Уильям Оккам ілімі.
Орта ғасырдағы ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі Уильям Оккам (1280-1349жж.) Оксфорд университетін бітірген. Негізгі еңбектері “Логика жинақтары², “Құпиялықтар жөніндегі трактат², “Сұхбаттар² т.с.с.
Егер Фома Аквинский схоластикалық философияда өзінің ең биік шыңына жетсе, Уильям Оккамнан бастап оның тек құлдырауы басталады. Біріншіден, сенімнің ақыл-ойдан дербестігі, оларды бір-бірінен ажыратады. Уильям Оккам сенім мен ақыл-ойды бір-бірінен айырып алыстатуға тырысады.
Логикаға негізделген ақыл-ой сезімдік дүниені тануға мүмкіндік береді, оларды тексеруге, дәлелдеуге болады.
Сенім ақиқаттарына келер болсақ, оны ақыл-ой арқылы түсіну де, дәлелдеу де мүмкін емес. Аян Ақиқаттарын біріктіретін логика емес,- сенім ғана. Мысалы христиан дінінің үштік қағидасына Уильям Оккам мынандай баға береді “ол қайсыбір мән-мағна, ақыл-ойдан басым². Сондықтан, ақыл-ой сенімге тірек бола алмайды. Сезім, ақыл-ой мен діни қағидаларды талдаудың өзі күнәға жақын, өйткені, Құдай бізді сүйіп, өзінің аянын сыйлады, оны біз сол күйінде іштей қабылдауымыз керек.
Егер Құдайдың құдіретті күші сондай шексіз, ал біздің Дүние оның ерікті түрде тудырған мүмкіндігінің бірі ғана болса, онда Құдай мен шектелген өтпелі Дүниенің арасында Құдайдың жасампаз еркі мен құдіретті ақыл-ойынан басқа не бар?, - деген өткір сұрақ қойып, олай болса, Августиннің универсальдық мәндері жер мен Құдайды дәнекерлік етіп жалғастырып тұратын - ол адамның бос тәкәппарлығы емес пе!- деп өзі қойған сұраққа ашық жауап береді.
Уильям Оккамның номинализмі.
Құдай мен жердегі өтпелі әлемді бір-бірінен айырғаннан кейін, Уильям Оккам әлемде жекеліктен басқа ешнәрсе жоқ,- деген пікірге келеді. “Ақыл-оймен танылатын жанның сыртындағы ешнәрсе өзіне, я болмаса, басқаға универсалдық емес, ол адамның қай жағынан алғанда да есек емес екені сияқты². Универсалиялар (жалпы ұғымдар) заттарға қойылған аттар ғана, олар шындықтың негізі бола алмайды. Универсалияларды тудыртатын заттардың бір-біріне ұқсастығы. Мысалы, Сократ- ол нақтылы адамның аты, ал “адам² - универсалия. Олай болса Дүниенің ешқандай ең жалпы заңдылықтары, олардың баспалдақтық бір-бірімен байланыстары т.с.с.- жоқ.
Универсалиялардан тұратын білім ешқандай нақтылы нәтижеге әкелмейді, оның ешқандай жемісі жоқ. Егер біз тәжірибеде кездесетін заттардың арасындағы қайталанулықты зерттеп, оның болашақта болуы туралы болжам жасасақ - сол жеткілікті,- деген пікірді Уильям Оккам ұсынады. Ал мұндай көзқарастан белгілі бір таным принципін шығару мүмкіндігі пайда болды.
Уильям Оккам ұстарасы.
“Мән-мағынаны қажеттіктен жоғары көбейтпеу керек²- бұл Уильям Оккамның ұстарасы. Ол арқылы Уильям Оккам метафизикалық ұғымдардың көбін теріске шығарады, өйткені, олар дәлелденбейді және пайдасыз. Біз заттардың сапасы мен қасиеттерінен басқа тәжірибелік зерттеуде ешнәрсе таппаймыз. Олай болса, метафизикалық жалпы ұғымдар мәнсіз, тек таным процесін қиындатады. Сондықтан, тек тәжірибелік танымға ғана сүйену керек. Ол - танымның іргетасы.
Әрине, мұндай көзқарас схоластикалық философияға үлкен соққы жасап, болашақ тәжірибелік танымның жолын ашты.
Ал оның қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тигізген әсерін ықпалын алатын болсақ, онда жекелікті, жалқылықты ғана мойындау, діни көзқарасты ғылыми білімнен бөлуге келеміз. Қоғамның саяси саласында діни биліктің саясаттан бөліну керектігі жөніндегі идеяны туғызады. Ал Дүниеге келген жана идея іске аспай қоймайды. Оның әржағында жеке адамның құқы, оның мүддесінің жалпы қоғамның мүддесінен басымдығы жөніндегі идея да алыс емес.
Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:
1.Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.
2.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.
3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.
4.Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.
5.Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.
6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
7.Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.
8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2005.
9.Философиялық сөздік.- Алматы, 1996.
Ұсынылатын қосымша оқулық әдебиеттер:
1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.
2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.
3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.
4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.
5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972
6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991
8.Мифы народов мира., М.. 1991
10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,
13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968
14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972
5.Дәріс тақырыбы: Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы
Негізгі мақсаты: Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с. елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады. Дәріс барысында Ұлы Ортағасыр Араб- мұсылман философтарының тұжырымдамаларымен танысу.
Негізгі түсініктер: “арсенал², “адмирал² “тариф², “авария², “медицина², “алгебра²,
Дәріс сабағының жоспары:
1.Арабтық-мұсылмандық
философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті.
2.Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.
3.Түрік тілдес философияның қалыптасуы.
1.Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті.
Көне заманның аяғында құл иеленушілікке негізделген қоғам сарқылып, Орта ғасырларда “тарихи белсендік² Шығыс халықтарының үлесіне тиеді. Оның негізгі себебі- тайпалық - рулық, соғыс демократиясының негізінде өмір сүріп жатқан, көпқұдайлыққа табынған Араб тайпаларының басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажеттіктің негізінде Ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Арабтар империясы пайда болады. Ол, Индтан Атлантика мұхитына дейін созылған мемлекет болды. Көшпенді Араб тайпалары бастарының бірігуі олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстырдың өсуіне әкелді.
Араб империясы Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, діні, философиясын жаңа елдерге таратты. Мысалы, бүгінгі таңда дүниежүзілік сөздікке кірген “арсенал², “адмирал² “тариф², “авария², “медицина², “алгебра², т.с.с. сөздер - араб сөздіктерінен шыққан.
Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек.
Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі - Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.
Бұл үлкен “аудармашылық қозғалыс² ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің “Альмагестінен² бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс Vққ ғасырдың аяғынан бастап Хқ ғасырға дейін созылды.
Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың “Зидж Абу-Миамар² деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық таблицалары латын тіліне аударылып, Еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге алғаш енгізгенде сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Ибн-Афьян алғашқы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді “химия ғылымының әкесі²,- деп атайды. Закария Разидің “Барлығын қамтитын кітабі² да латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.
Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері - ерекше әңгіме. Оны осы тарауда талдайтын боламыз.
Х1-Х11 ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды.
2.Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.
Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі - Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп², Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, ислам көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сай келіп, оның бергі тарихы осы дінінің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.
Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға.
Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек², “Бірінші философия жөнінде², “Бес мән-мағына жөніндегі кітап² т.с.с.
Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.
Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.
Заттардың сапалық жағын - геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені, ол-тұрақты және өзгермейді…
Аль-Кинди адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия дейді. Оның мақсаты заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек.
Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсы бір затты танудың себебі-ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе - бірінші ақиқат - Алла-тағала жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен 4 сұраққа жауап беру керек дейді ойшыл.
Ол бар ма?
Ол не?
Ол қандай?
Себебі неде?
Аль-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние дейді. Ал айдың әржағында әлемде ешқандай қозғалыс - Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол тек қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 элементтен тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді - тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін.
Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ, мән-мағнадан алыста. Ол - сезімдік тану. Ол үне бойы өзгерісте, тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін заттарды танумен байланысты. Оның сан жағы тұрақты емес - үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте - ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді… Осы өзгеріп жатқан Дүниедегі заттардың бітімі қабылданады да оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді.
Екінші таным түрі мән-мағнаға жақын болғанымен бізден алыс - ол ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Аль-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындап, жағалай ортаны зерттеп ғылымды дамытуға шақырады.
Аль-Киндидің философиялық көзқарастарын әрі-қарай дамытып, Аристотельдің еңбектерін араб тілінде аударып, оған көлемді түсініктер жасап және өзінің ерекше философиядағы ойларымен тарихта қалып, философия тарихында “Екінші мұғалім² атағын алған Аль-Фараби болды.
Аль-Фараби (толық аты( Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат тюрки( Қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 жж. Дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп Таяу Шығыста Багдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін игеріп, антикалық философияны зерттейді.
Аль-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, ол, өйткені, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар, оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені, ол біздің елде Дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол көзде өмір сүрген бабаларымыздың дүниесезімі мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген.
Бірақ, ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті Дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді.
Аль-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен “Ғылымдарды іріктеу жөнінде², “Игі қаланың тұрғандарының көзқарасы жөнінде², “Азаматтық саясат², “Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері², “Бақытқа жету жөнінде² деген еңбектерін атап өтуге болады.
Онтологиялық (болмыстық) ілімі.
Аль-Фараби онтологиялық ілімінің негізінде неоплатонизмнің “эманация² (тасу, ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин Дүниежүзілік Бірмен материялық өмірдің екі ортасында Дүниежүзілік ақыл-ой (nous) және Дүниежүзілік жан (psychі) бар деп есептесе, Аль-Фараби бұл көзқарасты анағұрлым күрделейді. Өзінің “қзгі қала жөніндегі² еңбегінде Аль-Фараби Дүниені тудырған “Бірінші Мән² дейді. Ол бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол кемеліне келген, ешқандай мінсіз (одан басқалардың бәрінің де ең болмаса бір, я бірнеше кемшіліктері, міндері болады.
Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені, олар тек қана “ай астындағы Дүниеге² тән нәрселер. Сол себепті ол мәңгілік, ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені қажет етпейді, - себепті, бітімді, мақсатты, ұмтылысты т.с.с. - өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді.
Аль-Фараби “Алғашқы Мәнге² оның мән-мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады ол - барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақиқат, Тірі,Өмір дейді.
Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған “белсенді ақыл-ой² (активті интелект) деген ат қояды.
Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені, ол өз-өзіне сыймай тасып ағады (эманациялайды). Ал Болмыстың Дүниеге келуі оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате,- дейді ұлы ойшыл. Мысалы, сәбидің Дүниеге келуі оны тудырған әке-шешесінің Дүниеден кетуімен тең. Ал ол біздің “ай астындағы² болмысқа ғана тән нәрсе. Ал Алғашқы Мәнге келер болсақ, ол басқа Болмысқа өмір бергенменен, өзі жойылмайды, мәңгілік, егер ол жойылса, онда ол оның Алғашқылығын жояр еді, оның сыртында одан да жетілген басқаның бар екенін көрсетер еді. Олай болса “Алғашқы Мән² өзі үшін өмір сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре алады.
“Бірінші Мән² өз-өзіне сыймай тасыған сәтте, екінші Барлық дүниеге келеді - ол абсолютті денесіз, өзінің мән-мағнасын ашып және Алғашқы Мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып қажетті түрде “үшінші Барлықты² тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән-мағнасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді. үшінші Барлықпен “Бірінші Аспанның² болмысы бітеді. үшінші Барлық қажетті түрде төртіншіні тудырады. Ол әлі материя емес.
Барлық қажетті түрде “қозғалмайтын жұлдыздар² әлем болмысын төртінші тудырады.
Аль-Фараби оларды Сатұрның болмысынан бастайды. Ол- Юпитерді тудырады, содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары дүниеге келеді. Аспан болмысы Аймен бітеді.
“Ай астындағы Болмыс², яғни біз өмір сүріп жатқан Дүние. Сонымен, ол бірінші “Бірінші Мәннің² тудырған Болмысы болып шықты. Бұл болмыстың ерекшелігі - ол көптік әлемі, оның негізінде төрт табиғи нәрсе жатыр- ол жер, от, су, ауа. Олардың әр-түрлі қосындылары жер бетіндегі заттарды тудырады. Тіршілік әлеміне келер болсақ, Аль-Фараби оны үшке бөледі - өсімдіктер, ақыл-ойы жоқ жануарлар, ақылды жануар (адам).
Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.
“Бірінші Барлық²- белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті (ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (potentіa-лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды (act-лат. сөзі, шындық, іс әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.
Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан-дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды алатын болсақ, - олардың мән-мағнасы, бітімінің танылатындығында жатыр.
Актуальды интеллектке келер болсақ, Аль-Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін актуальды интеллектің объектіне айналады.
Игерілген интеллектке келер болсақ, ол жеке пенденің Дүниені, заттарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан-дүниесінің ажырамас бөлігіне айналдыруы жатыр.
Іс-әрекеттік интеллект- Аль-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол потенциалдық ақыл-ойды шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін Аль-Фараби көздің сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыстырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал күннің сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз актуальды түрде Дүниені көре бастайды. Оны себебі күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті.
қс-әрекеттік интеллект Аль-Фараби ойынша күннің сәулесі сияқты таным үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект актуальдіге айналады.
Аль-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары.
Жоғарыда көрсетілгендей, Дүние Алғашқы Барлықтан саты -саты болып төмендеп өмір сүретін болса, онда қоғам өмірі де соған ұқсас. Тек мұндағы “Бірінші Мән² - ол Халиф, Имам. Ол өзінің жан-дүниесі, ақыл-ойы, рухымен өзін қоршаған уәзірлерге, олар өздерінен төмен басшыларға т.с.с. ықпалын тигізіп ең соңында ол қарапайым халыққа жетеді.
Қоғамның қажеттігін Аль-Фараби адамның жалғыз өзі өзіне керектерінің бәрін жасай алмайтындығынан, екінші жағынан, басқарларсыз өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан, адамдар бірігіп, өзара бір-біріне көмектесіп, қажетті заттармен бөлісіп өмір сүрген.
Қоғамды Аль-Фараби толық және толық емес қылып екіге бөледі.
Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат- ол белгілі халықтың өмірі, кіші - ол белгілі бір жерде орналасқан кешен - қала, ауыл-сондағы тұратын адамдар.
Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір көшесінде тұратын адамдар. Олар өз-өздеріне жеткіліксіз-сондықтан, оларды ол толық емес деп атайды.
Әсіресе, біз оқырманның назарын Аль-Фарабидің мына ойына аудармағымыз келеді. “ұлы игілік², ең биік жетістіктерге ең алдымен қала жетеді, ал ауылды алатын болсақ, оның негізгі қажеттілігі- оның тек қаланы қамтамасыз етуінде. Аль-Фарабидің өмірден кеткеніне 1000 жылдан артық уақыт өтсе де, қазақ халқына бұл ой осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып жатыр. Бүгінгі өте қиын дағдарысты ақуалда қазақ халқы аянышты ауыр жағдайда урбанизация процесіне қатысып, қалалық халыққа айналуда. Тек қалалық халық қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысып өзінің мүдделері үшін тиімді күресе алады. (urbanus-қалалық, лат. сөзі).
Аль-Фараби қалалардың өзін екіге бөледі - олар игілікке бағытталған қала мен надандар қаласы.
Игілікке бағытталған қалада адамдар бір-біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады. Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене мүшелері бір-бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әр-түрлі өздерінің табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді. Сол сияқты қаладағы адамдар да әр-түрлі болса да қала басшысына бағынып бір-бірімен келісіп іс-әрекет жасап өмір сүрулері керек.
Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр. Ол адамгершілігі жоқ, айырбастау қаласы, адасқан қала.
Надан қаланың, адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан олар оған ұмтылмайды да, оған сенбейді де. Олардың ойынша, өмірдің мақсаты-денсаулық, байлық, рахатқа бату, ерікті түрде құмартуға берілу, даңқ пен ұлылықты армандау. Осылардың әрбіреуінің өзі осы қаланың тұрғандарына бақыт болып көрінеді. Ал айтылғандардың бәрі қосылса, онда одан асқан бақыт болмайды деп олар ойлайды.
Аль-Фараби надан қаланың түрлеріне тоқтайды. Бүгінгі таңда біз де әлі өзіміздің даму бағытымызды, жалпы ұрандар болмаса, айқын анықтаған жоқпыз. Сондықтан ойшылдың мініздемелеріне тоқтай кетелік, мүмкін оқырман одан өзінше дәріс алып, ойға қалар.
Қажеттіліктің қаласында адамдар өмірге ең негізгі керек заттарды өндіру үшін бір-біріне көмектеседі.
Айырбастау қаласында тұрғандардың бәрі де байлыққа жету үшін бір-біріне көмектеседі, ол сол қаланың негізгі мақсаты, басқа мақсаттарға жету жолындағы құрал емес.
Құлдыраған бақытсыз қалада адамдар тек тамақ табуда, ішуде, жыныстық қатынаста тек қана ой өрісіне көтерілмей сезімдік ләззат алуға тырысады.
Баққұмар қаладағы адамдар бір-біріне көмектесіп өздерін басқалардың алдында керемет етіп көрсеткісі келеді (біздің бүгінгі таңдағы кейбіреулердің “жаманымызды жасырайық, жақсымызды асырайық², деп жүргендері бұл қалаға жақын келеді оларға “ауруын жасырған - өледі² деген нақыл сөзді айтқымыз келеді. (С.М.)
Билікті сүйгіш қаладағы адамдар басқаларға жоғарыдан қарап, оларды тәуелді етіп ұстағысы келеді. Оларды тек жеңіс қана қуантады.
Адамгершілігі жоқ қаланың тұрғындары игіліктің не екенін жақсы біле-тұра, өздерінің іс-әрекеттерінде басқаша істейді.
Құбылмалы қаланың адамдары бұрын игілікке бағытталған болатын, ал сонынан басқа құндылықтар өмір жолына түсіп кеткен.
Адасқан қаланың адамдары бақытты өмір о дүниеге барғанда болады. Бірақ кейін келе олардың көзқарасы Құдайға да, шын өмірге де өзгеріп бұзылады.
Қоғам өмірінің дамуы, Аль-Фараби ойынша, негізінен Ел басында басқарып отырған адамның қасиеттерімен байланысты болғаннан кейін, ойшыл оның қандай болуы керектігіне аса зор назар аударған.
Ойшыл ондай адамның 12 қасиеті болу керек дейді. Сонында олардың бәрін 6 тұлғалық қасиеттерге әкеліп тірейді. Енді соларға назар аударарлық.
Біріншіден ол- даналық дәрежеге жетуі керек, яғни барлық істі ақыл-ой елегінен өткізіп, халықтың тарихи тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, адамгершілік түсініктеріне сай келтіруі керек;
Екіншіден, ол- білімді адам болу керек, өзінің есінде өткен тарихтағы заңдар, әдет-ғұрып нормалары мен ережелерін жақсы білуі керек;
үшіншіден, әрқашанда тапқырлық көрсету керек, өйткені өмір үне бойы өзгерісте, олай болса елдің алдында бұрынғы-соңғы болмаған жаңа ақуал пайда болып, бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін, жоққа шығаруы мүмкін. Сондай жағдайда өмірге жаңаша қарап шығармашылық тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет;
Төртіншіден, аңғарғыш, көреген болу қажет. Ел басшысы- тек бүгінгі күнді ғана ойлап қолмай, болашақ ұрпақтардың өмірі қандай болмақ; негізгі мақсат-халықтың әл-ауқатын өсіру-оны естен шығармау керек;
Бесіншіден, Өзінің сөзімен халықты елдің заңдарын бұлжытпай орындауға бағыттау болмақ;
Алтыншыдан, Ел басының денсаулығы, дене күші жақсы болуы керек; ол оған соғыс жүргізген кезде әсіресе қажет болады;
Аль-Фараби ел басшылығына лайықты, осы көрсетілген қасиеттердің бәрі бойында бар тұлғаның сирек кездесетінін атап өтеді. Сондықтан, бұл қасиеттер екі тұлғада жиналса, онда олар бірігіп басқарсын дейді. Ал екі адамның бойынан табылмай, 4-5 адамнан табылса, олар бірге қосылып басшылық жасауы керек.
Сонымен қатар, ел басына керек негізгі қасиет- ол даналық. Егер белгілі бір уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда елдің бірінші басшысы тіпті болмай-ақ қойсын, ондай қалаға қауып төнеді,- деп ескертеді ұлы ойшыл.
Біздің бүгінгі өтпелі қоғамдағы қиындықтарды жеңу үшін өкімет басындағы саяси элитаның биік дәрежеде болуы қажетті нәрсе.
Оларды Аль-Фараби қалдырған өсиеттерімен салыстырсақ, онда жетістіктерімізді және кемшіліктерімізді көруімізге болады. Біздің саяси элита аз уақыттың шеңберінде дүниеде жиналған қоғамды жаңарту жөніндегі білімді тез игеріп жатыр. Тапқырлық көрсетіп, шет елдерден экономикаға инвестициялар (қаражат) тартып жатыр; көрегендіктен де кем емеспіз - қандай қиындықтарды басымыздан өткізіп жатсақ та, қазақ елі 2030 жылға қарай қандай дәрежеге көтерілу керек - оны да ойлыстырып қойдық; дүниежүзілік заң шығару дәрежесіне сай етіп біршама заңдарды да тудырдық; саяси элитаға талантты жастарды тартып жатырмыз.
Соған қарамастан, жеткен нәтижелер аздау. Оның негізгі себептерінің бірі- даналықтың жетіспеуі. Жалғыз технократизм (білім билігі), нақтылы жағдайды, тарихи тәжірибені ескермейтін, арсыз саясатқорлыққа әкеліп, Аль-Фараби айтқан надан қалаға жеткізуі мүмкін. Сондықтан, саяси элитаға интеллектуалдық топтардың дәрежесін көтеріп, саяси шешімдерді солардың сараптауынан өткізіп отыруы қажет қой деп ойлаймыз.
Міне, осыдан 1000 жыл бұрын өмір сүрген бабамыз Аль-Фараби даналығы- оның қалдырған терең ойларының бүгінгі біздің өмірімізге сай келіп алдымыздағы қиын мәселелердің шешімін табуға көмектесіп жатқандығы болса керек. Жалпы алғанда, кең түрде, философия тарихы осы жағынан алғанда, ешқашан, қандай көне заманда пайда болса да ескірмейді, ондағы жиналған ойлар біздің шабытымызды оятып, жаңа көзқарастардың дүниеге келуіне, олардың өткен тарихпен сабақтастығының тереңдеуіне әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |