3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.
Кт.т.= Қт/Қбас,
Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:
1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу. Т = Қб – Ққ.е.
2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:
Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны
Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі
Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл
Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл
3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.
Тозу амортизация түрінде есептеледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:
А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)
4. Негізгі қорлардың амортизациясы
Амортизация – бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:
Корт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
Кенг – енгізілетін қорлар құны.
Ешығ – шығарылатын қорлар құны.
Тшығ– қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
Na – амортизация нормасы.
Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы:
Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)
Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны
Әлемдік тәжірибеде амортизацияны есептеудің бірнеше тәсілі бар. Оларды келесі белгілерге қарай жіктейді. Жабдықтың тозуын көбінесе оны жоспар бойынша пайдалану уақыты бойынша, кейде (өте сирек жағдайда) оның жасайтын жұмыс көлемі бойынша анықтайды.
Жабдықтың құнын өнім бағасына түсірудің бір қалыптылығына қарай сызықты (біркелкі) және біркелкі емес амортизация болады. Соңғысы не белгілі бір ережеге қарай, не арнайы графикке байланысты әртүрлі тәсілдермен іске асады.
Амортизацияның түрлерін қалыпты, тездетілген және баяулатылған деп бөлуге болады.
Экономикалық тұрғыдан амортизациялық сомаларды есептегенде ақшаның уақыттағы өзгерісін есебке алу болып табылады. Кейбір әдістер бұл жағдайды есебке алады (яғни амортизациялық төлемдерге саналған процентті), басқалары жоқ.
Әрине, амортизация сомаларын анықтаудың әртүрлі әдістері әртүрлі нәьтиже береді. Көбінесе, әр кәсіпорын өзінің өндірістік жағдайларын есебке алады.
Әртүрлі әдістерді көрсеткенде келесі көрсеткіштерді пайдаланамыз:
Р — жабдыққа кеткен инвестициялардың бастапқы құны (capital investment, capital expenditure),
L — жою құны (terminal value, final value)',
n — амортизация мерзімі, жыл;
Dt — t жылы болған амортизация көлемі,
Bt —t жылдың аяғында жабдықтың баланстық (қалдық, амортизацияланбаған) құны.
Баланстық құнның динамикасын сипаттайтын екі қарапайым теңдеу жазайық:
Сәйкесінше Dt = Bt-1 - Bt , немесе D1 = Р – В1
Төменде бұл теңдеулер әртүрлі әдістерге байланысты нақтыланады.
Сызықты (біркелкі) модельдер (straight-line method). Бұл модель, көбінесе өндіріс жағдайларын, экономикалық жағдайларын есебке алмайды. Оның негізгі артықшылығы – оның қарапайымдылығында. Сонымен қатар, бұл әдіс басқа әдістердің артықшылықтарын зерттегенде салыстырмалы негіз ретінде қолданылады. Формуласы:
Әр жыл аяғындағы қалдық құны келесі формула бойынша анықталады
Бұл формулаға қарап, амортизацияның сызықты өсіп жатқанын, ал баланстық құнының сызықты түрде азаюын көруге болады (сур 1).
Егер Р және L параметрлері өзгермесе, амортизацияның жылдық сомасы амортизация мерзіміне тәуелді болады, бұл тәуелділік сызықты емес (сур 2).
Берілген әдісті дамыту арқылы амортизацияны анықтаудың екі тәсіліне келуге болады: істеген уақытқа пропорциональды (machine hour method) және өндіріс көлеміне пропорциональды амортизация. Істеген уақыт бірлігіне саналған тозу келесі формула бойынша саналады
мұндағы V — жабдықтың жоспар бойынша жұмыс істеу уақыты
Сәйкесінше
мұндағы vj – j жылы жұмыс істеген уақыт,
Екінші әдіс егер шығарылатын өнім біріңғай болса ғана қолданылады, яғни бұл жағдайда тозу мөлшері өңдіру көлеміне пропорционалды болады. Мысалы, көліктің тозуы оның жүру жолына тәуелді болуы мүмкін. Сонда жоғарыдағы формулаларды қолдануға болады, бірақ V ретінде жалпы жоспарланған өнім көлемі болса, vj. ретінде j жылы шығарылған өнім болады.
Осы аталған екі әдіс біркелкі тәсілге жатқызылады.
Сызықты әдіс шектеріндегі тездетілген амортизация дегеніміз амортизация нормасын өсіруді айтамыз, бұл процесс жабдықтың жұмыс істеу мерзімін өсірумен пара-пар.
Сызықты емес әдістер
Амортизация сомасына проценттерді есептемеу әдістері
Сызықты емес әдістер өндірістік қызмет ерекшеліктерін есебке алады, яғни әлдеқайда икемді болады. Бұл әдістерді екі топқа бөлуге болады: проценттерді есебке алмайтын және есебке алатын әдістер (немесе уақыт факторын есебке алмайтын және алатын).
Бірінші топқа келесі әдістер жатады:
а) қалдық баланстық құнынан өнімге түсірілетін тұрақты үлес әдісі (constant percent depreciation),
б) реттік сандар қосындыларының әдісі (sum of digits method),
в) кестелік әдіс.
Екінші топ әдістері:
г) жиналған резерв әдісі (sinking fund),
д) аннуитет әдісі (annuity method).
Осы әдістерді қарастырайық.
а) қалдық баланстық құнынан өнімге түсірілетін тұрақты үлес әдісі
Бұл әдіс бойынша (тұрақты үлестер әдісі) уақытқа қарай жасалынатын әр қадамда жабдықтың баланстық құнынан тұрақты үлес өнім бағасына түсіріледі, яғни
мұндағы r — әр амортизациялық мерзімдегі баланстық құнының қысқару үлесі.
Амортизациялық сомалар келесі түрде анықталады:
Егер жабдықты жою құны берілген болса, r көрсеткішін анықтауға болады. Жабдықты пайдалану мерзімі ішінде оның құны Р шамасынан L-ге дейін азаяды. Осыдан келесі теңдеуді шығаруға болады:
Осыдан r көрсеткішін табуға болады:
Әрине, егер L = 0 (толық тозу), онда бұл формуланы қолдануға болмайды.
Егер r алдын-ала берілсе, ал L белгісіз болса, онда оны келесі айырма түрінде табуға болады:
Кейде бұл әдіс сызықты әдіспен қоса қолданылады. Бастапқы жылдары түсірудің тұрақты үлестері әдісі қолданылса, кейінгі жылдарда сызықты әдіс қолданылады. Нәтижесінде жабдықты қолданудың бастапқы кезеңдерінде амортизация қоры тездетіліп саналады. Мысалы, егер бірінші m жылдары ішінде жабдықтың бастапқы баланстық құнынан М % түсіру керек болса, онда бұл жылдары 100r % түсіріледі. Сонда
Қалған жылдар ішінде (п - m) амортизация сомасы келесі мөлшерде болады:
Достарыңызбен бөлісу: |