Өртті сөндіру принципіне байланысты қондырғылардың жіктелуі:
Өртті аудан әдісімен сөндіру қондырғысы– бөлменің қай жерінде өрт басталғанына қармастан, қондырғы бүкіл бөлме ауданындағы өртті сөндіреді. Өрттен қорғау аумағы шектелмейді. Өртті сөндіруге су, көбік, ұнтақ қолданылады.
Өртті көлемді сөндіру қондырғысы – өрттен бүкіл бөлме көлемін қорғау үшін қолданылады. Өрт сөндіруші зат ретінде көміртегі диоксиді, көмірсутекті галоген қоспасы, инертті газдар, бу және көбік пайдаланылады.
Жергілікті өрт сөндіру қондырғылары – жергілікті бөлмедегі немесе ашық алаңдағы технологиялық жабдықты, аппаратты, нысанды өрттен қорғау үшін қолданылады. Мұндай қондырғыларды өрттен қорғайтын нысанда өрт қауіпті материалдар біркелкі орналасқанда, өрт қауіпті жерлер ғимараттың әр бөлігінде орналасқанда қолданады. Бұл қондырғыларды мүмкін болар өрт ошағындағы жануды сөндіруге қолданады. Өрт сөндіруші зат ретінде барлық өрь сөндіру заттар түрін пайдалануға болады.
Өртке тосқауылшы қондырғыларды болған өртті басқа жабдыққа таралмауын, яғни көрші жабдықтарды өрттен қорғау үшін қолданады.
Өртің алғашқы көзін жоюға арналған немесе өрт тосқауылшы қондырғылардың жұмыс істеу мерзімі туындаған аварияны тоқтатуға және өрт күзеті бөлімшелерінің жұмысын дайындауға қажетті уақытпен есептеледі.
Іске қосылу уақытына байланысты өрт сөндіру қондырғылары:
Жоғарғы жылдамдықта іске қосылушы (инерциясыз іске қосылу уақыты 0,1сек дейін);
Жылдам іске қосылушы (іске қосылу уақыты 0,1-3сек);
Орта инерционды (іске қосылу уақыты 3-30 сек );
Инерционды (іске қосылу уақыты 0,5 мин жоғары );
Өрт сөндіру уақыты бойынша қондырғылар:
Қысқа әрекет етуші – 15 мин дейін;
Орташа әрекетті – 30 мин дейін;
Ұзақ әрекетті (30 мин артық) деп бөлінеді.
Дәріс №6 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1. Өрт сөндірудің қандай әдістерін білесің?
2. Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғысының құрылысы қандай?
3. Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғылары қалай жіктеледі?
Дәріс №7 Өртті сумен, көбікпен сөндіру.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1. Өрт сөндіргіш заттардың сипаттамалары,жіктелуі.
2. Өртті сумен сөндіру ерекшеліктері.
3 Өртті көбікпен сөндіру ерекшеліктері
1. Өрт сөндіргіш заттардың сипаттамалары
Өртті өте тез сөндіру дегеніміз – жану үрдісін басу, ал ол жану ошағын салқындату, ауадағы тотықтырғышты оқшаулау, жану процесін химиялық немесе механикалық әсер ету жолдарымен оттың жалынын тежеу арқылы атқарылады.
Жануды тоқтата алатын заттар мен материалдарға – су, химиялық және ауа – механикалық көбік, тұздардың судағы ерітіндісі, инертті және жанбайтын газдар, су буы, галоидокөмірсутекті қоспалар және ұнтақ түріндегі құрғақ қатты заттар және механикалық құралдар жатады.
Жануды болдырмау немесе сөндіру үшін оған басты жағдай жасайтын үш шарттың бірін тоқтату қажет: жанғыш зат, тотықтандырғыш немесе жану көзі. Бұл үшін келесі әдістер қолданылады:
- Тотықтандырғыштың жану аймағына немесе жанғыш затқа түсуін тоқтату немесе оның түсу көлемін жану мүмкіндігі жоғалатын деңгейге дейін барынша азайтады;
- Жанғыш заттың температурасын тұтану температурасынан төмен түсіреді немесе жану аймағын салқындату;
- Жану реакциясын тежейді.
Өрт сөндіргіш заттарды келесі белгілері бойынша жіктейді:
Отты тоқтату әдісі бойынша – салқындатқыш (су, сұйытылған көмірқышқыл газы т.б.), жану аймағындағы тотықтандырғыштың концентрациясын барынша азайтатын (көмірқышқыл газы, инертті газдар, су буы және т.б.), жану аймағын тотықтандырғыштан (ұнтақтар, көбіктер және т.б.) тежегіш (құрамына тетрафтордибромэтан (хладон 114В2), трифторбромэтан (хладон 13В1), бромды метилен кіретін галоидокөмірсутекті қоспалар, сондай-ақ бромды этил негізінде құрылған қоспалар (3,5; 4НД; СЖБ; БФ); қоспалардың белгілеріндегі сандар олардың көміртегі қостотығынан қаншалықты тиімді екенін көрсетеді);
Электрөткізгіштігі бойынша – электрөткізгіш (су, химиялық және ауа-механикалық көбіктер) және электр өткізбейтін (инертті газдар, ұнтақты қоспалар);
Улылығы бойынша – улы емес (су, көбіктер, ұнтақтар), аз улы (СО2, N2) және улы (С2Н2Вr және т.б.).
2. Өртті сумен сөндіру ерекшеліктері.
Су басқа өрт сөндіруші заттармен салыстырғанда барынша үлкен жылу сыйым-дылығына ие, сондықтан көп көлемдегі жанғыш заттарды сөндіру үшін қолданылады. 1 л суды 0-ден 100 0С градусқа дейін қыздырғанда 419 кДж жылу сіңіріледі, ал буланған кезде – 2258 кДж жылу сіңіріледі, Жанғыш заттың бетіне түскенде су жылудың қажетті мөлшерін сіңіріп қызады, содан соң булану арқылы температураны төмендетеді. Бөлінген бу судың көлемінен 1700 есе үлкен көлемге ие болады, сондықтан ол жану аймағындағы оттегінің концентрациясын бірден төмендетіп, жан-ғыш затқа тотықтандырғыштың түсуін қиындатады.
Суды қатты қысым астында беру арқылы алауды механикалық бөліп алу эффектісіне қол жетеді, ал буланып үлгермеген сұйықтық жақында орналасқа, әлі тұтанып үлгермеген материалдарға ағады да, олардың жануына бөгет жасайды. Сулануы қиын заттар жанғанда (шым, тюктерге салынған жүн, мақта т.б.), оған беткі тартылысты азайту үшін беткі белсенді заттарды енгізеді, бұл заттар ретінде ДБ, НБ суландырғыштары, ПО-1, ПО-1Д көбік жасағыштары, сульфанол, сабын т.б. қолданылады.
Жоғары тиімділік, қолжетімділік және бағасының арзандығы сияқты жақсы жақтары болғанымен, суды қолдануды құптамайтын біраз кемшіліктері де бар. Мәселен, сумен қысым астындағы құрылғылардағы,электр құрылғыларының, тығыздығы төмен сұйық жанғыш заттардың, және судың әсерімен бұзылатын немесе құрамын өзгертетін заттардың (мысалы, кітаптар немесе сумен қосылғанда жарылғыш және жанғыш қаупі бар газ – ацетилен бөліп шығаратын кальций карбиді) өртін сөндіруге болмайды. Судың температурасы 0 градус немесе одан да төмендеген кезде мұзға айналатын қасиеті де оның кемшілігі болып саналады.
Қату температурасын төмендету үшін арнайы қоспалар мен антифриздер: минеральді тұздар (KCO, Mg Cl, CaCl) және кейбір спирттер қолданады. Су, алған су көзіне байланысты электрөткізгіштігін және оның коррозиялық қасиетін шарттайтын түрлі табиғи тұздардан тұрады. Қатуға қарсы қолданатын көбіктендіргіштер, тұздар және басқа да қоспалар мұндай қасиеттерді күшейтеді. Металл бұйымдардың (өтр сөндіргіштің корпусы, құбырлар және т.б) сумен әрекеттесудегі корозиясын тоқтату үшін оларға арнайы жамылғыларды жабуға немесе суға коррозиялық ингибитрлерін қосуға болады. Соңғыларына неорганикалық қоспаларды (қорғаушы беттік қабаттарда қышқылдық фосфаттар, карбонаттар, сiлтiлiк металлдардың силикаттары, натрий хроматының тотықтырғыштары, калий және натрий нитраттарын түзетін), органикалық қоспалар (алифатикалық аминдер және оттегіні абсобциялай алатын басқа заттар) қолданады. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – натрий хроматы, бірақ ол улы.
Суға қосылатын қоспалар (әсіресе диссоциациялық тұздар) 2-3 ретке оның электр өткізгіштігін күшейтеді. Мысалы, таза суды қолданғанда, су құбыры мен электр қондырғыдан 1,5 м қашықтықтағы электрлік тоқ, тәжірибелер көрсеткендей, нөлге тең, ал суға мөлшері 0,5 % тұзды қосқанда тоқ 50 мА өседі.
Қарқынды еріткiш және жаңғыш газдары бар заттарды сөндіруде суды қолдануға болмайды. Мұндай заттарға металдар (жарылысқа әсер ететін әсіресе қауіпті сілтілік металдар), көптеген металды органикалық қосылыстар (концентрленген алюминийорганикалық және литийорганикалық қосылыстар), металл корбидтері, көптеген металл корбидтері және т,б жатады.
Мұнай өнімдері және басқа да органикалық сұйықтар сумен сөндіру кезінде олардың бетіне қалқып шығады және өрттің ауданы үлкейеді. Мұндай жағдайда шашыранды су қолданылады.
Төменде өрт сөндіруде су және су көбігін қолдануға болмайтын заттардың қысқаша тізімі келтірілген:
Сумен сөндіруге болмайтын заттар тізімі
Кесте-13
Зат
|
Сумен әрекеттесу сипаттамасы
|
Алюминий органикалық қосылыс
|
Жарылыспен әсер етеді
|
Литий органикалық қосылсы, қорғасынның азиды, сілтілік металдардың корбидтері, металдар қатарларының гидридтері, магний, цинк, кальций, алюминий, барий карбиды.
|
жанғыш газдарды бөлумен жiктеу
|
Натрий гидросульфиді
|
Өздігінен жанады
|
күкiрттi қышқыл, термид, титан хлориды
|
Күшті изотермиялық эффект
|
Таушайыр, натрий пергидрады, майлар
|
Шығарудың, шашыратудың, қайнатудың нәтижесiнде жанудың күшейтуi
|
Достарыңызбен бөлісу: |