Пәннің оқу әдістемелік кешені «Статистика» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Типтік оқу бағдарлама ҚР-ның БҒМ-нің 11. 05. 05. ж. №289 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген



жүктеу 1,03 Mb.
бет3/80
Дата12.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#28829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80

2.5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы, А., Экономика, 1998

2. Теория статистики/под ред. Р.А.Шмойловой, М.,Финансы и статистика,2001

3. Гусаров В.М. Теория статистики, М.,Аудит,1998

4. Елисеева И.И., Юзбашев М.М.,Общая теория статистики, М.,Финансы и статистика,2004

5. Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

6. Общая теория статистики/под ред. А.А.Спирина, М.,Финансы и статистика,1999

7. Практикум по общей теории статистики,М.Р.Ефимова, О.И.Ганченко, Е.В.Петрова, М.,Финансы и статистика,2001

8. Соцально-экономическая статистика, Уч. Пособие, А., Экономика,1999

9. Соцально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

10. А.И.Гинзбург, Статистика, С-Петербург,Питер,2005

11. Курс соцально-экономической статистики/под ред. М.Г.Назарова, М.,Финансы и статистика,2000

12. Соцальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

13. Л.А.Голуб, Соцально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

14. Н.В.Бендина, Общая теория статистики, М., Приор,1999

15. М.Р.Ефимова,Е.В.Петрова,В.Н.Румянцев, Общая теория статистики, М., Инфра-М,2002

16. И.Г.Переяслова,В.Б.Колбачев, Основы статистики, Ростов на Дону, Феникс,1999

17. Шмойлова Р.А., Практикум по теории статистики, М.,Финансы и статистика,2000

18. А.В.Сиденко,В.М.Матвеева, Практикум по социально-экономической статистике, М., 1998

19. В.Н.Самин, М.Шпаковская, Соцально-экономическая статистика, М., 2000

20. Соцальная статистика. И.И.Елисеева, Н.К.Бельгибаева, А., 1999

21. Экономическая статистика, Иванова Ю.Н., М., 1998

22. Авров А.П., Нурлыбаева А.А., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 1997

23. Бельгибаева К.К., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 2000

24. Бельгибаева К.К.,Сборник задач по финансово-банковской статистике, А., 2000

25. Бельгибаева К.К.,Мухамбетова С.М., Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы, А., 1999

26. Международная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, Минск, 1995

27. В.Д.Мельников, К.К.Ильясов, Финансы, А., 1997

28. Национальные счета в переходный период, Методология СНС ООН, 1994

29. М.М.Новиков,И.Е.Тесмак, Макроэкономическая статистика, Минск, 1997

30. Статистика финансов/под ред. В.Н.Самина, М., 2000

31. Статистика, Уч. пособие , Н.В.Толстин, Н.М.Матегорина, Ростов,2000

32. Г.М.Молдакулова, Международная экономическая статистика, Уч. пособие, А., 2004

33. Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі 2000-2003 ж.ж., Статистикалық жинақ, А., 2004

34. БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, БҚО статистика басқармасы, Орал, 2004

35. Практикум по статистике промышленности, В.Н.Сивцов, Г.Я.Киперман, М., Финансы и статистика, 1985

36. Система национальных счетов, А.М.Елемесова, Е.М.Кииков. А., 1995

37. Методологические положения по статистике, А., 2005

38. Национальные счета РК, (статистический сборник) 1999-2003

39. Пономаренко А.Н., Башкатов Б.И., СНС:принципы построения.-М.,1992

40. Курс национального счетоводства Авров.А.П,Маринов И.И,Оглов В.Е

А,1996.
Қосымша әдебиеттер:

36. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе» туралы заңы, Алматы, 1996

37. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика» туралы заңы, Егеменді Қазақстан, мамыр, 1997
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты



№4 семинар

№10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

4

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ







Әдебиет атауы


Барлығы

Ескерту


Кітапханада


Кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Элек-тронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

2




2,1







2

Общая теория статистики/под ред. О. Э. Башиной, А. А. Спирина. М., Финансы и статистика, 2002

6




6,5







3

Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы, А., Экономика, 1998

3




3,2







4

Теория статистики/под ред. Г. Л. Громыко. М.,Инфра-М,2000

3




3,2







5

Елисеева И.И., Юзбашев М.М.,Общая теория статистики, М.,Финансы и статистика,2001

5




5,4







6

Статистика. Н. В. Толстик, Н. М. Матегорина, Ростов на Дону, Феникс,2001

5




5,4







7

Теория статистики/ под ред. Шмойловой Р.А. М., Финансы и статистика., 2001.

5




5,4







8

Практикум по статистике/под ред. А. П. Зинченко, М., КолосС, 2003.

4




4,3







9

Соцальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

5




5,4







10

Практикум по общей теории статистики, М.Р.Ефимова, О.И.Ганченко, Е.В.Петрова, М.,Финансы и статистика,2001

8




8,6







11

Л.А.Голуб, Соцально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

5




5,4







12

Соцально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

5




5,4







13

Практикум по статистике транспорта, М., Финансы и статистика, 2002.

1




1,1







14

Бельгибаева К.К., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 2000

2




2,1







15

Авров А.П., Нурлыбаева А.А., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 1997

3




3,2







16

В.Н.Самин, М.Шпаковская, Соцально-экономическая статистика, М., Финансы и статистика, 2003.

1




1,1






5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Тақырып 1. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері.

1.1. Статистика пәні, оның әдістері

1.2.Статистиканың ғылым ретіндегі негізгі категориялары
Қазіргі кезде «статистика» термині төмендегідей мағынада қолданылып жүр:

- статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым;

- статистика – қандай да бір құбылыстар туралы деректерді жинақтау, өңдеу және талдаумен айналысатын адамдардың қызмет ету формаларының бірі;

- статистика – мемлекет өмірінің сан алуан жақтарын сипаттайтын статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық мәліметтер.

Статистика ғылымы өз бастауын ХVІІ ғ. аяқ кезінде Англияда қалыптастырды. Оның негізінің қалануына көптеген ғалымдар өз еңбектерімен атсалысты. Атап айтқанда, Г. Ахенваль(1719-1772), А.Кетле(1796-1874), К.Пирсон(1857-1936),П.Чебышев(1821-1894), А.Чупров(1842-1919) және т.б.

Статистика пәні- қоғамдық құбылыстардың сандық жағын сапалық тұрғыда біртұтас байланыстыра отырып және нақты уақыты мен орнын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Статистиканың зерттеу зерзаты болып статистикалық жиынтық табылады. Статистикалық жиынтық дегеніміз – біртектес, белгілі бір тұтастығы және өзара байланысы бар , сондай-ақ өзгермелілігі бар жекелеген элементтердің кәптігі. Мыс., статистикалық жиынтық ретінде: ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, жанұялар, некелер, студенттер, бір елдің азаматтары т.б. айтуға болады. Мұндай көптіктің әрбір жекелеген элементі статистикалық жиынтық бірлігі деп аталады. Статистикалық жиынтық бірліктерінің ортақ қасиеттері статистика тілінде белгі деп аталады.Белгілер сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мыс., жалақы, жұмысшылардың саны, елдегі мұнай өндіру көлемі т.т. Ал сапалық белгілердің немесе атрибутивті белгілердің жеке мәндері сипаттау немесе ұғым түрінде беріледі. Мыс., мамандық, өнім түрлері,сорттары т.т.

Жиынтықтың бір бірлігінен екіншісіне өткен кезде белгі мәнінің сандық өзгерістері өзгермелілік деп аталады, яғни белгілер жиынтықтың әр бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Мыс., әр жұмысшының алатын жалақысы әртүрлі немесе әр жұмысшының еңбек өнімділігі деңгейі оның жасымен, квалификациясымен т.б. анықталады.

Сандық анықталу-статистиканы пән ретінде танып –білудің обьективті қасиеті. Сандық сипатталу жиынтықтың барлық бірліктеріне бірдей және тұрақты өзгермейтіндей болмайды. Қоғамдық өмірдің әр мезетінде құбылыстың белгілі бір деңгейлері болады. Кеңістік пен уақыт мерзімінде құбылыстар жиынтықтың бір бірлігінен екіншісіне ауысып отырады, яғни құбылыстардың өзгермелілігінен статистиканың қажеттілігі туындайды.

Статистика сандық сипаттамаларды статистикалық көрсеткіштер деп аталатын белгілі бір сандар арқылы көрсетеді. Статистикалық көрсеткіш жалпы жиынтықтың және жиынтық бірлігінің өлшем нәтижесін бейнелейді.

Статистиканың пән ретіндегі міндеттері:

- әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың деңгейі мен құрылымын зерттеу;

- әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын зерттеу;

- әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу;

Статистикалық зерттеу мақсаты - құбылыстар мен процестердің, оларға тән заңдылықтардың мән-мағынасын ашу. Статистикалық заңдылықтарды зерттеу негізінде үлкен сандар заңы (закон больших чисел) жатады. Заңдылық деп құбылыстардағы қайталанушылық, бір ізділік және өзгеру ретін айтамыз.

Басқа ғылымдар сияқты, статистиканың да өз пәнінің ерекшеліктеріне байланысты арнайы зерттеу әдістері бар. Бұл әдіс-тәсілдердің жиынтығы статистикалық әдістемені құрайды. Статистикалық әдістеме дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымында, динамикасында және өзара байланысында көрінетін сандық және сапалық заңдылықтарды зерттеуге бағытталған әдіс-тәсілдер жүйесі.

Статистикалық зерттеу негізгі үш сатыдан тұрады:

- статистикалық бақылау;

- бақылау нәтижелерін бастапқы өңдеу, жинақтау және топтау;

- жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.

Бұл сатылардың барлығы бір-бірімен байланысты, олардың біреуінің жетіспеушілігі статистикалық зерттеу тұтастығының бұзылуына әкеп соғады.

Қоғам өз дамуы барысында статистика алдына көптеген жаңадан міндеттер қоюда, яғни біртұтас статистикалық ғылымның жекелеген салалары бөлініп шығуда.Статистика үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Статистиканың жалпы теориясы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық сипатталуының неғұрлым жалпы қағидалары, ережелері мен заңдары туралы ғылым. Статистикалық топтау, орташалар,индекстер т.б. теориялар статистикасының жалпы теориясында жасалынып, ал салалық статистикалар бұл әдістерді өз саласында көрсеткіштер жүйесін зерттеу және оларды нақты есептеу үшін қолданады.

Екінші деңгейде екі үлкен жалпылама салалар тұрады: экономикалық және әлеуметтік-демографиялық статистикалар. Экономикалық статистика экономикадағы құбылыстар мен процестерді зерттейді, яғни қоғамдық ұдайы өндірістің салалары мен элементтерінің құрылымын, пропорциясын, өзара байланысын зерттейді. Әлеуметтік-демографиялық статистика халықты, сонымен қатар адамдардың өмір сүру жағдайын, олардың еңбек және өндірістен тыс қызмет процесіндегі өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Үшінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік-демографиялық статистиканың салалары тұрады. Экономикалық статистиканың құрылымында макроэкономикалық статистика бар, ол елдің экономикасын,сала аралық байланыс және т.б. кешенді зерттеу әдістерін жасайды. Сондай-ақ экономикалық статистиканың : өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда статистикасы және т.б. өндірістік сфераның басқа салаларының статистикасы бөлімдері бар. Әлеуметтік-демографиялық статистиканың құрамына халық статистикасы, өмір сүру деңгейі, мәдениет, қоғамдық пікір, саяси,моральдық және т.б. салалық статистикалар кіреді.


Тақырып 2. Статистикалық бақылау.

2.1.Бақылауды ұйымдастырудың негізгі жолдары. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері.

2.2.Ішінара бақылау әдісі туралы түсінік және оның теориялық негіздері.

Статистикалық бақылау- қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу,жинау тәсілі.

Статистикалық бақылау жүргізу процесі келесі сатылардан тұрады:

-бақылауды жүргізуге дайындық жұмыстарын жасау;

-мәліметтерді жинауды жүргізу;

-деректерді автоматтандырылған өңдеуге дайындау;

-статистикалық бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз зерттелініп отырған әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылау зерзатын анықтау үшін зерттелінетін жиынтықтың шектерін белгілеп алу қажет. Статистикалық бақылау зерзаты жекелеген бөлек элементтерден, яғни бақылау бірліктерінен тұрады. Статистикада бақылау бірлігі деп, зерзаттың тіркеуге жататын белгілері бар құрамдас элементін айтады.

Бақылау бірлігін есепті бірліктен айыра білу қажет. Есепті бірлік деп, бақылау бірлігі туралы мәліметтерді беретін субъектіні айтады.

Бақылау бағдарламасы – бақылау процесінде тіркеуге жататын белгілердің немесе сұрақтардың тізімі.

Статистикалық формуляр дегеніміз бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бірдей үлгідегі құжат.

Статистикалық бақылау зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай жаппай және жартылай бақылау болып екіге бөлінеді.

Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады.

Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бөліктері ғана қамтылады.Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады, бірақ бұл әдіспен бақылауға аз шығын жұмсалады және жинау,тексеру уақыты да тез .

Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды(монографиялық) және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді.

Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз(ағымдағы), үзілісті(кезеңдік) және бір жолғы болып бөлінеді.

Статистикалық бақылаудың негізгі формалары – статистикалық есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау.

Статистикалық мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу арқылы, құжаттар арқылы және сұрақ-жауап арқылы болып үшке бөлінеді.

Тақырып 3.Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру.

3.1. Статистикалық мәліметтерді жинақтауды ұйымдастыру және оның тәсілдері.

3.2.Статистикалық мәліметтерді топтау. Статистикалық таратпалы қатарлар.

3.3.Статистикалық кестелер және графикалық әдіс.


Бастапқы алынған мәлеметтерді жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделі және жауапты жұмыс болып саналады. Себебі қаншама бай, толық және қызықты материалдар жиналғанмен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзінің мағынасын жоғалтады. Іс жүзінде құнсызданады және одан нәтижелі талдау қортындылары жасалынбайды. Сондықтан, стстистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәлеметтерді дұрыс жинақтап өңдеудің әлеуметтік-экономикалық маңызы өте жоғары.

Статистикалық мәлеметтерді жинақтау жай жөне күрделі болып екі түрге бөлінеді. Жай жинақтау дегеніміз жинақталған материалдарды топқа бөлмей, қортынды көрсеткіштерін есептеу. Бұл - жиақтаудың ең жеңіл түрі және ол жинақталған мәлеметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есесптеледі. Мысалы, республикамыздағы студентердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердің санын есепке алып, қосамыз .

Күрделі жинақтау деп алдын –ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз. Мысалы, республикамыздағы студентердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбір жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттерді мамндықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т.с.с.

Статистикалық мәлеметтерді есептеу екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы- барлық мәлеметтерді бір орталыққа жинап, осында қортынды жасау. Мысалы баланының тууы, адамның өлуі, некелесу және ажырасу туралы есептеулерді алуға болады. Екінші жолы – алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қортынды мәліметтер жоғорғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика органдары өз аумақтарындағы кәсіпорындар ,ұжымдар, мекемелер, шарауашылықтар және тағы басқа ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қортынды көрсеткіштері обылыстық стстистика агенттігіне тапсырылады. Ал обылыстық статистика органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша жиналған мәліметтердің қортынды көрсеткіштерін Ұлттық статистика агенттігіне тапсырады.

Мәліметтер екі түрлі тәсілмен – қолмен және машинамен жинақталады.

Статистикалық жинақтау деп, бақылау нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша топқа бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеуді айтады.

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қортындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.

Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәикес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.

Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі :


  1. жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;

  2. қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;

  3. қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау.

Осыған орай, статистикалық топтау бір үлгідегі (типтік), құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлінеді.

Бір үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі: 1)алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тән сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою;

2) топтау белгілеріне сай топтарды анықтау; 3)жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Бір үлгідегі (типтік) топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынанбір жүйеге келтіріп,топтарға бөлуі және оның қортынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.

Біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық бөлу деп атайды.

Құрылымдылық топтауды жүргізудің тәртібі төмендегідей:

1) топтаудың белгілерін анықтау; 2)топтау белгілеріне сай деңгей аралықтарын анықтау;

3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу.

Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстың өзгеретіндігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесін жоғарылату себептік белгіге

жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.

Талдаулық топтау әдісін жүргізудідің өзіне тән төмендегідей тәртібі бар: 1)себепттік (факторлық) белгі бойынша топтар құрылады; 2) әрбір топтарды сипаттайтын себепттік (факторлық) және нәтижелік белгілердің орташа шамалары есептеледі; 3) себептік (факторлық) және нәтижелік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау