Серіктестік қарым-қатынас орнату



жүктеу 32,68 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі32,68 Kb.
#15956


Веб-торабыңызға өтіңіз:

www.nato.int

Солтүстік  Атлантикалық  Шарт  Одағы  əлемдегі  ең  ірі 

халықаралық  ұйымдардың  бірі.  НАТО  Еуропа  жəне 

Солтүстік  Американың  29  мемлекетін  біріктіретін 

саяси жəне əскери одақ болып табылады.

Бұл мемлекеттер қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері 

бойынша қарым-қатынас орнату үшін кездесіп тұрады. 

Осылайша НАТО аталмыш екі құрлық арасында саяси 

жəне  қауіпсіздік  мəселесі  бойынша  бірегей  көпір 

қызметін атқарады.



АДАМДАРДЫ ҚОРҒАУ

Біз көбіне бейқам, еркін жүріп, экономикалық тұрғыда тұрақты 

ортада  өмір  сүретінімізді  қалыпты  жағдай  деп  санаймыз. 

Күнделікті  тіршілігімздің  қай  саласын  алсақ  та,  қауіпсіздік  əл- 

ауқатымыздың басты тірегі болып табылады.

СЕРІКТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ

Бейбіт қарым қатынастар мен терең халықаралық түсінушілікті 

орнатуда диалог жəне өзара тығыз қарым-қатынас аса маңызды. 

НАТО өзара сенімді нығайту жəне, ұзақ мерзімді перспективада, 

кикілжіңдердің тамырына балта шабу үшін қауіпсіздік мəселелері 

бойынша мүше жəне серіктес елдерге кеңесуге оңтайлы жағдай 

туғызады.

Практикалық негіздегі қарым-қатынас жəне көпжақты бастамалар 

арқылы мемлекеттер жаңа қауіпсіздік мәселелерін біріге шешеді.

ЖАҢА ҚАУІПТЕРГЕ ТОЙТАРЫС БЕРУ

Қауіптің  табиғаты,  болмысы  өзгергендіктен,  бейбітшілікті 

сақтап  қалудың  тəсілдері  де  кемелдену  керек.  НАТО  өзінің 

қорғану  күштерін  бүгінгі  күннің  қаупіне  төтеп  беретіндей  етіп 

сəйкестендіруде.  НАТО  әскери  күштерді  кемелдендіруде, 

лаңкестікпен,  қауқарсыз  мемлекеттермен  және  де  жаппай 

қырып жою қарулары сынды басқа да қауіптермен күресу үшін 

көпұлтты әдіс-тәсілдерді дамытуда.



БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ 

ОРНАТУ

Тұрақтылықтың  жемісін  бір  мезгілде  бірнеше  тараптар  көруі 

мүмкін.  Жағдайы  ушықтанған  аймақтарда  төніп  тұрған  қауіпті 

болдырмай,  тұрақтылықты  орнату  аса  маңызды.  Сондықтан 

да  НАТО  кикілжіңді  болдырмау  қызметінде  өзге  халықаралық 

ұйымдармен тізе қосып белсенді роль атқарады.




НАТО НЕМЕН 

АЙНАЛЫСАДЫ?

НАТО-НЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

МҮШЕ ЕЛДЕР 

(+ОДАҚҚА КІРУ ЖЫЛЫ)

«БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН СЕРІКТЕСТІК»

БАҒДАРЛАМАСЫНА КІРЕТІН ЕЛДЕР

ЖЕРОРТАЛЫҚ КЕЛІСС ӨЗГЕ ҚАТЫСУШЫ СЕРІКТЕСТ ЕР

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕ

СТАМБУЛ БАСТАМАСЫН

ҚОЛДАЙТЫН ЕЛДЕР

СЕРІКТЕСТЕР ША ЖАҺАНҒА

Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағын құру құжатына 1949 жылдың 4 сəуірінде қол қойылды

МҮШЕ ЖӘНЕ СЕРІКТЕС МЕМЛЕКЕТТЕР

Албания - 2009

Алмания - 1955

Америка Құрама

Штаттары - 1949

Бельгия - 1949

Болгария - 2004

Голландия - 1949

Грекия - 1952

Дания - 1949

Исландия - 1949

Испания - 1982

Италия - 1949

Канада - 1949

Латвия - 2004

Литва - 2004

Люксембург - 1949

Мажарстан - 1999

Норвегия - 1949

Польша - 1999

Португалия - 1949

Румыния - 2004

Словакия - 2004

Словения - 2004

Түркия - 1952

Ұлыбритания - 1949

Франция - 1949

Хорватия - 2009

Черногория - 2017

Чех Республикасы - 1999

Эстония - 2004

Армения

Австрия

Әзірбайжан

Белоруссия

Босния және Герцеговина

бұрынғы Югославиядағы

Македония Республикасы*

Грузия

Ирландия

Қазақстан

Қырғызстан

Мальта

Молдова

Өзбекстан 

Ресей

Сербия

Тəжікстан

Түрікменстан

Украина

Финляндия

Швеция

Швейцария

Алжир

Израиль

Йордания

Мавритания

Морокко

Мысыр

Тунис

Бахрейн

Біріккен Араб Әмірліктері

Катар

Кувейт

Ауғанстан

Аустралия

Жаңа Зеландия

Жапония

Ирак

Колумбия

Корея Республикасы

Моңғолия

Пәкістан

* Түркия Македония Республикасын оның 

конституциялық атауымен мойындайды.

НАТО өз мүшелерін саяси жəне əскери жолдармен 

қорғауға мүдделі. Сонымен қатар, бұл ұйым НАТО 

ға  мүшелікке  өтпеген  мемлекттермен  корғаныс 

реформасы, бейбітшілікті сақтап қалу сынды кең 

ауқымды  қауіпсіздікке  қатысты  өзекті  мəселелер 

бойынша  кеңесу  жəне  байланыс  орнатудың 

тараптары.

НАТО  талқылаулар  жəне  байланыстар  арқылы 

өзінің  мүше  елдерінің  шекараларындағы  жəне 

одан тыс жерлердегі кикілжіңдердің алдын алуға 

септігін тигізеді.

Бұл  ұйым  демократиялық  құндылықтарды 

алдыңғы  орынға  қойып,  келіспеушіліктердің 

бейбіт  түрде  шешім  табуына  үлес  қосады. 

Келіспеушіліктер  дипломатиялық  жолмен 

шешілмесе,  НАТО  дағдарысты  реттестіруші 

жəне  бейбітшілікті  сақтап  қалушы  əскери 

күштерді  жұмылдырады;  бұл  бастаманы  НАТО 

өзі немесе өзге мемлекеттер жəне халықаралық 

ұйымдармен ұжымдаса жүзеге асырады.

НАТО  қызметінің  үшінші  бағыты  –  төтенше 

жағдайларда  Серіктестерге  апат  салдарымен 

күрес,  ғылым  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау 

мəселелерінде жəрдемдесу болып табылады.

НАТО-ға  мүше  əр  елдің  ұйымының  Брюссельде 

орналасқан  саяси  бас  кеңсесінде  тұрақты 

делегациясы  болады.  Делегацияны  елші 

басқарады,  ол  Одақтың  кеңесу  жəне  шешім 

қабылдау жұмыстарында өз елінің үкіметі атынан 

қатысады.

Солтүстік  Атлантикалық  Кеңесі  НАТО-ның  ең 

беделді саяси шешім қабылдаушы органы болып 

табылады.  Кеңес  əр  түрлі  деңгейде  жиналыстар 

өткізеді,  Кеңестің  төрағасы  –  НАТО-ның  бас 

хатшысы;  ол  мүше  елдердің  өзекті  мəселелері 

бойынша бірауыздылыққа келуіне үлес қосады.

НАТО комитеттерінің əрбір шешімі мəмілеге келу 

арқылы  жасалады.  Осылайша,  «НАТО  шешімі» 

барлық  мүше  елдердің  ұжымдық  шешімі  болып 

табылады.

НАТО-ның өзіне тиесілі əскери күштері сан жағынан 

шағын.  Қайсыбір  əскери  қимылға  Солтүстік 

Алтантикалық  Кеңесі  келісім  білдіргенде,  мүше 

елдер  өз  ықтиярларына  қарай  əскери  жасақ 

жібереді.  Бұл  əскери  жасақ  миссия  толығымен 

орындалып біткеннен кейін еліне оралады.

Осы іс қимылдарды үйлестіру жəне жүзеге асыру 

əскери басшылық құрылымдарының құзырындағы 

жауапкершілік. Бұл құрылым түрлі мүше елдерде 

орналасқан бас кеңселер мен базалардан тұрады.

НАТО ның күнделікті жұмыстары, азаматық жəне 

əскери  құрылымдары  жəне  қауіпсіздік  бойынша 

инвестиция  бағдарламалары  ортақ  бюджеттен 

қаржыландырылады; бұл қамбаға мүше үкіметтер 

келісілген  бағамдық  формула  бойынша  ақша 



салады.

0107-15 © NA



TO 2015 - KAZ

жүктеу 32,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау