ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Еңбек және шаруашылық әндері



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/6
Дата04.02.2020
өлшемі0,56 Mb.
#28230
1   2   3   4   5   6

Еңбек және шаруашылық әндері.

Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.

Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады.

Халық әндерінің дауыс қоюдағы ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтың халық әндерінің негізінде онға тарта вокализ жаздым. Осы жинаққа

«Елім-ай», «Дайдидау» әндерінің негізінде жазылған екі вокализді кіргіздім. Әрбір қазақ баласы тілі шығып есі кірген соң, бірінші айтатын әні «Елім-ай» әні болатын.Әрбір қазақ баласы қолына домбыра алғанда, бірінші ойнап үйренетіні де «Елім-ай» әні болатын. Себебі, «Елім-ай» әні үйренуге өте


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 26_

оңай, диапозоны бір октаваға жетпейтін алты дыбыстан ғана тұратын ән. Әннің құрылымы да дауыс жаттығуы тәрізді минорлық гамма түрінде басталып одан кейін сол гамманы қайталаудан және бір ғана жерінде терция интервалы бар, басқа құрылымы дыбыстардың жоғары, төмен рет -ретімен қозғалуынан тұрады. Менің бірінші вокализ етіп «Елім-ай» әнін алғаным, жас әншінің дауыс мүмкіндігіне өте ыңғайлылығын пайдалану мен бірге, әр -бір өнер жолына аттаған қазақ баласы, қазақ халқының сонау«Ақтабан шұбырынды» заманынан бергі ән ұранына айналған «Елім-ай» әнін білуге тиісті екендігін мақсат еттім.

Ал, «Дәйдидау» әні вокалдік жаттығулардың элементтері мен вокализдік шығармаларға етене жақын әуендік құрылымының үндестігімен ерекшеленеді.Өзі дайын тұрған вокализ.Бұл вокализ ортаңғы, жоғары дауыстарға, дауыс диапозонын кеңейтуге, кантилена әдісін меңгеруге ,дауыс екпінін жетілдіруге қажетті жаттығу болады.

Сұрақтар:

1.Халық әндеріне анықтама бер?

2.Халық әндерінің қандай түрлері бар?

3.Лирикалық әндер туралы не білесің?

Қолданған әдебиеттер:


    1. «Гаухар тас» әншілік өнерге арналған хрестоматия 1-ші том Алматы 2009 жыл «Өнер» баспасы.

    2. «Сұршақыз» әншілік өнерге арналған хрестоматия 2-ші том Алматы 2010 жыл «Өнер» баспасы.

    3. Затаевич А. «Қазақ халқының 1000 әні» Москва 1963 жыл «Музыка» баспасы.

Жеке сабақ №9-10

Сөйлеу техникасы және дикция.

Жоспар:

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 27_

1.Дикция және орфоэпия туралы түсінік

2.Шығарманы орындау кезіндегі фразировкамен жұмыс.

3.Дауысты дыбыстармен жұмыс.

Вокалдық шығармаларды орындаудағы поэзиялық мәтінді дикциялық, артикуляциялық анықтығы мен жұмыс істеу.

Жоспары:

1. Артикуляция және фразировкамен жұмыс.

2. Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы.

3.Дауыссыз дыбыстармен жұмыс.

Сөйлесудегі дикция.

Ән айтудағы дикция, оның ерекшелігі.

Әншілік дыбысталу үнімен әншілік дикцияның сабақтастығы және осыған байланысты артикуляцияның ерекшеліктері. Икемділікті дамыту және артикуляциялық аппараттың қозғалысы, ауыз, ерін, тіл, төменгі жақ - негізгі бөліктер. Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалыптасуындағы артикуляцияның анықтылығы. Дикцияның кемшіліктерін жою. Ансамбльдік орындаудың негізгі элементі ретінде дауысты және дауыссыздардың айтылуы мен біртұтастығын қалыптастыру. Сөздің айтылуының шығарма сипатымен сабақтастығы.

Ән айтудағы орфоэпияның ерекшеліктері:



  • дауысты дыбыстарды бейтараптандыру;

  • дауысты дыбысты біршама созу, жоғарылығы мен және дыбыс сапасын нақты бекіту;

  • дауысты дыбыстарды түрлі регистрлерде айту;

  • дауысты дыбыстарды редуцияланған жерде анық айту;

  • дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктері;

Дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясы.

Дауысты дыбыстардың әншілік редукциясы.

Дауысты дыбыстардың орфоэпиясы.


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 28_

Әдеби тілде айтылу ережелері.

Оркестрлік сүйемелдеумен берілген шығармаларда тыңдаушыларға мәтінді анық жеткізу шарттары. Оркестр дауысының қаттылығына және мықтылығына байланысты мәтінді қабылдау тәуелділігі. Дауыссыздар кешені бойынша сөзді «тану» ұстанымы. Акустикалық тұрғысынан қарағанда айтылатын сөздегі дауысты, дауыссыздардың дыбысталу күші. Хор және оркестр дауысының қатынасын қалыптастыруда дауыссыздардың естілу анықтылығы бағдарының қажеттілігі.

Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгеріңді – кейінді ықпал жасайды. Үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстармен де байланыста болады. Сөз бен қосымшаның, сөз бен сөз арасында бір – бірімен үндесіп, біріне бірі жасалуы, айтылу жағынан үйлесіп отырады. Морфемалардың біріңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімдеп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үйлесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Үндестік заңын екіге бөліп қараймыз: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, дауыстылар үндестігін буын үндестігі дейміз.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз арасында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі дейміз.

Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтанда оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық аспект.



Анатомиялық-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б.) қосымша атқарады.

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 29_

Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу аппараты дейді.

Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді.



Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.

Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.

Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр – дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен обертонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.

Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті шығады.



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 30_

Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады.

Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісін (әлсізін) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді.

Сұрақтар:

1.Дикция және орфоэпия туралы түсініктеме бер?

2.Артикуляция және фразировкаға түсініктеме бер?

3.Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы деген не?

30.

Қолданған әдебиеттер:



    1. М.Серғалиев. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі Алматы – 1996.

2.М.Ә.Қараев. Қазақ тілі Фонетика. Лексикология. Морфология. Синтаксис. Алматы – 1993. Ана тілі

3.Тұранқұлова Д. «Сахана тілі» «Өнер» баспасы Алматы 1996ж.



Жеке сабақ № 11-12

Дауыс қоюдағы романстардың алатын орны.

Жоспары:

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 31_

1.Романс туралы түсініктеме.

2.Романстың түрлері.

3.Вокалдық жаттығулар және вокализбен жұмыс.

Шетел және Қазақстан композиторларының романстары туралы.

Жоспары:

1.Орыс романстары.

2.Батыс композиторларының романстары.

3.Қазақстан композиторларының романстары.



Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды. Романстың бұл түрі В.Шуберт шығармашылығында кеңінен орын алған.

Сұрақтар:

1.Романс жанры туралы түсініктеме бер?

2.Романстың түрлері туралы не білесің?



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 32

3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер?

Қолданған әдебиеттер:



  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

  3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г.



Жеке Сабақ №13

Мектеп әндерін музыка пәнінде қолдану.

Жоспары:

1.Мектеп әндеріне түсінік және олармен танысу.

2.Қазақстан композиторларының балалар әні.

3.Мектеп әнімен жұмыс.

Музыка  сан  алуан  жанрларға  бөлінеді.  Әннің  алатын  орны  өте  зор. Ән адамның жан сезімін  оятып, жүректің  нәзік  қылын  қозғайды  «Ән  миллиондардың жүрегін  біріктіреді »  Л. Бетховен.Әннің  эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және  мазмұндылығымен  балалар  жанын  баурап, олардың  ақыл - ой, сана - сезімінің  кеңейіп  жақсы  мінез - қылықтарының  қалыптасуына  әсер  етеді.Әнді  орындау  барысында  қандай  мақсат  қойылады? Орындау  кезінде  оқушылардың  музыкаға  деген  іс әрекеті қалыптасады, оның  ішінде  хормен  орындағанда  оқушының  музыкалық  мәдениеті  тұрақтап, орындаушылық  шеберлігі  тұррақтап, өздерінің  музыкаға  деген  көзқарасын  нығайтып,  шығарманың бейнелеу образын  көрсетедi.Әндер  әртүрлі  болады: халықтық, композиторлық, балалар  әні,  бесік жыры, той - думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ  сазды т. с. т. б. Әндер  өмірмен  байланысты  болған  соң  көңілді - жадыраңқы, жабығыңқы - қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып  келеді. Әнді  орындағанда  орындау   ережелерімен  танысады.
 Мысалы:
-  Ән  айту  кезінде  тік  тұр  немесе  тік  отыр.
-  Иығыңды  көтерме  (демалғанда). Әнде  не  туралы  айтылатынын  ойла,


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 33_

мәнерлеп  айтуға  тырыс т.с.Сондықтан, әнді  орындау - халықтың  бүкіл  мәдениетінің  негізі, музыкалық  білім  мен  тәрбие  берудің  ең   ықпалды  құралы.
Ескере кететін  бір  жай: бастауыш  сынып  оқушылары  ән  айтудың  көркемдік  немесе  техникалық  жағынан  жеңіл, қысқа  әуеннен  емес, белгілі  бір  мазмұны  бар  әуендер  арқылы  тезірек  қабылдайды .

Мысалы: Түлкі. Сыңғыр  қоңырау. Бөдене. Қандай  жақсы  гүл. Апорт  деген  тәтті  алма .



1 сыныпта:  Күз  ырғағы.  Биші  болам  өскенде. Алтын  астық.
                      Бауырсақ.

2 сыныпта: 1) Өсіп  келе  жатырмын (К.Сатиев).
    «Кемесінде  арманның - екі  «н» - ің  біреуі  түсіп  қалмасын.  «Таласып  мен  күнмен  өсемін»  (9 буын),  ал  әнде (7 буын)  мынандай  ырғақты  қосу  керек.                               

2) «Саяхатта» - әр  буынды  көрсете  отырып, ауыздың  қимылы, дауыс  аппаратың,  сөздерді   анық, тез  айтуына  үйретеміз.

3) «Елім - ай» -  кең  тынысты  баяу, жәй  екпінде  орындап, демді  алуын  үйретеміз (иықты  көтерме, шулап  дем  алма т. с)

4) Гәк-ку -   жаттығу  ретінде  қолдануға  болады «Гәк-ку, гә-гә-гәй» буындарында   «Г», «К»,  дыбыстары  таңдай   дыбыстарына  жатады.  Ол  дыбыстар  бірден  дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына  жағдай  жасайды, ал «ку» «гу» буындағы «у» дыбысы - дауыс   аппараттың  көмекейден  қысып  шығармай  босатады.

5) «Ана» - терция  интервалы  арқылы, лига сызығы арқылы  дыбыстар  бір - бірімен  жалғасады, таза әуенді интонациясын  қадағалаймыз, және  де  «жылы  сезіммен»  деген   мағынада.

6) «Уж, как  по  мосту,  мосточку» - екпініне  жету.

7) «Наурыз  келді» - қайырмасының  әуені  «ля »  буынымен  жеңіл, көтеріңкі, «ұшып»  отырсын  т.с.


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 34_

3-сынып

1. «Таң»  у, о, а - біртіндеп, дыбыс  арқылы  - ауызды  ашып, таңдайды  көтеріп,  дауысты  “бүрмелеу”  керек   (округленно).   

2. «Қара  торғай» -   үзінді, буындар  екі  дыбысқа  созылатынын  байқап  (Қара торғай, ұштың зорғай, бейшара) - динамикасына  жеткіземіз,  тақтада  үлгі  ретінде   ырғақ  болу  керек .

3. «Кімнің  құлағы  ұзын?» -  тәрбиелік  мәні  бар  шығарма.  «Өсекші» деген  кім? ең  бірінші  сұрақ  қою  керек – «Кімнің  құлағы   ұзын?» жауаптар: қоянның, пілдің, есектің  т. б.  Өсекшінің  деп  ешкім  айтпайды.  Неге?  мазмұнын  оқып  береміз.

4. « 8 Наурыз  күні» – диалог  ретінде  балалар  әндетуді  үйренеді  және  де қалып  қоймай, сахнада  орындау  мәдениетін  тәрбиелейді  т.с.

5. «Құстар  қайтып  келеді» – 2 дауысқа  үйренеді, өздері білмей  қалады, үйретіп  те керегі  жоқ. Осыған  ережелер  ретінде: сынып  бір  дауысты  (негізгі  әуенді) орындайды, ал  мұғалім  екінші  дауысты.  Осыны дұрыс айтса, оқушы  екінші  дауысты  тыңдауға  үйренеді. Сондықтан  екі  дауысты  әндерді  орындау  үшін  өз  тобының  ән - әуезін  жақсы  білуі  қажет  т.б.



4 сынып: Бұл  кезде  жоғарғы  немесе  төменгі  дауыс  нышандарын  байқауға  болады.  Дауыс  толыға, әрлене, қоюлана  түседі.

1. «Алатау» – қазақ  жерінің  табиғаты, оның  ішінде  Алматы маңайы. Әні  өте  әуенді, қайырмасы  жеңіл, екпінді, қысқа.

2. «Жомарт  елім» – балаларға таныс  2 дауыс, оның  ішінде  канон -  2 әдісі.

3. «Елім - ай» – Н. Дүкенбай – негізгі  интонация  халық әні «Елім - ай» - дан алынған, мақсаты, мазмұны – оралмандар, көшіп келіп  жатқан  туыстарға  арналған.

4. «Қозым»  - әнін өте  жеңіл  орындау  керек, дәл ме дәл дем  алу  және  дыбыстың  «ұшуына»  байланысты.


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 35_

5. «Бөбегім » – сөзін жазған  М. Мақатаев, әнін жазған  Қ. Сәтиев - жаңа бесік  жыры  деуге  болады, орындағанда  жылы, тербете  және  2 дауысты  қолданады (қайырмасы).

6. «Бір  бала » – халық әні, үйренгенде байқау  керек: екпінін, әуезділігін сақтап, тебірене, сезіммен ойлана орындау. Мысал  келтірсек  Роза Рымбаеваға  балалар  еліктейді  (ол жаман  болмайды)

7.  «Ақ  сиса»  – ны  үйрену  кезінде, қайырмасы  “ ги-ги-гәй ”- дан  бастаған  жөн. Әуездің  сөз  буындары  тақтада  жазылып,  буындарды    ырғағымен үйреніп, оқып, дауысты нық, анық айтып үйретіп,  жоғарғы  тиссетура  болғасын, сәл  күш  салып,  f айтамыз. Ырғағын   анықтап  алғасын  негізін  үйренеміз.

8.«Заман - ай», «Желтоқсан  желі»  – тарихымызға  байланысты, әңгіме  арқылы, сипатын  ашамыз, орындауға  жеңіл  болады.

9. «Сырғанақ »  әннің атын  айтып  отырып, сырғып, стаккатто  әдіспен  орындап  үйренген  жөн, жеңіл, жылдамдата  орындау  керек.

10. «Полька »  чех халық әні, жеңіл, ойнақы, биді  сипаттау және  3 шумақты «хлопаем», «топаем» – cөздерді  айтпай қолмен шапалақтап, еденді  ырғағына  келтіріп  соғу, сол  кезде  сүйемелдеудің   керегі жоқ. Бұл  балаларға  қызық, ұнайды.

11.«Майра» –  бұл  жеке  дауыс  пен  хорға  арнап, сахнаның  сиқырын, көркемін біліп, өз  өздерін  әртіс, әнші  ретінде  мақтанышы.

12. «Сарбаздар маршы» - сазгер  Қ.Сәтиев,  сөзі Қ.Смағұлдікі – негізгі  мақсат, нағыз марш, жігерлі, таза  ырғақты  байқау, көтеріңкі.

13. «Айналайын елімнен» - Н. Дүкенбай - әні жеңіл, диапазоны  қолайлы, әннің мәтініне көңіл бөлу, тәрбиелік кезең, өнер  адамдарымен  таныстыру.   

14. «Жар - жар »  (айтыс ретінде)  ұлдар - қыздар  айтыс деген не?, соған   қатысады т.с.


 

Ән  айтқанда, музыка  тыңдағанда, ырғақтық  қимылдар  жасағанда  дауысы, дене  қимылы  сол  шығарманың  сипатын  дәл  жеткізуге  тырысады. Осы қасиет шығармашылық  қабілетті  дамытуға  ықпалын 



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 36_

тигізеді. Шығармашылық балалардың  ойын  ұштап (заострить) қиялын  қанаттандырады, сезімталдық  қабілетін, байқампаздығын  арттырады.Шығармашылық  әрине  негізгі  түрде  емес, ол  музыка саладағы  ізденіс, іздене  отырып  өздеріне  байқамаған  жаңалықтар   Шығармашылық  музыканың  орындалу  барысында  жүзеге  асады, мұғалім  оған  музыканы  түсіну, ойлау  мүмкіндігін  бақылап тұруға  мүмкіндік береді. Сондықтан «шығармашылық» балалардың  музыкалық материалдарды терең түсінуге және музыкалық  қабілетінің  дамуына  жағдай  жасайды.Шығармашылық  қарапайым  ән  әуендерін  айтқанда  ұсынылған  сөз  тексіне  ән  шығарғанда, дауыспен  әр - түрлі  сипаттағы  музыканы  орындағанда ( марш, би, полька, вальс ) музыкамен  оның  сипатын  жеткізетін  мәнерлі  қимылдар  жасағанда, бір  ерекше  ырғақ  тапқанда,  музыка  туралы  пікір  алысқанда т. с. өзіндік  мәнер  қолданғанда  ғана  өмірге  келеді.

Сұрақтар:

1.Мектеп әндері туралы түсініктеме бер?

2.Қазақстан композиторларының мектеп әндері туралы не білесің?

3.Өзің таңдаған бір мектеп әніне музыкалық талдау жаса?

Қолданған әдебиеттер:



  1. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).

  2. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986.

  3. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990.

  4. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.

Жеке сабақ№14-15

Эстрадалық әншілік өнер туралы

Жоспар:

1.Эстрада жанры туралы түсініктеме.



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 37_

2.Эстрадалық әндердің түрлері және жанрлары.

3.Вокалдық жаттығулар мен вокализдер.



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау