Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
48
В целом ответы на вопросы анкеты продемонстрировали большую
заинтересованность студенток кафедры в занятиях физической культурой и
валеологией. Валеологическими знаниями, наряду с большим объемом движений за
день и может объясняться как более высокий уровень самооценки здоровья, так и
меньшая заболеваемость студенток кафедры физической культуры и валеологии по
сравнению со студентками естественно-географического факультета. Приведенные
наблюдения, наряду с данными литературы, подчеркивают значение преподавания в
вузе дисциплин ―физическая культура‖ и ―валеология‖ для сохранения и укрепления
здоровья и повышения уровня работоспособности.
Система полезных знаний, а также практических навыков и умений, виды
упражнений, изучаемых студентами при проведении занятий физической культурой в
вузе, составляют основу культуры здоровья, включающей весь комплекс действий,
направленных на формирование здорового образа жизни. В этой связи
подготовленность обучающихся по физической культуре должна оцениваться не
только по посещаемости студентов, степени их участия в проведении занятий,
выполнении нормативов физической подготовленности, характеру самооценки и
оценки физического и психического состояния, но также по уровню знаний о
разностороннем влиянии физической культуры на здоровье. Осознание обучающимися
физического здоровья как одной из основных ценностей общества послужит
действенным мотивом формирования здорового образа жизни, как ее стиля и нормы.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада студент оқушылары арасында жүргізілген сұрақ-анкета арқылы,
ӛткізілген анализдармен қорытындылар арқылы дене жаттығуларының денсаулықты
ретке келтірудегі мәселелері беріледі.
РЕЗЮМЕ
В статье даны результаты анонимного анкетного опроса среди студенток,
сделаны анализы и выводы для решения проблемы коррекции здоровья средствами
физических упражнений.
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТАРИХ ПӘНІНДЕ
ҚОЛДАНУ
Аясханова К. Н.–оқытушы (Алматы қ., №4 кәсіптік лицей )
Білім беру деңгейі және оны заманауи талаптарына сәйкес жүргізу қазіргі
кезеңдегі кӛкейкесті мәселелердің бірінен саналады. Әсіресе қазіргі бәскелестік
кезеңінде сапалы білімнің негізінде ғана әлемдік ӛркениеттік үдерістен қалыс қалмау
мүмкіндігі туындаған. Білім рухани байлық екендігіне уақыт ӛткен сайые кӛз жеткізіп
келеміз. Білім беру ісінің күрделілігі және заман талаптарына сәйкес жаңа
технологияларды меңгеруді қажет ететіндігі айқындала түсуде. Десек те білім алудың
оңай әрекет еместігін атам қазақ ерте кездерде-ақ танып, «инемен құдық қазумен»
бекер теңестірмесе керек. Мұның ӛзінен бұл істің талмас талпынысты, мұқалмас
қайратты, ұшқыр ұмтылысты талап ететіндігі байқалады. Оқытуда, білім беруде
тынымсыз ізденіс болмаса оқытушының да беделі ортая түсері хақ. Сондықтан да
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
49
оқытушы немесе мұғалім бар ынта-жігерін, әдіс-тәсілін сабағының мәнді, әрі тәлімді
болуына арнайды.
Қазақстан дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім саласына назар
аударып, бірқатар реформалар жүргізді. Сол реформалардың аясында білім берудің
жаңа әдіс-тәсілдері туралы жиі айтылды. Осыған орай оқытудың қазіргі жүйесі
негізінде оқу орындарында сабақтарды ұйымдастырып, уақытты ұтымды пайдаланып,
оқушылар үшін тартымды ӛткізу ӛзекті бола түсуде. Оқытудың соны әдіс-тәсілдерін
тарих пәнінің сабақтарын жаңа талаптар ауқымында оқып-үйренуде пайдаланудың да
кӛкейкестілігі артып келеді. Осыған байланысты біз де тарих пәнінен ӛткізілетін
сабақтарға ерекше мән беріп, оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға тиіспіз.
Қазақстан тарихынан талдауға үлгі ретінде бір сабақтың тақырыбын алуды жӛн
кӛрдік. Бұл «Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және
отырықшыландыру» деп аталатын тақырып.
Сабақты ӛткізуде ең алдымен оның мақсатын анықтаудың маңызы зор.
Қарастырғалы отырған сабақтың мақсаты – Қазақстандағы ауыл шаруашылығын
жаппай ұжымдастыру және кӛшпелі, жартылай кӛшпелі қазақ ауылдарын
отырықшыландыру кезінде кеткен асыра сілтеушіліктер, зорлық-зомбылықтардың
орын алуына жол беріліуінің себептерін түсіндіру;
-сол кездегі большевиктік солақай саясаттың шын мәнін ашып, оқушыларға
деректерді тірек ете отырып жұмыс жасауға үйрету;
-оқулықтағы материалдарды игеру және оны осы кезеңде болып жатқан
ӛзгерістермен байланыстыру;
-тарихи шындықты негізге ала отырып, қазақтың қайсар ұл- қыздарының
ұлтына деген сүіспеншілігін, сіңірген еңбектерін үлгі ете отырып оқушылардың
еліне-жұртына деген махаббатын ояту, отансүйгіштік сезімді ұялату.
Сабақта мынадай кӛрнекті құралдар қолданылады: кестелер, диаграммалар,
қазақтың кӛрнекті қоғам қараткерлерінің, елбасыларының портреттері. Тақтаның
жоғарғы жағына мынадай сӛздер жазылады: ӛз тӛл тарихын, ӛткен тарихын білмеген
болашақты да болжай алмайды. Сонымен бірге кӛрнекілік үшін бір қатар құжаттар
ілінеді. Атап айтсақ, Алматыдан 35 шақырым жердегі Талғар ауданына қарасты Әли
елді мекені Диханбай қыстауында сол жылдары 2,5 мың адам жерленген. Сол жерге
орнатылған ескерткіш суреті, Қазақстан картасы, сол жылдардағы оқиғаларға
байланысты плакаттар, «Бесеудің хатының» түп нұсқасы және т.б.
Сабақты ӛткізуде мына әдістерді қолданған дұрыс: интерактивті инновациялық
ахуалдық, презентациялық, жеке топтық, т.б. Бұл тақырыпты ӛту барысында
география, қазақ әдебиеті, статистика пәндерімен тығыз байланыс жасалады.
Ұйымдастыру кезеңіеде оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, журналға белгі қою
әрекеттерә жүргізіледі. Қағаз – қаламдарын дайындатып, оқушылардың назарын жаңа
сабақ ӛтуге бейімдеу қажет.
Оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану мектепте сапалы білім алуға
септеседі. Осыған орай «Қазақстан тарихы» пәнінен ӛткізілетін сабақтарда
интерактивті инновациялық ахуалдық, презентациялық, пресс-конференция, жеке
топтық, т.б. әдістер пайдаланылады. Аталғандарды ӛткен сабақтарды қайталауда
пайдаланған тиімді. Осы мақсатта мынадай мазмұндағы сауалдар қойылады:
1. Ауыл –шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңында қазақ ауылының жағдайы
қандай болды?
Бұл сұраққа мынадай жауап бріледі.а) ЖЭС негізінде республикада мал саны
1929 жылы 40,5млн. Болды.1913 жылмен салыстырғанда 1926 жылы 29,9 есе ӛсті.
б) орташалармен кедейлердің одағы нығая түсті, бірақ ол кӛпке бармады.
Ф.И. Голощѐкин «Ауылды кеңестендіру» ұранымен тап күресін шиеленістірді. «Кіші
қазан» революциясын жүргізу үшін бар күшін салды. «Ұлтшыл» деген кінә тағып,
қудалауға ұшыратты.
Достарыңызбен бөлісу: |