюциялық ілімі?



II Эволюцияның негізгі бағыттары тарауы бойынша билет және биологиялық диктант (Жас ерекшеліктер)

1билет


Морфофизиологиялық прогресс және биологиялық прогресс дегеніміз не?

2билет


Биологиялық эволюциясының негізгі бағыттарын атаңыз және анықтама беріңіз

3билет


Ароморфоз қандай эволюциялық бағыт сипаттама беріңіз

4билет


Идиадаптация дегеніміз не мысал келтіріңіз

5билет


Дегенерация дегеніміз не және қандай бағыт мысал келтіріңіз

Биологиялық диктант

Түр деңгейін қарастыратын ғылым саласын ........... деп атаймыз.

1925 жылы Северцов эволюция бағыттарын .............. және ............ деп бөлді.

Ароморфоз ды басқаша ......... деп атайды.

.................. –биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тірішілік етуінің бейімделушілікті айтамыз.

.......... –қарапайымдану кері кету процесі.
III Организмдердің бейімділігі тақырыбында қолданылған дидактикалық материалдар (Оқудағы жаңа әдіс -тәсілдер)

1тапсырма

Сәйкестендіру тесті


1.Организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себеп

Қызықтырушы рең

Улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән

Қауіп төндіруші рең

Жайшылықта реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып , жауынан байқалмайды

Табиғи сұрыпталу

Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әртүрлі пішінге келтіре алады

Еліктеуші рең

Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдерге еліктеуі

Сақтандырушы рең

2тапсырма

Биологиялық диктант

1. Бейімделушіліктің ............. түрі бар.

2.Бүркеніш рең - ........... ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажет болып табылады.

3.Қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтылар бұлардың барлығы -------- реңге жатады.

4.Еліктеуші реңге теңіз атбасбалығы мен .......... дене пішіндері балдырға ұқсайды.

5. «Түйсік- сезім әрекеттері» деген ұғым қазіргі кезде сирек қолданылып, оның орныныа «........ .... ...» деген ұғым жиі айтылады.


3тапсырма

Келтірілген мысалдар бүркеніш реңнің қай түріне жататынын әрқайсысының тұсына белгілеңдер

СҚ- сақтандырушы; ҚЗ- қызықтырушы ҚТ- қауіп төндіруші ЕК- еліктеуші


  1. Ханқыз қоңызы 5.Непентөс (жәндікқоректі өсімдік)

  2. Орденді көбелек 6. Оқпан

  3. Қарақоңыз (жағымсыз иісті) 7.Қырғауылдың қоразы

  4. Атбасбалық 8.Дәуіт

IV Макроэволюция тарауына арналған тапсырмалар ( Көшбасшылық, сын тұрғысынан ойлау,талантты және дарынды оқушыларды анықтау)

1. Макроэволюция дегеніміз не?

2.В.О.Ковалевскийдің қосқан үлесі қандай?

3.Жылқылардың негізгі төрт кезеңі?

4.Филегенетикалық қатар дегеніміз не?

5.Биолгенетикалық заң ұғымын қалай түсінесің?


2. Тиісті сөздерді теріп жаз.

Ароморфоз

Идиоадаптация

Дегенерация










құс тұмсықтарының түрлі пішінді болуы; спорадан тұқымға ауысуы;гүлдің дамуы; паразит құрттардың қарапайымдануы; жануарлардың бүркеніш реңі; жемістер мен тұқымдардың таралуы; екі қабаттан үш қабатқа ауысу;асқорыту мүшелерінің болмауы; балықтардың түрліше бейімделуі;төменгі сатыдан жоғары сатыға көтелуі; организм санының кемуі; скат балығының жалпақ пішінді болуы
3.Терминдерге анықтама беріңіз

Палеонтология, эмбриология,гомологтің мүше, аналогтік мүше,биологиялық прогресс, биологиялық регресс,морфофизиологиялық проресс,дегенерация, микроэволюция, популяция.


4.Сандар сыры

1842-1883; 54-58млн.; 1792-1876; XIX ғасырдың екінші жартысы; 1925; 1884-1963, 27-28˚С




Қосымша Критериалды бағалау

Критерий

Дискриптор

Ұпай

1. Жаңа тақырыптың ашылуы

1.Тақырыптың ашылуы жоғары деңгейде

2. Тақырыптың ашылуы орташа деңгейде

3. Тақырыптың ашылуы төмен деңгейде


3

2

1



2. Тақырыптың ерекшелігі

1. Деректердің нақты болуы

2. Деректердің аз болуы

3. Деректердің болмауы


3

2

1



3. Тақырыпты қорытындылау

1.Қорытындылау жоғары деңгейде

2.Қорытындылау орташа деңгейде

3.Қорытындылау төмен деңгейде


3

2

1


Табыс критерийі



Критерий

Дискриптор

Ұпай

1. Тақырып мазмұнының ашылуы

1. Тақырып мазмұнының ашылуы жоғары

2. Тақырып мазмұны орташа

3. Тақырып мазмұны төмен


3

2

1



2.Түсіндіру шеберлігі

1. Түсіндіру шеберлігі жоғары

2. Түсіндіру шеберлігі орташа

3. Түсіндіру шеберлігі төмен


3

2

1



3. Тақырыптың түйінді идеясы

1.Нақты деректер болды.

2.Деректер тақырып бойынша жеткіліксіз

3. Дерек тер болмады


3

2

1




Мұғалімге арналған әдебиеттер тізімі :
1.Биология 11сынып. Авторы: Р.Сәтімбеков,Р Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев

2. Мұхамбетжанов К «Генетика және селекция негіздері.» Алматы,Санат.1996 ж

3.Берсімбаев Р.І.Мұхамбетжанов К.Қ. «Генетика» Алматы, Қазақ университеті 2002ж

4.Мұхамбетжанов К.Қ. Далабаев Б.А. Өтешов Г.А. «Генетикадан практикалық сабақтар». Алматы,Ғылым 2003 ж.

5.Уотсон Дж. «Молекулярная биология гена». М, 1978 год.

6.Қ.М. Мұхаметжанов, А.Б. Бихалиев «Молекулалық биология мен генетикалық инженерия», Қарағанды-1991 жыл.

7.С.Ж. Стамбеков, «Эволюция», Алматы «Ана-тілі» 1993 жыл.

8.Мұхит Нұрышев «Гисталогия және эмбриология негіздері», Алматы «Қарасай» 2007 жыл.

9.Т.С.Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова, «Биологиялық химия» Қарағанды-2007 жыл.

10. Р.У. Берсімбаев, Қ.К. Мұхаметжанов «Жалпы және молекулалық генетика». Алматы «Қазақ университеті» 2005 жыл.



11. «Биолог анықтамалығы» журналы

12.М.Досмұханова "Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі" Алматы 2015ж

13. Р.Сәтімбеков, А.Кулбекова, З.Омарова "Эволюциялық үрдістердің басты бағыттары мен жолдары" Алаты 2013ж

14.Н. Лемеза. Биология в экзаменных вопросах и от-х для абитурентов, репетиторов, учителей СПБ. Виктория пмос, 2012, 496с

15. Биология. Оқу-әдістемелік құрал. Қ.Р.Білім және ғылым министрлігі. Ұлттық тестілеу орталығы

16."Тиімді тәсілдер".// Биология және салауаттылық негізі, ғылыми -педагогикалық жұрнал №2 ,2011ж

17. .«Адам денесі» суретті анықтамалық. Организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары. Тони Смит редакциясы. Алматы кітап 2006

18. Мұхамбетжанов К «Генетика және селекция негіздері.» Алматы,Санат.1996 ж

19.Берсімбаев Р.І.Мұхамбетжанов К.Қ. «Генетика» Алматы, Қазақ университеті 2002ж

20."Электронды оқулықтардың тиімділігі" // Биология және салауаттылық журналы №1 2014ж



Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:
1.Биология 11- сыныпқа арналған оқулық.

2.”Биолог анықтамалығы” журналы

4.Биологияны оқыту әдістемесі

Авт: Б.М.Тәжіғұлова, Д.Е.Мусина Ақтөбе,2006

5. Мұсылман күнтізбесі.Алматы.2004.

6.«Адам денесі» суретті анықтамалық. Организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары. Тони Смит редакциясы. Алматы кітап 2006

7. Мұхамбетжанов К «Генетика және селекция негіздері.» Алматы,Санат.1996 ж

8.Берсімбаев Р.І.Мұхамбетжанов К.Қ. «Генетика» Алматы, Қазақ университеті 2002ж

9.Мұхамбетжанов К.Қ. Далабаев Б.А. Өтешов Г.А. «Генетикадан практикалық сабақтар». Алматы,Ғылым 2003 ж.

10.Уотсон Дж. «Молекулярная биология гена». М, 1978 год.

11.Қ.М. Мұхаметжанов, А.Б. Бихалиев «Молекулалық биология мен генетикалық инженерия», Қарағанды-1991 жыл

12.С.Ж. Стамбеков, «Жалпы генетика», Алматы «Ана-тілі» 1993 жыл

13.Мұхит Нұрышев «Гисталогия және эмбриология негіздері», Алматы «Қарасай» 2007 жыл.

14.Т.С.Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова, «Биологиялық химия» Қарағанды-2007 жыл.

15. Р.У. Берсімбаев, Қ.К. Мұхаметжанов «Жалпы және молекулалық генетика». Алматы «Қазақ университеті» 2005 жыл.

16. «Биолог анықтамалығы» журналы

17.М.Досмұханова "Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі" Алматы 2015ж

18. Р.Сәтімбеков, А.Кулбекова, З.Омарова "Эволюциялық үрдістердің басты бағыттары мен жолдары" Алаты 2013ж



19.Н. Лемеза. Биология в экзаменных вопросах и от-х для абитурентов, репетиторов, учителей СПБ. Виктория пмос, 2012, 496с

20. Биология. Оқу-әдістемелік құрал. Қ.Р.Білім және ғылым министрлігі. Ұлттық тестілеу орталығы
жүктеу 283,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау