Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет66/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
138 
кӛркем  тану  жолдарын  ашамыз,  қоршаған  орта  құбылыстарына    эстетикалық 
кӛзқарасты  тәрбиелейміз,  олардың  ішкі    рухани  күшін    жігерлендіреміз»  (3,  348-б). 
Педагог  балалардың  зейінін,  сӛздің  бейнелі  табиғатына  сезімталдығын  дамытып, 
қиялын оятып, мәтін негізінде кӛз алдына жарқын кӛріністерді  елестетуге кӛмектесуі 
тиіс. Сонымен қатар ол ӛз оқушыларына сезімдерін «сӛзбен жеткізуді» үйретуі керек. 
Мұғалім  балалардың  ӛз  іс-тәжірибесіне  сүйене  отырып,  оларға  жақын  мысалдар  мен 
салыстыруларды  пайдаланып,  қиялын  дамытады,  баланың  эмоциялық  жадын 
күшейтіп, олардың санасында түсінікті де қызықты ассоциацияларды туғызады.  
Балалар үшін  оқу-шығармашылық  үдерісінің  ӛзінің  зор маңызы бар.  Сонымен 
бірге  мұғалім  педагогикалық  міндеттерді    шешуге    талпынады  (А.Д.Кошелева, 
Л.П.Стрелкова    және    т.б.).  Мектеп    жасына  дейінгі    кезеңде    ӛте    құнды    болып  
табылатын    сабақтың    осы    түрі    мектепте  неғұрлым    мақсатты    сипатқа    ие    болды,  
себебі  оған    балаларды    ұсынылған    жағдайда    әрекет    ету    біліктілігіне    үйрету  
элементтері  енгізілген. 
Балалардың    ойналатын    шығармалар    мен    сюжеттердегі    кейіпкерлердің  
әрекетінің    рухани    қырын  сезіммен  қабылдау  қабілетін    тәрбиелеген  жӛн.  
Оқушылардың  назарын  қолданылатын    лексика,  сӛйлесімнің    құрылымына      аудару  
керек.    Педагог    балалар    зейінін  сауатты    ұйымдастырып,    олардың    ой-қиялын  
бағыттап, қиял  жағдайындағы мақсат, міндет,  әрекеттерді  нақтылаған  жӛн. 
Сценарий,  сюжет  таңдауда  кӛп нәрсені ескеру қажет, себебі  дайындық кезінде  
бірқатар тәрбиелік  және педагогикалық  мақсат-міндеттерді  орындау кӛзделеді. Бала  
орындай алмайтын материалды таңдай отырып,  педагог  баланың  ӛзінің  тәжірибесін  
қолдану  мүмкіндігін,  сезім  жады  мен  қиял  қорын, ӛзін  коммуникативті  іс-әрекетте  
білдіру  талпынысы мен  қабілетін  шектейді. 
 Тұтастай  алғанда  сахналық    қойылымдар    мен  сюжеттер  ұғынымды    болуы  
керек,    яғни,  олар    мектепке    дейінгі    балалардың    және  бастауыш    сынып  
оқушыларының    жас  ерекшеліктеріне    сәйкес    келуі  тиіс  (Л.А.Абрамян, 
Я.З.Неверович). 
Кӛрнекті    орыс    педагогтары    мен    психологтары        театрланған  ойындарды  
балалардың шығармашылық  іс-әрекеті  ретінде  қарастырады. 
Мәселен,  Ю.И.Рубина,  Т.Ф.Завадская,  И.Н.Шевелев    сияқты    зерттеушілер 
театрланған    ойындарды    оқу-тәрбие    үдерісінде    пайдалануды    кӛркем- 
шығармашылық  іс-әрекеттің  кӛрінісі  деп  бағалайды. 
К.С. Станиславский  дауыстың  қойылуына  ерекше  мән береді,  себебі  сӛйлесім  
мәнерлі,  айқын  дыбысталуы  тиіс.  Мұның  ӛзі  ӛз  кезегінде  педагогты баланың ана 
тілін    не    басқа  тілді    дамытуға    бағдарлайды.  Сӛзбен  берілген  әрекетті    меңгеру  
айтылатын  мәтінде  ой,  сезім,  ерікті  білдіру  біліктілігін  қалыптастыру  деген сӛз. 
Сонымен    бірге    кері  хабарламаны    қабылдай  білу,    оны    дұрыс    ұғыну,  
коммуникативтік  жағдаяттан  шыға  білу балалардың коммуникативті құзыреттілігін  
қалыптастырады. 
 Белгілі  педагогтардың  пікірі  бойынша,  оқушыларда    тиісті    коммуникативтік 
біліктілікті  әдістемелік  тұрғыдан  дұрыс  ұйымдастыру қиын емес,  бірақ  педагогтан  
ерекше зейінді,  балалардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін,  олардың нақты  ӛмірлік  
тәжірибесін  ескеруді, табанды  және  жоспарлы  жұмыс  жүргізуді  талап етеді. 
Сӛзді    нақты    серіктеске    бағдарлаудың    ӛзі    күнделікті    адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастың табиғи  қасиеті.  Кез-келген  саналы  әрекет  әрқашан  ең  алдымен    
мақсат  белгілеумен    анықталады.    Сӛзбен  берілген    әрекет  те    солай.    Бұл    жағдайда  
кӛп  жаттыққан  дұрыс, ол  баланың  тілін  нақтылап, айқындап  қана  қоймай,  оқушы  
тілінің  мәнерлік  бедерін  қалыптастырады.  
Театрланған  ойындар  басқалармен  араласуға  ынтасы  жоқ  балаларға,  ӛзінің 
қабілеттілігіне  толық  сенімі  жоқ  балаларға  ықпал  етудің  тиімді  құралы  болып 
табылады.  Мұндай  балалар  басқа  балалармен  байланыс  орнатуға,    тілдесімге, 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
139 
ұжымдық  әрекетке  қатысуға  қорқады.  Театрланған  ойындар  осы  психологиялық 
шиеленістен  арылтып,  бастамашылығы  тӛмен,  ӛзіне  сенімсіз,  аффектілі  балаларды 
ӛзара әрекетке, тілдесімге тартады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Балл Г.А. Теория учебных задач.- М.: Педагогика, 1990.- 169с. 
2.  Леонтьев А.А. Теория речевой деятельности- М.: «Высшая школа»,1971-294с. 
3.  Выготский Л.С. Психология искусства – М.: «Просвещение», 1986- 348с. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзіреттілігін 
театр ойыны арқылы қалыптастыру қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  автор  попытался  раскрыть  формирование  коммуникативной 
компетентности в дошкольном возросте средствами театральных игр. 
 
 
 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНДЕГІ 
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Байсеитова А.Н.- 6N0501- -магистрант,   
Оспанов С.И. - филос.ғ.к, доцент  
 
Мақаланың  мақсаты:  Білімнің  әлеуметтік  қызметі  жалпы  адамзаттық  талапқа 
және адам баласы жинақтаған білімді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, дамытуға, білім алу 
мен мәдениеттіліктің талабы мен қажеттілігіне байланысты. Білім беру — бүкіл қоғам 
мүшелерінің зерделік және мәдени дамудың жоғары деңгейін және кәсіби білімділігін 
қамтамасыз етудің келешекке тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі. 
Мақаланың  міндеті:  Білім  беру  әлеуметтануы,  сондай-ақ  білім  жүйесінің 
әлеуметтік  институт  ретінде  қоғаммен  және  оның  негізгі  элементтерімен  ӛзара 
әрекеттесулерін 
зерттейді. 
Білімнің 
қоғамдық 
ӛндірістегі, 
экономикалық 
қатынастардағы, саяси жүйедегі, рухани ӛмірдегі ролдерін талдайды. 
Мақаланың  мақсаттары  мен  міндеттеріндегі  әлеуметтік  жағын  талдау: 
Жалпы білімнің маңызы жӛнінде әр түрлі кезеңдерде кӛптеген ғалымдар пікір айтқан. 
Оның маңыздылығы туралы кең бұқара халық та хабардар болатын. Әуелде білім беру 
тек рухани-интеллектуалдық тұрғыдан ғана қарастырылды. Ал кейіннен білім XVIII ғ. 
қоғам мен оның материалдық игілігін кӛтерудің негізіне айналған кезде білім берудің 
мәні  ӛзгерді.  Оның  қойылған  мақсаттарға  қаншалықты  сәйкес  келетіндігімен 
анықталды.  Қазіргі  қанат  жайып  келе  жатқан  жаhандану  үдерісіне  сәйкес  келетін 
жоғары  бәсекелестікке  тӛтеп  беретін  білім  берудің  сапасын  бағалаудың  ұлттық 
жүйесін  халықаралық  тәжірибенің    озық  үлгілеріне  сәйкес  қалыптастыру  –  заман 
талабы  болмақ.  Ол  үшін  білім  берушілердің  арасында  тәжірибемен  бӛлісу,  оларды 
жүйелеу,  сақтау  және  тарату  ісі  кӛп  сатылы  және  кӛп  факторлы  сала  болуы  қажет. 
Білім  беру  институты,  әлеуметтік  қызметі  анықталған,  дербестігі  қалыптасқан  жүйе. 
Ол қоғамның дамуына және ӛмір сүруіне пәрменді әсер етеді. "Білім дегеніміз — күш" 
- деп жаңа дәуірде капитализм қалыптасып келе жатқан кезде, Ф. Бэкон айтқан еді. Бұл 
пікір тек білімді практикада пайдалану үшін ғана емес, адамды қорғау үшін де, оның 
бойындағы білім алу қабілетін жүзеге асыру үшін де  айтылған болатын. Ең алдымен 
білуге,  білім  алуға  ұмтылу  жақсы  қасиет.  Бірақ  қазіргі  уақытта  білімді  жалаң  мақсат 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау