Тақырыбы: Психофизиология және мидың молекулярлы генетикасы
Сұрақтары:
Мидағы гендердің экспрессиясы.
Мидың эволюциясы.
Молекулярлы генетика
Цитоархитектоникалық және миелоархитекктоникалық зерттеулерге сәйкес ми қыртыстарын алаңдарға және кіші алаңдарға бөлетін карталар жасалды. Қазіргі кезде мидың онто және филогенетикалық ерекшеліктерін ескере отырып, адам миы қыртысының барлық ауданын негізгі 5 зонаға бөледі: ертедегі, ескі, жаңа және аралық қыртыстың екі зонасы. Ертедегі қыртыс – палеокертекс бүкіл үлкен ми сыңарлар қыртысының 0,6 % жатады. Бұған иіс сезу мен оынң артқы ұшындағы біраз учаске кіреді. Ертедегі қыртыс қабаттары бір-бірінен айқын бөліндбеген және олар қыртысасты ядроларынан да онша бөлігіп кете қоймаған. Ол негізінен иіс сезумен байланысты. Ескі қыртыс – архикартекс – 2,2 % ауданды алып жатады. Оның құрамына аммон мүйізі, тиісті сіңір, иіс сезу ирегі және оның жалғасы тізелік ирек кіреді. Аралық қыртыс – жаңа қыртыстың ескі және енртедегі қыртыспен түйісетін жерінде орналасқан. Ол 3 зонаға бөлінеді:
Палеокортекс жанындағы зона – бүкіл қыртыстың 0,3 % -ы.
Архикортекс жанындағы зона –1,3 %-ды алып жатады.
Аралық қыртыс бірнеше клеткалық қабаттардан тұрады, жаңа қыртыс - –еокортекс үлкен жарты шарлар бетінің 95,6 %-ын алып жатады. Оның алты қабаты болады:
І. Молекулалық қабат – негізінен горизонталь орналасқан нерв талшықтарынан және нейролия клеткаларынан тұрады. Клетка саны аз, қабат қалыңдығы 0,25 мм-дей.
ІІ. Сырқы дәнді қабат – қалыңдығы 0,2 мм.
ІІІ. Сыртқы пирамидалық қабат – оның жоғарғы бөлімінде майда, ал төменгі бөлімінде ірі пирамидалық клеткалар орналасады.
ІV. Ішкі дәнді қабат – майда дәнді клеткалар жиі, пирамидалық клеткалар сирек орналасады.
V. Ішкі пирамидалық – көбінесе майда, не орташа және сирек ірі пирамидалық клеткалардан тұрады.
VІ. Полиформды – жіп тәрізді клеткалардан тұрады.
Ми қыртысының аумағының 90 %-ы осы аталған 6 қабаттан тұрады. Фоно Экономо гистологиялық зерттеулеріне сәйкес ми қыртысының цитоархитектоникалық алаңдарын 5 типке бөлген. Олардың 2, 3, 4 типтерінде 6 қабат түгел болғандықтан оларды гомотипті деп атайды. Ал 1,5 типтерді гетеротипті қыртыс дейді.
Еңбектері генетикалық психологияның дамуында маңызды кезеңдерді құрайтын көрнекті ғалым, швейцариялық психолог Жан Пиаже. Ж.Пиаже үшін А.Бине лабораториясын интеллектті өлшеу шкаласымен жұмыс жасауға шақырылған 1919 жылғы Париждегі жылдары өте маңызды болды. Бұл кездері Пиаже Бине тестінің тапсырмаларын орындау барысында балалардың қарапайым шешімдерінен жіберген қателерін зерттеуге көп көңіл бөлген болатын. 1921 ж. Пиаже Женеваға оралады.да, оны Клапаред Ж.Ж.Руссо Институтына диреторлыққа шақырады. Сол жерде қызмет жасай жүріп ол Женевадағы сәбилер үйіне де жұмысқа тұрады. Оның осы жұмыста жүріп жинаған материалдары «Баланың ойы мен тілі» (1923), «Баланың моралдық пайымдары» (1932) атты алғашқы кітаптарына негіз болды. Онда Пиаже балалардың когнитивтік дамуы тұжырымдарының негіздерін баян етеді.
Бұдан кейінгі жылдарын Пиаже 1949-1951 жж. өзінің негізгі көлемді «Генетикалық эпистемологияға кіріспе» (1951) еңбегіне арнады. Пиаже өзінің балалар ойлауының теориясын логика мен биология негізінде құрды. Ол психологиялық дамудың негізі интеллекттің дамуы болып табылады деген идеядан бастау алды. Бірнеше эксперименттер сериясында ол өзінің пікірін дәлелдеді де. Онда ол ұғыну немесе түсіну, интеллект деңгейі балалардың тіліне, олардың қабылдауынажәне жадына қалай әсер ететін көрсетті.
Психиканың даму кезеңдері – бұл жағдайдың сызбасына барған сайын барабар қалыптасуларға бала біртіндеп келетін интеллеттің даму кезеңдері. Бұл Пиаженің жасаған қорытындысы. Бұл сызбаның негіз болған логикалық ойлау. Пиаже даму үрдісі кезінде ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі жүретіні туралы айтты. Сондықтан да интеллект психика дамуының өзегі болып табылады. Айналаның сызбасын түсіну, дұрыс жасау қоршаған ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бейімделу енжар жүретін үрдіс емес, керісінше ағзаның ортамен, яғни айналамен белсенді өзара әрекеті. Бұл белсенділік қажетті даму жағдайынан түрады. Өйткені сызба адамға туа салысымен дайын күйінде беріле салмайды, ол қоршаған ортада жоқ деп санады Пиаже. Сызба адамның ортамен белсенді өзара әрекеті үрдісінде жасалынады. Пиаже ол туралы: «сызба объектіде де, субъектіде де жоқ, ол субъекті мен объектінің белсенді өзрар әрекеті нәтижесі болып табылады» деп жазды. Пиаженің сүйікті мысалдарының бірі сан туралы түсінігі жоқ баланың тастармен ойнап отырып, оның маңызын түсініп, оларды қатарға тізуі, және осылайша бір, екі және көп т.с.с. түсінік қалыптастыратыны.
Бейімделу үрдісі мен жағдайдың біртекті сызбасын қалыптастыру біртіндеп жүреді, сонымен бірге бала сызбаны құрудың екі механизмі – ассимиляцияны және аккомодацияны пайдаланады. Ассимиляцияны құру кезінде сызба қатаң, ол жағдай өзгерген кезде өзгермейді, керісінше адам барлық сыртқы өзгерістерін сызбада берілген тар шеңберге сыйдыруға тырысады. Ассимиляцияның мысалы ретінде Пиаже баланың ойнын келтіреді. Ол ойын шеңберінде бала өзін қоршаған әлемді тани бастайды. Аккомодация жағдайдың өзгеруі кезінде дайын сызбаның өзгерімен байланысты. Осылайша, сызба шынын да (барабар) адекватты, аталмыш жағдайдың барлық нюанстарын толық көрсетеді. Дмау үрдісінің өзі Пиаженің пікірінше ассимиляция мен аккомодация үрдістерінің алма-кезектігі сияқты, белгілі бір шекке дейін бала ескі сызбаны пайдалануға, ал одан соң неғұрлым адекватты сызбаға өзгертуге тырысады.
Пиаженің өзінде де ойлаудың даму кезеңдерін зерттеу біртіндеп жүрді. 20-жылдары ол ойлау мен сөйлеу арасындағы байланыстан бастау ала отырып, балалардың сөйлеуінің дамуын зерделеу арқылы ойлауының дамуын зерттеу жасап, В.Штерннің қателігін қайталады. Мсыалға балалардың: «жел неге соғады, күн айға қонаққа бара ма, жаңбыр қайдан пайда болады т.с.с» деген әдеттегі сұрақтарын жинап Пиаже бұл сұрақтарды балалардың өзіне қойып, олардың жауаптарын талдады. Содан мынадай қорытындыға келді: ойлау үрдісінің дамуы – бұл экстериоризация үрдісі, яғни ойлау ішкі, аутистикалық ретінде, соңынан эгоцентризм сатысына жете келе сыртқы, реалистік болып кетеді. Сөйлеудің даму үрдісі де солай, эгоцентрлық сөйлеуден өзі үшін сөйлеу, әлеуметтік сөйлеу, басқалар үшін сөйлеу болып кетеді.
Пиаженің бұл позициясы басқа психологтар, әсіресе Выготский мен Штерннің тарапынан жазғыруға ұшырады. Олар аутистикалық ойлау өте күрделі болғандықтан реалистикалық ойлауға алғы шарт бола алмайды (Штерн), сондай-ақ эгоцентрлік сөйлеу сыртқы және ішкі ортасында аралық болып табылады (Выготский). Алайда дәл осы кездері Пиаже балалардың психикалық дамуын түсіну, олардың интеллектісінің қалыптасуы үшін маңызды орасан жаңалық ашты. Бұл ең алдымен балалар ойлауының эгоцентризм (бөтеннің көзқарасын бөлісе, қабылдай алмау), синкретизм (бала ойлауының мүшелене алмауы), трансдукция (жалпыға соқпай жалқыдан жалқыға өту), артрифициализм (жасандылық), анимизм ( жандылық), қайшылықтарға сезімсіз, яғни сезімшіл емес сияқтыерекшеліктеріннің жаңалығы болды.
Оның едәуір маңыздырақ эксперименті эгоцентризмді зерттеуі болды. Мұнда Пиаже балаларға жағдайға бөтен адам ретінде қаруды қажет ететін қарапайым сұрақтар қойды. Мысалы, ол баладан неше ағайындысыңдар деген сұраққа «менің екі ағам бар» деген жауап алды. Балаға келесі сұрағы: «Ал сенің ағаңның неше бауыры бар?» болды. Әдетте балалар мұндай сұрақтарға сасқалақтап, дұрыс жауап бере алмай, өзін қосуды ұмытып, оның ағасында бір бауыры бар деп жатты. Бұдан гөрі күрделірек болған эксперимент тауға қатысты жасалды. Эскпеиментте әртүрлі биіктіктегі үш таудың басына үй, тал (ағаш), диірмен сияқты үш зат орналастырылған макеті қойылды. Оларға фотографилар таратылып, барлық үш тауда дәл қазіргі минуттағы жағдайда көрінетінін таңдауды ұсынды. Бұл тапсырманы тіпті 3-4 жастағы бала да оңай орындады. Бұдан соң макеттің келесі жағына қуыршақты қойып, эксперимент жүргізуші баладан қуыршақтың көзқарасына сәйкес келетін фотографияны таңдауды ұсынды. Бұл тапсырманы балалар орындай алмады. Осы жағдай Пиажеге баланың бөтен адамның орнына өзін қоюының қиын екендігі туралы, балалардың эгоцентризмі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
№15- дәріс
Тақырыбы: Клиникалық психофизиология
Сұрақтары:
1. Клиникалық психофизиологияның пәні мен міндеттері.
2. Зерттеу әдістері.
3. Шизофрения. Депрессия.
Психика дамуындағы клиникалық жағдайлардың пайда болуы көбінесе ішкі себептерге байланысты.Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан психикалық дамудың артта қалуы ретардация деп аталады. Ретардация физикалық және психикалық болып 2-ге бөлінеді .Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты.
Эндогендік себептерге жаскезеңдік өзгерістерге байланысты туындайтын себептер мен адамның ауруға дейінгі ағзалық ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы: истериялық реакциялар ұстамсыз адамдарда жиі дамиды. Жабысқақ түрдегі невроздар: мазасыз, күдікшіл адамдарда жиі болады.
Психиканың клиникалық жағдайларының дамуына эндогендік себептердің ықпалы өте зор. Жүйке жүйесі зақымдануына байланысты туындайтын аурудың зардабынан (менингит, энцефалит,менингоэнцефалит, полимилит) болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады)
Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады .
Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар . Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды , екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті .
Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқуларына мутациялардың (сыртқы себептердің-мутагендердің арқасында пайда болады , мысалы клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері) ықпалдары зор. Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ару тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор .
Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық жағдай, анемия-сөзі «қан аз» немесе «аз қан» деген ұғымды білдіреді . Бұл жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады. Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады. Гемоглобин оттегімен байланысып, әрбір клеткаға, органдарға, тканьдарға оттегін тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы (себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі .
Анемияның негізгі үш топқа бөлуге болады: көп қан жоғалтқандағы анемия; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік себептері негізінде қарастыруға болады. Әртүрлі аурулар мен жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу, жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы . Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі . Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп кеткен: асқазан –ішек жарақатына, ісіктеріне байланысты.
Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат.Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады.Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор.Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ.Ол бала кезде де,ересек кезде де болуы мүмкін.Шизофрения ұзақ мерзімді ауру.Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения.Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Психиатриядағы көптеген өткір теориялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жалпы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық белгілер бар. Аурудын пайда болу тегі, оның бірнеше түрге бөлінуі жағынан көптеген пікірлер бар. Бірак барлық психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену бар екеніне күмәнданбайды. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э.Блейлер қойды. Бөлшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байланысты. Сезіну,қабылдау,ойлау,жүріс-тұрыс психиканың әр түрлі жақтары болып саналады.
Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады,яғни психикалық қызметін тұтастығы,бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады. Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып,”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ”деп түсіндіреді. Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамығандықтан суреттерінде символизм мен бөлшектену білінеді. Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзылып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект қызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адамдардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандықтан аурудың диагнозын қоюға болады.
Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі аурудың клиникалық ерекшеліктерімен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрі бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті. Үнемі ағымды шизофрения ағымды болады. Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі, параноидты және жай ағымды түрлері болады. Ұстамалы прогредиентті шизофрения бұл түрінде дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің “шуб “ деген сөзі жылжудың, өзгерісті көрсетеді.Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады. Рекурентті (мерзімді ) шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейройдты кататониялық, депрессивті-параноидты және аффективті белгілер болады.
Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады: психикалық өнімділіктің төмендеуі, эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыстары. Бұдан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар, жекеленген елестетушіліктер пайда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны байқалады.
Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұқым қуалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофрениялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индоламин т.б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Қазіргі кезде шизофренияны емдеудің негізгі тәсілдері: антипсихотикалық, антидепрессивті, транквилизаторлы жіне стимуляциялық әрекетті психотроптық заттардың қолданылуы. Бұрын емдеудің естен тандыру әдістері аурудың ем қонбайтын түрлерінде кеңінен қолданылды. Емдеудің барлық биологиялық түрлері психотерапия және еңбек пен әлеуметтік бейімделу шараларымен қатар өткізіледі. Емдеудің барлық кезеңінде жеке адамның белсенділігін сақтап қалу негізгі принцип болып саналады.
3. Семинар сабақтарының сұрақтары.
Психофизиология пәніне кіріспе
Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы. Жүйке жүйесі дамуының эволюциялық деңгейі
Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы
Жүйке жүйесіне жалпы анатомиялық шолу. Рефлекторлық доға. Рефлекстер.
Психофизиологияның қазіргі зерттеу әдістері
Қазіргі психофизиологиялық зерттеу әдістері жайлы түсінік. Жүйке клеткаларының импульсті белсенділігін тіркеу. Электроэнцефалография. Магнитоэнцефалография. ЯМРИ
Жүйке жүйесінің онтогенезі
Жүйке жүйесінің дамуы. Жаңа туған нәресте Жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Бала функционалды дамуының кезеңдері.
Психикалық және физиологиялық қатынастар жайлы қазіргі түсініктер
Психофизикалық және психофизиологиялық мәселелер. Психика мен мидың байланыстылығы.
Психофизиологияның жүйелік негіздері
Функционалды жүйе мінез-қылықтың физиологиялық негізі. Функционалды жүйенің негізгі белгілері.
Сенсорлық жүйенің психофизиологиясы
Сенсорлық жүйенің қасиеттері. Көру жүйесі. Есту жүйесі. Вестибулярлы жүйе. Соматосенсорлық жүйе.
Зейіннің психофизиологиясы
Фильтр теориясы. Психофизиологиядағы зейін мәселесі. Нәтиженің алдын-алу теориясы.
Сананың психофизиологиясы
Сана концепциясының негіздері. «Айқын дақ». Сана, қарым-қатынас және тіл. Сананың функциялары.
Санасыз әрекеттің психофизиологиясы
Санасыз әрекеттің түрлері мен формалары. Психикалық қорғанудың феномені. Үлкен ми жарты шарларының сөздік стимулдарға ықпалы.
Ұйқы және түс көру
Баяу ұйқы кезеңдері және тез ұйықтау. Онтогенез және филогенездегі ұйқы. Ұйқыға қажеттілік. Түс көру. Ұйқының маңызы
12. Үйретудің психофизиологиясы
Үйретудің психологиялық және биологиялық теориялары. Үйретудің жүйелі психофизиологиясы. Дербес тәжірибе элементтері мәселесі.
13. Стресстің психофизиологиясы
Стресстің анықтамасы. Стрессорлар, стресстік реакциялар және дистресс. Стресс және психикалық басқа жаңдайлар. Стресстің механизмдері. Дистресс және ауру.
14. Психофизиология және мидың молекулярлы генетикасы
Мидағы гендердің экспрессиясы. Мидың эволюциясы. Молекулярлы генетика.
15. Клиникалық психофизиология
Клиникалық психофизиологияның пәні мен міндеттері. Зерттеу әдістері. Шизифрения. Депрессия.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары:
Эмоцияның психофизиологиясы - реферат.
Бас ми бөліктерінің қызметі.
Қабылдаудың психофизиологиясы.
Қозғалыс психофизиологиясы.
Саналы және санасыз психикалық процесстердің психофизиологиясы.
Ми қабығының тілдік процесстер қалыптасуындағы құрылымдық маңызы.
Ми жарты шарларының ассиммертиясы.
Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері - реферат.
Дербес ерекшеліктердің психофизиологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |