Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет67/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
140 
етіп, оның мәнін түсінбейтіндер де баршылық. И. Гете: "біліп қана қою аз, сол білгенді 
іске  қолдана  білуің  керек,  ниеттену  ғана  аз,  сол  ниетіңді  іске  асыруың  керек" 
деген.


.
232
231
,
1
бб

 
  
Қазақстан Республикасы, ӛзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, қоғамның сан 
қырлы  басқа  салаларымен  қатар  білім  беру  саласында    реформалауға  кірісті.  Бұдан 
елімізде  білім  саласының  деңгейі  бұрын  тӛмен  болды  деуге    болмайды.  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  12  бабында  заңдар  мен  халықаралық  шарттарға 
байланысты,  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың,  сондай-ақ  елімізде 
тұрақты қоныстанған шетелдіктердің білім алуды жүзеге асыра отырып, құқықтар мен 
бостандықтар пайдаланылады және міндеттер атқарылады. 


.
10
,
2
б  
«Білім  туралы»  заңы  осы  заң  білім  беру  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды 
реттейді,  осы  саладағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  ұстанымдарын  айқындайды. 
Онда жалпы ережелер, білім беру ұйымдарын басқару, білім беру бағдарламалары мен 
білім  деңгейлері,  білім  беру  жүйесін  басқару,  білім  беру  қызметінің  субьектілерін, 
әлеуметтік  кепілдіктері,  білім  беру  саласындағы  халықаралық  қызметі  және 
т.б.нәрселер  "Білім  туралы"  Заңның  68  —  бабында  анықталған.  Білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің даму 
негізін  құрайтын  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамытудың 
мақсаттары  мен  міндеттерін,  құрылымы  мен  мазмұнын  және  басты  стратегиялық 
бағыттарын  айқындайтын  ғылыми  теориялық,  әдіснамалық  құжат  болып 
табылады.


.
5
,
б  Білім беру жүйесінің басты міндеттері ұлттық және жалпы азаматтық 
құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін 
кажетті  жағдайлар  жасау  деп  атап  кӛрсетілді.  Білім  беру  педагогика,  психология, 
философия,  тарих,  экономика,  әлеуметтану  секілді  ғылымдар  қатарын  зерттеудің 
объектісі мен пәні болып табылады.  
Білім  беру  әлеуметтануы  —  білім  жүйесін  әлеуметтік  институт  ретінде  және 
оның  қоғаммен  ӛзара  әрекеттестігін  зерттейтін  ғылыми  пән.  Мұнда  білім  жүйесінің, 
(мектептің,  кәсіби  және  жоғары  білім  беру  орны),  оқытушы  мен  оқушы  арасындағы 
ӛзара  қатынастардың,  мектеп  пен  сыныптары  ішіндегі  байланыстардың  мәселелерін 
анықтайды.  Сонда  білім  беру  әлеуметтануының  саласы  педагогикалық  әлеуметтану 
саласын қалыптастырады.  
Білім  беру  жүйесі  —  әлеуметтік  институттың  ең  маңыздыларының  бірі.  Қазіргі 
қоғамда  әлеуметтенудің  шешуші  құралы  білім  жүйесі  болып  табылады.  Білім  беру 
жүйесі  ӛзінің  маңыздылығы,  мазмұны,  кӛлемі  жағынан  қоғам  ӛмірінде  шешуші  рӛл 
атқарады. Білім жүйесінің басты сатылары: мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі, орта 
білім,  кәсіби-техникалық  білім,  жоғарғы  арнайы  білім,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
кадрларды  қайта  даярлау  мен  біліктілікті  үздіксіз  жоғарлату  жүйесі.  Білім  беру 
әлеуметтануы  білім  жүйесінің  кӛрсетілген  әр  деңгейінің  әлеуметтік  мәселелерін 
зерттейді.  
Мектепке дейінгі мекемелердің адам тәрбиесінің, оның еңбекқорлығы мен басқа 
қасиеттерінің  негізін  қалау  процесінде  маңызы  зор.  Қоғамның  маңызды 
институттарының  бірі  ретінде  мектепке  дейінгі  мекемелердің  әлеуметтік  қызметтерін 
былай бӛліп кӛрсетуге болады. 

 
Жас баланың тән және психологиялық денсаулығын қорғау және нығайту; 

 
Балалардың  білім  алуға,  жан-жақты  дамуға  және  мектепте  оқуға  жалпы 
мәдени психологиялық құқығын жүзеге асыру; 

 
Құрдастары ортасында әлеуметтік мінезін қалыптастыру; 
Мектептегі оқытудың, тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі 
тәрбиеден айырмашылығы, мектептің баршаға ортақтығында. Мектеп балаларға  және 
жас  буынға  ӛмірлік  жол  кӛрсететін  орда.  Осы  қоғамда  мектеп  деңгейі  мен  бағыты, 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
141 
сонымен бірге білімнің мақсаты мен міндеті  бойынша жіктелген. Ол табиғи талапты, 
бейімділікті,  қабілеттілікті,  жан-жақты  қызығушылықты,  ӛнегелі  тәрбие,  саналы 
тәртіпті  нығайтады,  қоғамның  талабын  орындауға  үйретеді.  Мектеп  бітірушісі 
осылардың  негізінде  кәсіби  білімнің  немесе  жоғары  білім  беру  салаларының  біріне 
тоқталады. 
Кәсіби  білімді,  кәсіби  техникалық  және  жоғары  маман  алуды  зерттеу  үлкен 
мәселе. Кәсіби техникалық  дайындық әр түрлі  шығындарға қарамастан, білім алудағы 
маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін  білім алушылардың 
білім алу деңгейі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарлатудағы рӛлі мен халық 
шаруашылығындағы мәселелер маңызды болып табылады. 
Жоғары білім беруге келетін болсақ, әлеуметтануда жастарды оқыту, әлеуметтік 
мәртебесін  анықтау,  болашақтағы  ересек  ӛмірге  мүмкіндігінше  баға  беру,  қоғамдағы 
субъективті  талпыныс  пен  объективті  қажеттілігіне  сәйкестену  істерін  талдау, 
дайындықтың  сапасы  мен  тиімділігін  анықтау  маңызды  мәселелерге  жатады.  Қазіргі 
жағдайда  жоғары  білім  беру  сапасын  зерттеу  студенттердің  академиялық  үлгерімін 
ғана емес, сонымен бірге талапкерлер мен студенттердің үлгерімін (білім деңгейі, жеке 
тұлғалық  қасиеттері  және  т.б.),  оқыту  құралдарының  сапасын  (оқытудың  жаңа 
технологияларынан  қол  үзбеу,  компьютерлендіру  және  т.с.с.),  педагогикалық 
персоналдың деңгейін (оқытушылар құрамы, ғылыми атағы бар оқытушылардың саны) 
және  басқа  кӛрсеткіштерін  талдайды.  Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену  педагогика 
теориясы  мен  оқу  тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  ӛзгерістерге    байланысты:  білім  берудің 
мазмұны  жаңарып,  жаңа  кӛзқарас,  басқаша  қарым-қатынас,  ӛзгеше  менталитет 
қалыптасуда.  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  қазір  ӛзінің  элементтері  мен 
буындарына  қатысты  негізгі  ӛзгерістерді  бастан  кешіруде.  Мемлекеттік  оқу 
орындарымен  бірге  жеке  меншік  оқу  орындары  пайда  болды.  Дәстүрлі  бұқаралық 
мектеппен бірге сыныптар мен пәндерді тереңдетіп оқытатын лицейлер, гимназиялар, 
колледждер,  арнайы  мамандандыру  мектептері  пайда  болды.  Тегін  білім  беру  жүйесі 
мен  қатар,  барлық  буындарда  бала-бақшадан  университетке  дейін  ақылы  білім  беру 
қалыптасты.  Білім  беру  әлеуметтануының  әлеуметтік  саясат  мәселелерін  жүзеге 
асырудағы  міндеттері:  білімнің  әртүрлі  қызметтерін  оңтайландыру,  әртүрлі  салада 
(ӛндірісте,  ғылымда,  мәдениетте,  басқаруда)  оның  тиімділігін  арттыру  істеріне 
ұсыныстар  беру.  Сондай-ақ,  жалпы  қоғам  дамуында  оның  адам  факторын  белсенді 
етудегі  рӛлін  анықтайды.  Егер  дәстүрлі  қоғамдарда  білім  беру  жекелей  әсер  етуі 
арқылы шеберден оқушыға, үлкеннен кішіге ӛтіп отырса, онда қазіргі қоғамда жалпыға 
бірдей  қалыпты,  ресми  түрде  білім  беру  іске  асырылып  отыр.  Бұл  әрине,  білім  беру 
жүйесін  қоғамның  барлық  мүшелерінің  әлеуметтену  факторына  және  құралына 
айналдырады.  Білім  берудің  қоғам  дамуындағы,  экономиканың  жоғары  бәсекеге 
қабілеттілік  пен  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  рӛлін  түсінген  мемлекеттер 
бүгінде ӛз білім беру жүйелерінің осал жерлерін анықтау арқылы тиісті реформаларды 
жүзеге  асыруға  бет  алды.  Әр  мемлекетте  мұндай  реформалар  олардың  білім  беру 
саласындағы  саясатына  байланысты  әр  түрлі  жолдармен  жүзеге  асады.  Бүгінгі 
жаhандану  мен  нарықтық  қатынастар  жағдайында  білім  беру  сапасы  бірқатар  жаңа 
сипаттамаларға ие болып отыр.  
Елімізде  білім  беру  жүйесінде  мынадай  ӛзгерістер  пайда  болды.  Бұлар:  Ұлтық 
бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ),  «Интерактивті  тақтаның»  мектептерге  қойылуы, 
мектептердің  әлемдік  дерекнамалық  жүйеге  (INTERNET-ке)  қосылуы,  12  жылдық 
жалпы орта білім беру жүйесіне кӛшу. Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектеп халықаралық 
білім  беру  стандартына  сәйкес  келу  болып  табылады.  Еуропа  кеңесінің  (1992  ж.) 
Декларациясында кӛрсетілгендей 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңестігінде 136 
елде  жүзеге  асырылуда.  12  жылдық  орта  білім  беру  тұжырымдамасының  мақсаты  — 
12  жылдық  мектеп  жағдайында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім  беру 
жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау. Бүгінде Қазақстанның 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау