Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Тәртіптік комиссиясының 2015-2016 оқу жылы жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы мәлімет



жүктеу 67,44 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі67,44 Kb.
#4367

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Тәртіптік комиссиясының 2015-2016 оқу жылы жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы мәлімет
ОҚМФА-да ҚР ДМ №34 от 21.01.2009 ж. «ҚР ДС ведомствасына қарасты медициналық жоғары оқу орындарында жемқорлықтың алдын-алу іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 02.02.2009 ж. бастап Тәртіптік комиссия жұмыс істеуде.

Тәртіптік комиссия академияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мақсатында құрылған кеңес беру органы болып табылады.

Тәртіптік комиссия өз қызметінде ҚР Конституциясын, 18.11.2015 ж. № 410-V Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын, Тәртіптік Комиссия ережесін, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 11 қараша 2014 ж. бекітілген жемқорлыққа қарсы бағдарламасын басшылыққа алады.

Тәртіптік комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ықпал ету.

2. Академияда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.

3. ПОҚ және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру.

4. Жемқорлық факторлар мен сыбайлас жемқорлық қарсы шараларды қадағалау.

Тәртіптік комиссия келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1. Жемқорлықпен күрес бойынша жүргізілген іс-шараларлы үнемі қадағалау.

2. Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасау.

3. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, алынған мәліметтерді оқытушының рейтингісін есептеуге пайдалану.

4. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық бойынша алдын-алу іс-шараларын жүргізу.
Тәртіптік комиссияның атқарған жұмыстары:

Ректор 11.09.2015 ж. бекіткен ОҚМФА-да жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес төменде көрсетілген іс-шаралар жүзеге асырылды:

Тәртіптік комиссияның 2015-2016 оқу жылында 7 мәжілісі өтті.


  1. Академия корпустары мен жатақханада студенттердің ұсыныстары мен шағымдарына арналған 8 сенім жәшігі орнатылған. Жәшікке түскен хаттар акт незінде рәсімделіп, Тәртіптік комиссия мәжілісінде қаралды.

  2. Академияда «Сенім телефоны» орнатылған. Қабылданған қоңыраулар Тәртіптік комиссия мәжілісінде қаралды.

  3. Ақпараттық стенділер әр ғимараттың қабаттарында орнатылды. Онда:

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрілігінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының 1424

телефон номері;



  • Академиядағы сенім телефон номері;

  • ОҚМФА ukgfa.kz сайтындағы ректор блогы көрсетілді.

  1. Онлайн-портал құрылып, ректор блогы жандандырылды.

  2. Академияның оқу корпустарында 203 бейнекамера орнатылған: оның 12-і тест орталығында, 64 бейнекамера – бас корпустың периметрі бойынша (барлық 5 қабатта), қалған 107 бейнекамералар – оқу аудиторияларында.

Емтихан (компьютерлік тестілеу) және ОҚТЕ (Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан) технологиясымен тәжірибелік дағдыларды қабылдау жүргізілетін бөлмелер бейнебақылау қондырғылармен қамтамасыз етілген және емтиханға міндетті түрде тәуелсіз бақылаушылар қатысты. ОҚТЕ сатысында тәуелсіз емтихан қабылдаушылар қатысты.

  1. Аралық және қорытынды бақылау нәтижелері электронды ведомостқа тіркелді.

  2. Жылына 2 рет сессиядан кейін студенттерден (бакалавриат, интернатура, магистратура, техникалық және кәсіби білім беру факультеті) анонимді сауалнама алынды. Нәтижелері тәртіптік комиссия мәжілісінде талқыланды. Сауалнамаларда респонденттер академияда жемқорлық жоқ екендігін көрсетті.

  3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша кафедра оқытушыларымен кездесу-жиналыстары өткізілді.

  4. 21.10.2015 ж. академия акт залында академия білім алушыларының ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, ОҚО ІІМ, ІІМ қалалық бөлім мамандарымен, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы полицияларымен, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, қалалық әкімшілік, қоғамдық бірлестік мамандарымен «Жастар арасында құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері» тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді.

  5. Газеттер мен журналдарда төменде көрсетілген мақалалар жарияланды:

а) ЖОО журналдарында:

  • Еркинбекова А.С., Утегенов Б.Д. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының заңнамалық қалыптасуы. «Заманауи әлемдегі инновация мен ғылымды дамыту: мәселелері мен келешегі», Халықаралық гуманитарлы-техникалық университет. Мамыр, 2016 ж. .Шымкент қ.

- Еркинбекова А.С., Утегенов Б.Д. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақтану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журналы. Маусым 2016 ж. Шымкент қ.

б) «Қызмет» республикалық қоғамдық газетінде:

- Анартаева М.У. ОҚМФА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комииссиясының төрағасы, ОӘЖ жөніндегі проректор. Поддержали акцию за «Чистую сессию», «Қызмет» газеті, №28 (306), 15.07.2016 ж.



в) ОҚМФА «Денсаулық» газетінде:

- Анартаева М.У. ОҚМФА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комииссиясының төрағасы, ОӘЖ жөніндегі проректор. Поддержали акцию за «Чистую сессию». «Денсаулық» газеті, №07 (129), 2016 ж.;

- Сұлтанбекова Ұ.Ж. ОҚМФА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комииссиясының хатшысы. «За коррупцию расплачивается каждый из нас». «Денсаулық» газеті, №03-04 (125-126), 2016 ж.

- «Денсаулық» ақпарат». Антикоррупционная политика. Что мы знаем о коррупции. «Денсаулық» газеті, №8 (130), №9 (131), 2016 ж.

- Сұлтанбекова Ұ.Ж. ОҚМФА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комииссиясының хатшысы. А вы знакомы с основами антикоррупционной культуры? «Денсаулық» газеті, №09 (131), 2016 ж.

- «Денсаулық» ақпарат. Жемқорлыққа жол жоқ! «Денсаулық» газеті, №09 (131), 2016 ж.



  1. 05.04.2016 ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаменті қызметкерлері қатысуымен ОҚМФА ПОҚ-мен студенттері арасында өткізілген жиналысы өткізілді. Аталған жиналысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары: Альжанова Ж.С. және Колосков А.В. қатысты. Студенттерге қоғамда орын алып отырған сыбайлас жемқорлыққа төзбеу туралы, заңда көрсетілген 366, 367, 368 баптарын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы мен оқу құралы туралы таныстырып өтті. Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәлім-тәрбие берілді.

  2. 2015-2016 оқу жылы қыркүйек айынан бастап бакалавриат мамандықтарының жұмыс оқу жоспарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні таңдау пәні ретінде енгізіліп (ҚР БжҒМ 24 маусым 2015 ж №03-3/615 хатының негізінде) оқытылуда.


2015-2016 оқу жылы ОҚМФА-да жүргізілген «Таза сессия» акциясының нәтижесі
ОҚМФА-да емтихан сессиясы кезеңдерінде «Нұр Отан» жемқорлыққа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Таза сессия» акциясы жүргізіліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • ОҚМФА ректорының 30.12.2015 ж. №161 ө бұйрығымен академияда «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және жүргізу бойынша штаб құрылды (ОҚМФА ректоры, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының, академияның «Болашақ» жастар орталығының, студенттер Альянсының лидерлері және «Денсаулық» газеті мен ғылыми журнал редакторы құрамында).

  • Оқытушылардың этикалық нормаларды бұзғандығы туралы білім алушылардан түскен шағымдарды қарау, емтиханды ұйымдастыру және қабылдау ережелерін т.б. түсіндіру үшін «Қоғамдық қабылдау» жұмыстары ұйымдастырылды. Академия оқу ғимараттарының барлық қабаттарында «Қоғамдық қабылдау» жұмыстары туралы хабарландырулар ілінді.

  • Студенттердің шағымы мен ұсыныстарын қабылдау үшін «Жедел желі» сенім телефоны, сенім жәшіктері орнатылып, осылардың жұмысы туралы оқу ғимараттарының барлық қабаттарында хабарландырулар ілінді.

  • ОҚМФА сайтында (www.ukgfa.kz) жаңартылған нұсқада ректор блогы жұмыс істейді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннер мен сенім телефоны номері орналасқан.

  • Жеті жыл көлемінде ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау нәтижелері академияның электронды журналына тіркеледі. 2015-25016 оқу жылынан бастап PLATONUS білім бері порталы қызмет етуде.

  • Тәртіптік комиссия мүшелері студенттермен «Таза сессия» тақырыбында 12.01.2016 жылы дөңгелек стол өткізілді. Оған декандар, Қазақстан студенттері Альянсы мүшелері, әр курстан, әр мамандықтан белсенді студенттер (50 белсенді студент), тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлер қатысты.

  • 17.05.2016 ж. «Таза сессия» штабы, «Тәртіптік комиссия» мүшелерінің «Болашақ» жастар орталығы мен студенттер Альянсының белсенді студенттері арасында оқу процессін ұйымдастыру бойынша проблемалық сұрақтар және емтихан сессиясы кезінде оқытушының этикалық нормаларды сақтамаған фактілерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді (қамтылғандар саны – 65).

  • 2016 жылдың 04.04.2016 – 11.04.2016 ж.ж. аралығында «Таза сессия» тақырыбында барлық академиялық топтарда дөңгелек үстелдер, тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

  • Жемқорлыққа қарсы «Таза сессия» акциясының шеңберінде академияда жемқорлық фактілерін анықтау үшін академия студенттеріне 2 рет сауалнамалар жүргізілді (жемқорлық фактілері анықталған жоқ).

Қорытындылай келе, қысқы және жазғы сессия кезеңінде студенттер тарапынан ешқандай арыз, шағым түскен жоқ, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.




жүктеу 67,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау