Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет9/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
22 
Ұлттық  ойындар  баланың  дүниені  танып  білуіне  қадам  жасар  алғашқы  ӛмір 
кезеңінде  тікелей  қоршаған  ортамен  байланысын,  адамдармен,  қарым-қатынасын 
арттырушы құрал болып табылады. 
Қазақ халқының ұлттық ойындары - жеке адамдарды тәрбиелеу ғана құралы емес
қоғамдық ортаға тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік құрал ретінде күрделі қызмет 
атқарады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Балалардың ой ӛрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру . 36mektep.ucoz.kz. 
2.  Мендалиев Б.М.Ұлттық халық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың  
дене шынықтыру сабағында қолдану. Автореферат, Алматы, 2009 
3.  Майра  Темірханова  Тұрыскелдина.  «Даярлық  кластар  мен  топтардағы  дене 
тәрбиесі». Алматы. 1984ж. 
4.  Құрманбай Толыбаев. Кел, ойнайық. Алматы, «Ӛнер»,  1990, 64 б. 
5.  Нұрмұхамбетова  А.А.  Ұлттық  ойындардың  педагогикалық  тұрғыдағы 
зерттелуі.  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары,  Алматы, 
2008. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы тәрбиелеу мәселесі 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  значение  игр  в  воспитании  детей  дошкольного 
возраста. 
 
 
 
 
  БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӚРНЕКІ ҚҦРАЛДАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ 
 
Жаспанова Т.Қ. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Бүгінгі  таңда  елімізде  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дәрежеде  қайта 
қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі 
талаптар  -  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  бүкіл  әлімдік  білім  беру  кеңістігіне  толық 
енуі,  алғашқы  ұлттық  білім  тұжырымдамасының  даму  стратегиясын  жасап,  моделін 
құру және оны іске асыру. Осының негізінде білім берудің негізгі мақсаты  бастауыш 
мектеп оқушыларына білім беріп, білік пен дағдыны қалыптастыруға қол жеткізу ғана 
емес,  солардың  негізінде  ӛз  алдына  жауапты  шешімдер  қабылдай  алатын,  әр  істе 
белсенді  шығармашылық  әрекет  жасайтын,  жылдам  ӛзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде 
лайықты  ӛмір  сүріп,  еркін  жұмыс  істей  алатын  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  болып 
табылады. 
Бұл  мақсаттың  нәтижелі  шешімін  табу  үшін  жұмысты  үздіксіз  білім  берудің  ең 
алғашқы  сатысы-бастауыш  білім  беру  деңгейінен  бастаудың  маңызы  зор.
 
Ӛйткені, 
білімнің  кӛзі,  тәрбиенің  негізі  бастауыш  мектепте  қаланады.  Бүгінгі  күні  бастауыш 
мектептегі  оқу  пәндерінің  мазмұны  мен  мақсаты  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жұмыс 
түрлерін  ұштастыра  отырып,  оны  одан  әрі  жетілдіруді  ӛмірмен  байланыстыруды 
міндеттеп отыр. Бұл міндет тиімді оқыту құралдарын жетілдіріп, оларды қазіргі уақыт 
талабына  сай  жасау  қажеттілігін  кӛздейді.  Бастауыш  мектепте  негізгі  оқыту 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
23 
құралдарының  бірі  -  оқушының  байқау-кӛру  қабілетінің  ерекшеліктерін  ескеріп, 
дамытатын кӛрнекі құралдар болып табылады. 
Бүгінгі күні бастауыш мектептегі оқу пәндерінің мазмұнына сәкес мақсаты оқыту 
мен  тәрбиелеудің  жұмыс  түрлерін  ұштастыра  отырып,  оны  одан  әрі  жетілдіруді 
ӛмірмен  байланыстыруды  кӛздейді.  Бұл  ӛз  кезегінде  тиімді  оқыту  құралдарын 
жетілдіріп, оларды қазіргі уақыт талабына сай қолдануды меңзейді. 
Бастауыш  мектептің    негізгі  міндеті  –  баланың  жеке  басын  бастапқы 
қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның  қабілеттерін  анықтау  мен  дамыту.  Осы 
сатыдағы оқу мен тәрбие оңтайлы  қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу мен 
жазудың  берік  дағдыларын  үйренуге,  тілдік  қарым-қатынастың  қарапайым 
тәжірибесіне,  ӛзін-ӛзі    шығармашылық    тұрғыдан  таныта  білуге,  мінез-құлқының 
мәдениетіне,  жеке  гигиенаның  және  салауатты  ӛмір  салтының  негіздеріне 
бағдарланады. 
Қазіргі кезеңде оқыту құралдарының ішінде кӛрнекі құралдарының жүйелілігіне 
басты кӛңіл бӛлінеді. Педагогика тарихында кӛрнекі құрал мәселесі ерте заманнан-ақ 
ойшылдар  мен  ғұламалардың  назарында  болып,  соның  нәтижесінде  бірнеше  құнды 
шығармалар мен педагогикалық туындылар ӛмірге келді. 
Оқыту үрдісінде кӛрнекілікті XVII ғасырда чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян 
Амос Коменский енгізді. Ол ӛзінің «Ұлы дидактика» деген еңбегінде оқытуда адамның 
барлық сезім мүшелерінің қатыстырылуын талап етеді /4/. 
Я.А.Коменский  таным  мен  оқытудың  негізі  ретінде  сезім  тәжірибесін  алып, 
алғаш рет кӛрнекілік принципін теориялық тұрғыдан тұжырымдады және толық ашып 
кӛрсетті.  Кӛрнекілік  Я.А.Коменскийге  дейін  де  қолданылды,  бірақ  бұл  теориялық 
негіздемесі  жоқ,  эмпирикалық  деңгейде  болатын.  Ол  кӛрнекілікті  кең  мағынасында 
қарастырды,  тек  кӛру  ретінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  барлық  сезім  органдарын 
заттар мен құбылыстарды жақсы және анық қабылдауға шоғырландыруды кӛздеді. 
Оқытудағы  кӛрнекілік,  орыстың  ұлы  педагогы  К.Д.Ушинскийдің  дәлелдеуінше,   
-      оқуды      жалпы      ұғымдарға      емес,      нақты      фактілерге,  образдарға      негіздеу.   
Кӛрнекілік  әдісі   ӛз  бетінше  байқауға,   үйретуге негізделеді. 
Оқу процесінде кӛрнекі құралдарды пайдалану тиімділігі сабақ үстінде олардың 
әртүрлі  педагогикалық  жағынан  орынды  ұштастыра  білу  ғана  емес,  сонымен  бірге 
кӛрнекілік  пен  басқа  да  білім  кӛздерінің,  атап  айтқанда  мұғалім  сезімінің 
арақатынасына байланысты болады.
 
Кӛрнекі  оқытудың  негізгі  мәні  сабақты  түсінікті  етіп  жүргізу  үшін  тиісті 
құралдар  пайдалану  немесе  сабақты  тәжірибе  қою  арқылы  ӛткізу  болып  табылады. 
Оқу  материалдарын  сӛз  арқылы  түсіндіру  толық  нәтижеге  жеткізбейді.  Ӛйткені 
оқушылар мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол мазмұнның қандай нақты бейнелерді 
білдіретінін  білмейді.  Мұның  себебі  сабақ  мазмұнын  нақты  кӛріністермен  берік 
ұштастырылмағандығынан  деп  білуге  болады.  Тіпті,  ғылым  жетістігі  болып 
табылатын жаңа ой пікірлердің бәрі де нақты бейнелердің негізінде болмақ. Ӛйткені, 
бала  игеретін  ұғымдардың  бәрі  де  нақты  бейнелердің,  кӛрнекі  оқытудың  негізінде 
жүзеге асады. 
Кӛрнекі құрал білім кӛзі ретінде қолданылғанда, ол елеулі  мәселеде-жалпылама 
қорытынды  жасауда  -  негіз  болып  табылатынын  атап  кӛрсетіп,  негізгі  емес  қосалқы 
мәнін  атап  кӛрсетіп  отыруы  тиіс.  Мысалы,  тік  тӛртбұрыштардың  модельдерінің 
ӛлшемдерін  (үлкен-кішілігін)  түрліше  етіп  алу  керек  -  бұл  қарама-қарсы 
қабырғаларының тең болуы кез  келген тік тӛртбұрыштардың ортақ қасиеті екендігін, 
оның  қабырғаларының  ұзындығына  байланысты  болмайтынын  балалардың  кӛруіне 
мүмкіндік береді. Сӛз болса қабылдауды күшейтеді, сондықтан мұғалім оқушылардың 
байқағандарын бағыттап отыратындай нақты сұрақтар қойып отыруы керек. 
Кӛрнекі  құралдарды  пайдаланудың  тиімділігінің  негізгі  шарттары  сабақта 
кӛрнекі  материалды  жеткілікті  және  қажетті  мӛлшерде  қолдану  болып  табылады 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау