Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет65/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
136 
Театрланған  ойындар  әдебиет  пен  театрға  қызығушылық  оятып,  балалардың 
рухани-эстетикалық  дамуына  ықпал  етеді.  Ойынның  бұл  түрі  баланың  дамуына, 
сӛздікті  белсенді  пайдалануына  себін  тигізеді.  Ол  балаларды  тиянақты  ой  түюге, 
сұхбаттасымен  диалогқа,  талқылауға  ынталандырады,  демек,    коммуникативтік 
құзыреттілікті  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Осы  мәселе  бойынша  мәліметтерді 
талдай  келе,  біздің  айтатынымыз:  театрланған  ойындардың  сюжеттік-рольдік  және 
басқа  ойындардан  айырмашылығы  мұнда  еркін  балалар  ойынына  тән  іс-қимыл  және 
ойын  кеңістігін  таңдау  еркіндігі  жоқ.  Театрланған  ойындарды  оқу  үдерісінде 
пайдалануда  педагог  анықтаған  мақсат-міндеттер  болады.  Біз  зерттеуімізде 
театрланған ойындар бала тұлғасының коммуникативтік құзыреттілігін, соның ішінде 
шет  тілінде  де  қалыптастыру  үдерісін  байытуға  мүмкіндік  береді  деген  деректі 
негіздейміз.  
Театрланған ойындар оқу үдерісін байытып, оны дәстүрлі қалыптардан арылтып, 
қайталанбас үлгіде ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап кеткен жӛн.  
  № 1 кестеде біз кӛрнекі-бейнелі түрде оқыту мазмұнын және соған сәйкес оқу-
тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыру қалыптарын театрланған ойындар арқылы үйлестіруді 
ұсынамыз.  
 
№ 1 кесте 
Оқу үдерісін театрланған ойын құралдары арқылы ұйымдастыру 
 
 
 
Театрланған ойындар 
 
 
 
  
 
Театрланған  ойындарды  осылай  пайдалану  С.Т.Шацкий,  А.С.Макаренко  сияқты 
классиктердің  тәжірибесінде  орын  алған.  Атақты  педагогтар  ойынның  зор  маңызын  
ерекше  бағалаған.  Макаренконың  ескерткеніндей,  «бала  ӛмірінің  кӛптеген  терең  де 
мәнді  жақтары  ашылмай,  жасырын  қалып,  психикаға  кері  әсерін  тигізіп,  кӛптеген 
түсініксіз  қылықтың,  қырсығудың,  түсініксіз  аурулардың  пайда  болуына  себепші 
болады»  (1,  272-б.).  Ұлы  педагогтың  пікірінше,  театрланған  ойындар  не  драмаланған 
ойындар  ішкі  шиеленісті  тарқатып,  баланың  сау  психикасын  дамытуға  мүмкіндік 
беріп,  баланың  тілінің  дамуына  оң  әсер  етеді.  Театрланған  ойындардың  психиканы 
сауықтыру қызметі, міне, осында.    
Н.П.Аникееваның    пікірі  бойынша,    театрланған    ойындарды    оқу-тәрбие  
үдерісінде  пайдалану: 
а) ұжымды  жұмылдыруға; 
ә) сабақтың  танымдық  маңызын  арттыруға; 
б) шығармашылық  ахуал қалыптастыруға; 
в) тұлғааралық  қарым-қатынасты  белсендендіруге  септігін  тигізеді (5, 3б). 
Кӛптеген  педагог-ғалымдардың    пікірі  бойынша,    театрланған    ойындар  
балаларды  тәрбиелеп  қана  қоймай,  шет  тілдерге де  тиімді  үйретеді,  себебі  сабақ  
Дайындық 
сабақтары: 
Театрлану 
элементтері  бар 
ойындар. 
 
Сӛзі 
жоқ 
ойындар: 
мимика  мен 
қимылдарды 
қолдану 
Драмаланған 
ойындар. 
Режиссерлік 
ойындар 
Шағын 
спектакльдер 
 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
137 
дәстүрлі    қалыпта    жүргізілмейді.  Шығармашылық    ахуал    балалардың    сабақтағы  
белсенділігін  арттырып,  ӛзін, ӛзінің  әлемдегі   орнын  тануға, ӛзін  түрлі   рӛлдерде  
сынауға,  түрлі  сезімге  берілуіне  мүмкіндік береді. Бұл  ӛз   кезегінде,  баланың    ӛз  
пікірін  белсенді  білдіруге,  коммуникативті  міндеттерді  атқаруға,  құрдастарымен,  
ересектермен    байланыс    орнатуға,    тұлғааралық    байланыс    пен    ӛнімді    тілдесімнің  
жаңа  әдістерімен  танысуға  мүмкіндік  береді . 
Л.С.Выготский  педагогтар  негізінен  білім беру  үдерісінде   ұсынылатын  оқу  
материалын  есте    сақтауға  үйрететінін    ескертіп,    бұл  тұста    кеңес    мектебін  
психологияға  қарсы  деп  атаған.   Ӛкінішке орай,  кӛп  жыл  бұрын   айтылған  осы  
ескерту    ӛз    ӛзектілігін    қазір    де    жоғалтпаған.  Сондықтан  осы    кемшіліктен    арылу  
үшін  оқу-тәрбие   үдерісінде  қандай  құралдарды  пайдалануға  болады  деген  заңды  
сұрақ  туындайды. 
Оқу  үдерісінде    театрланған    ойындарды        пайдалануда    маңыздысы  -    осы  
ойындарды  дұрыс  ұйымдастыру. 
Мұның  ӛзі: 
1) тақырыптардың  мазмұндылығы  мен  кӛп  түрлілігіне; 
2)  театрланған    ойындарды    педагогикалық  үдерісті    ұйымдастырудың    барлық  
қалыптарына  үнемі,  күн  сайын  енгізуге; 
3)  балалардың    ойынды    дайындап    ӛткізудің    барлық    кезеңдеріндегі    жоғары  
белсенділігіне; 
4) театрланған  ойындарды ұйымдастырудың  барлық  кезеңдерінде балалардың  
бір-бірімен  және  ересектермен бірлескен  әрекетіне; 
5)  театрланған    ойындарды  коммуканикативтік    біліктілікті    игеруде    кезеңмен  
пайдалануды  ұйымдастыруға    байланысты. 
 Педагог    зерттеушілердің    пікірінше,  театрланған    ойындарды    сабақта  
пайдалану    үдерісі    бастапқы    кезеңде    еліктеу    негізінде    құрылады,  мұның    ӛзі  
мектепке    дейінгі    және    кіші    мектеп    жасы    балаларының    негізгі    ерекшеліктерін  
ескеруде  ӛте маңызды. 
Дұрыс    қойылған    сұрақтар    күрделі    жағдаяттарды  ойластыруға,    талдауға,  
қорытындылауға,    жалпылауға    ынталандырады.  Ойды    дамыту    тілдесімді  
жетілдірумен    тығыз    байланысты.  Кейіпкерлер    сӛздерінің,    ӛзінің    сӛйлемдерінің  
мәнерін  жетілдіру    баланың    сӛз    байлығын    дамытып,  дыбыстарды  дұрыс  айтуын 
жақсартады. Жаңа  рӛл, әсіресе  кейіпкерлер  диалогы  баладан  нақты, анық,  түсінікті  
сӛйлеуді    талап    етеді.  Оның    диалогтық    тілі    дамып,    сӛйлеуінің  грамматикалық  
құрылымы  жетіліп, сӛздігі  белсенді түрде толықтырыла  түседі (2) . 
Театрланған  ойындардың  ерекшелігі  сюжетке байланысты рӛлдерді  ойнауда,  
мұның    ӛзі    балаларды    тәртіпке      үйретеді,    себебі    олар    белгілі    бір  ережелерге,  
ерікке,    жоспарға    бағынуы  тиіс.  Бұл    балаларға    рухани    тәжірибені    иемденіп,  
байытуға,  эмоциялық  сезімталдықты  тәрбиелеуге  кӛмектеседі. 
Театрланған    ойындар    оқу-тәрбие    үдерісінде    ӛте    тиімді,  себебі    бұл  
құралдарды    пайдалану    шығармашылықтың    ұжымдық  сипатын   ескереді.  Бірлескен  
іс-әрекет  пен қарым-қатынас  үдерісі, бірқатар авторлардың пікірі бойынша,  балалар  
бір-бірімен    серіктес    ретінде,    ересекпен    режиссер    ретінде    әрекеттескенде    іске  
асады. Әрқайсысы ӛз  рӛлдерін  орындайды, бірақ  шығармашылық  үдеріс барысында 
олардың бәрі бірдей  мақсаттармен  бірлескен. 
Театрланған  ойындар  балалар  қиялын дамытады. 
Театрланған    ойындарды    білім  алу    үдерісінде    пайдаланғанда      балалардың 
мынадай    ерекшеліктерін    дамытқан  жӛн:  байқағыштық,  ерік-жігер,  ӛз  қылықтарын 
бағалай  білу,  ӛз  бақылауларын    талдап-жалпылау,  сезімталдық,  ӛзін-ӛзі  бақылау 
қабілеті  және  т.б.    Қабілеттердің  осындай  кең  кешенін    дамыту    балаға  ӛзін  іс- 
әрекеттің    кӛп  түрінде  айқын  білдіруге  мүмкіндік  береді.  «Балаларды    ӛнер  тілімен 
таныстыра  отырып,  біз  оларды    шығармашылық    зертханасына    кіргіземіз,  әлемді 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау