Пәннің оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 0,83 Mb.
бет3/4
Дата24.12.2017
өлшемі0,83 Mb.
#5868
1   2   3   4

Дәріс мазмұны: 1.Теориялық білімдер қалыптастыру.

2.Географиялық ұғымдарды қалыптастыру әдістері.

Мектеп географиясында оқушыларға ғылыми коммунистік көзқарасты қалыптастырудың маңызы

Ғылыми техникалық революция дәуірінде адамның табиғатқа тигізетін әсерінің көлемі қауырт артты. Сондықтан оқушыларды табиғатты қорғау мәселелерімен таныстырудың дүние танымдық маңызы елеулі. Курс мақсаттарына сәйкес оқулықта табиғат пен адам қоғамының өзара байланыстарының мәнін ашуға зор көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен табиғатты Ф.Энгельс айтқандай «қандай болса, сондай күйінде түсінуді құрамды, компонеттері өзара байланыста және үнемі әрекеттес болатындықтан табиғатты комплексті күйінде қабылдауды қалыптастыру қажет. Сонымен бірге экватордан полюске қарай ауысып отыратын жер шары табиғатының алуан түрлі келетініне оқушылардың көзін жеткізу, табиғат факторлары белсенділігінің әртүрлі келетініне есепке ала отырып, табиғат жағдайларының сан алуан түрлі болатынын білдіретін және анықтайтын заңдылықтарды білуі және түсінуі тиіс.

9 дәріс Оқушыларға дағды мен іскерлікті қалыптастыру

Дәріс мазмұны: 1.Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдістері.

2.Іскерлікке үйренудің жалпы екзеңдері.

Табиғатқа әсіресе жетекші факторлар - рельеф және климат үлкен ықпал жасайды. Мұны меңгеріп алғаннан кейін оқушылар бұлардың табиғаттың басқа компоненттеріне тигізетін ықпалы сипатын анықтауы қажет. Табиғат бірлігінтүсіну табиғат пен адам қоғамының өзара қатынастарына көзқарас системасын қалыптастырудың негізі. Оқулықта

Адамның табиғатқа тигізетін ықпалын сондай-ақ адамзат қоғамының тіршілігі мен әрекеті табиғат жағдайына зор тәуелділікте болатынын көрсететін әртүрлі көптеген материал бар.

Табиғат пен қоғамға көзқарас үш фактордың:интеллектуалды,эмоциясы және тиімді практикалық факторлардың өзара үйлесімді болуын қалыптастырады.

Дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды әдісі-сенім тұрғызу. Мұғалімнің түсіндірмесі географиялық заңдылықтарды, себеп-салдар байланыстарының мазмұнын,олардың табиғатта және табиғат пен адамның өзара қатынастарындағы көрінісін ашып көрсетуде Әсіресе жаңа материалды өз бетімен оқып үйренуді қамтамасыз ететін методтардың да маңызы бар.

10 дәріс Географияны оқыту құралдары

Дәріс мазмұны: 1.Географияны оқыту құралдарының маңызы.

2.Оқулықпен жұмыс істеу тәсілі

Оқулықпен жұмыс істеуде оқытушыға қойылатын талап:авторы,аты,баспасы. Мұқабаның сыртқы суреті, мұқабаның ішкі сурет мазмұнына талдау жасау.

Оқулық 2 компоненттен тұрады: бірінші компонент-тексті,яғни мазмұны; екіншісі – тексттен тыс компоненттер: суреттер, сызбалар, графиктер, карталар, оқулық сұрақтары мен тапсырмалары, қосымшалар, терминалогиялық сөздіктер.

Оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері:

1.Түсіндірме - оқыту тәсілі. Бұл әдісте таңдап алынған текстіні бірнеше бөлімге бөлу арқылы тапсырма беру, түсініксіз сөздерді табу, географиялық атауларды табу және картадан көрсету.

2.Таңдап оқыту тәсілі. Белгілі бір тақырып бойынша оқытушы жоспар құрады. Жоспар бойынша жауап алады, берілген тексті бойынша оқушыдан жоспар құруды талап етіп, сол жоспар бойынша жауап алу.

11 дәріс Картамен жұмыс істеу.



Дәріс мазмұны: 1.Географиялық картаны топтастыру.

2.Картамен жұмыс істеу тәсілдерін талдау.

Географиялық картаның негізгі атқаратын қызметі:

1.Жер бетінде орналасқан елдерді танып білуге үйрету

2.Оқушының ойлау қабілетінің дамуына үлес қосады.

3.Географиялық карта арқылы жеке физикалық-географиялық компоненттерді суреттеуді талап ететін практикалық жұмыс жүргізу.

Географиялық карта: 1.Территорияны қамтуына байланысты карта

2.Мазмұнына байланысты карта 3.Масштабына байланысты карта

Географиялық картамен жұмыс істеу әдістері:

1.Картаны білу 2.Түсіну 3.Оқу

Картаны оқыту жай және күрделі болып бөлінеді

Жай оқыту дегеніміз шартты белгілер бойынша,мыс,өзен,тау,көл таба білу.

Күрделі оқытудегеніміз картадағы табиғи объектілерге талдау жасап қорытындылау, табиғи объектілердің байланысын анықтау.

12 дәріс География кабинеті



Дәрістің мазмұны: 1.География кабинетін жабдықтау.

2.Кабинеттің сыныптан тыс жұмыстарда атқаратын

рөлі.

Кабинетті пайдалану оқушылардың географиялық объектілерді көзге елестету үшін қолданылатын әдіс.Оқытушы картинаны талдай отырып, қалыптастыратын географиялық ұғымның қайсы белгілерін даралап түсіндіру немесе үйрету. География сабағында картинаға мынандай ретпен талдау жасалынады.:



1.Картина суретін көзге елестету.

2.Картина мен карта байланысын анықтау.

3.Картинаның жеке тетіктеріне талдау жасау және оны қорытындылау.

Картинамен жұмыс істеу бағытында:

1.Картина бойынша сұрақтар мен тапсырмалар беру.

а)картинада не бейнеленген?

б)картинада белгіленген нәрсені картадан көрсету.

2.Картина суретіне қарап әңгіме құрастыру, шығарма жаздыру.

13 дәріс География сабағы

Дәріс мазмұны: 1.Сабақта географияны оқытудың енгізгі формалары.

2.Оқу жұмыстарының жоспары оның түрлері.

3.Оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі ерекшеліктері

Оқу жұмысын жоспарлауға сабақтың тақырыптық және күнделікті сабақ жоспары жатады. Тақырыптық жоспарға бағдарламалық сабақтың тақырыбы, мазмұны, оқыту әдістерін жасау сонымен қатар бағдарлама мен оқулықты басшылыққа ала отырып, әрбір сабақтың тәрбиелік мақсатын, практикалық жұмысын оқушылармен өз бетімен жұмыс ұйымдастыру және оқыту құралдарын анықтау жатады.

Оқытушы сабақ беруде оқудық мазмұнына байланысты берілетін сабақ мақсатын анықтаудан бастайды. Ондағы негізгі мақсат:

1.Білімділік мақсаты; 2.Тәрбиелік мақсаты; 3.Дамытушылық мақсаты;

4.Практикалық мақсаты;

14 дәріс География сабағының сипаты



Дәріс мазмұны: 1.Оқытушының сабаққа дайындығы.

2.Тексерудің мазмұны.

3.Білім мен іскерлікті тексеру.

Сабаққа дайындық кезінде оқулық мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне байланысты оқытушының сабаққа дайындығы да әртүрлі болады. Сабаққа дайындалу кезінде оқытушыға қойылатын жаңа реформа талаптары мынадай:

1.Оқытушы теориялық біліммен қарулануы керек.

2.Оқушыға жаңа географиялық ұғым қалыптастыру

3.Сабақты өз өлкесімен байланыстыру

4.Оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

5.Пән және курс аралық байланыс

6.Қосымша әдебиет,хрестоматиялар

7.Тәрбие беру

8.Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру

9.Тақырыптың қазіргі проблемасы

15 дәріс География сабағы



Дәріс мазмұны: 1.Оқушылардың білім мен іскерлігін тексеру

2.Тексерудің формаларына сипаттама

Географияны оқыту XVII ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мектептерінде пайда болды. География оқулық пәні болып Ресейде XVIII ғасырдың басында қалыптасты.

I Петр патшалығы кезінде Ресейдің саяси-экономикалық жағдайы жоғарыда, ішкі - сыртқы қатынастары өсуге байланысты ғылыми білімді сауатты адамдарды қажет етті.

1710 жылы белгісіз еуропалық автормен «География немесе жер айналасына сипаттама» деген кітап шықты. 1718 жыл Голландия оқымыстысы Варенияның «География генеральная» деген кітабы, бұның мазмұны мен көлемі өте үлкен болды. Басқа да оқулықтар 1719 жылы Иоганна Гюнераның «Су беті суларының айналымына сипаттама» деген оқулығы шықты.

1786 жылы Ресей империясында халық училищесінің уставы қабылданды. Бұл мектеп екі типтен тұрды. Кіші-2 жылдық оқу және басты 4 кластық. Басты мектепте географияны соңғы 3-4 кластарда жұмасына 2-3 сабақтан өтті. Басты бөлімі географияның Еуропа географиясы сонан кейін Ресей географиясы және жалпы география оқытылды.

16 дәріс Географиядағы сыныптан тыс жұмыстар

Дәріс мазмұны: 1.Сыныптан тыс жұмыстардың географияның оқу-тәрбие

жұмысында атқаратын рөлі

Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері. Үйірме география пәніне қызығатын оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін жүргізіледі

Үйірме жұмысының тиімділігін арттыру үшін белгіленген ғылыми әдебиеттерді пайдалану, баспа сөз мәліметтерін пайдалану, географиялық ойын түрін пайдалану, үйірме жұмысының нәтижесі барысындагеографиялық бұрыш, географиялық музей ұйымдастыруға болады. Географиялық кештерде үйірме мүшелерінің жұмысының қорытындысы шығып,марапаттау қажет.Үйірме құрамындағы оқушылар саны 15-20 адам. Алғашқы үйірме жиынында оның төрағасын, үйірме кеңесін сайлайды.Үйірме ережесін бекітіп, жұмыс жоспарын тағайындау. Үйірме жұмысын жоспарлауда мұғалім оқушылардың пікірін, жергілікті жер жағдайының ерекшелігін ескеру керек.

17 дәріс Географиядан оқу топ серуендері

Дәріс мазмұны: 1.Топ серуен географияны оқыту формаларының бірі.

2.Топ серуеннің оқушыларды еңбекке баулудағы рөлі.

XIX ғасырдың басында гимназияда география III класс пен VIII класс аралығында жұмасына төрт сағат өтілді. Бастапқы курс балалар үшін ең күрделі қиын математикалық сұрақтары содан кейін жалпы география оқытылды.

Бұдан далпы жер туралы түсінік дүние жүзінің жеке елдеріне сипаттама, жалпы Ресейдің статистикасы оқытылды.

Физика - географиялық және экономикалық түсінік беретін Е.Ф.Зябловский мен К.А.Арсеньеваның оқулығы шықты.

XIX ғасырдың екінші жартысында мектептегі географияны оқыту өте төмендеп кетті.

Ұлы октябрь революциядан кейін совет мектептері қайтадан қалыптасты,9 жылдық оқыту ол 2 баспалдақтан тұрды: 1)I-V класс; 2)VI-IX класс. Географияның оқытудың мақсаты,мазмұны оқыту әдістері өзгерді. 1921 жылы ғалым географ Д.А Анучин басшылығымен географияның жалпы мемлекеттік программасының проектісі жасалды.Бұнда:

а) географиялық білімділікті жоғарлату; б) өз бетімен жұмыс істеу кезінде оқушылардың қызығушылығын арттыру;

18 дәріс Физикалық және экономикалық география курсындағы топ серуен.

Дәріс мазмұны: 1.Физикалық география топ серуен

2.Экономикалық география топ серуен.

Мектепте табиғаттануды оқыту II кластан басталады.I класта өз айналасын қоршаған табиғи құбылыстарға экскурсия жасап, бақылау күнделігін жасап үйренеді. II-III класта бұл бақылауды тереңдете өлі және тірі организмдердің байланысын, табиғаттың не екендігін , глобус, план, карта туралы түсінік ала бастайды.

Сонда табиғаттану пәнін оқытудың басты мақсаты:

1.Оқушыларды айналасын, қоршаған ортаны және табиғатты қорғауға үйрету.

2.Адамның табиғттағы алатын орны мен рөлі:яғни адам табиғаттың ажырамас бөлігі, ол табиғат байлығын пайдалана отырып тіршілік етеді және ауа мен суды таза қалпында, топырақ құнарлылығын, ландшафт әдемілігін жер үстінде тіршілік ететін сан алуан өсімдіктер мен жануарларды сол қалпында сақтау үшін шаруашылық жүогізуге міндетті екенін түсіндіреді. Табиғттану пәні оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

19 дәріс Физикалық географияның бастауыш курсы

Дәріс мазмұны: 1.Физикалық географияны оқытудың мақсаты.Курстың

құрылымы,мазмұны.

IV класта табиғаттану пәні аптасына 1 сағ жалпы 34 сағатқа бөлінген. Ол II-III кластарда оқушылар оқып үйренген табиғаттану пәні жалғасы болып табыладыжәне келесі кластарда география, биология, физика, химия пәндерін оқып үйрену үшін маңызды дайындық кезеңі қызметін атқарады. Мұғалім табиғаттануды оқыту кезінде оқушылардың бастауыш сыныпта алған біліміне сүйену керек. Табиғаттану пәні мазмұны Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде, табиғаттың біртұтастығы туралы алғашқы түсініктерді оқып отырып, оның компоненттерінің өзара тығыз байланысы мен өзара әрекеті оның үздіксіз өзгеруі мен дамуы туралы оқушыларда ғылыми-материалистік дүниетанымның қалыптасуына жәрдемдесу.Сондай-ақ тірі және өлі табиғат арасында қарапайым байланысты анықтау икемділігін дамытуға, табиғаттағы адам әрекетін бағалауға бейімдейді.Табиғаттануды оқып үйренген кезде мектеп оқушыларының оқу әрекетіндегі бақылау, қарапайым тәжірибелер жасау, экскурсия өткізу және т.б. әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Табиғаттанудың мазмұнындағы ерекшелік пен оқыту әдістері мұғалімнің оқушыларды бақылағыштыққа өз бетінше ойлана білуге баулу, сөйлеуге машықтандыру тәрізді міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

20дәріс Физикалық географияны оқытудағы білім мен іскерлікті қалыптастыру



Дәріс мазмұны: 1.Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар.Физикалық

географияны оқытудағы қолданылатын әдістердің

ерекшеліктері

VI кластағы физикалық географияны оқытудың басты міндеті-оқушыларға осы пән туралы табиғат және халық, географиялық карта жанында түсінік беріп өлкетану принципінде олардың бойында географиялық білім мен қабілетті қалыптастыру.

VI класта физикалық географияны оқытудағы мақсаттары:

1.Оқушыларға жер сферасы,оларды зерттеу әдістері,негізгі компоненттері

туралы түсінік

2.Оқушылардың абстрактылы ойлау арқылы ұғым жеке түсініктерін

қорытындылау

3.Оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасы және оны қорғауға тәрбиелеу

Физикалық географияның кіріспе бөлімін мұғалім оқушыларға география ғылымын алғаш оқып отырғандарын және география сабақтарында оларға оқулық, атлас, контур карталар жинап, тор көзді дәптер, компас т.б. құралдардың қажет екендігін айтады. Адамның практикалық қызметі үшін географияның маңызын айта келіп, біздің уақытымыздағы физикалық географияның негізгі міндеттерінің бірі - адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде табиғатта болатын өзгерістерді алдын - ала көре білу екенін атап айту керек. Бұдан кейін мұғалім қазіргі заманғы аса ірі құрылыстар жөнінде бұл құрылысқа ғалымдардың соның ішінде географтардың қосқан үлесі, географтың байтақ территорияны зерттеп, жатқанын оған бір мемлекеттің шамасы келмейтіндігін сондықта әр елдің ғалымдары көп объектілерді бірлесіп зерттеу үшін күш жұмылдырып отырғанын айту керек.

План және карта тарауын географиялық карта және оны пайдалану әдістері жергілікті жерді бағдарлай білуге үйрету керек.

Жер қабығы тарауын өткізген кезде құрлық, дүние жүзі, мұхиттар мен жер шарының ауа қабығы олардың бір - бірімен тығыз байланыстылығы қарастырылады.Мысалы: құрлықты оқыта отырып жер щарының ішкі құрылысы, жер қыртысының түзілген жыныстар, құрлықтың баяу тербелуі туралы түсінік беру.Мұғалім сабақты түсіндіруде көбіне ауызша баяндау әдістерін қолданады. Бұл сабақтарда: картина, кинофильмдерді көрсету қажет.

Атмосфера тарауын өткен кезде ауа райын бақылауда метерологиялық құралдарды пайдалана білулері қажет.

Гидросфера тарауын өткен кезде түсіндіру илюстрациялық әдісті пайдалана отырып оқушыларға проблемалық сұрақтар қоюға болады.

21 дәріс Материктер мен мұхиттар географиясы курсы



Дәріс мазмұны:т 1.Курстың білімділік,тәрбиелік мақсаты

2.Курстың құрылымы мен мазмұны.

Материктер геогрфиясы алдында білімдік және тәрбиелік мақсаты бар физикалық елтанудың бастапқы курсы. Оқушыларға түрлі материктердің географиялық жағдайы, табиғаты, адамдардың шаруашылық әрекеті және аса маңызды мемлекеттердің орналасуы туралы білім беру.

Курс табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестігін қарастырады. Осыған байланысты мынадай міндет қойылады:

1.Табиғат жағдайларының адам өміріндегі рөлін,табиғатқа адамның шаруашылық әрекетінің жағымды және жағымсыз ықпалын; бұның әлеуметтік жағдайларға байланысты болатынын көрсету.

2.Курсты оқытуда экологиялық тәрбие беру

3.Оқытуда өлкетану принципін негізге алу

Яғни материктер мен мұхиттар географиясын оқытудың басты мақсаты:

1.Оқушыларды тақырыптық картамен оқи білуге, сызбалар мен оқулықты пайдаланып жұмыс істеуге үйрену.

2.Оқушылардың мектеп географиясына деген ықыласын арттыру. Ол үшін оқушыларды сабақта, сабақтан тысқары кезде де творчествалық жұмысқа белсене қатыстыру қажет

3.Оқытудың ғылыми - теориялық дәрежесін арттыра отырып, таным қабілетін дамыту.

4.Материктердің халқы мен саяси картасы туралы тарауларды үйрету.

22 дәріс Материктер мен мұхиттар географиясын оқытудағы білім мен іскерлікті қалыптастыру.

Дәріс мазмұны: 1.Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар

2.Материктер географиясын оқытудағы қолданылатын

әдістердің ерекшелігі.

Түсінік бұл географиялық білімділік болып табылады. Сабақты өткізу кезінде қалыптасып отырады. Бұның бір ерекшелігі түсінікті анықтама түрінде ғана емес оқушылардың танымдылық іскерлігін қалыптастыру үшін оқыту қажет. Бұл іскерлікті физикалық, экономикалық географиялық білім беру кезінде картамен жұмыс істеу, бақылау статистикалық дифлармен жұмыс істеу кезінде қолданылады.

Екінші ерекшелігі ғылыми түсінік қалыптастыруда, мыс: физикалық географияда жер табиғат оның құралының заңдылықтары, географиялық қабықтың құрылысы мен дамуы.

Үшінші ерекшелігі, географиялық түсінік бір курста ғана берілмейді,барлық курстарды даму кезінде қалыптастыру, мыс: IX класта қара металл туралы түсінік. Бұл елдердің экономикалық географияда таралуын,өндіріс салалары, мемлекеттің базалары туралы түсінік жалғасады.

Түсінік екі бағытта беріледі:

1.Бастапқы этап қаралымнан жалпы түсінікке қарай табиғи физикалық география оқытуда;

2.Негізгі бағыт: жоғарғы кластарда жалпы теориялық түсігін практикаға енгізу.

География сабағында географиялық түсінікті қалыптастырудың екі жолы бар:

1.Индуктивтік

2Дедуктивтік

Біріншіден оқушыға жергілікті жердің объект, құбылыстарын оқыту

Екіншіден Сол құбылыстардың мазмұнын ашу.

Үшіншіден Оқушылардың іскерлік танымдық қабілетін арттыру,ойлау қабілетін дамытуға талап қою.Бақылау,салыстыру арқылы қорытындылау. Индуктивті жолмен түсінік қалыптастыру мынадай жолдар арқылы жүргізіледі:

1.Құбылыс пен объектіні бақылау

2.Белгілеріне байланысты бөлінуі

3.Қорытындылау

4.Жеке түсініктер ерекшелігімен жұмыс

5.Сол түсініктерді практикада пайдалана білу

23 дәріс. Қазақстан физикалық географиясын оқыту

Дәрістің мазмұны: 1.Курстың білімділік тәрбиелік мақсаты

2.Курстың құрылымы мен мазмұны

Мектепте оқытылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын кіріктіре оқыту, жасөспірімдерді өмірге нақтылы бір аумақта оның географиялық ерекшелігін ескеріп еңбек етуге даярлау. Табиғат пен қоғам арасыдағы байланыстар туралы білім орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды элементі – табиғат. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық - әдіснамалық маңызы өте зор. Оны географиялық тұрғыда қарапайым болсақ оқушылар әрбір объектіні себеп – салдар байланысы негізінде аумақпен байланыстыру және шаруашылық,экономикалық,экоогиялық,әлеуметтік,саяси баға беру біліктіліктерін қамтиды.Н.Н. Баранскийдің сөзімен бір элемент немесе бір сала төңірегінде қалып қоймай бұл кешенді отау деген сөз. Кешенді тәсіл географиялық ғылымның іргетасы іспеттес, ол адамда дүниенің әр алуандылығына қарамастан өмірге деген біртұтас көзқарас қалыптастырады. Қазақстанның географиялық курсын оқытудың мақсатын жүзеге асыру үшін Баранский, Саушкин, Анучин, Герасимов еңбектерінен көруге болады. Мысалы Л.Л. Зоринның еңбегінде оқыту бағытында пәндер мен пәнішілік байланыс қалыптасқан сайын оқушыда дүниенің сан қырлы құбылыстарын біртұтас тәрбиелейді.

24 дәріс. Қазақстанның физикалық географиясын оқытудағы білім мен іскерлікті қалыптастыру.



Дәрістің мазмұны: 1. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар.

2. Оқытудағы қолданылатын әдістер.

А.А. Строли мектепте географияны табиғи шаруашылық тәсілі негізінде оқытуды ұсынып географияның біртұтастығын дәлелдеу. Географияны кіріктіре оқыту оқушылардың табиғи шаруашылық жүйесінің ерекшелігін жаңаша түсінуге және қоршаған ортада дұрыс бағдар жасауын, оқушылардың географиялық объекілер мен құбылыстарға біртұтас көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

География сабағында деңгейлік сараман әдісін қолдану. Сабақта баланың сөйлеу мәдениеті, дәлелдей алу дағдысы, картамен жұмыс істеу барысында бағдарлай білу, болжай алу қасиетін қамтиды. Мысалы: көлік географиясы.

Мұғалімнің сөзі мен көрнекілікті ұштастыру географияның теориялық материалын оқушылардың сапалы да берік меңгеруінің практикалық дағдыларды игеруінің негізгі шарты болып саналады.

25дәріс. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік



географиясын оқыту.

Дәрістің мазмұны: 1. Қазақстанның экономикалық географиясын

оқытудың мақсаты.

2. Курстың құрылымы мен мазмұны.

Жалпы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың басты мақсаттары мыналар:



  1. Елдің қазіргі халық шаруашылығының бүтіндей көрінісін, оның құрылымын, даму ерекшелігін, орналасуы мен перспективасын

  2. Халық мүлкіне ұқыпты қарау, еңбекті сүю, адамдардың көзқарасы, сенімі, дүниеге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру

  3. Оқушылардың санасында әлеуметтік, саяси, экономикалық географиялық түсініктерді, табиғат пен қоғамға көзқарасты тәрбиелеу

  4. Оқыту барыснда әртүрлі әдістерді қолдана отырып экономикалық ғылыми ізденуге, оны өз бетімен практикаға енгізе білуге бағыттау

  5. Ойлау қабілетін дамыту, фактілерді талдау, олардың себептерін салыстыру, олардың ақиқаттылығын дәлелдеу

Бөлімдер, тақырыптар олардың мазмұны және өзара байланысы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының құрылымы негізінен Н.Н. Баранский қалай талдау жасаған болса,сол күйінде сақталып келеді.

26 дәріс. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытуда білім мен іскерлікті қалыптастыру.



Дәрістің мазмұны: 1. Курсты оқытудағы қойылатын талаптар

2. Курсты оқытудағы әдістер мен тәсілдер

Жалпы білім беретін прогамма тақырыбы бойынша оқушылардың білімі мен іскерлігін қалыптастыру негізінде талаптар қойылып отырады. Осындай талаптар:


  1. Қазақстанның басты экономикалық міндеті және оны шешудің негізгі жолдары

  2. Қазақстанның халқынң саны, оның қалалар мен ауылдарға бөлінуі, территория бойынша орналасуы. Қазақстандағы елді – мекендердің типтері, ең ірі қала агломерациялары

  3. Қазақстанның еңбек ресурстарының ерекшеліктері

  4. Еліміздің аса маңызды ресустарының құрамы мен орналасуы, оларды экономикалық тұрғыдан бағалау жолдары

  5. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы, оның өзгеруі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісі мен транспортының жүйесі

  6. Негізгі кәсіпорын түрлері

  7. Өндірісті ұйымдастыру формалары

  8. Өндірісті орналастыру принциптері

  9. Халық шаруашылығының аса маңызды салалары

  10. Қазақстанның барлық ірі экономикалық аудандары

27 дәріс. Дүниежүзілік экономикалық әлеуметтік географиясын оқыту



Дәрістің мазмұны: 1. Курстың білімділік тәрбиелік мақсаттары

2. Курстың саяси идеялық бағыттары

1-ден. Мектепке арналған оқулық оқушыларға қазіргі ғылыми білімнің негізін үйретуі тиіс. Оқулық мазмұнының ғылыми тұрғыдан өзі оның идеялық саяси бағытымен тығыз байланыста болуы керек. Сонымен қатар қазіргі дүние жүзінің қазіргі саяси картасы туралы ашқан түсінік беруге тиіс.

2-ден. Оқушылардың ойлану қабілетін дамыта түсуге, оларға фактилер мен құбылыстарды өз беттерімен ұғына білуді, шаруашылықтың дамуы мен орналасуының басты заңдылықтарын түсіне білуді үйренуі керек. Бұл жөнінде Н.Н. Баранский былай деді: «Сонымен істің мәні тек қана жасау фактілерді тізе беруде емес, құбылыстар байланысын көрсетуде, географиялық өзіндік ерекшеліктерін ашып, географиялық сипатта беруде болып отыр.

Өйткені географиялық орасан көн фактілік дәлелдеу материалдарын меңгеруге көмектесудің ең жақсы жолы-оқушыны өз бетінен ойлануға үйрету болып табылады».

3-ден. Осы негізгі заңдылықтардың жағдайында жекелеген елдердің және елдер тобының өзіне ғана тән ерекшеліктері ашқын көрсетуге тиіс.

ІІІ. Курстың саяси идеялық бағытымен байланыстағы білімділік пен қабілеттерін қалыптастыру ВИЛ.

28 дәріс. Дүниежүзілік экономикалық географияны оқытудағы білім мен іскерлікті қалыптастыру



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау