«Отбасындағы балалардың арасындағы бәсекелестік деңгейін анықтау шкаласы»
Әдістеменің мақсаты – отбасындағы балалардың өзінің кіші бауырына қызғаныштық дәрежесінің, бір – біріне бәсекелестік деңгейінің диагностикасы. Берілген сұрақнама мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
А нұсқауы: «Төменде келтірілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген нұсқада өз жауабыңызды беріңіз. Жауап нұсқасының астын сызып қойыңыз»
№ 1 Сұрақнама бланкісі
Егер саған байланысты болса, онда сен.........
Әрдайым кіші бауырыңмен (қарындасы,сіңлісі) бірге ойнар едің - иә, жоқ.
Өзіңнің жақсы көретін ойыншықтарыңды берер едің – иә, жоқ.
Оны өзіңмен бірге серунге алып шығар едің – иә, жоқ
Оны басқалардан қорғап жүрер едің – иә, жоқ
Оны қарайтын едің – иә, жоқ
Оны анаң мен әкеңе мақтайтын едің – иә,жоқ
Оның бар болғанына қуанар едің – иә, жоқ
Ол үйде жалғыз қалмасын деп, жанында отырар едің - иә, жоқ
Ертегі оқып берер едің - иә, жоқ
Оны бала бақшаға немесе мектепке алып барар едің - иә, жоқ
Нәтижелерді өңдеу және талдау. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, «иә» және «жоқ» нұсқасындағы жауаптардың жалпы саны есептеледі. «Жоқ» жауаптарының басымдылығы, баланың өз кіші інісіне немесе қарындасына қызғанышты қатынасын білдіреді. «Жоқ» жауабының 6-дан жоғары болуы немесе 60%-ті құрауы бала үшін ерекше қолайсыз жағдай.
Үлкен бауырларына қызғаныш сезімі мен балалар арасындағы бәсекелетік деңгейінің әртүрлі жастарға арналған сұрақнамасы арқылы анықтауға болады.
Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варға, В.В.Столин)
Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.
Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.
Психоаналитикалық отбасы терапия.
Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты - қатысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевтер басқалаларға қарағанда олар да директивке жақын. Осы терапевтік бағытта қолданылатын техникалар төмендегідей:клнфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация» техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.
Отбасы жүйелі терапиясы
Бұл бағыттың көрнекі қайраткерлері-Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды.Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы терапиясындағы мәнді терапевтік бағыт Жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.
Отбасы стратегиялық психотерапиясы.
Отбасы терапиясында бұл бағытты «мәселені шешуші», «қысқа» негізі мәселе шешу әдістері деп аталады.Бұл бағыттағы танымал тұлғалар –Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне назар аударуды жөн көреді.Бұл бағыт 1970 жылдары кең қолданысқа түсті. Басты идеялардың көбін М.Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден алып қарастырды.Оның тәжірибесіндегі екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша әдістердің әсері және кленттің ұсынғандарының бәрін қабылдау болып табылады.Стратегиялық ықпалдың мазмұны отбасында маңызды өзгеріс, оның бұзылу себебін анықтау емес, мәселені шешудің жолдарын қарастыру деп түсіндіреді. Стратегиялық терапевтер мәселеге тұрақтылық беретін факторларды зерттей отырып, отбасында қалыптасқан өзарақимылды қолдау арқылы, мәселеге негізделген мінез-құлықтан қосымша күшті табуды қарастырады.Стратегиялық терапевтердің көбі қалыпты отбасы қызметі,- деп жағдайға байланысты белгілерден қаша білетін және талаптарға сәйкес өзгере алатын қызметті атайды.
Ерлі-зайыптылар психотерапиясы.
Ерлі-зайыптылар психотерапиясы – отбасы жұбына бағыттала арналған, отбасы қақтығысын және дағдарыс жағдайды жеңуге көмектеседі, қажеттілігін қанағаттандыруды өзара қамтамасыз ету, өзарақатынаста үйлесімге жетуді көздейді. Бұл бағыт өз алдына дербес әдіс немесе отбасы психотерапиясы кезеңдері ретінде қолданылады. Психотерапевт жұмысты ерлі-зайыптылардың жұбымен немесе қабылдауға келген біреуімен де жүргізе береді.Ерлі-зайыптылар психотерапиясында психотерапевт неке мәселесін қарастырмайды, онда тапсырыс берушіде жан- жары туралы қандай сезім, уайым, ой қандай деңгейінде соны шешеді. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында кең тараған мінез-құлықтық, динамикалық және гуманистік ықпалдар. Динамикалық ықпалда ерлі-зайыптылар үйлесімсіздігі екі серіктестің ішкі мотивациялық мінез-құлқы ретінде қарастырылады. Тұлғааралық қатынас әсері мен психикалық процестер динамикасының байланысы бақылауға алынады.
Негізгі ұғымдар: әдіс, терапия, психотерапия, кеңес беру, коррекция.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Отбасын зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз.
Отбасын зерттеу сауаланамаларын түрлеріне тоқталыңыз.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстарға сипаттама.
Әдебиеттер:
1. М.В.Коляева Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. – Шымкент, 2007. – 184.
2. М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005
3. Н.И Олифович., Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента.
Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь, 2006. – 360.
4. А.А Осипова. справочник психолога по работе в кризисных ситуациях. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 315.
5. В.Г Ромек., В.А Конторович., Е.И Крукович. Психологическая помощь в кризисных ситуациях. – СПб.: Речь, 2005. – 256.
Тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасы
Дәріс жоспары:
Отбасы татулығы бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
«Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары
Дәрістің қысқаша мазмүны
Бағдарламада ата-ана және балаларға жүргізілген сабақтар деңгейі, жалпы отбасы жұмыстарына теориялық және практикалық материалдар шетел авторларының (Ресей, Ағылшын, Француз) сондай-ақ әдістемені құрастырушы-авторлардың отбасы дағдарыс күйзелісінен тәжірибе жұмыстары, жас ерекшелік және отбасы психологиясы мәселелерімен ізденушілер М.В Коляева, Ф.Ә Бизақованың эксперменталды жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің түрлі жас ерекшелігіндегі балалармен жүргізілген жұмыстары, тәжірибелері және зерттеулері толық енгізілген.
ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері (2007 жылы «Қазақ Психологтар Қауымдастығы» деп, атауы қайта өзгертілді) 2003 жылдан бастап «Баланың жеке басын дамыту» мектебі ұйымдастырылды, негізгі жобаның мақсаты- 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық қызмет көрсету, тәрбиеде қалыптасатын жеке ерекшеліктері және қабілетінің дамуына мәнді жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету. Ал 2007жылдан бастап ЕИТПП мамандарымен «Баланың жеке басын дамыту» мектебінің жұмыс тәжірибесі жинақталып және жүйеленіп, отбасы қатынасының аймақтық дамуының нәтижесі, баламен жүргізілген психологиялық және психотерапевтік жұмыстары зерттелінді.
ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері 2005 жылдан бастап, бірлестікте ОҚО әкімшілігі және білім беру департаменті және БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры қолдауымен «ОҚО балаларын күтудің балама түрлерін дамыту және оның қызметін бағалау» жобасын жүзеге асырды. Сондай-ақ 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында отбасын қолдау орталығы қызметінің мазмұны бойынша жобаның жүзеге асырылу нәтижесіне тұжырымдама құрастырылды. Осы бағдарламада қызмет баламен жұмыс аясында патрионатты отбасы, асырап алушы ата-ана, әлеуетті ата-аналарды оқыту қосарлы деңгейде жүзеге асырылды.
Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі
Соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылықтарына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-аналардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасы қалыптасуының алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.
Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:
Баланы психологиялық қолдау;
Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары.
Отбасы татулығы н сақтау жұмыстары.
Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» отбасына қолдау көрсету қызметі, Шымкент қаласындағы психологиялық орталықтарының негізі болып табылады.
Негізгі ұғымдар: мақсат, міндет, бағыт, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, психологиялық ағарту, психологиялық кеңес беру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Отбасы бағдарламасына сипаттама беріңіз.
Отбасы бағдарламасының кезеңдеріне тоқталыңыз.
Әдебиеттер:
1. М.В.Коляева Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. – Шымкент, 2007. – 184.
2. М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005
3. Н.И Олифович., Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента.
Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь, 2006. – 360.
4. А.А Осипова. справочник психолога по работе в кризисных ситуациях. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 315.
5. В.Г Ромек., В.А Конторович., Е.И Крукович. Психологическая помощь в кризисных ситуациях. – СПб.: Речь, 2005. – 256.
Тақырып. Шетелдік отбасыларының қазіргі отбасыларға психологиялық әсері.
Дәріс жоспары:
1. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі.
2. Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
3. Қазақ халқы баланы қалай тәрбиелейді?
Дәрістің қысқаша мазмұны
Бала тәрбиесі – отбасының жүйелі түрде жүргізілген жұмысының нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алынған тәлім -тәрбиенің қалыптасып, отбасыда жалғасын табуы бәрі де ата- анасының басшылығы арқылы жүзеге асады. Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Сонымен, әлем балаларының елдеріне саяхат жасап көрелік.
Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.
Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақты түсіндірсе, онда ертенінде балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.
Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.
Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ешқашан да бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі елағаларына байланысты.
.
Негізгі ұғымдар: отбасы, тәрбие, рөл, ұлттық тәрбие.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі
Швецияның балалары
Үндістан балалары
Германияның балалары
Шетелдер мен қазақ халқының бала тәрбиелеу айырмашылықтары
Әдебиеттер:
Архиреева Т. В. Влияние родительского воспитания на самоотношения младшего школьника / Т. В Архиреева // Вопросы психологий; - 2006 – 3 – с. 67 – 78.
Тохтағұлова Г. Қазақ отбасындағы балаларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыр //Қазақстан орта мектебі.-2008.№7-8.-18-22б
Ковалев С.В. Психология современной семьи/С.В.Ковалев.-М:Просвещение, 1988-208с
Федонина И. А. Влияние семейной ситуации на развитие личности ребенка . Журн.прикл. психологий. – 2002. - № 2. – с 55- 64
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ
1-тәжірибелік. Отбасы психологиясына кіріспе.
Мақсаты: Отбасы психологиясы пәнін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.
Жанұя психологиясы туралы түсінік. Отбасындағы психологиялық климат. Отбасы мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұя мүшелерінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Пән аралық байланысын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Отбасы психологиясы туралы өзіңіздің ойыңыз.
2. Отбасы психологияның негізігі міндеттерін атаңыз.
3.Бұл пәннен білімдер педагог-психологқа қандай көмек береді?
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
2-тәжірибелік. Отбасының методологиялық негіздері.
Мақсаты: Отбасының құрылу мен ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Отбасының методологиялық негіздері. Отбасы шағын мемлекет. Отбасының құрылу себептері мен ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктерін ашып көрсету.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Отбасы психологияның әдіснамалық негіздеріне тоқталыңыз.
Отбасының құрылу себептері мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001
3-тәжірибелік. Отбасы – тәрбиенің негізгі бастауы.
Мақсаты: Отбасы тәрбие құралы ретінде ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Отбасы тәрбиелеу құралы ретінде. Қазақ отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру қазақ отбасының тәрбиелік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Бақылау сұрақтары:
Отбасы тәрбиесінің мәнін аашып көрсетіңіз..
Қазақ отбасының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.
2..Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001
3.Ақпарова Ж. Жанұялық метадологиялық негіздері Ұлт тағылымы 2004- №4 53-57 б
4-тәжірибелік. Отбасының құрамы және түрлері.
Мақсаты: жанұя түрлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Отбасы құрамы, түрлері. Дәстүрлі отбасы. Толық емес отбасы. Басқарылу стиліне байланысты отбасы түрлері.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында отбасы түрлеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, басқару стильдерін ашып көрсету керек.
Бақылау сұрақтары:
Қоғамда отбасының алатан орны қандай?
Отбасы түрлеріне сипаттама беріңіз.
Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарым-қатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз.
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
5-тәжірибелік. Отбасылық қарым – қатынас.
Мақсаты: Отбасылық қарым-қатынасты түрлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Отбасындағы ата –ана мен бала қарым - қатынасы. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында отбасы қарым-қатынас түрлеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, тәрбиелеу стильдерін ашып көрсету керек.
6-тәжірибелік. Отбасылық қарым-қатынастардың типтері.
Мақсаты: Отбасылық қарым-қатынастың типтерін қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.
Отбасылық қарым-қатынастардың типтері. Қарым-қатынас ерекшеліктері. Отбасындағы ересектермен балалар қатынасы.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында отбасылық қарым-қатынас типтерінеанықтама бере отырып, ересектер мен бала қатынасын ашып көрсету. Қарым-қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның қоғам дамуындағы ролін ашып көрсету керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Жанұяның алатан орны қандай?
2.Жанұялық қарым-қатынас типтеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
7-тәжірибелік. Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.
Мақсаты: Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктерін студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.
Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. Отбасының негізгі қызметтері. Отбасы тұрмысының ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктерін ашып көрсету.
Бақылау сұрақтары:
Отбасының тәрбиелік қызметі туралы не айтар едің?
Отбасының бұл қызмет түрлерінен басқа тағы қандай қызметтерді жатқызар едің
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
8-тәжірибелік. Отбасындағы дағдарыстар.
Мақсаты: Отбасылық дағдарыстардың түрлерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Отбасындағы дағдарыстардың түрлері. Отбасындағы дағдарыстардың себептері. Отбасындағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдары.
Әдістемелік нұсқау: жанұядағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдарын ашып көрсету.
Бақылау сұрақтары:
1. Отбасылық дағдарыс ұғымына сипаттама беру.
2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар болу себептеріне тоқталыңыз.
3. Отбасындағы дағдарыстың негізгі себебі көрсетіңіз
4. Отбасындағы дағдарыстың алдын қалай алуға болады
5. Отбасы қалыпты дағдарыстардан басқа қандай жағдайларға кез болуы мүмкін
Әдебиеттер:
1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989
3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988
4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002
9-тәжірибелік. Ата-ана алғашқы тәрбиешілер.
Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесінде алатын орнын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.
Ата-ана алғашқы тәрбиешілер. Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны. Бала тәрбиелеу жолдары.
Әдістемелік нұсқау: бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының алатын орнына анықтама беру.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұрпақ тағдыры – ұлт тағыдыры дегенге өз ойыңыз.
2.Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер.
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001
10-тәжірибелік. Отбасылық тәрбие.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі қателіктер оны болдырмау алдын алу жолдарын студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Отбасылық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы. Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау.
Әдістемелік нұсқау: тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау мәселесіне тоқталу.
Бақылау сұрақтары:
1.Отбасылық тәрбие туралы өз ойын.
2.Отбасылық тәрбиенің тарихи кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
Достарыңызбен бөлісу: |