Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



жүктеу 7,95 Mb.
бет55/61
Дата29.01.2018
өлшемі7,95 Mb.
#8035
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61

Жоспары:


  1. Химиялық реакция тендеулері бойынша жүргізілетің есептеулердің жалпы әдістемесі.

  2. Эквиваленттік мөлшерде реакцияға түсетін заттардың біреуінің мөлшері (массасы,көлемі)бойынша реакция өнімдерінің мөлшерлерін (массаларын,көлемдерін)есептеу және керісінше есептеу

  3. Реагенттердің бірі артық мөлшерде алынған жағдайда олардың белгілі массалары бойынша өнімдердің массасын (көлемін) есептеудің әдістемесі.

  4. Реагенттердің бірінің құрамында бөтен қоспа болған жағдайда олардың белгілі массалары бойынша өнімдердің массасын (көлемін) есептеудің әдістемесі. Реакция өнімінің шығымын есептеу.

  5. Параллель және тізбектес жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу өдістемесі.

Төмендегі кестеде кейбір гомологтық қатарлар үшін жану процесінің жалпы теңдеуі мен оттектің алдындағы коэффициентті есептеуге арналған формулалар келтірілген.



Кесте – 1. Гомологтардың жану реакцияларының жалпы теңдеулері.

Гомологтар

Жану реакциясының жалпы теңдеуі

х мәні

Метан

CnH2n+2+xO2=nCO2+(n+1)H2O

x=(3n+1)/2

Этен

CnH2n+xO2=nCO2+nH2O

x=3n/2

Ацетилен

CnH2n-2+xO2=nCO2+(n-1)H2O

x=(3n-1)/2

Бензол

CnH2n-6+xO2=nCO2+(n-3)H2O

x=(3n-3)/2

Спирттер

CnH2n+2O+xO2=nCO2+(n+1)H2O

x=3n/2

Фенолдар

CnH2n-6O+xO2=nCO2+(n-3)H2O

x=(3n-4)/2

Альдегидтер

CnH2nO+xO2=nCO2+nH2O

x=(3n-1)/2

Кетондар

CnH2nO+xO2=nCO2+nH2O

x=(3n-1)/2

Карбон қышқылдары

CnH2nO2+xO2=nCO2+nH2O

x=(3n-2)/2

Күрделі эфирлер

CnH2nO2+xO2=nCO2+nH2O

x=(3n-2)/2



Тапсырма1: Химиялық реакциялар тендеулері бойынша есептердің типтерінде қолданылатын формулаларды келесі кестеде толтыр:

Есептердің типтері

Формулалары

Қолданылатын шамалардың атауы






























Тапсырма2: Келесі есептерді шығар:

  1. Массасы 37 г кальций гидросидін алу үшін канша грамм кальций оксиді керек?(Жауабы: 28 г)

  2. Массасы 192 г алюминий нитриті айрылғанда кан-ша көлем (к.ж) азот түзіледі?(Жауабы: 67,2 л)

  3. Массалық үлесі 5% 10 г мыс сульфатын натрий гидроксидімен әрекеттестіргенде қанша грамм мыс (II) гидроксиді түзіледі?(Жауабы: 0,306 г)

  4. Массасы 0,5 г темір (III) гидроксидін алу үшін 10%-дык натрий гидроксидіне канша грамм темір (Ш) хлоридін кұю керек?(Жауабы: 5,64 г)

  5. Массасы 56 кг кальций оксиді мен 44 кг көміркышкыл газын алу үшін канша кг кальций карбо-натын ыдырату керек?(Жауабы: 100 г)

  6. Массалық үлесі 49% 20 г күкірт кышқылын нейт-ралдау үшін қанша 10%-дык натрий гидроксиді кажет?(Жауабы: 8 г)

  7. Массасы 19,7 г барий карбонатьт алу үшін барий гидроксиді ерітіндісінен қанша көлем (қ.ж) көміртегі (IV) оксидін өткізу керек? (Жауабы: 224 л)

  8. Реакцияның жүру барысында 8 г күкірт пен 14 г темір кдлдықсыз әрекеттесетін болса канша темір сульфиді түзіледі? (Жауабы,: 22 г)

  9. Массасы 92 г этанолды тотықтырғанда канша келем 70%-дык. (р=1,07 г/мл) сірке кышқылы алынады?(Жауабы: 160 мл)

  10. Массасы 140 г азот қышқылына 32 г мыс үнтак-тарын салганда түзілген мыс нитратының массасы кандай?(Жауабы: 94 г)

  11. Массасы 87 г пропаналь алу үшін н-пропил с.пиртінен канша грамм керек, егер оның шығымы 90% болса? (Жауабы: 400 г)

  12. Көлемі 6,72 л (к.ж.) этан мен пропан коспасының толык жану өнімдерін өк суының артық мөлшерімен өндел-генде 80 г түнба түзіледі. Қоспаның кұрамы қандай?

(Жауабы: 2,24 л, 46,8 л)

  1. Этилен мен диметилацетиленнің коспасын броммен ерекеттестіргенде 96 г бром кеткен, ал осыншама көмірсутектердің коспасы толык жанғанда 18 г су түзілген. Қоспаның көлемдік күрамы кандай?{Жауабы: 4,48 л, 4,48 л)

  2. Массасы 113,5 г тринитротолуолды алу үшін қан-ша грамм толуол керек, егер өнімнің шығымы 20% болса?{Жауабы: 23 г)

  3. Массасы 46 г толуол жану үшін ауаның (к.ж.) қанша мөлшері керек, егер аудағы оттегі 50% болса?(Жауабы: 504 л)

  4. Массасы 49 г метилициклогександы каталитика-лық дегидрлегенде қанша литр сутегі (қ.ж.) бөлінеді, егер оның шығымы 75% болса? (Жауабы: 25,2 л)

  5. Көлемі 8 л этан алу үшін карбон қышкылы түзының канша грамы кажет? (Жауабы: 34,28 л)

  6. Массасы 1 т аммиактан альшгаи 55% азот қыш-кылының массасы кандай, егер контакт ашіаратындағы тотығу өнімінің шығымы 98%, ал сіңіру мұнарасындағы қышкылдың шығымы 94% болса?(Жауабы: 6 т)

Бақылау сұрақтарының тапсырмалары


  1. Массасы 5 г темір сульфидін (II) жакканда алын-ған газды оттегінің артык мөлшерімен косып, контакт аппаратында кыздырылған катализатордан өткізгенде өнімнің шығымы 80% болады. Алынған енімді 300 мл 18%-дық (р=1,4 г/мл) күкірт кышкылында ерітті. Алынған ерітіндіге 150 г барий хлоридінің артык мөлшерін косып, түзілген түнбаны сүзіп алып кептірген, оның массасы кандай?

  2. Массасы 42,8 г күрамында 18,4% коспасы бар кальций карбидінен канша ацетилен алуға болады, егер оның шығымы 40% болса?(Жауабы: 0,054 г)

  3. Массасы 100 т техникалық кяльций карбидінің күрамында 4% қоспасы болса, осы кальций карбидінен неше тонна концентрлі сірке кышқылын алуга болады?(Жауабы: 39 т)

  4. Массасы 1 кг 28% коспасы бар кальций карбидіиен канша нитробензол алуға болады, егер шығы-мы 55%і болса?(Жауабы: 761 г)

  5. Қүрамында 10% коспасы бар 200 г ацетиленнен шыгымы 60% болғанда массалық үлесі 50% (р=1,02 г/мл) кашпп көлем анилин түзіледі?(Жауабы: 439,6 мл)

  6. Массасы 400 г 15% коспасы бар этаннан шығы-мі,і 70% болғанда ңанша альдегид алуға болады?(Жауабы: 349,07 г)

  7. Тығыздығы 0,79 г/мл көлемі 126,6 мл этанол-даи неше грамм әтилацетат алуға болады, егер шығымы 75% болса?(Жауабы: 123,9 г)

  8. Массасы 0,08 кг таза пропаннан шығымы 65% болса қанша альдегид алуға болады?(Жауабы: 68 г)


17,18,19 Зертханалық-практикалықсабақ(3сағ)

ХИМИЯЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКА МЕН ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА



Мақсаты :

Жоспары:


  1. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер

  2. Химиялық термодинамика бойынша есептеулер

  3. Химиялық реакциялардың жылдамдығы

  4. Химиялық тепе-теңдік . Ле-Шателье принципі

«Химиялық үрдістердің термохимиясы» тарауын оқытуда ең алдымен термохимиялық үрдістер туралы жалпы мағлұмат берілді.

Химиялық үрдістердің жүру табиғатын, динамикасын зерттеу белгілі бір қасиетті заттарды синтездеудің ықтималды жолын көрсетеді. Бұл жәйт химия ғылымының теориялық толығуымен қатар оны практикалық жағынан да байытады.

Сондықтан, бұл тарауда химиялық реакцияның термохимиясы, термодинамикасы қарастырылды.

Химиялық үрдістердің заңдылықтарын қарастырмастан бұрын «жүйе» деген түсінікке анықтама берілді.

Жүйе деп – қоршаған ортада бөлініп қарастырылатын заттар жиынтығы. Жүйедегі заттардың қоршаған ортамен заттары және энергия алмасуына байланысты – ашық, жабық және изоляцияланған жүйе деп бөлінеді. Ашық жүйе болса, ол қоршаған ортамен заттардың және энергияның алмасуы болады, ал заттары алмаспай, энергия алмасуы мүмкін жүйе – жабық жүйе деп аталады. Изоляцияланған жүйеде ешқандай алмасу болмауы тиіс, бірақ мұндай жүйенің болу ықтималдығы нольге тең.

Жүйедегі заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты : гомогенді (бір текті), гетерогенді (әр текті) деп бөлінеді.

Термохимия негіздері. Бұл тақырыпты оқытуда термохимия ұғымына анықтама беріледі және бұл ұғым терең қарастырылады.

Химиялық реакцияға сай энергияның өзгерулерінің практикалық, теориялық үлкен маңызы бар. Химиялық реакцияның жылу энергиясын білу нәтижесінде қажетті реагенттерді таңдап алып, жылу балансын есептеуге мүмкіндік туады.

Химиялық реакцияның жылу эффектісі деп оның тұрақты қысымда, не тұрақты көлемде өткендегі бөліп шығаратын немесе өзіне сіңіретін энергиясын, мөлшерін айтады. Химиялық реакциялардың жылу эффектісін білу реакцияны өндірістік масштабта жүргізуге қажетті аппараттардың жұмыс режимін жобалау үшін аса қажет.

Химиялық реакцияның энергетикалық эффектісін және сол эффектің әрекеттесетін заттардың құрамы мен құрылысына, процестің өту жағдайына тәуелділігін зерттейтін сала термохимия деп аталатындығын оқушыларға түсіндірілді. Егер реакция нәтижесінде жылу бөлінсе, оны экзотермиялық, ал сіңірілсе – эндотермиялық реакция деп, ал жылу эффектілері көрсетілген реакция теңдеулерін термохимиялық реакция теңдеулері деп аталады. Оларды өзара мысалдармен реакция теңдеулері арқылы түсіндірілді.


С(к) + О2(г) = СО2(г) + 393,5 кДж

Экзотермиялық реакция

2(г) + О2(г) = 2Н2О(г) + 483,6 кДж


СаСО3(кр) = СаО(кр) + СО2(г) – 178 кДж

Эндотермиялық реакция

Са(ОН)2(кр) = СаО(кр) + Н2О(г) – 109,3 кДж

Термохимияның екі заңы бар, олардың екеуі де энергия сақталу заңынан шыққан:



  1. Лавуазе мен Лаплас заңы: «Элементтер қосылып бір зат түзгенде бөлініп шығатын энергия мөлшері сол зат элементтерге қайта айырылу үшін қажетті энергия мөлшеріне тең».

Мысалы:

½ Н2 + ½ F2 = HF + 269 кДж



HF = ½ Н2 + ½ F2 – 269 кДж

  1. Гесс заңы: «Химиялық процесс тікелей жүрсін немесе бірнеше сатыда өтсін, оған керекті жылу әрқашанда бір мөлшерде болады».

Мысалы:

  1. 2P + 5Cl2 = 2PCl5 + 2*444,7 кДж

  2. 2P + 3Cl2 = 2PCl3 + 2*322,2 кДж

    жүктеу 7,95 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау