Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет24/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#39679
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

 
Әдебиеттер 
1. Болғанбаев Ә.,Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А. 
2002. 
2.Нұрмұханов Х.Сӛз және шеберлік. А. 1987
3. Серғалиев М., Нұрғожина Ш. Қазақтың сӛйлеу тілінің эмоционалды-
экспрессивті лексикасы. А. 1995 
4.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің 
стилистикасы. А., 2006. 


31 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Тіл құралдары стилистикасының қарастыратын мәселелерін атаңыз 
2.
Сӛйлеу тілінің лексикасыдегеніміз не? 
3.
Кітаби лексиканың ерекшелігі неде? 
4.
Бейтарап (стильаралық ) лексика 
5.
Синоним, омоним, антонимдердің стильдік қызметі қандай? 
6.
Каламбур дегеніміз не? 
 
Сегізінші дәріс 
Тілдің актив және пассив құрамындағы сӛздердің
стилистикалық қасиеттері
 
 
1.
Архаизмдер және историзмдер 
2.
Неологизмдер 
3.
Диалектизмдер. Кәсіби сӛздер. 
4.
Кірме сӛздер 
5.
Қарапайым сӛздер, жаргондар
1) 
Тарихи жанрда жазылған шығармаларда кӛркемдік қызмет атқаратын 
тілдік құралдардың бірі – кӛнерген және тарихи сӛздер болып табылады. Олар 
тарихи шындықты дәлірек беруде түрлі сипаттамалық (характерологический) 
қызмет атқарады. Мұндай жағдайда кӛне сӛздердің, әсіресе кӛркем образ 
тудырудағы, кеіпкерлерге тілдік мінездеме берудегі т.б. кӛркемдік қызметтері 
жүзеге асады. Сонда ғана ӛткен дәуірде ӛмір сүрген ата-бабаларымыздың 
тыныс- тіршілігі, ой ағымы, сӛйлеуі, тілі арқылы кӛрінеді. Ӛйткені тарихи 
шығарма ӛңін келтірер стильдік құрал – кӛнерген сӛздер. Кӛне сӛздердің 
кӛркем шығармаларда қолданылу ерекшеліктері жайлы зерттеулер, мақалалар, 
пікірлер баршылық. 
Кӛнерген сӛздерді стильдік мақсатта орынды жұмсай білген жазушы 
М.Әуезов «Абай жолы» романында ӛткеннің тұрмыс-салтын, ел ӛмірін шынайы 
суреттеу үшін шеберлік танытқан
. Дуаны
бұл б
олыстардан 
бӛлек болса да, 
жері кӛршіліс керей де бар: 
жандарал, ояз, старшын, мыңбасы, жүзбасы, би, 
хан, сұлтан
т.б. Немесе М.Мағауиннің «Аласапыран» романында сол дәуірдің 
ӛзіндік кӛрінісі мен тіршілігін оқушысының кӛз алдына кӛне қалпында 
жеткізуде кӛне сӛздерді мол пайдаланады; «... 
Шығыс Дешті қыпшақтың
падишахы
Тәуекелдің 
сауын
айтып, шұғыл шақыруымен 
киіз туырлықты
қазақ 
ұлына
хүкім
жүргізуші қасқа жайсаң атаулы Қараттаудың терістігіндегі Созақ 
қаласына құрылтайға жиналды» 
Кейбір мәдени құралдар, ел билеуге байланысты сӛздер, қару-жарақ 
атулары сияқты лексикалық топтар ӛткен заманға тән теңеулерді құрады. 
Бұларды кӛркем образ тудыру, шығарманың кӛркемдігін, әсерлілігін арттыру 
үшін жұмсайды.: 
Қандауырдың жүзіндей қайқы кірпіктері (портрет): Хан аға 
– жақ болғанда, сұлтан-іні – жебе: қайраусыз қара қанжар, берік түйінді 
берен сауыт болған біз едік
– тәрізді экспрессивті эпитет, теңеулерде қару-


32 
жарақ атауларын адамзатқа теңеу болса, бұл Мағауин тіліндегі ӛзіндік, 
поэтикалық тіркестер. 
Архаизмдер құрамы жағынан әр алуан. Олардың кӛбі әдет-ғұрыпқа, салт 
ерекшеліктеріне, әкімшілікке, қару-жараққа байланысты болып келеді: қол 
ұстатар, жыртыс салу, датқа, хан, старшын, жебе, батсайы т.б. 
2) Тілдің сӛздік құрамы әрдайым ӛзгеріп, толығып, дамып отырады. 
Әдеби тілдің қызметі артып, байыған кезде жаңа ұғымдар, жаңа сӛздер пайда 
болады. Олар қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени ӛміріміз, ғылыми-
техникалық дүниемізге жаңалықтар ену нәтижесінде пайда болады. Жаңа 
сӛздер пайда болғанда бірден жұртқа түсінікті де, үйреншікті де бола бермейді. 
Оларды тіл ғылымында неологизм деп таниды. М.Балақаев: «Жаңа сӛздер 
жүре-бара тілдің сӛз жасау заңдылықтарына сәйкес, белгілі модель арқылы 
жасалса, оларды әдеби тілге енгізіп, баспасӛзде қабылдау арқылы 
жұртшылыққа дағдылы сӛз қатарында танылғанда, неологизм дәрежесінен ӛтіп, 
жалпыхалықтық сипат алады»,- дейді. 
Жаңа қолданыстар тек қана ұғымдарды білдіру үшін ғана емес, бұрыннан 
келе жатқан зат, бұйым, құбылыстарды дәлірек, дұрысырақ етіп қайта атау 
үшін де туып жатады. Бұрын 
проводник, пляж, призер, овощ
деген орысша атап 
жүрген сӛздерге қазақша балама тауып, бұл күнде 
жолсерік, жағажай, 
жүлдегер, кӛкӛніс
деп атап, қолдандық. 
Жаңа сӛз қажеттілігі 1920-30 жылдары ерекше айқындалды да, кӛптеген 
жаңа сӛздер енді (
құлақтандыру, екпінді, мүше, ұйым
, т.б.), 1940-60 жылдары 
аялдама, балмұздақ, перзентхана, оқырман, космос 
т.т. енді. Соңғы кездері 
жаднама, жаһандану, басылым, кеден, құжат
т.б. сӛздер орнығып 
қалыптасты. 
Кӛркем әдебиет стилінде жасалған жаңа сӛздердің сипаты екі түрлі 
болады: бірі - жалпы әдеби тілге ортақ түрінде жұмсалса, екіншісі – жеке ақын-
жазушылар стилінде пайда болады да, белгілі шығарма тілі аясында қалып 
қояды. Мұны 
стильдік неологизм
дейміз. Мыс. С.Торайғыров «Туған еліме» 
ӛлеңінде: 
Балалыққа жарасам 
Аталыққа жарайсың... 
Тек қалауым сіздерден, 
Серіктікті милаймын-,
деп 
балалыққа – бала болуға

аталыққа – ата болуға
орнына жұмсалған, 
«милаймын» - мый сӛзінен жасалған, «ойлаймын» деген мағынада қолданған. 
Бұл – жаңалық ұйқастығымен тартымды. 
М.Мағауинде іркінді су, қақ деген сӛздің мағынасын дәл беру үшін 
іріңді 
су
қолданылған. Д.Досжановта қышкер, (қыш құюшы), зертас (мозаика), 
дабылкеш (дабыл қағушы) – ұтымды қолданыстар. Сонымен бірге стильдік 
жүгі жоқ, мағынасы қиындықпен түсінілетін сӛздер де кездеседі: жұлмыт, 
қаупайлау, мыжыма жеу, ықсуат т.б. 

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау