Дәріс 7, 8 Мемлекеттің негізгі даму этаптарындағы транспортың рөлі
Адамзат қоғамының тарихы транспорттың даму тарихынан ажыратылмайды. Адамның физикалық тұрғыда бар болуына транспорттың маңызы өте зор деп айтуға болады. Еңбек құралдарын және заттарын, тіпті адамның өзінің орын ауыстыруынсыз ешқандай қолданылатын өнім өндірісі, ешқандай басқа мақсатқа сәйкес қызметтер орындалуы мүмкін емес.
Алғашқы қоғамдық құрылыста адамдар транспорттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қарапайым құралдарды қолданған. Еңбек қаруы, жануарлар және астық заттарын, тұрғын үй және киім тігу үшін пайдаланатын материалдарды, алғашқы оқ-дәрілер үшін жанармайды адамдар өздері немесе киізбен тасымалдады. Жануарларды үйрету және асырауға байланысты, оларды тасымалдау құралы ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік берді.
Құл иеленушілік құрылыс шараларында алғашқы рет транспорт құралдарының жетілуі және дамуында әлеуметтік - экономикалық стимулдар пайда болды. Өнімді шабықтау, содан кейін плужды егіншілік және металдарды өңдеуден жоғары дәрежелі құралдар дайындала бастады: қоғамдық өнімді бөлумен қатар өнімділікті өсіру қолданылды. Транспорттың дамуындағы ең қатты дем айырбастың пайда болу нәтижесінде болды.
Жеке меншіктің және адамдардың кластарға бөлінуінің нәтижесінде мемлекет дами бастады, оның шеңберінде транспортқа деген қажеттілік жоғарылады. Адамдарды шоғырландыру, қалалар салу, сауда және айырбастың дамуы, жаулап алу – ежелгі мемлекеттің тарихын зерттеу кезінде көз жеткізуге болады.
Теңіз флоты барлық ежелгі өркениет прогресі үшін маңызды ролді үлкен өзендік артерия алды. Адамзат қоғамының дамуындағы кезекті маңызды ролді құрлықтағы транспорт алды.
Транспорттардың пайда болу ерте кезеңдерге жатады. Ежелгі Қытайда, Парсы елде, Рим империясында әскери мақсаттарға жүруге арналған жолдардың көп мөлшері салыңғалы жайлы тарихи деректерден белгілі.
Айырбастын өсуімен теңіз көлігі де дамыды: алдымен ескек қайықтар, содан кейін желкенді қайықтар пайда болды. Тауарды құрғақ жолмен тасымалдау үшін құлдар тасушылар қолданылған, сонымен қатар екі және төрт дөнгелекті арбалар пайдаланылған.
Транспорттық құрамдар, басқа да өндірістік құрамдар құл иеленушіліктің қол астында болды. Айырбас сферасында транспорт саудамен айналысып кетті.
Фиодализімнің ерте кезендерінде негізінен сол орында өндірілетін тауар, мысалға алғанда: әшекей заттар тасымалданған.
Венеция, Генуя қалаларында, Ганза қалаларынын одағында сауданын дамуы теңіз транспортының дамуына әкеліп соқты. Ашық теңізде жүзуге мүмкіндік берген компастың ойлап табылуымен теңіз көлігінің техникасы біртендеп жақсарып отырды. XV- ғасырдың аяғында теңіз көлігі ашық мұхитқа шығады. Ұлы географиялық ашылулар дәуірі басталды. Сауданын , айырбасынын өсуіне капитандың жиналуына және қоғамдық жұмыстын бөлінуінің тереңденуіне байланысты транспорттын өзіндік өндірістік салаға бөлінуіне оң жағдайлар жасалынды.
XV-XVII-ғ.ғ. көптеген кеме иелері тасымалдауға ғана маманданады. XVI-XVII-ғ.ғ. ақ теңізде жіне Солтүстік мұзды мұхитта- солтүстік теңіз кеме жолы, сонымен қатар Еділ өзенінде және Каспий теңізінде сауда кеме жолы дамыды. Көптеген елдерде пошта және құрғақ жолдармен жолаушы тасымалдау пайда бола бастады. Францияда, Германияда, Англияда кейінрек XVII- ғасырда жақсарған жолдар салынды.
Ортақ қолданыстағы транспорттың пайда болуы, яғни транспорттын өндірістін ерекше саласына бөлінуі Батыс Еуропада өндірістің төңкеріс дәуірі кезінде болды.
Ірі капиталистік өндірістің дамуы көп мөлшердегі жүктің арзан тасымалдауын талап етті. Сондықтан Ұлыбританияда, Францияда және Германияда каналдар және атты арбамен жүріске келетін темір жолдар салына бастады.
XIX- ғасырдың І- жартысында механикалық транспорттын құалдарға көшу процесі басталды, булы темір жолдар, сондай-ақ булы кемелер пайда болды.
XIX- ғасырдын ортасына қарай ортақ қолданыстағы темір жолдардың салынуы АҚШ-та және Еуропаның барлық елдерінде етек алды, бұл процесті транспорттың басқа түрлерімен салыстырғандағы (үлкен салмақтылық, салыстырмалы арзандылық жоғары жылдамдық және жүкті жеткізу жиелігі) олардын негізгі басымдылығымен түсіндіруге болады. Мысалға, су көлігімен салыстырғандағы басылымдылық ХХ-шы ғасырдың басына қарай әлемнің темір жол жүйесі 1114 мың км. Кеме жүретін өзендердің және каналдардың ұзындығы 318 мың км, темір жолдағы жүк айналымы 753 милрд. км, өзен және теңіз транспортында 1545 мил. км. құраған болатын.
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданың өсуі теңіз көлігінің тез дамуына үлкен әсерін тигізді.
Автотранспорт XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Автотранспорт ХХ ғасырдың 20 вылдарында қысқа қашықтықта жүк тасымалын жүзеге асыруда, әсіресе жолаушы тасымалында темір жолмен және өзен транспортымен бәсекеге түсе бастады.
Автоматтық әуе көлігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болды.
Мемлекет, қала және аймақтар арасындағы маңызды байланыстар олардың дамуына байланыста табиғи керуен жолдары пайда болды. Кейінірек адамдар ауыр затарды тасымалдау үшін ірі жануарлармен қозғалатын сүйретпе түріндегі арбаларды қолдануға болатынын ойлап тапты.
Кейінірек ауыр заттарды қозғалтуда домалатпаларды қолдану жеңілдететіні байқалды. Осы кезде комплексті тасымалдауға бір қадам қалған болатын. Дөңгелек туралы адамзаттың ең ұлы ойы екенін мойындау керек, себебі, біріншіден, дөңгелекке ұқсас табиғатта еш нәрсе жоқ, екіншіден, дөңгелекті жеңіл арба адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді және қазіргі жер беті транспортының негізгі түрі болып қала береді.
Құрлықтағы транспортың дамуының келесі қадамы жасанды жолдар болды. Ежелгі және антикалық замандағы хабарламалар жолы, каналдар.
Транспорттың пайда болуы ежелгі уақытқа қатысты. Транспорттың даму тарихы антикалық және ежелгі заманда, алғашқы шаруашылық және қоғамдық еңбекті бөлісу жаңа туындаған кезде транспорттың қажеттілігі маңызды болған жоқ. Алғашқы хабарлама құралдары қарапайым болды. Оларға тапталған жол, вьюки, аса ауыр жүктер үшін сүйретпелер, жоңылған ағаш бөренелері немесе плоттар, кейінірек челноктарды жатқызуға болады. Одан ертерек уақытқа қайықшалардың пайда болуы жатады. Құлдардың еңбегін эксплуатациялауда құл иеленушілер шаруашылығы кезінде транспорт өзінің дамуында алға қадам жасайды. Құл иеленуші мемлекеттер басқа елдерді басып алу , құлдарды тұтқынға алу үшін өзінің сарбаздарын апарды. Әскери талаптар және қажеттіліктер Қытайда, Парсы елінде, Рим Империясында әскери мақсаттар үшін салынған үлкен жолдар транспорттың дамуын қажет етті.
Мыңдаған километрді алып жатқан римдік әскери жол желісі және олардың қалдықтары қазіргі күнге дейін сақталған. Құл, нан, мата айырбастау және сату дамыды. Сауда маңызды роль атқаратын Финикия, Карфаген және т.б. сияқты мемлекет-қалалардың пайда болды. Ескекті, содан кейін желкенді кеме қатынастарының пайда болды. Антикалық замандағы Греция, Рим, Египет сияқты мемлекеттерде теңіз кемелері, әсіресе әскери, үлкен өлшемге жетті, кейбір жағдайларды олардың мыңдаған құл ескекшілері болды.
Дегенменде саудагерлер желкенді және желкенді-ескіш кемелерді таңдады, өйткені олардың көлемі кішкентай, көп ескіштерді қажет етпеді және жүкті орналастыру үшін көбірек орындары болды. Құрлық жола арқылы тауарды транспорттау үшін тасымалдаушы құлдар қызмет етті, теңдеп артылған жүк немесе 2-4 дөңгелекті арбалар қолданылды. Құл иеленушілік шаруашылықта транспорт әлі шаруашылықтың жеке саласы ретінде бөлінген жоқ болатын. Басқа да өндіріс құралдары сияқты транспорт та құл иеленушілердің меншігіне жатты. Айырбас ортасында транспорт саудамен бірге болды. Саудагерлер бір уақытта транспорттық құралдың да иегері болды.
Құл иеленуші құрылысының орнына келген феодализм, материалдық өндірістің дамуы және артынан транспорт үшін жаңа шарттар жасады. Өндіріс күшімен бірге қоғамдық еңбекті бөлісу күшейді және белгіленген этапта үкімет және әкімшілік қамал - қала орнына кәсіптік және сауда орталық қалалары өсе бастады.
Шикізат және минералдар қазылымының кеңеюі , техниканың жақсаруы, өнім кәсібінің көлемі және түрінің ұлғаюы, ауыл шаруашылығының ары қарай дамуы, әсірісе сауда өндірісінің пайда болуы өндірістік қажеттілік және ішкі сауда , сыртқы сауда транспорттың маңызын өсірді. Осымен байланысты, көптеген елдерде тасымалдау көлемі өсе түсті. Бар желіде теңіз және өзендік коммуникацияны кеңейту бойынша, жасанды хабарлама жолдары сияқты жұмыстар жүргізілді.
Наряд шарттарымен феодализмде транспорттың дамуын ынталандыруда бұл процеске кедергі дәлелдер шықты, және олардың ішінде ең бастысы – жерге федералды меншік болды.
Капиталистік қатынастардың пайда болуында Европада сауда жолдарын және жаңа елдерді, ұлы географиялық жаңалықтар ашылумен байланысты.
XVIII ғ. екінші жартысында көптеген елдерде «өндірістік революция» деп аталатын жаулап алған техникалық төңкеріс өндірістің және сауданың өсу қарқынына үлкен әсер етті, әсіресе машинаның көмегімен машинаның өзін өндіру де. Өндіріспен бір уақытта жаңа техника негізінде транспортта дами бастады. Бұл негізге транспорттық өздігінен қозғалатын кез-келген қуат бірлігін құруға мүмкіндік беретін, ауа-райы шарттарынан тәуелсіз бу машинасы жатады. Осылайша параходтар, паровоздар, булық құрлықтық экипаждар, кейінірек бу ұшақтары пайда болды.
Өткен тарихтың барлық кезеңдерінде транспорттық құралдар(кемелер, арбалар, жануарлар және т.б.) тасымалды жүзеге асыратын жүк иелеріне тиесілі болды. Капитализм кезінде кәсіпорындар іріленумен қатар техника және өндіріс технологиялары күрделенді, өнім көлемі ұлғайды, кәсіпорын иесіне бағалы транспорттық шаруашылықты ұстау қиынға түсті. Осыған байланысты транспорт жүк және жолаушыларды белгілі бір бағаға кез-келген клиентті тасымалды жүзеге асыратын жеке сала болып бөлініп шықты. Қазіргі кезде елдерде барлық транспорт түрлері жеке тұлға немесе мемлекет меншігіне айналды. Транспорттың эксплуатациясының міндетті шарттары: транспорттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылар жағдайын жақсарту, жүк қауіпсіздігінің кепілдігі, транспорттық процесстің қол еңбек шығындарын азайту.
Дәріс 9, 10 Автокөліктік транспорттың пайда болуы және дамуы. Автокөлік компаниясы
Автокөліктік транспортымен жолаушылар тасымалының даму тарихы бу кареталары мен 10-нан 12 км/сағ жылдамдықтағы омнибустардың үлгілері жасала бастаған кезде, 19 ғасырда басталды. 1801 жылы іштен жану дивгателі пайда болғаннан кейін көптеген мүмкіндіктер жасалды – газ немесе сұйық жанар маймен жұмыс істейтін двигатель ойластыруға, 1885-1886 ж.ж. Германияда Готлаб Даймер қазіргі автокөліктердің бастамасы болып саналатын үш дөңгелекті автокөлікке бензинді двигатель орнатты.
Автокөліктердің кең қолданылуына пневматикалық шиналардың пайда болуы әсер етті (1880 ж.). 1886 жылы Ресейде экипаж бен автокөліктерді эксплуатациялау мен құру Акционерлік қоғамымен алғашқы жеңіл автокөлік жасалды. 1902 жылы Ресейде дәл осы фирмамен 8 л.с. қуатты, «Де-Дион-Бутой» двигательді, 8 орынды алғаш автобус шығарылды. 1907 жылдың 1 қыркүйегінде Ресейдің Мәскеу қаласында бірінші таксомотор пайда болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсанында Ресейде 8,8 мың жеңіл автокөлік саналды. Ресейдегі жолаушылар тасымалының даму тарихын 5 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1918-1929 ж.ж.)1918 жыл басында елде 35 мың автокөлік саналды. 1922 жылы Кеңес үкіметінің шешімімен мемлекеттік мекемелермен жеке тұлғаларға автокөліктерді («Рено», «Фиат», «Лей ланд», «Манн» және т.б..) шетелден алып келуге рұқсат берілді.
Екінші кезең (1929-1940 ж.ж.) отандық автокөлік заводтарының құрылуымен сипатталады. 1929-1930 ж.ж. сериялық өндіріс басталды. Ярославтық және Мәскеулік автокөлік заводтары 19-орындық ЗИС-8 автобусын шығарды(ЗИС-5 жүк автокөлігі негізінде). 1931-1932 ж.ж. АМО (қазіргі ЗИЛ) заводы іске қосылды және Горький қаласындағы – ГАЗ-03-30 (17-орындық) автобус. 1932 ж. - АМО-4 автобустарын, 1938ж. – ЗИС-8, 1938ж. ЗИС-16 (21-26 орынды) шығаруға кірісті. 1 КЕСТЕ Қозғалыс құрамы өндірісінің өсу динамикасы
-
№/№
|
Жыл
|
Автобустар
|
Жеңіл автокөліктер
|
1
|
1932
|
100
|
30
|
2
|
1937
|
1300
|
18300
|
1940 жылы автокөліктік жолаушылар тасымалы 300-ден астам қалаларда ұйымдастырылды. Автобус паркінде 15,6 мың автобус саналды, оның 40% жалпы қолданыста болды. Ұлы Отан соғысы жылдары жолаушылар тасымалы көптеген қалалар мен облыстарда тоқтатылды, себебі қозғалыс құрамы мобильденді.
Үшінші кезең (1947-1960 ж.ж.) 1947 жылдың басында соғысқа дейін болған барлық қалаларда автобустық тасымалдар қайтадан қалпына келтірілді. 1950 ж. автобустық хабарламалар - 459 қалаларда, ал таксомоторлылар елдің 420 қаласында ұйымдастырылды. 1946 - 1950 ж.ж. авобустар паркі 22 мың бірлікке дейін өсті. 1946 ж. ЗИС-156 (дизельді генераторлы автобус), 1949 ж. ЗИС-155, 1950 жылдан бастап ПАЗ-615 Павловсктік автобус заводында ПАЗ-651 автобустары өндірілді. 1956 ж. М-402, 1958 ж. М-407, ГАЗ-20 («Победа»), ЗИС-110, ГАЗ-12, 1960ж. ЗАЗ-965 («Запорожец»), 1965ж. ГАЗ-21 («Волга»).
Төртінші кезең(1960-1990 ж.ж.) автокөліктік жолаушылар тасымалының қарқынды дамуымен белгілі. 1972 ж. КСРО автокөлікті шығару бойынша көптеген шетелдерді асып түсті. Ресейде 1970-1990 ж.ж. автокөліктік жолаушылар тасымалының транспорт көлемі – 1,7 есе, ал жолаушылар айналымы 2,6 есе өсті.
Елдегі автобустар өндірісі 1980 ж.(1960жылмен салыстырғанда) 3,7 есе, ал жеңіл автокөлік өндірісі 9,6 есе өсті. Бұл кезеңде
ЛиАЗ-677, ПАЗ-672, КАВЗ-685, ЛАЗ-695 және т.б. автобустары, ВАЗ-2101 жеңіл автокөліктері шығарыла бастады.
Бесінші кезең( 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін) елдегі жалпы экономикалық жағдаймен сипатталады. 1993 жылға қарай автобустар саны 1,7 есе нормативтен төмендеді, парк тозуы 50 % аса, 3000 жуық автобустық маршруттар тоқтатылды.
1996 жылға қарай (1990 жылмен салыстырғанда) автобустық жолаушылар тасымалының көлемі 19 %-ға, парк саны 27,8 мың бірлікке, автобустық маршруттар саны 7,2 мыңға азайды.
Дәріс 11, 12 Автокөлік компаниясы. BMW
1913 жылы Мюнхеннің солтүстік төңірегінде Карл Рапп және Густо Отто, двигательдің ішкі жануын ойлап тапқан Николаус Августа Оттаның ұлы, екі шағын авиямотор фирмасын жарыққа шығарды. Бірінші бүкіл әлемдік соғысының басталуы бірден көптеген самолеттің двигательдеріне тапсырыс береді. Рапп пен Отто бір авиямоторлық заводта бірге жұмыс істеуін шешеді. Сөйтіп Мюнхенде авияциялық двигательдер заводы ашылады, 1917 жылдын шілде айында Bayerische Moteren Werke (баварлық мотор заводы)- BMW деген атпен тіркеледі. Осы күн BMW- ның жарыққа шыққан күні деп есептеледі, ал Карла Раппа мен Густава Отто оның иелері болады.
1917 жылы ең бірінші қабылданған таным-белгіде айналып тұрған пропеллердің суреті бейнеленген. Бірақ таным белгі өте қын және өте ұсақ болды, сондықтан 1920 жылы пропеллер көп өзгерістерге ұшырады. Пропеллердің шеңберін төрт бөлікке бөлді, ақ және көгілдір кекторлар қара дөңгелектің ішінде кезектесіп орналасты.
Достарыңызбен бөлісу: |