ПоәК-042-18-25 59/01-2014ж №2 басылым 11. 09. 2014ж



жүктеу 4,51 Mb.
бет5/19
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Mb.
#14039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы болып бойына түрлі өртсөндіріш заттардың қасиетін бойына жинаған комбинирленген өртсөндіргіш қоспаларды дайындау болып табылады. Ең көп қызықтыратын қоспа күшті жанғыш ингибиторы бар арзан қолжетімді тасымалдаушы комбинация сияқты болып келетін қоспалар болу керек. Ондай қоспаларға жататын сугалогендікөмірсутекті эмульсиясы және бромхладондары бар ауалы-механикалық көбік комбинациясы жатады.

Сугалогендікөмірсутекті эмульсиялар суытатын әрекеті бар судан және сугалогендікөмірсутектің ингибирленген қасиетінен тұрады. Алайда, осындай қоспалардың кемшілігі болып сугалогендікөмірсутектің су эмульсиясымен тұрақтылығын ұстап тұру және жоғарғы коррозиялық активтілік болып табылады. Осы себептерге байланысты бұл қоспалар практикада көп қолданылмайды.

12В1 хладон қоспасынан тұратын сулыгазды көбік ауалы-механикалық көбікпен салыстырғанда біршама эффективті болып табылады. ВНИИПО-да дайындалған көлемді сөндіруге арналған комбинирленген азотты-хладонды және көмірқышқыл-хладонды қоспалар назар аудартады. Бұл қоспалар қымбат және дефицит болып табылатын бромхладон шығындарын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, бұл қоспаларды қосқан кезде хладонның булану шарты жақсарады және оларды пайдалану коэффициенті жоғарылайды.

Өртсөндіргіш құрылғылардың эффективтілігін арттырудың тағы бір жолы – бір уақытта әр түрлі өртсөндіргіш қоспаларды қолдану. Соңғы кезде көп қолданылатыны көбік және ұнтақпен сөндірудің комбинирленген әдісі.

Өртсөндіргіш құралдардың эффективтілігіне олардың қолданылу шарттарын және анықталатын нормативтік параметрлерді: беріліс интенсивтілігін I, кг*м-3-1; сөндіру уақытын τТ, с; меншікті мөлшерін G кг*м-3 оптимизациялау арқылы қол жеткізуге болады.


Сұрақ атауы 2 Хладондардың өрт сөндіру механизмі

Жарылыс пен өрт сөндіру үшін галогенкөмірсутектерін қолдану тәжірибесі жоғары және зерттеу бағыты зор болғанына қарамастан, бұл қосылыстармен өртсөндіру механизмі түсініксіз және де мамандар пікірлері сәйкес келмейді. Бұл жану процесі мен ингибирлеудің өте күрделілігіне байланысты.

Көптеген зерттеушілер галогенкөмірсутектермен жандану процесін ингибирлеуді радикалды үрдіс деп санайды. Бірақ активті центрлер (АЦ) механизмдерінің бұзылуы жөнінде бірыңғай түсінік жоқ. Кейбір зерттеушілер RX әсерін оның алдын ала пиролизімен байланыстырады, ал өзгелері бромды сутек түзілуімен RX атомдарының крекингі бастапқы акт екенін айтады. Сондай ақ, өрттің қай бөлігінде ингибирлеу жүргізілуі жөнінде нақтылы мағлұмат жоқ. Әдетте, ингибирлеу өрттің қолданған зонасында жүреді деп санайды. Г.И.Ксандопуло ойынша, жаңармайдың өзгеру процесі, тотығу мен ингибирлеу, төмен температуралы зонада жүреді, онда өрттің ыстық фронтынан сутегі атомдары барады. Сонымен қатар, X галоген атомдарының тотығу мен жандану қасиеттері көптеген ингибирлеу жөніндегі зерттеулерде RX ескерілмейді.

Аталған ерекшеліктерді ескере отырып галогенсутектерімен өрттендіруді ингибирлеу А.Н.Баратов пен оның серіктестерінің зерттеулерінде іске асырылды. Олар есептеу тәжірибелі зерттеулерде RX-тің жандану ошағын және өрттің таралу жылдамдығын, сутегінің, көміртегі оксидінің және кейбір көмірсутектердің өздігінен жандануын ескерген.



Галогенкөмірсутектердің сутегінің тотығуына өздігінен жандану ошағынан бөлек бөлек жерде әсері өзгеше.

Көміртегі оксидінің тәжірибелерінде екілік, үштік қоспалардың өздігінен жандануы 950 К температурада, яғни RX промотирлеу әсері жүрмейтін сутегінің тотығуының жоғары температуралы облысында жүреді. Сондықтан да бұл тәжірибелерде қисықтың, ln – (1/Т) байланысының, RX қоспаларымен промотирлеу әсерлері байқалмаған. С2F4Br2 қосқанда СО тотығуының ингибирлеуін байқаған.

Жоғарыда аталған сутегінің жоғары температурадағы өзгерісін бұл шарттарда тотығу механизміндегі басты рольды НО2 пероксидінің радикалы алады. Осы зерттеулер негізінде атмосфералық қысымда сутегінің тотығу схемасы ұсынылған. Мұндағы басты реакциялар болып НО2 түзілу реакциялары, осы радикалдардың Н2О2 алумен қатар квадратты әсері және реакциясы бойынша Н2О2 ыдырауы кезінде гидроксидті радикалдардың түзілуі.



Осы кезде тотығу процесі көптармақты болып, қоспаларда тізбектері қысқа болғандықтан ингибирлеу бәсеңдейді. Бұл жалынның таралу жылдамдығы мен облысқа RXтің әсерінің зерттеу нәтижелерімен ұқсас екені мәлім. Осы көрсеткіщтерді ескере отырып атмосфералық қысымда сутегінің жануын ингибирлеу үшін келесі реакцияларды қабылдауға болады:










жүктеу 4,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау