Сапалық таратпалы қатарларға мысалы , халықты жыныстық, ұлттық құрамына, білім дәрежесіне, жұмысшыларды мамандығына қарай бөлуді жатқызуға болады.
Ал сандық белгілері бойынша бөлінуді өзгермелі таратпалы қатарлар деп атап, мысалы, жұмысшылардың айлық табысына қарай немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлінуін алуға болады.
Таратпалы қатарлар негізгі екі бөліктен (варианттан және олардың жиілік көрсеткіштерінен) тұрады.
Статистикалық кесте дегеніміз - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану
Кестенің аты
(жалпы басқа аты)
Бастауыштар
|
Баяндауыштар
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жол аттары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кесте бағаналары Қорытынды бағана
Статистикалық кестенің екі элементі: бастауышы мен баяндауышы бар. Бастауыш дегеніміз – зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі.
Баяндауыш дегеніміз – зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және бағаналардың аты ретінде беріледі.
Бастауыштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып үш түрге бөлінеді.
Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер, құбылыстар, объектілер (зерзаттар) аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз. Жай кестенің үш түрі болады.Олар: тізімдік, территориялық және хронологиялық(мезгілдік).
Кесте бастауышы топталған белгінің негізінде құрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз
Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойынша жеке бөліктерге бөлінеді. Мысалы, халықтар санын қала және ауыл тұрғындары деп бөлсек, ал оларды білімдері, ұлттары немесе жас құрамдары бойынша тағы да бөлуге болады.Сондықтан, құрама кестенің негізіне құрама(күрделі) топтау жатады.
Тақырып 4. Статистикалық шамалар.
4.1. Нақты шама, түрлері, өлшем бірліктері. Қатысты шама, түрлері, өлшем бірліктері.
4.2. Орташа шамалар, қасиеттері, түрлері. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік.
Статистикалық нақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады. Мыс., топтағы студенттердің саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің көлемі және т.б.
Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.
Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған объектінің (зерзаттың) - әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи (натуралдық), еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.
Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне бірін бөлу арқылы айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізгі немесе базалық шама деп, ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.Қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен, процентпен, промильмен, продецимильмен беріледі.
Статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін,дамуын,құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оған жататындар төмендегілер: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық, үйлестік, қарқындылық, салыстырмалылық, дәрежелік.
Жоспар орындалуының қатысты шамалары қазіргі уақыттағы нақты мәндерді жоспарлық мәндерге қатынасы арқылы есептеледі.
Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасын есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты мәніне бөлеміз.
Өсіңкілік қатысты шамаларды есептеу үшін қазіргі уақыттағы нақты мәндерді өткен уақыттағы нақты мәндерге бөлеміз.
Құрылымының қатысты шамасын есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.
Үйлестік қатысты шамаларды есептеу үшін жалпы жиынтықтың құрамдас бөліктерінің біреуін салыстыру негізі ретінде алып, қалған бөліктерінің осыған қатынасын табады.
Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әір түрлі объектілерге немесе әртүрлі аймақтарға жататын біртектес аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады.
Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз құбылыстардың даму не кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсете білу.
Орташа шама деп біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін ортша сан мөлшерін яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасын айтады.
Орташа шаманың арифметикалық, геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік және шаршылық түрлері бар. Арифметикалық орташа шама жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгілердің жеке мәндерінің қосындысы болған жағдайда ғана қолданылады.
Мұнда - орташа шама.
х - белгілердің жеке сандық мәндері, n – белгілердің саны.
Егер жиынтықтың әрбір белгісі бір рет емес бірнеше рет қайталанатын болса, яғни жиілік бірліктерінің саны берілген болса онда орташа шаманың салмақталған түрі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |