Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығын», «өнімнің өзіндік құны» және «аралық тұтыну» ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығынның құрамы қандай?
3. Аралық тұтыну шығындарының құрамында қандай шығындар болады?
4. Өзіндік құнның факторлық индекстік талдау әдісі қандай?
5. Ағымдағы шығынның тиімділігінің немесе қатысты шығын деңгейінің факторлық талдау әдісі қандай?
Тақырып 5. Техникалық прогресс және құрал жабдықтар статистикасы
Дәріс сұрақтары:
1. Техникалық прогресс бойынша экономикалық өндіріс ұғымы
2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері
3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері
1. Техникалық прогресс бойынша экономикалық өндіріс ұғымы.
Техникалық прогресс экономикалық өндіріс – жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қызмет шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институтционалдық бірліктің іс-әрекеті. Сонымен қатар әрқашан да осыүрдіс үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын және сатуға арнап өндірілген тауарларға иелік ететін институционалдық бірлік болу қажет немесе оған қандай да бір көрсетілген қызмет үшін өтемақы төленуі немесе берілуі керек.
Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері мыналар:
Қазақстан Республикасының тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро-мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау.
Техникалық прогресс, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру.
Келесі белгілер бойынша тауар және қызмет өндірісінің динамикасын және құрылымын талдау:
натуралды-заттай құрамы бойынша;
құндық бейнеленуі бойынша;
экономиканың салалары мен секторлары бойынша;
республиканың облыстары бойынша;
меншік формалары бойынша және т.б.;
Статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу.
Ұлттық Шоттар Жүйесінің ұйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің есептеу методологиясын жетілдіру.
2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері.
Тауар және қызмет өндірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері:
а) өнімнің жеке түрі;
б) жалпы кәсіпорын деңгейінде.
Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің микроэкономикалық көрсеткіштері.
ҚР-дың барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің микроэкономикалық көрсеткіштері.
Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэконимкалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді:
Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:
а) натуралды түрде – дана, килограмм, жұп және т.б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді;
ә) шартты-натуралды түрде – берілген түрдің әр түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады;
б) ақшалай түрде – кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сипаттамасы.
Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері:
а) шығару (ІІІ) ;
ә) жалпы қосылған күн (ЖҚҚ);
Шығару көрсеткіші өндірістің бастапқы сатысын көрсетеді.
Өнім шығаруды есептеудің жалпылама әдістемесі:
жалпы қосылған күн – аралық тұтынудың қосындысы ретінде;
сатылған өнімнің құны – дайын сатылмаған өнім қорының өзгерісі мен аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің қосындысы ретінде;
сатылмаған дайын өнім құны және аяқталмаған өндіріс қорының өзгерісініңқосындысы ретінде;
нарықтық және нарықтық емес өндірісте шығарылған өнім құнының қосындысы ретінде;
тауар және қызмет өндірушілер шығарған өнім құнының сомасы ретінде;
өнімдердің құрамдас элементтерінің сомасы ретінде;
берілген календарлық жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері өндірген өнім құнының сомасы ретінде еспетеуге болады.
Жалпы қосылған күн шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмасына тең болады: ЖҚҚ = Ш-АТ. Жалпы қосылған күн аралық тұтынуды есептемейді, бірақ осы көрсеткіштерге негізгі капиталдың тұтынуы қосылғандықтан, ол «жалпы» деп аталады. Экономиканың барлық салаларпында жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі жүргізіледі.
Өнеркәсіп өнімі.
Өнеркәсіп өнімі кәсіпорынның тауар түріндегі, не болмаса өнеркәсіп сипатындағы жұмыстар мен қызметтер, өнеркәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей тиімді нәтижесі болып табылады. Өндірістік қызмет көрсетулер және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар көбінесе өнімнің бөлшекпен жоғалған тұтыну құнын қалпына келтіреді.
Өнеркәсіп өнімі туралы анықтамадан келесі жағдайлар туындайды:
Біріншіден, өнеркәсіп өнімі – кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады, яғни еңбек жұмсалған өнім. Сондықтан, егер де кәсіпорынңв келіп түскен шикізат басқа жаққа өңдеусіз сатылатын болса, онда ол осы кәсіпорын өнімінің көлеміне кірмейді.
Екіншіден, кәсіпорынның барлық қызметі емес, тек қана өнеркәсіптік- өндірістік іс-әрекетінің нәтижесі ескеріледі. Бұл дегеніміз - өнеркәсіптік емес сипаттағы өнім, мысалы, қосалқы ауылшаруашылық өнім, асхана, үйлер мен ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, дәріхананың медициналық қызметі өнеркәсіп өніміне кірмейді, олар экономиканың басқа салаларындағы өнімнің құрамында ескеріледі.
Үшіншіден, қатысты мақсаттан шығатын кәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей нәтижесі анықталады.
Төртіншіден, бекітілген талаптармен қанағаттандырылатын және тікелей мәні бойынша пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік өндірістік қызметтің пайдалы нәтижесі өлшенеді.
Өнеркәсіп өнімінің құрамдас элементтері:
салалар классификаторында «өнеркәсіп» саласына жататын дайын өнім;
жартылай фабрикаттар;
аяқталмаған өндіріс;
кәсіпорын орындаған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар: өнеркәсіп бұйымдарын, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды, киімдерді және т.б. жөндеу;
өзінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жеке меншік құрал-жабдықтар мен көлік құралдарын күрделі жөндеуден өткізу және т.б. жұмыстар үшін басқа жақтың тапсырысы бойынша орындалған жекелеген операциялар;
қосалқы шаруашылықтар өнімі (электроэнергия, газ, су);
өндіріс және қайта өндеу.
3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері.
Қазақстан экономикасын жағдайы белгілі уақыт кезеңінде «Ұлттық Шоттар» деп аталатын баланстық кестелерде сандық түрде бейнеленеді.
Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі нарықтық экономиканы тиімді реттеу үшін қажет. Ұлттық Шотты қалыптастыру көздеріне келесілер жатады: өндіріс, бюджет, әлеуметтік қамту, еңбек, ішкі және сыртқы сауда, күрделі құрылыс, салық және кеден статистикасының берілгендері.
Шығару (Ш) – бұл есептегі кезеңде экономикалық бірлік резиденттерінің өндірістік қызметтерінің нәтижесінде пайда болған тауар мен қызметтің жалпы құны. Шығару «өдіріс» шотында және «тауар мен қызмет» шотында жазылады.
Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. «Жалпы» деген термин көрсеткіш құрамында негізгі капиталды тұтыну (НКТ) бар екенін көрсетеді. Жалпы қосылған құн шығарылым сияқты негізгі бағада бағаланады.
ЖҚҚэкономика секторлары = Ш секторлары -АТсекторлары
ЖҚҚ экономика салалары =Ш салалар - АТ салалар
Мұндағы: АТ – аралық тұтыну;
АТ тұтынушының = ∑ АТ экономиканың +ҚДҚ = ∑ АТ экономиканың
нарықтық барлық барлық
бағасындағы салалары секторлары
Мұндағы: ҚДҚ – банктардың қаржылай делдалдығының жанама өлшенетін қызметі, экономика сеторында, саласында есептелген салаларда қайта есептеуден құтылу үшін олар шегеріледі.
Жүргізілетін әдістеме бойынша ҚДҚ үйлесімді берліктерді аралық тұтынуда бөлінбейді және көрсетілмейді, экономиканың шығарымы нөлге тең, шартты бірліктерін аралық тұтыну шығындарына жатқызылады. Сондықтан да экономикалық ЖҚҚ есептеу кезінде ҚДҚ-ны табу үшін ЖҚҚ-ның жалпы сомасын есептейді.
ЖҚҚнегізгі = ∑Шнегізгі - ∑АТ – ҚДҚ = ∑Шэкономика - ∑АТ – ҚДҚ
бағадағы бағадағы салалары
экономика экономика секторлары
ЖҚҚтұтынушылардың = ЖҚҚнегізгі + ТСөнімдерге = ЖҚҚнегізгі + Салықөнімдерге
нарықтық бағадағы (ҚҚС-тан және бағадағы (ҚҚС-тан
бағасындағы экономика импортқа экономика және импортқа
экономика төленетін төленетін
салықтардан салықтардан
бөлек) бөлек)
Субсидиялар өнімдерге = ЖІӨ
(импортқа
жасалатын
субсидиялардан
бөлек)
Мұндағы ТС – таза салықтар (1.2. тақырыпта).
Таза қосылған құн (ТҚҚ) терминдегі «таза» көрсеткішінің негізгі капиталды тұтынуды өзіне қоспайтытын көрсетеді, яғни ТҚҚ =ЖҚҚ – НКТ. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – берілген мемлекеттің экономикалық территориясындағы есептегі кезеңдегі нарықтық баға бойынша резиденттік бірліктер қызметінің түпкілікті нәтижесін анықтайды. Жалпы ішкі өнім өзара байланысты экономикалық циклдерді: тауар және қызметтер өндірісін, табыстарды бөлуді, оларды пайдалануды сан жағынан сипаттайды.
Экономикалық циклдер теориясы бойынша жалпы ішкі өнім үш әдіспе есептеледі: өндірістік, табыстарды қалыптастыру (табыстарды бөлу) әдісі, түпкілікті пайдалану әдісі.
ЖІӨ-ні есептеу әдістері:
А: Өндірістік әдіс («өндіріс» шоттан).
ЖІӨ экономиканың барлық секторы мен салаларының ЖҚҚ-ның нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі. Шығарылым менЖҚҚ-ның бағаларына байланысты практикада ЖІӨ-мен ЖҚҚ арасында келесі байланыс болады:
ЖІӨтұтынушылардың = ЖҚҚнегізгі бағадағы + ТСөнімдерге немесе
нарықтық экономика (ҚҚС-тан
бағасында және импортқа
төленетін
салықтардан бөлек)
ЖІӨтұтынушылардың = ЖҚҚ тауарларды + ЖҚҚ қызмет көрсететін + ТСөнімдерге
нарықтық өндіру салалар (ҚДҚ-сыз) (ҚҚС-тан және
бағасында салалары импортқа төленетін
салықтардан бөлек)
Экономикалық аймақтың (облыстың, ауданның, қаланың) қызметін бейнелеу үшін негізгі бағамен ҚР-дің негізгі аймақтарындағы ЖҚҚ сомасы ретінде жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) анықталады.
Ә. Табыс көздері әдісі резиденттердің бастапқы табысының көзі бойынша («табысты құру» шоттан) ЖІӨ-нің қалыптасуын сипаттайды.
ЖІӨ = ∑ БТэкономика = ЕА +ТСазық-түлікке +Т БСөндіріске + ЖП + ЖАТ
салалары және импортқа
Мұндағы ∑ БТ - өндіруші резиденттердің бастапқы табыстарының сомасы;
ЕА – ішкі экономика секторының және қалған әлемнің жалдамалы жұмысшыларының еңбек ақысы; яғни, ЖҚҚ-ны құруға қатысатын резидент және резидент еместерге деген барлық төлемдерді қамтиды.
ТБС - өндіріске салынатын басқа таза салықтар;
ЖП – жалпы пайда;
ЖАТ – жалпы аралас табыстар;
Қосылған құн қандай бастапқы табыстардың түрлерінен құралады?
Бұлар – еңбекақы, пайда, аралас табыс, импорт және өндіріске салынатын салықтар.
Жалпы пайда (ЖП) немесе жалпы аралас табыстар (ЖАТ) – екі альтернативті көрсеткіштер (табыстардың пайда болу шотынан) сальдо тәсілінен айырма ретінде есептеледі:
ЖПэкономиканың = ЖҚҚсекторы – ЕА - ТБСөндіріске
немесе саласы
ЖП (ЖАТ) экономиканың = ЖІӨ - ∑ ЕА – ТСөнімдерге - ТБСөндіріске
Б. Түпкілікті тұтынуды пайдалану әдісі түпкілікті (соңғы) тұтынудағы ЖІӨ-нің шығындарын, жалпы капиталдың қорлануын және таза экспортты (бастапқы табысты бөлу шотынан) көрсететді.
ЖІӨ = ТТШ + КЖҚ + ∆ Э + СА,
Мұндағы: ТТШ – таурлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудағы шығыстар сомасы;
КЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы
∆ Э = Э – И – тауарлар мен қызметтердің таза экспорты;
СА – ЖІӨ-ні есептеудегу өндірістік және түпкілікті пайдалану әдісі арасындағы статистикалық алшақтық.
Шығындар – тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардың сатушыларға төлейтін сомалары.
Түпкілікті тұтынудағы шығындар экономиканың үш секторына тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығындарынан қалыптасады: «үй шаруашылығы», «мемлекеттік басқару органдары», «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар».
«Үй шаруашылығы» секторындағы түпкілікті тұтынудағы шығындар Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар шетелдегі экономикалық аймақтардағы үй шаруашылығы резиденттерінің шығындарын бейнелейді. Оларға келесі шығындар кіреді:
сауда, рынок, жеке тұлғалар қысқа мерзімде жәнеүкіл мерзімде қолданатын жаңа тауарларды сатып алу;
нарықтық тұтыну қызметтеріне төлем; пәтер төлем, коммуналдық төлемдер, қонақ үй төлемдері, тұрмыстық қызмет төлемдері, шаштараз, монша, дәрігерлік мекеме, кино, театр, музей,қаржы және заң мемкемелеріне төлемдер, үйді, машинаны, көлік құралдарды жалға берудегі қызмет төлемдері;
үй шаруашылығының өзіндік тұтынуға өндірген тауарларының құны;
еңбекақы түрінде натуралды қалыпта келіп түскен тауарлар мен қызметтердің құны;
аурухана, клубтар, демалыс үйлерінің жұмыскерлерге ұсынылатын әлеуметтік-мәдени сипаттағы тегін (немесе төмен бағадағы) қызметтері;
коммерциялық емес ұйымдар, мемлекттік мекемелер натуралды формада берген әлеуметтік жәрдемақылар;
өз үйінде тұрудың шартымен есептелген қызметтердің құны;
үй шаруашылығының шетелден алынған және шетелге жіберлген сыйлықтарының айырмасы;
үй шаруашылығы сатып алған антикварлық бұйымдардың қалдығы және ұзақ мерзімді пайдаланудағы тұтынушылардың ұсталған тауарлары.
«Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтыну шығындары тегін қызметтер құнын қамтиды, осы мекемелер жеке тұлғаларға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, өнер және қоғамның т.б. қызмет көрсетеді. Осы шығындарға мыналар кіреді:
тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (капитал шығындағы шығындардан басқан);
жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындар;
салықтарды төлеу;
негізгі капиталды тұтыну.
Қазақстан Республикасының құрылымы немесе жалпы капиталдың қорлануы төмендегілердің сомасы ретінде қалыптасады:
а) негізгі капиталдың жалпы қорлануы;
ә) материалдың айналым құралдары қорының өзгерісі;
б) құндылықтарды таза алу.
Негізгі капиталдың жалпы қорлануы – резидент бірліктердің өндірісте қолдану арқылы ұзақ мерзімді инвестициялық объектілерге, жаңа табыс әкелу үшін келешекке салынған қаражаттары.
Негізгі капиталдың жалпы қорлануы келесі элементтерден тұрады:
негізгі капиталдың бар және жаңа түскен түрлерінің істен шыққанын шегеру арқылы алу;
өндірілмеген материалды активтерді жақсартуға арналған шығындар;
өндірілмеген активтердің жеке меншікке тапсыруына байланысты шығындар.
Материалды айналым құралдарының қорының өзгерісі өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің және кезең соңындағы тауарларды қайта сатудың және кезең басындағы сәйкес көрсеткіштердің құнының айырмашылығы ретінде есептеледі.
Сонымен жалпы ішкі өнім әр түрлі құрылымдар негізінде үш әдіс бойынша есептеледі, осыдан ол статистикалық алшақтыққа, сандық айырмашылықтарға алып келеді. Егер ЖІӨ-нің түпкілікті пайдалану әдісі бойынша есеп айырысудың ауытқуы, ЖІӨ-нің табыс кездері әдісі және ЖІӨ-нің өндірістік әдісімен салыстырғанда, 1-2 %-дан аспаса, бұл статистикалық қызметі дамыған елдерде бір шама қалыпты болып саналады.
Осыдан статистиканың ең басты міндеті – бухгалтерлік және статистикалық есеп берушілікті кәсіпорын деңгейінде жетілдіру, содан ол тауарлар мен қызметтер өндірісінің макроэкономикалық элементтерінен құрастырылған көрсеткіштер түрінде дәл бейнелейді.
Таза ішкі өнім ТІӨ = ЖІӨ - НКТ.
Ұлттық табыс есептегі кезеңде ҚР резиденттерінің жасаған барлық тауары мен қызметтерінің нарықтық құнын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының резиденттеріне түсетін табыстар жұмыскерлердің еңбекақысы және меншіктен түсетін табыстар болып табылады. Меншіктен түскен табыстар (МТТ) тікелей шетел инвестицияларынан алынатын инвестициялық табыс, рента, дивидент, пайыз түріндегі экономиканың барлық секторы алатын бастапқы табыстар.
Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) пен жалпы ішкі өнімнің сандық жағынан айырмашылығы мында: жалпы ішкі өнімге еңбек, капитал, жерге түсетін таза факторлық табыстар (ТФТ, табыстар бастапқы бөлу шотынан) да қосылады, демек:
ЖҮТ = ∑БТішкі экономика +∆ БТ «қалған әлем» = ∑БТішкі экономика + ТФТ,
секторларының секторларының
Мұндағы: ∆ БТ немесе ТФТ – Қазақстан Республикасының «қалған әлем» секторынан (резидент еместерден) алынған табыстар мен Қазастан Республикасының «қалған әлем» секторына төленген табыстар сомасының айырмасы ретінде анықталатын бастапқы табыстардың сальдосы немесе таза факторлық табыстар.
Таза ұлттық табыс жалпы ұлттық табыстан негізгі капиталды тұтынуды алғанға тең: ТҰТ = ЖҰТ – НКТ.
Қолда бар ұлттық табыс (ҚБҰТ) ағымдағы трансфеттердің мөлшерінде ұлттық табыстан ерекшеленеді. Қолда бар жалпы ұлттық табыс (ҚБЖҰТ, табыстарды қайта бөлу шотынан).
ҚБЖҰТ = ЖҰТ + ∆ Ағымдағы трансф. = ∑ ҚБҰТ экономика секторлары
Мұндағы: ∆ Ағымдағы трансф. – ағымдағы трансфеттер сальдосы (шетелден алынған және шетелге берілген ағымдағы қайта бөлу төлемдері). Ағымдағы трансфеттерге жататындар: сыйлықтар, меншікке және табысқа төленетін ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік төлемдер, сақтандыру сыйлықтары мен өтемдері, басқа да қайта бөлу төлемдері (айыптар, зейнетақылар, қамқорлық төлемдер, гуманитарлық көмектер және т.б. 1.2. тақырыпта қарастырылған). Ағымдағы төленген және алынған трансфеттердің ағымдағы сальдосының мәні – «үй шаруашылық» секторында оң, «қаржылық емес корпорациялар» және «қаржылық корпорациялар» секторларында теріс; «мемлекеттік басқару органдары» секторында 0-ге жуық болады, себебі берілген секторға түскен трансфеттер оларды басқа секторларға беруге арналған.
ҚБҰТ экономика секторының = БТсектордың + ∆ Ағымдағы трансф.
Қолда бар таза ұлттық табыс (табыстарды қайтара бөлу шотынан):
ТҚБҰТ = ҚБЖҰТ – НКТ.
ҚБҰТ ұлттық түпкілікті тұтыну және ұлттық жинаққа бөлінеді. Ұлттық түпкілікті тұтыну 3 сектордың түпкілікті тұтыну шығындарын қосады (олардың құралы ЖІӨ-ні түпкілікті пайдалану әдісінде қарастырылған).
Ұлттық жинақ – түпкілікті тұтыну шығындарынан қалған және қаржылық қамтуға бағытталған қолда бар табыстың бір бөлігі (табыстарды пайдалану шотында) ҰШЖ бойынша жинақ ақшаның және банк депозиттерінің өсімін ғана қоспайды, сондай-ақ өзге қаржылық актив өсімін де қосады және материалдық активтердің өсіміне бағытталуы мүмкін.
Экономика бойынша қолда бар түзетілген табыстың сомасы қолда бар ұлттық жалпы табыс сомасына тең.
ҚТЖҰТэкономикалық = ҚЖҰТэкономикалық =∑ ҚТЖҰТ + ҚТЖҰТ «мемлекеттік +
басқару
органдары,
коммерциялық
емес ұйымдар
және үй шаруа-
шылықтары
секторларының
+ҚҰТ қаржылық емес = ҚЖТберілген сектордың - ӘТнатуралды формада
және қаржылық үй шаруашылықтары
корпорациялар секторына берілген
секторының
Мұндағы: ҚТЖҰТ – экономика секторының түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табысы; ӘТ - әлеуметтік трансферттер.
Сонымен қатар «үй шаруашылықтарына» қызмет көрсететін коммерциялық емес ұймдар секторының ҚЖҰТ-ы былай есептеледі:
ҚЖҰТүй шаруашылықтары = ҚЖТүй шаруашылықтары - ӘТнатуралды формада
секторының секторының үй шаруашылықтары секторынан
алынған
Ұлттық жинақ – бұл тартымы бар табыстың түпкілікті (соңғы) тұтынуға жұмсалған шығынынан кейін қалған жәнеқорды қаржыландыруға бағытталған бөлігі (табысты қолдану шотынан). Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі анықтамада жинақ тек ақшаның бар болуы мен банк депозиттерінің өсімін ғана емес, сонымен қатар басқа да қаржылық активтердің өсімін қамтиды және материалдық активтердің өсіміне бағыттала алады.
ЖҰЖэкономикалық = ҚЖҰТ – НТТ - ∑ ЖЖэкономика секторының
Мұндағы: ЖҰЖ – жалпы ұлттық жинақ;
ЖЖ – экономика секторының жалпы жинағы;
НТТ – нақты түпкілікті тұтыну.
ЖЖ»қаржылық емес = ҚЖТ«қаржылық емес корпорациялар»
корпорациялар секторының секторының
ЖЖ «қаржылық корпорациялар»= ЖҰТ«қаржылық корпорациялар» + Зейнетақы қорындағы
секторының секторының үй шаруашылықтары
құралдарының таза
құнының өзгеруіне
түзетулер
ЖЖ«мемлекеттік басқару = ҚТЖҰТберілген сектордың – НТТ берілген
органдары» секторының сектордың
ЖЖ«мемлекеттік басқару = ҚТЖҰТберілген – НТТ берілген + Зейнетақы қорындағы
органдары» секторының сектордың сектордың үй шаруашылықтары
құралдарының таза
құнының өзгеруіне
түзетулер
Таза ұлттық жинақ (ТҰЖ) = ЖҰЖ – НКТ.
Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-). Таза несие беру экономика үшін қаржылық міндеттер сомасынан берілген мемлекет резиденттерінің резидент еместерге берген қаржылық активтерінің жоғарлауын көрсетеді. Ал таза қарызға алу (-) берілген қаржылық активтерден берілген мемлекет резиденттерінің қайтаруына тиесілі қаржылық міндеттердің өсу мөлшерін көрсетеді.
Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-) секторлар бойынша капитал шығындарын қаржыландыру үшін қайтарымды және қайтарымсыз формадағы секторлардың арасында берілетін қаржылық ресурстардың көлемін көрсетеді. Таза несие беру (таза қарызға алу) – бұл капитал мен операциялар шотының баланстық бабы. Ол есептік жолмен анықталады:
ТН (ТҚА) = ЖҰЖ + ∆КТ – КЖҚ – СА
Капиталды трансферттер – мемлекеттік бюджеттен алынған кәсіпкерлікке капитал салымдарын ақысыз қаржыландыру; приватизация процесінде капиталды беру, өткен жылдардағы қарызды кешіру және т.б. 1.2. тақырыпта қарастырылған.
КЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы: негізгі капиталдың, материалдық айналым қорларының, таза табылған құндылықтардың, өндірілген қаржылық емес активтердің қорлануы.
СА – статистикалық алшақтық.
Инвестицияларды қаржыландыру көздерін мына көрсеткіш сипаттайды: инвестиция өсімін қаржыландыру = ЖҰЖ + ∆КТ.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша экономика өндірісінің анықтамасын беріңіздер.
2. Өндірілген өнімнің құндық және натуралды көрсеткіштерін атаңыздар.
3. Өнеркәсіп өнімінің анықтамасын беріңіздер.
4. Ауыл шаруашылығы өнімі деп нені айтады?
5. Өнім өндіру нәтижесінің макроэкономикалық көрсеткіштерінің есептеу әдістемесін атаңыз:
- жалпы қосылған құн;
- негізгі капиталды тұтыну;
- таза қосылған құн;
- жалпы ішкі өнімді есептеудің өндірістік әдісі;
- жалпы пайда, жалпы аралас табыстар;
- түпкілікті тұтынудағы шығындар;
- жалпы ұлттық табыс;
- жалпы ұлттық жинақ;
- таза несиелендіру, таза қарызға алу.
Тақырып 6. Еңбек және айналым капиталының статистикасы
Дәріс сұрақтары:
1. Тауар айналымының статистикасы
2. Ақша айналымының статистикасы
1. Тауар айналымының статистикасы.
Тауар қозғалысы – бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудағы, түпкілікті тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортшы, импортшы, сауда агенті , брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының процессі.
Тауар айналымы – бұл анықталған кезең бойынша тауардың айналым процессі. Тауардың (Q) сатылыған тауарлардың көлемі (p) мен олардың бағасының (q) көбейткіштерге тең болады : pхq .
Тауар айналымының категориялары:
жалпы – тауар қозғалысы жолында өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық сатулардың шотын қайта қосқандағы сомалар;
таза - қайта қосылған щотты алмағанда , жалпы тауар айналымы ;
көтерме - тауардың ірі топтамасын өндірушілердің және сауда делдалдарының басқа делдалдарға керегін қайта сату үшін өндірістік, көпшілік тұтынушуларға сатуы;
бөлшек – кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа түпкілікті тұтыну үшін тауарды сатуы .
Буындылықтың коэффициенті – бұл қайта сату сандарының көрсеткіші. Ол жалпы тауар айналымының таза тауар айналымына қатынасы ретінде есептеледі.
Тауардың қоры - бұл тауардың анықталған бөлігінің рынокта тұрақты бар болуы . Тауар қорының көлемі натуралды және ақшалай формада анықтаған уақыт мерзімі бойынша тіркеледі. Сондықтан талдау жасаған кезде тауардың орташа қорының құны орташа шама формулаларымен есептеледі .
Қор сыйымдылығы - тауарлар қорларының тауар айналымына қатынасы. Бұл көрсеткіш тауар айналымы бірлігіне қанша тауарлардың қорлары келетінін көрсетеді.
Тауардың қорымен тауар айналымының қамтамасыз етілуі тауарлардың қорына жететін сауда күндерінің санын сипаттайды. Бұл көрсеткіш тауардың бір анықталған түрінің орташа тауар қорының осы тауардың бір күндік тауар айналымының қатынасына тең.
а) тауар айналымының жылдамдығы (айналымның саны- С):
тауар айналымының көлемі (Q)
С= ---------------------------------------------- ;
тауарлардың орташа қоры (Қ)
ә) тауарлардың бір айналымының уақыты (күн бойынша)
тауарлардың орташа қоры (Қ)
Ү= ------------------------------------------------.
бір күндік тауар айналымы (А)
2. Ақша айналымының статистикасы.
Ақша базасы (Б) – ҚР-дың Ұлттық банкімен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма- қол ақшалар (Ұлттық банктік емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.
Ақшалай базаның құрамына Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақшалар, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері және қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының депозиттері жатады.
Ақша массасы – шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет экономикасында барлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады.
Қазақстанда ақша массасы М0, М1, М2, М3 агрегаттарына бөлінеді. Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей:
М0 – айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралы ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктен тыс монета, банкнота сомалары;
М1- агрегат М0 + халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері;
М2 – агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың аударылатын депозиттері;
М3 – агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.
Ақша мультипликаторы (m): m= М / Б, мұндағы,
М – айналымдағы ақша массасы;
Б – ақша базасы.
Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктердің несиелік салымдарының көлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы М3 ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде банктік резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды. Егер ақша айналымдары каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылмаса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады.
Ақша массасы (агрегат М3 үшін) өсімінің факторлық талдауы:
,
Мұндағы, М1, М0 – есепті және базисті кезеңдегі М3 агрегаты үшін ақша массасы;
- есепті және базисті кезеңдегі ақша мультипликаторы^
Б1, Б0 - есепті және базисті кезеңдегі ақша базасы.
Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен:
А) ақша мультипликаторының өзгеруі:
ә) ақша массасының өзгеруі:
Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы:
Ұлттық валютаны сатып алу қабілеттілігінің есептелуі
1 теңгені сатып алу қабілеттілігі =1 тұтыну бағасы
Теңгенің сатып алу қабілеттілігінің номиналды индексін, АҚШ долларына қарағанда, теңге курсының өзгерістерін және жалпы ақша массасында шетел валютасындағы ақша айналымының бөліктерін есепке ала отырып, есептеуге болады:
1 теңгені номиналды 1
сатып алу = ---------------------------------------------------------------
қабілеттілігі 1 АҚШ долларына теңгенің қатынасының курсы
Айналымдағы ақша саны (V) немесе ақша бірлігі айналымының жылдамдығы:
V = ЖІӨ / М3, мұндағы
ЖІӨ - ағымдағы бағалардағы жалпы ішкі өнім;
М3 – кезеңдегі ақшаның орташа қалдығы.
Ақша айналымының саны жалпы ішкі өнімнің қызмет атқаруы үшін кезеңдегі төлем қаражаттарының ақшалай бірліктерінің орташа қайталамаларын сипаттау үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |