Тақырып. Отбасының құрамы және түрлері.
Дәріс жоспары:
1. Отбасы құрамы, түрлері.
2.Басқарылу стиліне байланысты жаңұя түрлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Отбасы өзiнiң құрамына қарай толық отбасы, толық емес отбасы және үлкен (күрделi) отбасы болып бөлiнедi. Толық отбасыларында ерi, әйелi, балалары болады. Толық емес отбасыларда тек ерлi-зайыптылардың бiреуi балаларымен болады. Үлкен (күрделi) отбасыларында бiрнеше ұрпақ өкiлдерi бiр шаңырақ астында өмiр сүредi. Мысалы, ата-әжесi, ата-анасы, балалары мен немерелерi және т.б. Американдық әлеуметтанушы Мэрдок «нуклеарлық отбасы» деген түсiнiктi енгiзедi. Ондай отбасыларында мiндеттi түрде ерi мен әйелiнiң болуы шарт. Балалар саны шектеусiз, тiптi ондай отбасыларында балалардың тiптен болмауы да мүмкiн.
Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлдi. Отбасындағы адамдардың әлеуметтену процесі оның типіне байланысты.
Жас отбасы. Бұл отбасылар жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір-бірін енді танып біліп, мінез-құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді.
Орташа жастағы жұбайлар отбасы. Қарым-қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Ересек жұбайлар отбасы. Баласыз отбасылары. Әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажырасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен. Олар негізінен мінез-құлқымыздың келіспеуі деп көрсетеді. Олай болса, отбасында баланың болмауы ерлі-зайыптылар арасын суытып және қарым-қатынастың қолайсыздығына алып келеді.
Көп балалы отбасы. Мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар Аз балалы отбасы.
Сонымен қатар, ғалымдар отбасында жалғыз баланың болуының оны тәрбиелеудегі әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы теріс аспектілерін де атап көрсетеді. Оның өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға деген мүмкіндігінің шектеулігі, одан да жаманы эмоционалдық қасиеттерінің дамуының төмендігі деп көрсетеді. Қарым-қатынасы мен сезім мәдениеті кешеуілдеп дамыған балалардың ата-аналары өте мейірімді, көп кешіретін, барлық қылықтарына төзімді болып келеді. Ондай жағдайда бала өзінің ерекше қамқорлықтағы рөліне тез бейімделеді де, өзгелерге қамқорлық жасау қажеттілігін сезінбей өседі. Аз балалы отбасылары өмірі мен тіршілігінің мазмұнына тән нәрсе оның отбасы мүшелерінің жеке бастарының мүдделерін іске асыру бойынша әрекеттердің, нақты қызметтерінің айқын болуында. Ең болмағанда кәсіби, оқу (педагогикалық) немесе тәрбиелік сферада өзін-өзі жетілдіруге талпынысы байқалады. Оларда отбасы мүшелерінің қарым-қатынас шеңбері шектеулі, көбінесе туған-туыстарымен, кәсіби қызметтегі әріптестерімен, кейде қажетті тұлғалармен ғана араласады. Мұндай отбасыларындағы лидерлік әрекет отбасындағы бала тәрбиесімен және шаруашылық-тұрмыстық жұмыстармен айналысатын жұбайлардың біріне беріледі. Соңғы жылдарда мұндай отбасыларындағы қолайлы өмір сүру деңгейі де күрт өзгеріп отыр.
Қолайсыз отбасыларында проблемалық мәселелер әртүрлі. Олар ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста, ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтардың орын алуында, балалар тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлінің және көзқарастарының бірдей болмауында, яғни өзара келіспеушілігінде, ата-аналарының екеуінің де немесе біреуінің сұранысының екіншісін қанағаттандармауында және т.б. көрініс береді.
Негізгі ұғымдар: жас отбасы, баласыз отбасылары, көп балалы отбасы, аз балалы отбасы, ересек жұбайлар отбасы, күрделі отбасы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қоғамда отбасының алатан орны қандай?
Отбасы түрлеріне сипаттама беріңіз.
Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарым-қатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз.
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
Модуль 2. Отбасылық қарым-қатынас психологиясы.
Тақырып. Отбасылық қарым – қатынас.
Дәріс жоспары:
1. Отбасындағы ата –ана мен бала қарым - қатынасы.
2. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазіргі таңда қоғамда отбасы психологиясы өзекті мәселелердің бірі. Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата – аналарға адам өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар болмысын балалар үшін ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ, отбасы өмірі – сан қилы , рахаттанумен қатар қиындықсыз, мәселесіз отбасы болмайды. Отбасы тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері - бүкіл қоғам мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық жағдайы кең құбылыс.
Отбасы туралы В. Сатирдің пікірі бойынша: «Барлық әлемнің микрокосмасы, яғни әлемді түсіну үшін отбасын толық тану қажет».Ал Л.Ковар болса, отбасы қатынасының жалпы үлгісін қалай бағалайды және оларға қатынас жасау арқылы бағаланады деп көрсетті.
Отбасындағы ата – ана мен бала қарым – қатынасы білім, іскерлік дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым – қатынастағы қажеттілікпен анықталады,негізінен үлкендермен қарым – қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым – қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қарым – қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қатынасқа түсуге ынтасы. Мұндай қарым – қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым – қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс – әрекеті эмоциялық байланыспен жалғасады.
Отбасы қарым – қатынасы , оның баланың жеке басына әсері туралы әр түрлі саладағы мамандар зерттеуінен бірнеше аспектілерді анықтаған. Сол арқылы ата – ана – бала қатынасының толық бейнесін жатқызуға болады. Олар:
Ата – ананың баламен өзара әрекеттестігі;
Ата –ананың балаға қатынасы санадан тыс мотивациясына негізделген;
Ата –ананың балаға қатынасы рефлекстік жағдайда қалыптасқан;
Балаға отбасында үлкендердің қарым – қатынасы өте маңызды. Оған отбасының әрбір үлкен мүшесі үлгі болады.
Ата – аналардың балаларға психологиялық әсері қашанда жеке дара. Жеткіншекке аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталынады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынастар өзгереді.Әсіресе жеткіншекке әкесі, анасы немесе отбасындағы кез келген ересек адамның қарым – қатынасы ерекше әсер етеді.
Отбасылық өмір стилі тұлғаның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бір ауыздан Отбасылық өмір атмосферасы ұғымына отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау мен меңгеру, ата – анамен балалардың біріккен еңбек және эстетикалық іс – әрекетінің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізді.
А.С. Спиваковская өзінің зерттеулерінде баланың дамуы мен тәрбиесіне керісінше әсер ететін сәтсіз отбасыларды жіктеп берді:
- «Отбасы – санаторий». Қатаң қадағалау, болар болмас қауіптен шеттен тыс сақтау.
- «Отбасы – қамал». Ата – аналарда принциптілік ұстанымы өте жоғары, барлық жағдайда бала іс – әрекетті дұрыс және қателіксіз орындаулары қажет деп санайды.
- «Отбасы - үшінші артық». Мұндай отбасында ата – аналардың эмоциялық қатынасы маңызды орында.
Негізгі ұғымдар: ата-ана, қарым-қатынас, бала, отбасылық стил, тұлғалық, мінез-құлық, түсіністік.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Отбасында ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас қандай болуы керек?
2.Жанұяның баланың психологиялық тұрғыдан дамуына әсері туралы айтып беріңіз?
Әдебиеттер:
1.Тұрдалиева Ш.Т. Қарым – қатынас психологиясы. Алматы – 2013.
2. Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
3. Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4. Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
Тақырып. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері.
Дәріс жоспары:
Отбасының түрлері.
Жанұялық қарым-қатынас типтері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы. Бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды
Некесіз отбасы. Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды некеге тұру қажеттілігі орын алады. Бұл да қазақ халқына тән емес, жат нәрсе. Әйтсе де тұрмыста қазақ жастары арасында кездесіп тұратын жағдай.
Толық емес отбасы. «Аналық» отбасы.
Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отбасы.. Сонымен қатар, ата-аналарының ажырасуы балалардың болашақ отбасылық өміріндегі ата-аналық дамуына да ықпал ететіндігін ұмытпауымыз қажет. Өйткені толық емес отбасында өскен бала ата-аналары қарым-қатынасындағы теріс қасиеттерін тез есте сақтап, меңгереді, соның салдарынан өскенде өз отбасын ұйымдастыруда қолайлы жағдай туғыза алмайтын болады. Сондықтан ел арасында бала ата-анасының тағдырын қайталайды деген сенім қалыптасқан.
Мұндай типті отбасыларына отбасыішілік мәселелерге қызығушылық аса үлкен болады және әкенің орны білініп тұрғандықтан, оған деген қажеттілік те сезіліп тұрады. Отбасындағы шаруашылық-тұрмыстық белсенділік пен тәрбиелік қызмет жалғасын таппағандықтан, ата-ананың бірі ол қызметті өз міндетіне алады. Кейде ол өз маңызын жойып та жібереді, сондықтан көптеген отбасыларында ол жаңа әлеуметтік орта құру мақсатымен жүзеге асырылады. Өмірлік мақсаты алдағы уақытта қайта некеге тұру арқылы отбасын құру мен оны іске асыру шараларымен байланысты анықталады. Ажырасқан адамдардың жаңа өміріне бейімделу барысында қалыптасқан көңіл-күйлері мен психикалық жағдайы баланың ата-анасы мен отбасындағы қарым-қатынасқа, отбасындағы өмір сүру дәстүріне ерекше әсер етеді.
Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық емес отбасы.
Дистанттық отбасы.
Әртүрлі деңгейлі отбасы.
Аралас ұлтты отбасы.
Бүгiнгi қоғамның талабы берiк отбасыларының болуын, онда болашақ ұрпақ тәрбиесiнде жұмыла қызмет атқаратын ұжымдық бастамаларды керек етедi. Екi жас тұлғаның неке одағы негiзiнен олардың тұлғалық қасиеттерiне және өмiрдегi құндылық бағдарларына байланысты болып келедi.
Отбасының рухани тiршiлiгiндегi негiзгi функциясы бала тәрбиесi болып табылады. Отбасылық және қоғамдық тәрбие бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты, олар бiрiн-бiрi толықтырады. Дегенмен отбасы тәрбиесi басқа тәрбие институттарындағы тәрбиеге қарағанда анағұрлым эмоционалды, өйткенi оның негiзiнде өз кезегiнде балалардың ата-анаға деген сүйiспеншiлiгiн туғығатын ата-ананың балаға деген сүйiспеншiлiгi жатыр.
Бәрiмiзге белгiлi соңғы кездерi көпшiлiк отбасыларындағы бiрлiк- береке ондағы өзара түсiнiстiк пен достық қарым-қатынасқа негiзделген отбасының болуын қалайды. Осындай отбасыларында ғана ерлi-зайыптылар мен отбасы мүшелерiнiң тұлғалық қажетiн қанағаттандыру толық және мазмұнды болмақ (сезiмдiк жылылық, өзара түсiнiстiк пен өзара көмектесуде өзiнiң отбасы мүшелерi үшiн қаншалықты қажеттiлiгi мен тұлғалық құндылығын сезiнуi және т.б.). Дәл осындай отбасыларындағы ересектер мен жасөспiрiмдерде әлеуметтендiру институты ретiндегi отбасына бауырбасушылық пен тұлғалық қасиеттердiң маңызды ерекшелiктерi қалыптасады. Отбасы iшiндегi ересектер мен балалар арасындағы өзара түсiнiстiкке негiзделген қарым-қатынас өз бетiнше қатынас жасау формасын қамтиды. Бұл кезде өзара қарым-қатынас қатынас жасаудың әртүрлi қырларын қамтиды: ой алмасу, сезiмнiң пайда болуы, сенiм мен сыйластық, ықылас пен қамқорлық, жауапкершiлiк пен достық, бiрлескен жұмыстар мен қызығушлықтың ортақтығы және т.б. Осындай қарым-қатынас процесi барысында өзара әрекет пен өзара ықпал ету жүзеге асырылады. Үлкендi сыйлау, адалдық, сүйiспеншiлiк секiлдi сезiмдер ата-ана тарапынан отбасында ғана негiзi қаланып, үйретiледi. Егер бала отбасында өзiнiң «жақсы» немесе «жаман» екендiгiне қарамастан шектен тыс мол сүйiспеншiлiкке ие болса, онда ата-аналар тарапынан болған махаббат балада өзiндiк «мен» құндылық сезiмiн қалыптастырады. Олар сол отбасында, сол ата-анасымен өмiр сүретiндiгiн мақтаныш тұтады, тiптi жолдастарына ата-анасы туралы мақтанышпен әңгiме айтып, өзi де өскенде дәл солардай болуды армандайтын болады. Балалардың ересектермен эмоционалдық контакт жасауға деген қажетi туа пайда болмайды, ол өсе келе ересектермен қарым-қатынас жасау барысында әлеуметтiк жолмен бiртiндеп қалыптасады. Балалар мен ересектердiң мұндай қарым-қатынасы тек олар арасында өзара ортақ қызығушылығы мен өзара рухани жақындығы болғанда ғана қанағаттандырылады. Егер балалар мен ересектер арасында мұндай қарым-қатынас бейтарап, елеусiз өтетiн болса, бала өскенде өз құрдастарымен, көпшiлiкпен немесе қоршаған ортамен қарым-қатынаста көптеген қиыншылықтарға кездесiп отырады. Қарым-қатынаста баланың қажетiн дұрыс таңдай бiлудiң маңызы ерекше. Бала нақты бiр адаммен қарым-қатынас жасауға қаншалықты қызығушылық танытса, ол соншалықты дәрежеде барлық қарым-қатынас құралдарын пайдалана отырып өзiнiң қарым-қатынастағы қажетiн өтеуге тырысып бағады.
Қарым-қатынас қажетiн өтеуде, әсiресе, баланың тұлғалық мотивi қарым-қатынастың жетекшi себебi болып табылады. Дәл осы кезеңде баланың өзiне-өзi баға беру қабiлетi қарқынды дамиды, ол өзгелер әрекетiне де баға беруге қабiлеттi болады. Нәтижеде өзара түсiнiстiк пен эмоционалдық тұрғыдан өзгелерге мейірленуге алып келетiн адамгершiлiктiк тәжiрибе қалыптаса бастайды. Қарым-қатынас объектiсi өзгередi: балалар үшiн аса маңызды нәрсе өз құрбыларымен, кейiннен ересектермен қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасауы әртүрлi болуы мүмкiн: егер олар арасында бай рухани байланыс болса, қарым-қатынас елеусiз бiр кезеңнен екiншi кезеңге ешқандай кикiлжiңсiз өтедi. Мұндай ортадағы қарым-қатынаста, яғни ата-аналар балаларына үлкен қамқорлық жасап, үнемi олардың сабақ үлгерiмi мен бағаларын қадағалайды, уақтылы тамақтануы мен демалуын ұйымдастырады, олар қалай киiнiп жүр, ол да ата-аналарды ойландырады, кенеттен олар өз балаларының есейiп кеткендiгiн байқайды, балалардың қызығушылығының тiптен басқа екендiгiн түсiнедi.
Баланың қарым-қатынастағы қажетi қашан да мейiрiмдiлiктi, эмоционалдық жылылық пен ата-ананың махаббатын керек етедi. Сонда да болса, кез келген сүйiспеншiлiк шамадан тыс көп болмағаны дұрыс, әйтпесе ол өзiнiң қарама-қайшы ықпалын көрсетедi.
Кейбiр отбасыларында ата-аналар балаларын өте ерекше мейiрiмдiлiкпен өсiретiндiгi де байқалады. Олар баланың әрбiр сәтiнде оны қаншалықты жақсы көретiндiгiн есiне салып отырады. Мұндай ұшан-теңiз мейiрiмдiлiк ортасында өскен бала өсе келе өзiмшiл, қоршаған ортадағы адамдардың бәрi оған аса бiр ерекше iлтипатпен қарым-қатынас жасауы керек секiлдi қабылдайды. Ондай отбасында өскен балалар ересек шағында өздерi де отбасын құрғанда отбасының алғашқы сәтсiздiктерiне шыдай алмай ата-аналарына қайта оралып жатады.
Осы тұста кеңес педагогі В. А. Сухомлинский былай деген болатын: «Бала отбасындағы мейірімділіктің аздығынан ғана зардап шекпейді, оның ұшан-теңіз молдығынан да зардап шегеді. Отбасында мейірімділікті аз көрген бала өскенде тұйық, жасық, өзіне сенімсіз, қорқақ болып өседі, ал мейірімділікті шексіз молынан көрген бала өзімшіл, тәкаппар, жалқау, эгоист болып өседі». Сондықтан тәрбиеде мейірімділік те өз мөлшерінде берілгені дұрыс.
Ата-аналық сүйiспеншiлiктiң адамның өзiн-өзi құрметтеуi мен өзiндiк жетiстiгi сезiмiнiң қалыптасуында және оны берiк етуде аса үлкен маңызға ие. Өйткенi бақытты, ынтымағы берiк отбасынан шыққан балалар өскенде өздерiнiң де осындай толыққанды отбасын құруға мүмкiндiгi жоғары болады.
Отбасын басқарудың либералдық жүйесiнде ата-аналар балалардың барлық сұранысын қанағаттандырып отырады. Мұндай отбасыларында қандай жағдайда не iстеу керек деген сұраққа ата-аналар орнына балалары шешiм қабылдап отырады.
Қатаң талап негiзiнде басқарылатын отбасыларындағы балалардың
Негізгі ұғымдар: аралас отбасы, қайталанған некелі отбасы, толық емес отбасы, «Аналық» отбасы, әртүрлі деңгейлі отбасы, толық емес отбасы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Отбасының алатан орны қандай?
2. Отбасылық қарым-қатынас типтеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
Тақырып. Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.
Дәріс жоспары:
Отбасының қоғамда алатын рөлі.
Отбасының негізгі қызметі мен ерекшеліктері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Отбасы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар азаматтық кәмелетке толғанша тәрбиеленеді. Отбасы сондай-ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ошағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі әлеуметтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Алайда, отбасы тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана емес, сонымен қатар адамдардың ұрпақтарын байланыстыратын ата-ана мен балалардың қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі жанұяға аса маңызды әлеуметтік сипат береді. Отбасының мәні оның міндеті мен құрылымы мүшелерінің атқаратын рөлі деген ұғымдар арқылы көрініс табады, отбасының міндеттері, бір жағынан отбасымен қоғамның, екінші жағынан жанұямен жеке адамның өзара іс-қимылын көрсетеді.
Отбасы аса маңызды әлеуметтік құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып отыр. Ағылшын этнографы Л.Морган «Көне қоғам» (1884) атты еңбегінде жанұя тарихын дұрыс бағытта талдады. Марксизм жанұяны дара және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс деп қарады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
Сонымен, отбасы ның негізгі атқаратын қызметтерін айтатын болсақ:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі)
- шаруашылық – экономикалық, (орта шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке дара ықпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптерімен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті - отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік - мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.
Негізгі ұғымдар: Отбасы, қоғам, рөл, отбасы қызметі, үлттық ерекшелік.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Отбасының тәрбиелік қызметі туралы не айтар едің?
Отбасының бұл қызмет түрлерінен басқа тағы қандай қызметтерді жатқызар едің?
Әдебиеттер:
1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001
Дәріс тақырыбы. Отбасындағы дағдарыстар.
Жоспар.
1. Отбасындағы дағдарыстардың түрлері.
2. Отбасындағы дағдарыстардың себептері.
3. Отбасындағы дағдарыстардың алдын алу жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Отбасы дағдырысы – отбасы мәселенің аса асқынып, ұшығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі.
Отбасы психологиясыңда- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады,.
Қарым - қатынастағы дагдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке бартннан кейін де пайда болуы мүмкін.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың катар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата - ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата - аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата - ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі - зайыптылардың бір - бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезенде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама- қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Одан әрі өсіп калған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дагдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен аукымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі - зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқгы жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез - келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы- ажырасуы орын алады. Ажырасу - некенің бұзылуы
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Негізгі ұғымдар: жанұя, дағдарыс, отбасы психологиясы.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
1.Отбасылық дағдарыс ұғымына сипаттама беру.
2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар болу себептеріне тоқталыңыз.
3. Отбасындағы дағдарыстың негізгі себебі көрсетіңіз
4. Отбасындағы дағдарыстың алдын қалай алуға болады
5. Отбасы қалыпты дағдарыстардан басқа қандай жағдайларға кез болуы мүмкін
Әдебиеттер:
1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989
3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988
4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002
5.Бизакова Ф.Ә Отбасы дағдарысын зерттеудің өзекті мәселелері//Вестник КазНУ Сер.Психология и социолог.- 2007. ?1.-61-65б
6. Коляева М.Отбасы дағдарысы//Қызықты психология.-2010.-№2.-16-18б.
7. Берн Ш. Гендерная психология.Законы мужского и женского поведения/Ш.Берн.-СПб:-Прайм – ЕВРОЗНАК, 2007.-318с
Достарыңызбен бөлісу: |