«6М050900- «Қаржы» мамандығы бойынша магистранттарға арналған магистрлік
жобаны жазу, рәсімдеу және қорғау бойынша әдістемелік нұсқау- Алматы, Алматы
экономика және статистика академиясы, 2018 ж.- 26 Бет.
Құрастырғандар:
АЭСА «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі,
э.ғ.д., профессор Бертаева К.Ж.
АЭСА «Қаржы» кафедрасының доценті,
Исахова А.C. – P.h.d.,
Рецензенттер:
АЭСА «Қаржы» кафедрасының доценті, э.ғ.к.,
Кожахметова М.К.
АЭСА «Қаржы» кафедрасының доценті, э.ғ.к.
Таипов Т.А .
АЭСА оқу әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды, 2018 жыл «__ » _______,
№__ хаттама
Оқу ісі жөніндегі проректор, ОМК төрайымы
Мазмұны
Бет
1 Магистерлік жобаны дайындау, жазу және қорғау бойынша жалпы
ережелер
4
2 Магистерлік жобаны орындау мақсаты және негізгі міндеттері
5
3 Магистерлік жобаның тақырыбын таңдау
4 Магистрлік жобаны орындау кезеңдері
5
6
5 Магистерлік жобаның
құрылымы
6
6 Магистерлік жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар
10
7 Магистерлік жобаны қорғаутәртібі
16
8 Қосымшалар
19
9. Магистерлік жобаны қорғауға қажетті құжаттар тізімі
26
1 Магистерлік жобаны дайындау, жазу және қорғаубойынша жалпы ережелер
Магистерлік жоба «магистр» академиялық дәрежесін алу мақсатындағы
магистранттың кәсіби біліктілік деңгейі мен оның ғылыми таным әдістемесін меңгеру
дәрежесін анықтайды және сәйкес мамандық (специализация) бойынша алған білімі,
дағдылары мен құзіретінің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары талаптарына
сәйкестігін көрсетеді. Ол магистранттың таңдаған мамандық облысында терең білімі
барын, зерттеу жұмыстарын өз бетімен жүргізу дағдыларының жеткіліктілігін және
әдеби, ресми, статистикалық, алғашқы мәліметтерді ғылыми тұрғыда қорытындылай
алуы мен жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып зерттелетін мәселені шешуге
бағытталған өз қорытындыларын, ұсыныстарын ғылыми-әдістемелік негіздей алуынан
куәландырады..
Магистерлік жобаны дайындау және жазу барысында автор келесі қағидаларды
басшылыққа алуы керек:
- зерттелетін мәселенің өзектілігін ғылыми негіздеу;
- зерттелетін мәселені таңдауды ынталандыру;
- орындалған жұмыстың тәжірибелі маңыздылығын дәлелдеу;
- зерттеуде қойылған мақсат пен міндеттерді ғылыми әдістерді қолдана отырып
сәйкес зерттеу объектісінде шешу;
Аяқталған магистерлік жобаның жалпы мазмұны келесі талаптарға жауап беруі
керек:
-зерттеу жұмыстарынан алынған қорытындылар маңызды тәжірибелік мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді;
-зерттеу жұмыстарынан алынған қорытындылар мемлекеттің банктік жүйесінің
және қаржы-экономикасының перспективалық бағыт-бағдарын анықтауда және
дамытуда маңызды рөл атқарады.
Магистерлік жоба бойынша алынған нәтижелер келесі деңгейлерде енгізілуі тиіс:
- халықаралық (лицензия сатылымы, халықаралық гранттың сатылып алынуы);
- саларалық;
- сала көлемінде;
- ұйым шеңберінде.
Магистерлік жобаның қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелері кем дегенде бір
басылымда немесе ғылыми тәжірибелік конференцияларда көрініс табуы қажет. Кәсіби
бағыттағы магистранттар үшін – 1 ғылыми мақала. Басылымға аймақтық,
республикалық, халықаралық конференциялардың, симпозиум, жиналысқа жасалған
көлемі 0,3 баспа беттен кем болмайтын тезис, жалпы ақпараттық баяндама, талдау
баяндамасы, ақапарттық бетер теңесуі мүмкін.
2 Магистерлік жобаны орындаудың мақсаты және негізгі міндеттері
Магистерлік жобаның негізгі мақсаты магистранттың тәжірибеде қолдану, өзекті
міндеттерді шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
қабілетін анықтау,сонымен қатар оның қаржылық-банктік маңызды мәселелерді
дамытуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
мүмкіндіктері.
Осы мақсатқа жету жолында төмендегі принципиалдық сипаттағы міндеттер
шешілуі керек:
- таңдалған тақырып бойынша әдеби көздерді зерттеп, ғылыми қорытындылау;