Тақырып. Ата-аналар алғашқы тәрбиешілер.
Дәріс жоспары:
1.Ата-ана алғашқы тәрбиешілер.
2.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны.
3.Бала тәрбиелеу жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға.
Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген. Ата - бабаларымыздың сондай-ақ, тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілін, табиғи қадір - қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымызда тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі таңдағы әке әр түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге, балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде. Қазіргі жағдайда жауапкершіліксіз ата-ана көбейіп кетті. Бала тәрбиелеуде ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспейді. Отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды. Ата-ана қаражат табу қамымен жүргенде мектеппен байланысын үзеді. Ал екі жақ тығыз байланыста болмай, бала екі жақты тәрбие көрмесе оның келешегінің тамырына балта шабылды деген сөз.
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы». Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң – досыңдай сырлас. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Әкеден-ақыл, анадан мейір алады», «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала – отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Ата-аналар арасындағы бала тәрбиесіне көзқарастың әр түрлілігі байқалады. Ата-аналардың жанұядағы тәрбие мәселелері жөніндегі келіспеушілігі, көзқарастарының бір болмауы баланы жеке басында жақсы сапалар қалыптастыруға кері әсерін тигізбей қоймайды. Тату-тәтті өмір сүріп отырған жанұя әрдайым балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Балаларын өздерінің ойларымен бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Мұндай жанұя тар шеңбер аумағында қалып қоймайды.
Сондықтан бала тәрбиесі ата-аналарға жауапты, міндетті жүктейді, ал ол міндеттердің көңілден шығуы ата-ананың жанұядағы әрбір үлгілі ісіне байланысты. А.С.Макаренконың: «Біздің балаларымыз – біздің қартайған кездегі болашағымыз». Оларға берілген дұрыс тәрбие – ол қартайған кездегі бақытымыз. Теріс және нашар тәрбие – ол біздің болашақ қасіретіміз, көз жасымыз», деген даналық тұжырымнан жемісті нәтиже шығарайық.
Негізгі ұғымдар: халық тәрбиесі, ата-ана ұстаз., әке, шеше, жанжал, әдептілік, дәулет, ұлттық тәрбие.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Ұрпақ тағдыры – ұлт тағыдыры дегенге өз ойыңыз.
2.Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер.
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001
Модуль 3. Отбасылық тәрбие психологиясы.
Тақырып. Отбасылық тәрбие.
Дәріс жоспары:
Отбасылық тәрбие туралы жалпы түсінік
Отбасылық тәрбиенің тарихи кезеңдері
Дәрістің қысқаша мазмұны
Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі” яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар
“жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”
“Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”
“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” (4,126)
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру (Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.
Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;
Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.
Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» (6, 59)
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.
Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.
Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясына сүйене отырып, американдық ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы және жеке отбасы.
Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ.
Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы - бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер осындай.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.
Негізгі ұғымдар: отбасы, жанұя, үйелмен, үй, отбасы функциясы, оқыту, тәрбиелеу.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Отбасылық тәрбие туралы өз ойын.
2.Отбасылық тәрбиенің тарихи кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978
2.Энгельс Ф. »Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы», Алматы, 1984
3.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002
4.Латышина Д.И. «История педагогики» М, 2003
5.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006
Тақырып. Отбасы мен бала бақша арасындағы өзара әрекеттестік.
Дәріс жоспары:
1. Отбасы мен бала бақша арасындағы өзара әрекеттестік.
2.Бала бақша мен отбасы арасындағы байланыс.
3.Ата-аналардың бала бақшаға баруы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Отбасы мен бала бақша арасындағы әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті , ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Отбасы мен бала бақша арасындағы ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектепке дейінгі мекеме кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектепке дейінгі мекеме байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді көмек көрсетеді.
Мектепке дейінгі мекемелер мен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Бала бақшада ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектепке дейінгі мекеменің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектепке дейінгі мекемеде ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Отбасында балаларға үлгі-өнеге беретін ата-аналар мен ересек адамдардың мінез-құлықтары, жүріс-тұрысы, сөйлеуі, мәнді рол атқарады. Мектеп отбасы байланысының басты формалары – ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер: күнделікті өмір, еңбек, үй тапсырмаларын орындау, оқушылар-дың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы және т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі –педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға байланысты ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы байланысының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі кезеңде ата-аналармен бұқара халыққа педагогикалық білімді таратып, насихаттаудың аса зор маңызы бар. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.
Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілік қасиеті жоғары, жақсы азамат етіп тәрбиелеу, қиындықтарды жеңе білуге, ата-аналарын түсіне біліге, еңбекті сүюге үйрету болып табылады. Өнегелі отбасы балаларды адамгершілікке, ұстамдылыққа және жақсы мінез-қүлық ережелеріне үйретеді, ересек адамдарды құрметтеуге, оларға көмектесуге және моральдық қасиеттерге тәрбиелейді.
Негізгі үғымдар: мектеп, жанұя, өзара әрекеттестік, ата-ана, адамгершілік, тәрбие.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Отбасы мен бала бақшаның өзара байланысын қарастырыңыз.
2.Бала бақша ата-аналармен қандай жұмыс формаларын ұйымдастырады соған сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер.
1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.
2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
Тақырып. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы.
Дәріс жоспары:
1.Отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау.
2.Ата-аналармен диагностикалау жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайгын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факгорлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған [10]. Отбасы диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік -психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттык әдіс, тест.
Отбасы кұрылымының психологиялык ерекшеліктері
Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір -біріне икемділігімен болады.
6.1. Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы. Ғасеs-3 сауалнамасы Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау. Сауалнама авторлары Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған
Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.
Отбасы топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйде бір- бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер: эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.
Отбасы бейімделуі:(Отбасы мүшелері стрестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі
Оның көрсеткіш белгілері: отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.
«Дөңгелек моделі» отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін, осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу
Сауалнама авторлары тендестікте және сонғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.
Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық катынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара карым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп кызмет істеуі олардың жағымды карым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кеңде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп кызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Біртүлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуымүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жен.
ЖКС үшін сандық мағыналар жүйесі құрастырылган. 5 симптомдар айқындалады:
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; і) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Балдар сомасы қаншалықгы көп болса, соншалықгы белгінің айқын болғаны. Белгінің айкындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған
нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.
Негізгі ұғымдар: отбасы, диагностика, психологиялық ерекшелік, әдістер.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Жанұяның мүмкіндігін диагностикалау әдістерін топтасрыңыз.
Ата-аналарға арналған жұмыс түрлеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер.
1.Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. И.,1999.
2.Лиза Х.Макэлрит, Тони Х.Эйзенштадт. Семейная игровая психотерапия в работе с детьми, имеющими отставание в развитии. Питер., 2002.
3.Методики диагностики психических состояний и анализ деятельности человека. М.,1994.
Пэпп П. Семейная терапия и ее парадоксы. М.,1998.
Тақырып. Отбасын зерттеу әдістері.
Дәріс жоспары
Отбасын зерттеу әдістері
Отбасын зерттеу сауалнама түрлері
Пало Алто мектебі
Отбасы терапиялары
Отбасыға кеңес беру
Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
Дәрістің қысқаша мазмұны
Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайтын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалнама авторлары теңдестікте және соңғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.
Алдымен сауалнаманы жүргізбес бүрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып, жұмыс жасай толтырса, ол психологқа қосымша мәлімет алуға: коммуникациясын, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылауға септігін тигізеді.
«Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.
Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.
Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |