ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



жүктеу 0,56 Mb.
бет2/6
Дата04.02.2020
өлшемі0,56 Mb.
#28230
1   2   3   4   5   6

Жеке сабақ № 3-4

Дауыс қоюдағы вокалдык жаттығулардың маңызы.

Жоспары:

1.Вокализ туралы түсініктеме

2. Вокалдық жаттығулардың диапазон кеңейтудегі маңызы.

3. Вокалдык жаттығулар жасау.

Вокалдык жаттығулардың түрлері.

Жоспары:

1.Леггато жаттығулары





ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 14

2.Стокато жаттығулары

3.Вокалдық жаттығулармен жұмыс.

Адам баласының сөз өнерінен кейінгі ең ұлы өнері ол- әншілік өнер. Әлемдік музыканың атасы да әншілік өнер. Әншілік өнердің де мыңдаған вокалдік жаттығулары бар.

Адам баласының ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті қалыптасқаннан кейінгі бірінші меңгерген өнері - әншілік өнер. Қаншама музыкалық аспаптар болғанымен адамға ең қажетті, ең жүрегіне жақыны, адамның өз дауысы. Себебі, шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі естейтіні анаңның әлдейі. Содан бастап ән сенімен өмір бойы бірге болып, қара жер қойнауына да сені ән шығарып салады (Абай). Әрине, екінің бірі әнші болмайды. Әншілік мыңнан, миллионнан біреудің маңдайына жазылған жаратқанның сыйы.

Академиялық әншілік өнер болмаған заманда әншілердің бәрі ұлттық үлгіде ән салған. Олар өз ұлтының тіл ерекшелігіне байланысты сол ұлттың ғана әншісі болған. Олардың ән салу үлгісін халықтық немесе ұлттық әншілік манерасы деп атайды. Европада католиктер мен христиандардың шіркеулерінде діни уағызды хор мен орындау пайда болған соң, вокалдік музыкада кантата, оратория, опера жанрлары пайда болған соң, академиялық әншілік өнерде бірте-бірте дами бастады. Әншілерді оқытып олардың дауысын арнаулы жаттығулармен академиялық манерада айтқызуға үйретті. Әншілердің дауыс диапазонының екі октаваға дейін кеңейуі, олардың орындау техникасы аспаптық дәрежеге жетуіне байланысты композиторлар оратория, кантата, опера жанрындағы вокалдік партияларды күрделендіре түсті. Арнаулы дайындықпен дауысы қойылмаған әншілер опералық партия айталмайтын болды. Міне бұл адам баласының ойлап тапқан ұлы өнері опера мен академиялық әншілік өнердің тууы еді.Академиялық әншілік өнер адамзатқа ортақ ұлы өнер!

Сонау 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басынан бастап академиялық әншілерді дайындайтын вокалдік педагогика пайда болды. Сол педагогтар шәкірттерінің даусын қою үшін сан түрлі вокалдік жаттығулар шығарып, ол жаттығулар ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жетті. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты белгілі бір авторы жоқ. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты сан өзгеріске түсті. Себебі, әр педагог


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 4_

белгілі бір жаттығуды өз еркінше шәкіртінің дауыс мүмкіндігіне ыңғайлап өзгертеді. Ол шәкірт өзі педагог болғанда, сол жаттығуды өз бетінше ол да өзгертеді. Сондықтан да вокалдік жаттығулардың авторлары халық әндеріндей белгісіз. Вокалдік жаттығулар бүкіл әлемдік әншілік өнердің ортақ қазынасы.

Вокалдік жаттығуларды диатоникалық гамма жаттығулары, арпеджио жаттығулары, хроматикалық гамма жаттығулары, контелина, портаменто, филировка жаттығулары, мелизм группасындағы- трель, форшлаг, группетто жаттығулары және арлас жаттығулары деп топқа бөлдім.

Дауыс қоюдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты - әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жеттік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалылығын (контелина), жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау, дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колоратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапазонын мүмкіндігінше екі октаваға жеткізуге, дауыс төзімділігін арттырып профессиональдік қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру, ритмді сезініп қатаң сақтауға дағдыландыру т.б. әдістемелерге жас әншіні жаттықтыру.

Ал, әншіні шығарманы көркемдеп айтуға, дикцияны, фразировканы, сөз анықтығын меңгеруге, сахана мәдениетіне, артистизмге, шығармадағы бейнені сомдауға басты құрал ол вокализдер, әндер, романстар, ариялар болып табылады.



Диатоникалық гамма жаттығулары

Диатоника – гректің diatonikos – тоннан- тонға ауысу деген сөзінен алынған. Диатоникалық гамма – әуеннің (мелодияның) жоғары-төмен кез-келген бір диатоникалық ладтағы қозғалысы. Диатоникалық дыбыс қатары негізгі тондардан – до, ре, ми, фа, соль, ля, си тұратын, альтерация белгісі жоқ натуральдік гамма. Диатоникалық гаммалар дауыс қоюдың алғашқы жаттығулары болып табылады.





ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 16.

Гамма жаттығулары дауыс екпінін, созылмалылығын игеруге, регисторларды біркелкілеуге, дауыс диапазонын кеңейтуге ,вокалдік тыныс алуды меңгеруге ,интонацияны тұрақтандыруға тәрбиелеуге кеңінен қолданылады.

Бір октавалық, екі октавалық гаммаларды аспапта ойнағандай дауыспен орындау үшін әншіге алдымен 2,3,4,5-ноталар топтамасынан тұратын жаттығуларды меңгеру керек. №1-2 жаттығуларды жабық ерінде айтып, оқушының резонаторды сезіну, әншілік тыныс алуын үйренуге ,дауысты «оятуға» мүмкіндік беру керек. Содан кейін осы жаттығуларды және 3,4,5 – жаттығуларды дауысты дыбысқа жай екпінде асықпай айтқызу керек. Осы жаттығуларды меңгерген соң келесі жаттығуларды бірте-бірте тездетіп айтуға кірісуге болады. 3,5-жаттығулар жоғарыдан басталатындықтан 1-ші нотаға атаканы өте дәл әрі таза жасау керек. Тынысты төмен алып жоғары позицияны түсірмей төменгі ноталарды біркелкі орындау керек. Алғашқы кезде гаммаларды жоғары-төмен толық дауыспен ешқандай нюанссыз вокалдік тынысты тереңге алып дауыстың біркелілігін сақтау керек. Жаттығуларды толық меңгергеннен кейін нюанстар жасауға болады. Оқушы гамма жаттығуларын орындаған кезде фортопианода оны толық сүйемелдемей, тек аккорд түрінде сүйемелдеу қажет. Сонда оқушы жаттығуды таза айтуға дағдыланады. Тональності сезінуге жаттығады. Жаттығуларға екпін (темп) туралы белгілер қойылмаған .Е кпінді педагог өзінің қалауымен қолданады.



Арпеджио жаттығулары.

Арпеджио атауы италияның – arpeggio (арпеджио) – деген сөзінен алынған. Аккордты Арфа аспабында ойнағандай орындау деген мағынаны береді. Арпеджиода аккордтар, дыбыстар бір мезгілде емес, кезекпе-кезек бірінен кейін бірі орындалады. Негізінен төменнен жоғары қарай жиі қолданады.

Вокалдік педагогикада Арпеджио жаттығуларының алатын орны ерекше. Арпеджио жаттығуларын алғашқыда асықпай жай екпінде (legato) орындау қажет.Арпеджиода ноталарды бір-бірінен үзбей, портаменто жасамай, бір нотадан келесіге дәл ауысу қажет. Арпеджио жаттығулары әсіресе дауыс диапазонын кеңейтуге, дауыс жылдамдығын жетілдіруге, регистрларды тегістеуге, дауыстың майдалығы мен жұмсақтығын жетілдіруге,


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 17_

,интервалдардың интонациялық дәлдігін қалыптастыруға, лигато, стакатто әдістемелерін меңгеруге кең түрде қолданылады. Жаттығулардың 30-шы номерінен 56-ға дейінгілері Арпеджио жаттығулары. Бұл жаттығулар мажорлық 3 дыбыстан басталып бірте-бірте диапазон, ритм, әуендік (мелодиялық) жағынан күрделене береді. Жаттығуларда екпіндік (темп) белгі қойылмаған. Педагог оқушының жаттығуды игеруіне қарай екпінді тездетеді. Қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуға ауысуда әр оқушының дауыс мүмкіндігіне қарай педагог өзі шешеді.

Cұрақтар:

  1. Вокльдік жаттығулар туралы анықтама беріңіз?

  2. Legato, non legatoлық жаттығуларына анықтама бер?

  3. Стокатто, моркатталық жаттығуларға анықтама бер?

Қолданған әдебиеттер:

  1. Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы» 2012 жыл Талант баспасы Семей

  2. Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958ж «Музгиз»

  3. Доливо А.Л. «Певец и пение» Москва 1958г «Музгиз»

Жеке сабақ №5-6

Әншілердің дауысын қоюдағы вокализдің маңызы.

Жоспары:

1. Вокализбен танысу.

2. Вокализдің түрлері

3.Вокалдық жаттығулар жасау..



Вокализді репертуарға таңдау.

Жоспары:

1.Вокализді сольфеджио орындау.

2.Вокализді дауысты дыбыстармен орындау.

3.Вокалдық жаттығулар.





ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 18.

Вокалдік педагогикада вокализдің алатын орны ерекше. Вокализдер академиялық әншілерді дайындау кезінде оқу бағдарламасында бірінші курстан бастап соңғы курсқа дейін қолданыста болуы қажет. Себебі вокализ әншінің даусын қою кезеңінде дауыс қыздыру, дауыс жетілдіру, дауыс шынықтыру жаттығулары мен поэзиялық тексті бар вокалдік шығармалар, әндер, романстар.Ариялардың арасын жалғастыратын алтын

көпірі іспетті. Вокалдік жаттығулардан кейін, педагог оқушысына вокализдерді орындатады. Себебі, вокализдер дауыс қоюға арналған жаттығулардың күрделенген бір түрі. Вокализдің ән мен романс тәрізді мелодиясы (әуені) болады.Бұл да музыкалық шығармаға жатады.Бірақ, вокализ нотаның атымен сольфеджио түрінде, көбінесе дауысты «А» , «О» дыбыстарымен орындалады. Вокализдің атқаратын міндеті – дауыстың диапазонын кеңейту, дауыс техникасын шыңдау, интонация тазалығын сақтау, екпінімен созылмалығын жетілдіру, көркемдік орындаушылықты меңгеру тәрізді тағы басқа әншілік өнердің қыр-сырын меңгеруге жас әншіні тәрбиелеу.

Вокализ атауы латынның Vocalis –дауысты деген сөзінен алынған.

Әншілерге арналған вокализдер, аспапта ойнаушыларға арналған этюдтер тәрізді әншінің орындаушылық техникасын жетілдіруге арналған. Дауыс қоюға арналған вокализдердің ең көрнекті авторлары – Маркизи, Рубини, Пановка, Конконе, Абт, Ваккай, Бардоньи, Риччи, Аспелуна, Лютген, Варламов, Глинка т.б. педагог әнші-композиторлар. Вокализдердің концерттік түрлері де бар. Ол вокализдердің көркемдік дәрежесі жоғары классикалық музыкалық шығармалар қатарына жатады. Әнші даусына арналған концерттік вокализдер М.Равелдің «Хабанерасы», С.Рахманиновтың «Вокализі», Р.Галиэрдің «Дауыспен оркестрге арналған концерті», С. Прокофьевтің «Сөзсіз бес мелодиясы» т.б. көпке танымал шығармалар.Концерттік вокализдер негізінен дауысты «А» дыбысымен немесе бірақ сөзбен орындалады. Мысалы В.А Моцарттың дауысқа арналған «Alleluia» шығармасы бір ғана. «Аллелуя» деген сөзбен орындалады.

Қазақ композиторлары да концерттік вокализдер жазған. Олар – С.Мұхаметжановтың «Дауысқа арналған концерті», Е.Рахмадиев «Вокализ»


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 19_

т.б. Ал, қазақтың халық әндерінде фольклорлік жырлар мен термелерде вокализдер ежелден кең түрде қолданады.

Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат - әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б.

Бұл композитор - әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған.

Мен сол жинақтан алып, осы оқу құралына итальян композиторларының 17-18 ғасырлардағы жазылған вокализдерін кіргізіп отырмын.Себебі, бұл вокализдер өзінің стильдік және музыкалық терең мағыналығымен, қарапайымдылығымен, түсініктілігімен Италияның ескі вокалдік мектебінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі озық үлгілерімен ерекшеленеді. Бұл вокализдер әншілерді оқыту кезеңінің бастапқы қурстарында қолдануға қажетті оқу құралы. Өйткені, вокализдердің диапазондары шағын, ритмдік күрделілігі де шамалы, әуендері де жағымды. Вокалдік техниканың алғашқы қадамдарын меңгеруге, интонациалық тазалыққа, форшлаг, группетта, трельдерді меңгеруге тәрбиелеуге таптырмайтын материал.Бұл жинаққа вокалдік педагогтардың әншілер тәрбиелеудегі жиі қолданатын авторлары – Франц Абттың, Гаэтена Зейдлердің, Джузеппе Конконенің, Генрих Пановканың таңдамалы вокализдерде кеңінен кіргізілді. Бұл вокализдер бір жарым ғасыр уақыт бойы әншілер тәрбиелеуде ерекше маңызға ие болып келеді.

Дауыс қоюға арналған вокализдерді Кеңес одағы көлемінде музыка училищесі мен концерваториядағы ән бөлімінің оқу бағдарламасына кіргізу мәселесі 1940 жылы Москвада өткен бүкіл одақтық вокалдік педагогтар конференциясында бір – екі педагог қозғаса, ал 1949-1954 жылдары өткен


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 20_

бүкіл одақтық конференциясында вокализді оқу бағдарламасына міндетті түрде кіргізуге шешім қабылданды. Жас әншілерді тәрбиелеудегі вокализдің маңызы туралы белгілі педагогтар өз тәжірибелері мен бөлісті.

Қазақ халық әндерінде, термелерінде, жырларда, жоқтауларда, ,бақсылардың науқасты емдеу зікірінде – «Аха-хай», «Ги-ги-гай», «Ди-ди-дау», «Ха-лә-ләй», «А-хау», «Ей-ей-ей», «Ай-ай-ай», «Ох-ох-ох» деген дауысты және дауыссыз дыбыстарды қосып әннің басында немесе қайырмасында ұзақ вокализдер қолдану өте жиі кездеседі. Қазақтың вокалдік фольклерінде вокализдің алатын орны өте ерекше. Әсіресе вокализдер халық әндерімен халық композиторларының әндерінде өте жиі қолданылады. Сөзім дәлелді болу үшін, өзім білетін әндердің ішіндегі вокализдері бар әндерді атап өтейін.Халық әндері – «Кербез сұлу», «Дайдидау», «Көгөкөк», «Аңшының әні», «Сұржекей», «Шәпибаяу», «Қызыл бидай», «Балқурай», «Назқоңыр», «Жиырма бес», «Әупілдек» т.б, Халық композиторларың әндері – Біржанның әні – «Жамбас сипар», Үкілі Ыбрайдың әндері – «Гәкку», «Юран-ай», Ақан Серінің әні – «Сұршақыз», Естайдың әні – «Сандуғаш», Майраның әні «Майра», Кененнің әндері – «Көкшолақ», «Бозторғай», «Қайран елім қайда?», Жаяу Мұсаның әні – «Ақсиса», «Ақылбайдың әні», «Молдабайдың әні», «Ағашаяқтың әні», «Исаның термесі» тізе берсең жалғаса береді.Бұл әндер қазақ ән өнерінің нағыз інжу – маржандары. Ал, Қазақстан композиторлары – А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е.Бруссиловский,Л.Хамиди, Н.Тілендиев, Ә.Еспаев, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев, Х.Мусин, Е.Хасанғалиев, Т.Базарбаев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов т.б. сазгерлердің көптеген әндерінде вокализдер кеңінен пайдаланады.Қазақ академиялық әншілік өнерінің қалыптасуына байланысты профессионал композиторлар әншілердің дауыс мүмкіндігіне орай, әсіресе сопрано дауысты әншілерге арналған колоратуралық вокализдерді кеңінен қолданып, әншілердің дауыс техникасын және диапазонын көрсетуге мол мүмкіндік туғызды. Ол әндер – Г.Бруссиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Ержановтың «Қуанамын», Л.Хамидидің «Бұл-бұл», «Жаулауым бақша жайнаған», «Қазақ вальсі», М.Төлебаевтің «Ақмарал сұлу еркем-ай», Е.Рахмадиевтің «Әнші бақыты», Н.Тілендиевтің «Ақшағала», «Кел еркем Алатауыма», «Жансәулем», С.Мұхаметжановтың «Көктем» т.б. әндері қазақ



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 21_

ншілерін өнер көгіне жұлдыз болып жарқырауына жол ашқан мәңгі өлмес туындылар.

Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат - әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б.

Бұл композитор - әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған.

Сұрақтар:



  1. Дауыс қоюдағы вокализдің маңызы туралы анықтама бер?

  2. Кең тараған вокализдердің авторлары туралы анықтама бер?

  3. Вокализдің түрлері туралы айтып бер?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Коррадетти Ирис «О мастерстве вокалиста». Сборник статей «Вопросы вокальной педагогики Москва 1976г «Музыка»

  2. Голубев П. «Советы молодым педагогам вокалистам» Москва 1956г.

  3. Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс берудегі маңызы» 2012 ж «Талант» баспасы Семей.



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 22_



Жеке сабақ № 7-8

Әншілердің даусын қоюға халық әнін қолдану.

Жоспары:

1.Халық әндерінің тарихы туралы түсініктеме.

2.Халық әнінің музыкасы және мәтінімен танысу.

3.Халық әндерінің түрлері.



Халық әндерінің дауыс қоюдағы маңызы.

Жоспар:

1.Халық әнінің мәтіні мен музыкасының авторлары туралы түсініктеме.

2.Халық әніне музыкалық анализ жасау және орындау.

3.Фольклерлік халық әндері.


Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 23_

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:
1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.
2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.
3.Тұрмыс – салт әндері.
4.Эпикалық жырлар.
5.Тарихи әндер.
6.Лирикалық әндер.
7.Айтыс.

Лирикалық әндер

Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.
Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі.
Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді.
Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 24_

сезімін, сүйікті адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы», Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың «Татьянаның сөзі»), толғайды. Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге болады.
Жақын адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»).
Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінеді:

Махаббат лирикасы және табиғат лирикасы

Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан да өте бай. Мысалы, Сегіз серінің «Назқоңыр» әні сүйген жардың көркем келбетін суреттесе, халық әні «Ақбөпе» кедей жігіттің қалың мал төле алмай, сүйген қызынан айрылып қалган күйініш сезімін бейнелейді.


Халық әнші-композиторларының сүйікті жарын суреттеген туындыларының тілі айшықты, өрнегі мол, метафора, теңеулерге өте бай. Мысалы, Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» әнінде қыз бейнесі аққуға теңеледі:
Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды, кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. Мысалы, халық әні»Айкөке» адамның жер анаға деген махаббаты мен қуанышын анық сездіреді:
Сырымбет биік асыр қатар кезең,
Жарасып таудан құлай аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай қайың мен тал-бәрі де әсем.
Табиғат лирикасының тағы бір әдемі үлгісі-«Япырай» әні. Бұрыннан

ПОӘК

042-18.1.32/02-2014ж.



Ред. № 1.29.08.2014ж.

Бет 25_

авторының есімі белгісіз бұл шығарма қазргі кезде аты халқымызғақайта оралған тамаша ақын, жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың әні деп танылды.
Бұл әсем де назды әнде табиғат көркемдігі және туған жерін, жарын сағынғанадамның нәзік күйінішті көңіл-күйі бейнеленген:

Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген.


Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.
Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді.

жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау