26
алдымен әдеби шеберліктің, ұлттық кӛркем әдебиеттің проблемасы. Сондықтан
әдеби тілдің даму жолдарын, қалыптасу үрдісін жете түсіну үшін жеке
жазушылардың шығармасының тілін зерттеп, олардың сӛздерді сұрыптап
қолдану тәсілдерін, жалпы халықтық тілдік құралды қалай меңгергендігін және
әдеби тіл үлгісін байытып тыңнан қосқан жаңа сӛз үлгісін айқындап, жан-
жақты талдау жасап кӛрсетудің кӛркем сӛз стилистикасында мәні зор.
Кӛркем шығарма тілінің осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені
туралы академик В.В.Виноградов "О языке художественной литературы" деген
кітабынан толық мағлұмат алуымызға болады. Автор бұл еңбегінде кеңес
дәуіріндегі кӛркем шығарма тілінің зерттелуіне арналған ғылыми еңбектер мен
мақалаларға талдау жасап, ондағы жетістік пен кемшіліктерді кӛрсетіп, кӛркем
шығарма тілінің зерттелуі жайында құнды пікірлер айтқан. Академиктің
аталған еңбегінің құндылығы - жазушының ӛзіндік стилі орыс әдебиетінің даму
заңдылықтарымен байланысты қаралуында. Бұл тәсіл - жазушының тіл
ерекшелігін зерттеушілердің бұдан былайғы жерде айрықша кӛңіл бӛлетін
мәселесі.
Қазіргі стилистикаға байланысты жазылып жүрген зерттеу еңбектері мен
мақалаларда, кӛбінесе оның зерттеу объектісіне, шығарманың тілін зерттеу
тәсіліне баса кӛңіл бӛлініп жүр. Бұлар кӛркем сӛз стилистикасы саласындағы
бүгінгі таңдағы маңызды мәселе екені даусыз. Бірақ кӛркем сӛз
стилистикасының басы ашылмаған басқа да мәселелері аз емес.
Кӛркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық - оның проза,
драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, кӛп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі
жанрлардың әрқайсысының ӛзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері
женінде белгілі бір нұсқау беру қиын. Шығарманың жанрлық ерекшелігіне
қарай, тіл ӛзгешелігі болатындығы әдебиет теориясының оқулықтарында және
кейбір лингвистикалық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жазылған
еңбек әзір жоқтың қасы.
Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, кӛркем сӛз стилінің аясы кең.
Мұнда барлық, стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер кӛркемдік
мақсатта жұмсалады. Образды сӛздер жиі қолданылады. Әр жазушының ӛзінің
талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі
бір-бірімен ара қатынаста болып, кӛркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде
қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.
Қорыта айтқанда, кӛркем әдебиет сӛз ӛнері ретінде ғана танылмайды. Ол
ӛмір қиындығын біліп тануымызға ықпал жасайтын, біздің ӛміріміздің
эстетикалық жағын қамтитын қоғамдық қүбылыс болып саналады. Сондықтан
акадеимк В.В.Виноградовтың: "Кӛркем шығарманың тілін зерттеу мәселесі тіл
білімінен де, әдебиеттанудан да ӛз алдына айырмашылығы бар филология
ғылымдарының айрықша бір бӛлек саласы болуға тиіс", - деген пікірі әбден
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: