Құбыр транспорты – мұнайды, мұнай өнімдерін және газды шығарылған немесе өндірілген жерлерінен алысқа, өндеу және тұтыну орындарына тасымалдайтын транспорттың бір түрі.
Сұйық заттардың ағымы үшін арналған құбыр жолдары коммуникация ретінде ежелден белгілі. Алғашқы 6,5 км ұзындықтағы мұнай құбыры 1865 ж. АҚШ-та құрылды. Ресейде диаметрі 100 м және ұзындығы 12 км болған алғашқы мұнай құбыры 1870 ж. Балахнинскіні Баку өңіріндегі мұнай өңдеу заводымен байланыстырды. 1897-1909 ж.ж. диаметрі 200 м құбырлары бар мұнай құбыры Бакудан Батумиге (850 км) дейін керосинді тасымалдау жүргізілді, ол В.Г.Шухов жетекшілігімен жобаланып, құрылды. Кейінірек жаңа мұнай орындарынан порттар мен қалаларға кішігірім құбыр жолдары салынды: Грозный-Петроводск-порт Махачкала, Туха – Краснодар, Доссор- Ракуша және т.б.
Көмір, отын, мұнайды өңдеу жолымен алынатын газды жіберуге арналған кішігірім бағыттарды ескермесек ресейде газ құбырлары транспорты болмады деуге болады.
Газ өнеркәсібі аймағында магистралды және жергілікті газ құбырлары болады. Қазіргі құбыр жолдары транспортының техникалық базасы күрделі және әртүрлі. Құбыр жолдары транспортының техникалық қамсыздануының негізгі элементтері болып мыналар саналады:
Құбыр жолы, яғни электро қорғаныс құрылғылары мен байланыс желілері бар, жалғанған және изоляцияланған құбырлардан тұратын магистраль. Олардың сызықты бөліктері - өзендер, көлдер, автомагистральдар арқылы өтетін жер үсті және жер асты құбырлары.
Сұйық немесе газ тәріздес өнімдерді негізгі немесе аралық станциялар түріндегі құбырлар бойынша транспорттау үшін араналған перекачечные және компрессорлы станциялар.
Жөндеу кезіндегі жеке учаскелердің жабу және параллель немесе қиылысқан магистральдарды бөлу немесе қосу үшін арналған құрал сызықтық торап деп аталады.
Мұнай құбырларын техникалық қамсыздандыру кешеніне мұнайды газсыздандыруға және сусыздандыруға, мұнайдың қою түрлерін қыздыруға арналған құрылғылар кіреді. Алғашқы газ құрбыларының магистральдарында 12-25 атм. жұмыс қысымы ұсталынды, кейінірек ол 2 есеге өсті.
Құбыр көлігі ең алдымен газ, мұнай, металдар тасу үшін арналған. Тағайындаудың тәуелділігіне және территориялық орналастырулар магистральды және мұнай құбырлары өнімдерін және тұтынулар – зауыттар немесе танкерлерге шамадан артық жүк тиеуге арналған теңіз порттары жатады.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігнінің Нұра-Сарысу департаментінің Балқаш қаласындағы инспекторлары 2007 ж 9 қантарда жарық көрген. Қ.Р. экологиялық кодексін, ҚР әкімшілік бұзушылық туралы кодексін және басқа да заңдар мен актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Инспекторлар «Балхаш экоорталығы» , «эком» қоғамдық ұйымдарының қатысуымен колледж студенттерімен көл жиегін тазалау жұмыстарын жүргізді және Литвинов терегін отырғызуға ат салысты. Қоршаған ортаға аса ықпал ететін Балқаш қаласында үш кәсіп орын жұмыс істейді, олар ЖШС «Қазақмыс корпорациясы», Балқаш мыс қорыту зауыты, кен байыту фабрикасы мен жылу-электр орталығы. Қала кәсіпорындарының қоршаған ортаны қорғау шаралары балқаштың солтүстік жағалауында орын алып отырған атмосфералық ауаның ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, мыс кендерін пайдалану және қорыту кездеріндегі пайда болған көп тонналық қалдықтардан Балқаш көлін қорғауға бағытталған. Ұйымдастырылмаған қалдықтар арнайы полигондардың жоқтығына байланысты жердің әр жерінен орын алады. Балқаш қаласы ішерлік сапалы сумен Тоқырауын жер-асты су көзінен қамтамасыз етіледі. Төменгі Тоқырауын жер асты су көздері. Тоқырауын алқабы сағаларында төрттік алллювиальдық бөлініп шығуларға сабақтасқан. Литологиялық су жинақтау кендері сирек, ұсақ жұмыр тас қоспалары және ірі құмдақтар арасынан, су линзасы бар сазды қабаттардан тұрады, оның сулы қабаты солтүстіктен оңтүстікке қарай 0,5 метрден 12 метрге дейін ұлғайады.
Құбыр транспортының:
Магистральдық мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау құбырлары;
Жергілікті маңызы бар мұнай құбыры;
Магистральдық газ құбырлары;
Жергілікті маңызы бар газ құбырлары сияқты негізгі түрлері бар. Құбыр транспорты жүйесіне сондай-ақ су құбырлары да кіреді.
Тоқырауын су кені 1967 ж, өткен ғасырдан бастап игерілген және осы уақыт ішінде бұл стратегиялық әлеуметтік маңызды объекті жаңартылмайды.
Кейінгі жылдары тереңдік насостардың жетіспеуінен төменгі – Тоқырауын су алғышы резервсіз жұмыс жасауда, 41 төтелінің тек 24 ғана жұмыс істейді, оның 21- қалаға, 3-і саяқ кентіне су айырады.
1995 жылдан бері «Балқаш үстімен» ӨБ сумен ағынсыз жабдықтау жұйесіне өткен.
Барлық кәсіпорын сулары қалдық қоймасына түседі. Арнайы екі тоғанда су тұнып, байыту фабрикасына қайта қолдануға алынады. Бұл шара Балқаш көлің ластамау үшін жасалған. Бірақ, су ластаушы оқшау көздері де кездеседі. Көлге антропогендік салмақ жағада орналасқан өнеркәсіп комплектерінің су мен биоценозды ластауы әсерінен ғана емес, Іле мен Қаратал өзендері арқылы көлге түсетін лас заттардың, әсіресе олардың құрамындағы микроэлементтерінің шектеуден асап кеткен кең спектрі әсерінен болады. Кәсіпорындарды тексеру барысында территорияларда тұрмыс қатты қалдықтарын, құрылыс қалдықтарын орналастыру, жерге жанар-жағар шайлар төгу сияқты келеңсіздіктер кездеседі. Мұндай кемшіліктер үшін 22 субъектіге 153966 теңгеге айып салынды.
Магистральдық құбырларды қолданудың үлкен маңызы бар, ол мұнай өнімдерін және газды кез-келген бағытқа, толассыз аз шығын жұмсақп тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда құбыр транспортының дамуы мұнай өндіру мен мұнай өндеу, газ өнеркәсібінің жедел қарқынмен өркендеуімен байланысты болып отыр.
Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларының бірі -1960-64 жылдары Ресей, Польша, Германия, Чехославкия және Венгрия бірлесіп салған «Дружба» мұнай құбыры ұзындығы 5 мың км-ге жуық.
Дәріс 21, 22 Қалалық транспорттың пайда болуы және дамуы. Қалалық тасымалдау транспортының өсуі.
Даму тарихы: 16-18 ғасырдан бастап әсіресе Ресейде көптеген өнер тапқыштар өзі жүретін экипаждардың әр түрлі схемаларымен конструкцияларын жасай бастады. Орыс механиктері Л.Л. Шамшуренков (1752) және И.П. Калибин (1785) жасаған педальді арбалар осы күнгі автомобильдерге тән механизмдерінің біразы қолданылды. Сол кезде шыққан бу машинасын пайдаланып, француз инженері Н.Ж. Кюньо (1769) алғашқы автомобильін жасады. 1879 жылы орыстың өнер тапқыш конструкторы О.С. Костович бензинмен жүретін карбюраторлы двигатель жасады. Жеңіл де ыңғайлы, жүрісі шапшаң және үнемді іштен жанатын двигательдің шығуымен автомобиль конструкциясы тез дами бастады. 1885-87 жылдары неміс конструкторлары Н.Ф. Бенс мен Г. Даймлер бірінші болып іштен жанатын двигалелі бар автомобиль жасады. М.Р. Брилинг пен Е.О. Чудаков құрған отандық автомобиль мектебі автомобиль конструкциясын жеңілдіруде, оның пайдалану көрсеткіштерің жақсартуда маңызды роль атқаруда.
20 ғасырды урбандалу ғасыры деп атайды, ол қалалар саны мен көлемінің қарқынды өсуіне байланысты. 1900 жылы қалаларда 13,6% тұрғындар болды. 1978 ж жер бетін мекендейтін адамдардың 40% қала тұрғындары құрды. 1000 жыл ішінде Ресейде 860 қала пайда болды. Қалалармен бірге транспорттық жүйе де дамыды. Көне қалаларда Қоғамдық транспорт болмады. Қалалардың өсуімен қатар, транспортқа деген үлкен сұраныс транспортты жеке сала ретінде бөлді. 18 ғасыр басында Петр 1 патшаның бұйрығымен Мәскеуде Кремль көшелерінде тас төселді. Петербургтегі бірінші көпір 1820 жылы салынды. Ол ағашпен қапталды. Инженер В.П.Гурьев осындай жолдармен поездарды және бу тигачтарын жүргізуді ойластырды. Мәскеу көшелері ағашпен төселді. Транспорт құралдарын мамандандыру ерекше конструкциялардың құрылуына әкелді. Бастапқыда қалалық теміржолдар: трамвай мен метрополитен, кейінірек маманданған автобустар мен таксилерді бөлу бойынша қалалық автокөлік транспорты пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |