Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Салықтық жоспарлау»



жүктеу 1,07 Mb.
Pdf просмотр
бет17/26
Дата19.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#20665
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

38 

 

күрделі  салымдар  бойынша  жоспар,  ғылыми-техникалық  прогрес  бойынша  жоспар,  еңбек  және 



кадрлар  бойынша  жоспар  және  т.б.)  ӛндірістік  бағдарламаға  тікелей  тәуелді.  Бұл  салықтық 

жоспарлау жалпы жоспарлаудың құрамдас бӛлігі екендігінің бір дәлелі болып табылады. 

12 тақырып. Халықаралық салықтық жоспарлау.  

1. Салықтар және халықаралық сауда. 

2. Халықаралық салық салу механизмін дайындау кезіндегі амалдар. 

3. Мемлекеттің салықтық құқығын қорғау ережесі. 

1с. Кейбір экономикалық дамыған елдерде (мысалы, АҚШ-да, Германияда, Жапонияда, 

Ұлыбританияда, Францияда, Италияда корпорациялардың пайдаға салынатын салық кей 

жағдайларда 40-50 % жетуі мүмкін). Жоғары салық ауыртпалығы салық тӛлеушілерді салықты 

үнемдеудің қандай да бір механизмдерін іздеуге итермелейді. Салық тӛлемдерінің мӛлшерін 

тӛмендетудің негізгі тәсілдердің бірі әлемнің дамыған елдерінде салық салудың түрлі деңгейін 

пайдалану болып табылады. 

Қандай елде болмасын ұлттық салық заңдылығының ӛзіндік ерекшелігіне қарай айтарлықтай 

қолайлы  болатын  салық  салу  режимі,  қызмет  түрі  болады.  Ал  кейбір  мемлекеттер  барлық 

мемлекеттің  саясатын  шет  елдің  фирмаларына  салық  салудың  барынша  жұмсақ  режимін  немесе 

оларға  үлкен  кӛлемде  салық  жеңілдіктерін  бере  отырып,  ӛзінің  салық  юрисдикциясына  тартуға 

бағыттаған. Салық баспанасы немесе салық айлағы деп аталатын елдерге шетелдік қомпаниялар ӛз 

капиталдарын аударуды және сонда ӛзінің қаржылық қызметін жүзеге асырады. 

Салық  баспанасынан  салық  айлағын  ажырата  білу  керек.  Салық  айлағы  –  салық  салудың 

жеңілдікті тәртібі (тұрақты немесе уақытша) әрекет ететін бір мемлекеттің шегіндегі аумақ. Салық 

айлақтарына  порттар,  экономикалық  аймақтар,  еркін  кәсіпкерлік  аймағы  және  т.б.  кіреді.  Бұл 

аймақтарда  шетелдік  инвестициялар  мен  кәсіпкерлік  қызметті  тартуды  ынталандыратын  салық 

салудың ерекше режимі әрекет етеді. 

А.  Козырин  ―салық  баспанасы‖  мен  ―салық  айлағы‖  ұғымдарын  терминологиялық  бӛлуді 

тиімді  деп  санайды,  себебі  жеңілдікті  салық  режимін  қалыптастырудың  құқықтық  кӛздерінің 

түрлілігін  кӛрсету  қажет:  салық  баспанасы  жағдайында  халықаралық  немесе  шетелдік  құқық; 

салық айлағы жағдайында – ұлттық құқық. А. Козырин барлық офшорлық мемлекеттерді екі топқа 

бӛледі.  Біріншісіне,  оның  пікірінше,  жеңілдікті  салық  салу  арқылы  шетел  капиталынтарту 

саясатын белсенді жүргізетін дамушы бірқатар елдерді жатқызуға болады. Екінші тобына кіретін 

елдерде  табыстың  кейбір  түрлеріне  қатысты  туындайтын  салық  салудың  салыстырмалы 

жеңілдігімен сипатталады және ішкі заңдылықтардың ерекшеліктерімен шарттастырылған. 

Салық баспаналары ішінде шетел капиталын тарту мақсатында салықты болмашы мӛлшерде 

алатын немесе оларды алудан мүлдем бас тартатын негізінен ӛнеркәсіптік дамудың тӛмен деңгейі 

тән,  бірқатар  елдер  ерекшеленеді.  Бұл  елдердің  ӛздерінің  әл-ауқатын  түгелімен  офшорлық 

режимді  ұсынуға  және  офшорлық  мәмілелерге  қызмет  кӛрсетуге  құрылған.  Олардың  кӛпшілігі 

аралдарда  орналасқан  (Багам,  Кайман,  Бермуд  аралдары  және  т.б.),  сӛйтіп  бұл  құбылыстың 

атының  пайда  болуына  негіз  болған  (off-shore  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  –  жағалаудан  тыс, 

шекарадан аулақ). 

―Офшор‖ термині XX ғасырдың 50-жылдары АҚШ-ның шығыс жағалауындағы газеттердің 

бірінде  алғаш  жарияланған.  Онда  географиялық  талғамалық  жолымен  үкіметтік  бақылаудан 

қашқан  қаржы  ұйымы  жӛнінде  айтылған.  Басқаша  айтқанда,  компания  АҚШ  үкіметі  бақылауға 

және реттеуге алмақшы болған қызметін салық климаты қолайлы аумаққа аударған. Сондықтан А. 

Троценко  мен  Е.  Карманованың  пікірінше,  ―офшор‖  термині  –  бұл  құқықтық  ұғым  емес, 

экономика-географиялық ұғым. 

2с. Офшорлық юрисдикциялардың қызмет етуінің негізгі шарты болып кәсіпорын офшорлық 

аймақта  тіркеліп,  аталған  аумақта  шаруашылық  қызмет  атқармаса  және  жергілікті  ресурстарды 

пайдаланбайтын болса, салықтарды жеңілдікті ставка бойынша тӛлеуге құқық алады. Сәйкесінше, 

офшорлық  механизмді  пайдалануың  мәні  салық  салудың  жоғары  деңгейлі  юрисдикциясынан 

салық салудың тӛмен деңгейлі юрисдикциясына объектілерін құқықтық аударуды білдіреді. 

Офшорлық  механизмдерді  қолдану  және  капиталды  ұлттық  салық  салудан  қорғау  үшін 

құқықтық  алғышарттар  болып  мемлекеттің  салықтық  егемендігінің  аумақтық  шектеулілігі 

табылады. Салық баспанасы болып табылатын елдердің заңдылығы бойынша компанияны тіркеу 

кезінде  салық  салудың  дербес  субъектісі  (офшорлық  компания  деп  аталатын)  пайда  болады; 

сәйкесінше  салық  баспанасының  резиденті  ретінде  онда  пайда  болған  барлық  пайда  немесе 




39 

 

табыстар  ―жеңілдікті‖  салық  шарттарында  салық  салуға  жатады.  Субъектіні  офшорлық  аймақта 



тіркеу  арқылы  салық  салуды  басқа  елге  құқықтық  кӛшіру  және  офшорлық  компания 

құрылтайшысы елдің бақылауынан кетуін білдіреді. Офшорлық компанияны құруды халықаралық 

және ұлттық құқықтың рұқсат етілген жалғандығы деп атауға болады. 

Елді офшорлық аймаққа айналдырудың келесі әдістері бар: 

1)  салықтарды толық алып тастау; 

2)  тіркелген жылдық салық тӛлемін белгілеу; 

3)  тӛменгі салық ставкасын белгілеу; 

4)  салықтардың жоқ кезінде компанияны тіркегені үшін тіркелген тӛлемақыны белгілеу;  

5)  салықтардың жоқ кезінде басқа да айрықша шарттарын енгізу (мысалы, банк шотын ашу 

үшін тӛлемақы) және басқа. 

Салық баспаналарына басқа да талаптар қойылды, бірінші кезекте банктік және коммерциялық 

құпияны сақтау. Басқа елдермен ақпараттарды ұсыну туралы келісімшарттардың болмауы 

маңызды, валюталық бақылау, саяси тұрақтылық, кәсіпкерліктің қауіпсіздігі мен тиімділігінің 

кепілдігіне біршама босаңдау.  

Офшорлық аймақтардың шетелдік инвесторларды тартатын келесі ерекшеліктері: 

-  пайдаға  салынатын  салықтың  мүлем  болмауы  немесе  ӛте  аз  мӛлшерде,  табысты  әкетуге 

салынатын салықтың болмауы;тіркеу процедурасы мүмкіндігінше оңайлатылған; 

валютаны әкелу және әкетуді шектеудің жоқтығы; 



фирманы басқару процедурасы шекті жеңілдетілген және кӛбінесе шартты түрде; 

салық және кеден заңдылығын бұзу қылмыс болып саналмайды. 



Офшорлық аймақтардың қызмет етуінің маңызды шарты олардың саяси тұрақтылық болып 

табылады. Бірқатар африкандық мемлекеттердің, бұрынғы КСРО елдерінің, Пакистанның, 

Ливанның және т.б. аумағындасалық баспаналары мен салық айлақтары бар, әйтсе де тұрақты 

ішкіұлттық және ішкісаяси тартыстар, кей жағдайларда әскери әрекеттердің ашылып тұруы бұл 

аймақтардың дамуына және әрекет етуіне мүмкіндік бермейді. 

3с. Салық жеңілдіктерін беру арқылы офшорлық аумақтар қаржы капиталын тартады және 

оны  пайдалану  арқылы  салыстырмалы  экономикалық  ӛсуге  қол  жеткізеді.  Мұнай  саясат  табиғи 

ресурстары жоқ немесе елеусіз ғана мӛлшердегі экономикалық әлеуеті баршағын мемлекеттердің 

ӛмір сүруінің лайықты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Офшорлардың  қарқынды  дамуына  ұлтаралық  корпорациялардың  пайда  болуы  ықпал  етті. 

Ӛздерінің ӛндірістік және ӛткізу филиалдарының халықаралық желілеріне сүйеніп, пайданы салық 

деңгейі  тӛмен  елдерге  аудару  мүмкіндіктеріне  ие  болды.  Шетелдік  филиалдар  мен  еншілес 

фирмалар жүйесін құру және  олардың  негізінде ірі фирмаішілік  операциялар жүргізу  офшорлық 

қызметтің мүмкіндіктерін пайдалану үшін кең перспективалар ашты. 

Ресей  экономисі  А.  Горбунов  қызметіне  қарай  офшорлық  компаниялардың  келесі 

стандартты тұрпаттарын (типтері) бӛліп кӛрсеткен: 



Холдингтік тұрпаттағы компаниялар: 

-  оперативтік-холдингтік компаниялар; 

-  инвестициялық компаниялар; 

-  жылжымайтын мүлікке иелік ететін компаниялар; 

-  кемелерге иелік ететін компаниялар

-  интелектуалдық меншік объектілеріне иелік ететін компаниялар. 



Сауда-делдалдық фирмалар: 

-  экспорттық-импорттық фирмалар; 

-  сатып алу және дистрибюторлық фирмалар. 

Дистрибюторлық  фирмалар  -  ӛнімді  ӛндіруші  кәсіпорындардан  кӛтере  сатып  алып, 

кәсіпорынға ӛткізуші тәуелсіз делдал фирма. 

Қаржы саласындағы компаниялар: 

-  офшорлық банктер; 

-  қаржы делдалдық компаниялар; 

-  сақтандыру компаниялары. 

4с.  Офшорлық  механизмдерді  кең  кӛлемде  қолданудан  ӛндірісі  дамыған  елдер 

миллиардтаған  салық  түсімдерінен  айырады.  Нәтижесінде,  барлық  осы  қаражаттар  офшорлық 

орталықтарда шоғырландырады, сонан соң «отанына» оралады, әйтсе де енді олар салықтық  және 



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау