Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
Құрастырған: Қойшыбай Орынгүл Сарсенқызы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді орта мектебі
Құрастырушы: Қойшыбай Орынгүл Сарсенқызы - технология пәнінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта технология пәні мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі оқушылардың шығармашылық жұмыстары үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен оқушылардың ой-санасының жақсы жетіліп, дамуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты технология пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Технология пәнінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарының бірі – шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу деп есептеймін. 5 – 9 сыныптар аралығында технология пәні тарауларының барлығына шығармашылық жоба берілген. Осы жобаны пайдалана отырып оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретемін.
Шығармашылық жоба дегеніміз әр оқушының жыл бойы мұғалімінің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы деп білсек, осы жұмысты орындауда әр оқушы өзі қоршаған ортада, тұрмыс тіршілікте, өз бөлмесінде немесе мектепте пайдаланатын немесе көпшілікке қызмет ететін бұйымдарға, жабдықтарға жоба жасау арқылы заман талабына сай өзгерістер енгізіп, өз жобасын жан – жақты зерттеп, қорғау жұмыстарын ұйымдастырады. Осы бағытта оқушы жұмысын жеңілдету үшін технология оқулығын негізге ала отырып «Үлгі жоба» құрастырып жасадым. Жобадағы негізгі бөлімдер рет – ретімен атқарылып отырады.
1. Жобаны негіздеу
2. Жобаны конструкциялау
3. Жобаның сызбасы
4. Жобаның өңдеу картасы
5. Жобаны құрастыру картасы
6. Жобаны жарнамалау
7. Жобаны қорғау
8. Жобаның күнделігі
Осы бөлімдер арқылыоқушы не жасау, қалай жасау керек, материалдық шығыны қанша болады, қандай өзгерістер енгізу керек деген сұрақтарға оңай болжамдар жасай алады. өңдеу және құрастыру карталары көп орын алатын болғандықтан қысқаша үлгісі берілді.
Шығармашылық жұмыс оқушының мұғалімнің көмегімен орындалатын өзіндік жұмыс. Шығармашылық жұмыс процесінде оқушылар орындалған жұмыстан толық және терең қанағаттанушылыққа ие болады, олардың шығармашылық жұмыс барысында эскизден бастап, дайын бұйымға дейін орындалу ретін дәл елестете алуы қажет. Үлгіле байланысты бірнеше тәсілдерді құрастыруға көмектесу керек.
Шығармашылық жұмыстардың мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, эстетикалық талғамын дамыту, алған білімдерін жинақтап қорытуға және өзінің орындаған жұмысын қолдана білуге үйрету, логикалық ойлауын дамыту.
Шығармашылыққа баули отырып, жұмыс барысында практикалық міндеттер өзіндік үнемі ізденіске итермелейді, әр техникасын өз бетінше үйрену, алдына мақсат қоюға және өз күшімен орындауға үйренеді.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары деген кітапша шығарып, оны түптеп, ата – аналар жиналысында көрсетіп отырса баланың қызығушылықтары артады.
Қолөнер шеберлерінің шығармаларын технология сабақтарында көрсету керек. Технология пәнінің мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасауға ықпал ете отырып, қазіргі заманның жаңа технологиялық мәдениетіне бейімдеу.
Технология сабағында оқушының қабілетін жетілдіре отырып жан – жақты дамыту үшін қызығушылығын арттыру қажет.
Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмыстарына көп көңіл бөлу керек, сонда оқушылар күрделі керемет жұмыстарды алып шығады.
Шығармашылық топтың мақсаты:
Оқушыларға жалпы еңбек, арнайы білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру және әр түрлі технологиялық процестермен таныстыру. Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.
Шығармашылық топтың міндеті:
«Жеке тұлға және шығармашылық» кеңістігінде оқушылардың білімі мен кәсіби дағдыларын кеңейту және тереңдету.
«Мұғалім - оқушы» шығармашылық тобының жұмыс орындау бағыт – бағдары:
Бұйымды көркемдеп өңдеу технологиясына түсініктеме дайындау;
Бұйымға байланысты материал дайындау;
Оқушыға жұмыс орнын ұйымдастыру мәдениетін үйрету;
Технологиялық қауіпсіздік ережелері мен қойылатын шарттарды, талаптарды орындауға дағдыландыру;
Сәндік – қолданбалы өнер түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру;
Оқушының эстетикалық талғамын арттыру.
Пәнаралық байланыстыру:
Оқушыларды дизайнерлік кәсіпке дайындау;
Заттың экологиялық және экономикалық қасиеті туралы білім беру.
Шығармашылық жоба - өздерінің қиялдаған, армандаған мақсаттарыңды іске асыруға көмектесетін жолдың бірі. Шығармашылық жобаның тақырыбын өз қалауларыңмен таңдап алуға болады.Сабақта жасалған бұйымдарыңның біреуін негізгі тақырып етіп алуға болады.
Жобаны таңдағанда қойылатын талаптар:
1) Таңдалған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болу керек.
2) Ол қандай материалдан орындалатыны, ондай материалды таба алатындығың және оны қолдана қолдана алатындығыңды ойластыу қажет.
3) Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білуің қажет.
4) Таңдаған заттың сенің шығармашылығынды көрсете ала ма? Алға қойған мақсат – міндетіңді орындай аласын ба? Осының барлығын ойластыру керек.
Жасауға қажетті
материалдар
әдемі Жасалуы
дизайн көркем
Зат немесе бұйым түрі
материалдарды
төзімді, қымбат емес
сапалы тез табылады
еңбек шығыны
экономикалық көп емес
шығыны аз Бұйым мөлшері
жас ерекшелігіне
сай
Халық өнері негізінде оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуда төмендегідей жұмыс түрлерін жасадым.
Оқушылардың ғылыми ісденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етемін.
Сабақта алған білімдерін іс жүзінде үйірме жұмыстарында қолданады.
Әртүрлі сабақтан тыс байқауларға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауына ықпал етемін.
Кәсіпке баулуда, шығармашылық жұмыстар жасатуда жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесу өткізіп отырамын.
Бағалау, саралау қасиеттерін қалыптастыруда қолөнер шығармаларымен таныстырып отырамын.
Танымдық қызығушылығын арттыруда практикалық жұмыста қолөнер шығармаларымен таныстырып отырамын әрі жасатып отырамын.
Шығармашылық жобаларды қорғау нұсқалары.
Шығармашылық жоба-мұғалімінің жетекшілігімен орындалатын оқушының шығармашылық жұмысы.
Шығармашылық жобаның соңғы кезеңі:
1. Жоба қорғау.
2. Сапасын бағалау.
3. Қорытынды.
Жоба қорғау.
*Дайын бұйымды оқушыларға таныстыру.
*Жобаны таңдау және жобаның мақсаты, міндеті туралы айтып беру.
*Қолданған құралдар мен қосымша әдебиеттер .
*Сәнге бағытталған ерекшелігі, қажетті материалдардың қасиеті, түстер үйлесімділігі.
*Кездескен қиыншылықтар, жетістігі мен кемшілігі, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.
*Осы жобаны орындау барысында жинаған білімімен, шеберлігімен, тәжірибесімен бөлісу.
*Бұйымның өзіндік құнын жариялау.
Сапасын бағалау.
Кластастарының ойымен бөлісу, шығармашылық жобаны өзінің, мұғалімнің бағалауы.
Жобаның үш түрлі нұсқаларының үлгілерімен таныстыру.
I-нұсқа Жобаның тақырыбы: Себет тоқу
Жобаның мақсаты: Ілмекбізбен іліптоқу технологиясын меңеру
Жоба міндеттері:
* Ілмекбізбен бұйымдар тоқып үйрену
* Таңдалған әшекейлі себеттің пайдаланылатын орнын білу
* Шеберлік, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Жіптер, ілмекбіз,бисер,ине т.б
Бұйымның технологиялық орындау реті:
1. Пластмасса шелекті тазалап алу.
2. Шелекті себет қалыбы ретінде қолдану.
3. Себеттің сыртқы түбін айналдыра шебер жасай тоқу.
4. Себеттің сыртқы қабырғаларын торлап, ілмектеу.
5. Себеттің ішкі бөлігіде осылайша тоқылады.
6. Тұтқа дайындап, себетті бисермен әшекейлеу.
Жұмыс барысында көңіл бөлуді қажет ететін жайттар сызбасы.
Қажеттілік Әшекейлеу
ұсыныс Еңбек
қауіпсіздігі
Дайындау уақыты
Өзіндік құны СЕБЕТ
Құрал-жабдық
Қорытынды.
Менің ілмекбізбен тоқыған себетім, әшекей заттарды, әртүрлі ұсақ бұйымдарды салып қоюға арналған. Сыйлық ретінде достарыма беруге болады. Себет тоқу кезінде, мұғалім апайыммен ақылдастым.
Себетім әдемі, сәнді шықты. Ілмекбізбен тоқу тез толатын болғандықтан, маған ұнайды.
ІІ-нұсқа. Үй жабдығы.
Жобаның тақырыбы: Үй жабдығы
Жобаның мақсаты: Өз қолымен ұлттық бұйым дайындау.
Жобаның міндеттері:
*Нұсқаларды қарастыру
*Қаржыны аз жұмсау
*Дағды мен шеберлігімді жетілдіру
Қолданылатын құрал-жабдықтар: мата, ою-өрнек, жіп, қайшы, бисер
(материалдар)
Бұйымның технологиялық орындау реті:
1. Оюды қиып, дайындау.
2. Мата бетіне уақытша көктеу.
3. Оюды жиектеп тігу.
4. Бисермен әшекейлеу.
5. Өзіндік құнын есептеу.
6. Істелген жұмысты бағалау.
7. Жобаны қорғау.
Жұмыс барысында көңіл бөлуге қажет ететін жайттар сызбасы.
Қажеттілік Еңбек Өзіндік
қауіпсіздігі құны
Үй жабдығы Дайындау
Өзіндік құны технологиясы
Құрал-жабдық
Қорытынды.
Менің үй жабдығы ретінде дайындалған бұйымым сәнді, тартымды шықты. Келесі жұмыстарымда да бисерді көбірек қолданамын. Бұл бұйым достарыма, ата-анама өте ұнады, олар мені мақтаныш тұтады, өйткені мен бұйымды өз қолыммен тіктім.
ІІІ-нұсқа Бисермен жұмыс.
Жобаның тақырыбы: Бисермен жұмыс
Жобаның мақсаты: Шығармашылық іс-әрекеттегі өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асырып бұйымды іс жүзінде қолдану.
Жоба міндеттері:
*Таңдалған заттың өзіңе таныс түсінікті, қызықты болу керек.
*Таңдалған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білуің қажет.
* Таңдалған жобаның күрделілігін қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: бисер түрлері, мыс, сым, ине,
қайшы, ПВА желімі, мата т.б.
Бұйымның технологиялық орындау реті:
1. Нұсқа таңдау, негіздеу.
2. Орындалу тәсілін ойластыру.
3. Қажетті құрал-саймандар дайындау.
4. Қауіпсіздік ережесін ескеру.
Жұмыс барысында көңіл бөлуді қажет ететін жайттар сызбасы.
Түстер
үйлесімділігі Еңбек Пішін
қауіпсіздігі
Дайындау Бисермен Бисер түрлері
жұмыс
технолгиясы
Дайындау
Неге арналған уақыты
Жақындарының
ұсыныс тілегі
Қорытынды.
Бисермен дайындаған әшекей бұйымдарым әдімі, сәнді болды. Алда, бисер қолданып әртүрлі ойыншықтар, сыйлық заттар дайындағым келеді.Бисерден жасалған бұйымдарым құрбыларыма, сіңілілеріме, мұғалімдеріме ұнады.
Үш оқушыда шығармашылық жұмыстарының жобасын « Аудандық шығармашылық жоба қорғау» байқауында қорғап шықты.
Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсете білгені үшін марапатталды.Шығармашылық жұмыс істеу оқушылардың шеберлігін арттырып, өнерге деген ынта-жігерін дамытуға үлкен ықпал тигізді.
Шығармашылық жобаны дамыту түрлері
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу»бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену –Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс –қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу
- мектептің материалдық –технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата-ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу-тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Технология пәні - география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн .
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны
Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі
- Ата-аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы
- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.
- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы
Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері
Тірек сызба:
Жоба
Практикалық Теориялық
Бұйым Түсіндірме парақтары
Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек:
- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері
Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.
1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау.
2-кезең:Ойын кезеңі
3-кезең:Қорытындылау
Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.
Модульдік оқыту технологиясы
Тігін бұйымдарын модельдеу
Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.
Қолданбалы экономикалық керемет бөлігінің бірі - оқушылардың жеке бизнесінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Мектеп компаниясында» практика жұмыстары зерттелді. Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістерді пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.
Шығармашылық жобаны жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын ,өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пөнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.
Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бүйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нүсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.
Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.
Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.
Оның мақсаты: 1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашьшық жұмыс жүргізе білуге, ісксрлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару,
3. Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бүйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.
Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындык, кезеңі.
- Проблеманы шешу;
- Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
//. Техникалык кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
///. Қорытындылау кезеңі жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашьшық жобаны қорғау.
4. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.
- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметгік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,
- Оқу кабинетінін материалдық техиикалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
V. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
VI. Шыгармашылык. жобаны қорғау
Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды.
Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері.
Шым ши. Түр салып шым ши тоқу
Мақсаты; 1. Шығармашылық жобалауда өз мүмкіндігін бағалау.
2. Жобаны құрастыру және дайындау,
3. Жоба бойынша түр салып шым ши тоқу.
Жобаның бағытының негізі.
Бағасы .Сұраныс. Ши өрнегін дайындау
Үлгілеу (көлемін анықтау) Ши тоқу Еңбек қауіпсіздігі
Технология Керекті материалдар
Жарнама Құрал -жабдықтар
Жобаны орындау жүйесі
I. Проблема: мектепте технология сабагынан ши тоқу керек болды. Жұмысты неден бастау керек?
Ши өрнегін дайындау үшін, альбомға сурет салып, өзіме ұнаған біреуін таңдап алып, осы тақырып бойынша шығармашылық, жоба дайындауға кірісемін.
II. Таңдап алынған үлгі
«Табиғат саясында» деп аталады. Бұл суретте арқар өрнектелген. Бұл өрнектің жоғаргы бөлігінде күннің көзі бейнеленген, Бұл ши түрлі-түсті жіппен оралып, тоқылады. Өңдеу, сәндеу мақсатында төменгі жағынан сәнді шашақ. жүргізіледі, ілу үшін бау тағылады.
Жоба сарамандық жұмысқа жоба ретінде технология сабақгарына ұсынылады: өзім бейнелеген 3 үлгіден №3 үлгіні таңдап алдым. Бұл ши тоқылуы оңай, өрнегі ерекше, әдемі көрнекті. Басым түстері ашык, бір-біріне жақсы үйлеседі. Көрме ішін әшекейлеуге, сыйлыққа беруге ыңгайлы.
III. Керекті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1) тоқу құралы
2) қайшы
3) салмақ тас
4 ине
5) керекті тоқылатын бұйымның суреті салынған техникалық карта
6) боялған түрлі-түсті жіп
8) жұмыс дәптер
9) сызғыш
10) қарындаш
Шикізат өнімдері: дала шөбі - ши, қойдың жүні немесе түрлі-түсті дайын жіптер. Қосьшша материалы: түсті қарындаш, сурет салынған қағаз, нұсқау карталар.
IV. Үлгілеу, өзгерістер енгізу, нұскау карталар жасау.
1) Ши өрнегінің эскизін алдын ала қағазға түсіру.
2) Ши шыбықтарын түрлі-түсті жіптермен сурет бойынша белгілеп, орау.
3) Оралған ши шыбықтарын тоқу құралында тоқи білу.
Шым ши тоқу Біткен шидің шетін өңдеу
Шым ши тоқу
Шидің оңы мен терісі жіп түстері: колорит сактау
Арқау жіптің түзу ұқыпты болу,
болып шығуы материалды үнемдеу
V. Шиді тоқу технологиясы.
1, Ши шыбықтарын дайындау (реттеу, іріктеу, кесу, тазалау жұмыстары).
2, Шиге салынатьш өрнек түрлерін анықтау.
3, Бояу түстерін анықтау.
4, Керекті материалдар мен құрал-жабдығын дайындау.
5, Шыбын канат деп аталатын бөлігін тоқу.
6, Ши шыбықтарын сурет бойынша белгілеп, жіппен орау.
7, Оралған шыбықтарды ши тоқу құрамында рет-ретімен тоқу.
8, Шыбын қанат, аяқталуы.
9, Тоқып болған соң шиді станоктан босатып алып, шетін матамен көмкеріп тігу.
10, Шашақ тігіп, бау тағу, өндеу жұмыстары.
VI. Ши тоқу кезіндегі еңбек. қауіпсіздік ережелері.
1. Шиді аршып, дайындағанда қолғап ки.
2. Салмақ тасты арқау жіпке, дұрыстап бекіт.
3. Ши тоқу кезінде бір-біріңді аландатып көңілін бөлме.
4. Ши шыбығын жоғары көтерме, шұғыл қимылдама. абайла.
5 Жұмыс барысында тәртіп сақтау керектігін үмытпа.
6. Қайшымен жүмыс:
а) қайшыны арнаулы қобдишада сактау керек,
ә) қайшыны біреуге үшкір үшымен берме,
б) қайшының жүзін ашық қалдырма.
в) қайшымсн жүмыс' жасап жатқан адамның көңілін бөлме,
г) кайшьшың үшын жоғары көтерме.
7, Инемемен жүмыс:
а) инені киімге қыстыруға болмайды,
ә) иненің жібін тіспен үзбс.
б) инені ауызға салуға болмайды,
в) инемен жұмыс жасағанда оймақ ки,
г) инені арнаулы қобдишаға сал немесе жастықшаға түйреп қой.
VII. Өзіндік кұнын есептеп шығару.
Р/с
|
Материалдар
|
Бағасы (теңгемен)
|
Керекті құралдар.
|
Жұмсалған
қаражат
|
1.
|
Ақ ши
|
90 тг.
|
Ши шыбықтары
|
|
2.
|
Жіптер
|
200 тг.
|
Тоқыма жіптер,
|
|
|
а) көк жіп
|
50 тг.
|
Боялған жүн,
|
|
|
ә) ақ жіп
|
50 тг.
|
Қайшы,
|
|
|
б) сары жіп
|
50 тг.
|
ине
|
|
|
в) жасыл жіп
|
50 тг.
|
жіп
|
|
|
|
|
өрнек түрлері
|
320 тг.
|
3.
|
Мата жиектеу үшін
|
20тг.
|
|
|
4.
|
Шашаққа жіп, бау үшін
|
10тг.
|
|
|
Дайын бұйымды бағалап, өзімді өзім тексеремін.
Дәптерге орындаған жұмысым туралы пікірімді жазамын.
Р/с
|
Жұмыстың құны
|
Бағасы
|
|
|
Оқушы
|
Мұғалім
|
I.
|
Өрнегін дайындау.
|
5
|
5
|
2.
|
Ши шыбығын жіппен орау.
|
5
|
5
|
3.
|
Шиді суретке дәл келтіріп белгілеу жұмысы.
|
5
|
5
|
4.
|
Ши кұралымен оралған ши шыбықтарын тоқу.
|
4
|
4
|
5.
|
Өрнектеу жұмыстары.
|
5
|
5
|
6.
|
Шидің шетіне матамен көмкеріп, жолақ жүргізу
|
5
|
5
|
IX. Жарнамалау
Жобаны қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |